Шетелде блог арқылы ақша тауып жүргендер көп

  • KazNET

Қазақтың оқу-білімге құштар жастары екі мыңын­шы жылдар тұсында шет­елге қарай ағылып, білім алуды бастады. Сол кезде Түр­кияның атақты Анадолы университетін туризм және қонақүй менеджменті ма­ман­дығы бойынша оқып жүрген Аршат Мұратұлы ақ­па­раттық технологияға деген құштарлығы мен бейі­мі арқылы сайт ашуға ден қоя бастаған-ды. Әуелі фут­болға, әлемдік үздік әнші Шакираға арнап жеке сайт­тар ашқан Аршаттың қазақ жастары арасында резонанс тудырғаны – 2002 жылы ашылған КерекИнфо сайты болатын. Сол арқылы қазақ топырағы мен шетелдегі қазақ­тарды таныстырып, олар­ды ортақ ұлттық мүд­деге қызмет етуді үндеген жас 2004 жылы еліне оралып, қазақтың ақсап жатқан сайт және блог жасау ісін қолға алды. Қаншама сайттың авторы, бүгінде «Егемен Қазақстан» газеті сайт әкімшісі Аршат ОРАЗОВПЕН сырласудың сәті түскен еді.

– Қазақ интернет сайттарын ашуда­ғы мақсатыңыз не? Сол мақсатқа қан­шалықты жеттіңіз?

– Сайт жасау негізгі мамандығыма қа­тысы жоқ. Өзімді тәжірибелі қолдану­шы­мын деп есептеймін. Яғни интернеттің бер­ген мүмкіндіктерін қолданып, сайт­тар құ­растыра аламын. Студент кезімде қазақ­ша сайттар жоқ еді. «Қазақша сайт жасап көруге бола ма екен?» деген әуесқой оймен зерттеп, іздестіріп көр­дім. Кейін осы іске қызыға бастадым, нәти­же­сінде біраз жақсы сайттар жасадым. Мақ­сатым – сайт­тарды қазақ тілінде де жа­сауға болатынын дәлелдеу болатын, ол мақ­сатыма жеттім. Осы мақсатымды әлі де нығайтқым келе­ді. Өйткені «қазақтар интернет тілін түсін­бейді, істей алмайды» деген түсінік, қа­зақша жобаларға сенімсіздік, қазақтілді жасаушыларға сенімсіз­дік бар. Нәтижесі қазақша ойлайтын адам­дардың жасаған «қазақша» сайттарын да көріп жүрміз. Әсіресе, мемлекеттік сайттарда.
– Интернет пайдаланушы ұрпақ қан­дай мәдениетпен сусындап отыр?

– Интернеттің де өз модасы, этикасы болады. Біз әлі өз интернет мәдениетімізді қалыптастыратындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Батыс және Ресейдегі үрдістерге ерудеміз. Интернеттің басты функциялары – ақпарат және байланыс. Әр нәрсенің жақсы-жаман қыры болатыны сынды, интернетті де дұрыс және бұрыс мақсаттарға пайдаланушылар көп. Қазіргі ұрпақ белгілі бір мәдениетті игеріп жатыр деп айта алмаймын. Әркім өз деңгейінде, дәрежесінде пайдалануда.

– Қазақ блогсферасына қосқан үле­сіңізді ақпараттық ресурстарды игерген адамдар біледі. Осы уақытқа дейін аш­қан сайт, блогтарыңыз жайлы айт­саңыз.

– Біраз достарымның блогтарын жасап бердім, техникалық қолдау көрсеттім. Ал сайттарға келетін болсақ, көбіне ақпарат­тық сайттар жасадым: БАҚ өкілдері сайттары мен ақпараттық порталдар. Соңғы жо­баларымның бірі – КерекИнфо еркін блог жүйесі. Кез келген қолданушы осы платформаға тіркеліп, өз мақалаларымен, пікірлерімен еркін бөлісе алады. Мақсат – қазақтілді контентті көбейту.

– Жеке блог ашудан адам не ұта­ды?

– Блоггерлікті азаматтық журналистика деп те жатамыз. Бұл – дұрыс. Өйткені блоггер де – ақпарат беруші. Және бұл – еркін ақпарат. Өзіңнен басқа ешқандай редактор тексермейді. Өзің қожайынсың, тақы­рып­ты да ешкім саған бұйырмайды. Өзің қалаған тақырыпты өзің қалаған формада жеткізесің. Ақпаратты тез жеткізу мүм­кін­дігің болады. Шетелде блог арқылы ақша тауып жүргендер көп. Өйткені оқырман саны көп болғандықтан, блогтарына жарнама берушілердің қызығушылық танытулары заңды.

– Интернетте бейәдеп дүниелер белең алуда. Интернет этикасын қалай қалыптастыруға болады?

– Бізде, өкінішке қарай, интернет этикасы қалыптаспай, керісінше ұрлық-қарлық, ұрыс-керіс мәдениеті дамып жатыр. Яғни авторлық құқықты сақтамай, біреудікін «менікі» деп жариялау, пікірталастарда басқаның пікірін сыйламау, дөрекі жауап беру, ұрысқа айналдыру өршіп тұр. Ал блоггерлік мәдениет жақсы дамуда. Бұған биыл алғаш рет өткен блоггерлер құрылтайы да дәлел.

– Интернет арқылы ұрпақты тәр­бие­лей аламыз ба?

– Интернетке тәрбие құралы ретінде қарауға болмайды. ТВ не, интернет не, бәрібір. Адамды өзі және ата-анасы тәр­бие­лейді. Интернет – тек көмекші құрал. Бірақ дәл қазір балаларға, жасөспірімдерге арналған тәрбиелік мәні бар сайттар көріп тұрған жоқпын. Керісінше кері әсер беретін мазмұндар көбейіп бара жатыр. Мысалы, қазаққа жат діни ағымдар. Ата-аналар балаларына интернеттен тек қажетті ресурстарына рұқсат беріп, өз бақылауында ұстағандары жөн.

– Агент деген «алып күш» пайда болды. Жастарды бос сөз, құр уақыт өткізуге итермелейтін агенттен қандай жапа шегіп жатырмыз?

– Агенттің ең үлкен зияны – қазақы интернет әліппесін бүлдіруі. Яғни «қазақша әріптер оқылмайды» деп қазақша әріптерді орысша әріптермен жазып кеткен жастар тек агент емес, интернеттегі сайттарда да солай жазуда. Соның кесірінен қате жазыл­ған мәтіндерді көп кездестіреміз. Мысалы, жастар микроблоггинг не үшін керек еке­нін түсінбейді. Бүкіл энергияларын, уақыт­тарын бос сөзбен босқа құртуда. Мұның себебі – халықтың интернеттің не екенін әлі түсінбеуінде. Халықтың бұл тақырыпта сауаты жоқ. Бұған БАҚ-ты да кінәлауға болады. Маған интернет туралы жеке айдары бар бір газетті атаңызшы, компьютер тақырыбында сабақ беретін бір ТВ бағдар­ламасын көрсетіңізші, ақпараттық технологиялар тақырыбында шығатын бір журнал бар ма? Сондықтан ақпараттық технология бағытындағы жұмысымызды алға қойып, қолға алмайынша, ел дамуының талай тетігінен қанша жыл қалыс қала беретініміз аян.

– Рақмет, қазақ интернетін да­мы­туға атсалыса беріңіз!
Автор: Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ
alashainasy.kz/culture/27939/
Бөлісу:

36 пікір

araika
сонда 9 жыл бойы қызмет көрсетіп келе ме бұл сайт?
omarbirat
Дәл солай. Келесі жылы КерекИнфо онжылдығын атап өтпек
araika
охохо, күшті жаналық!
asaubota
2002-2005 арасы қазақша алғашқы форум болып, қазіргі әлеуметтік желілердің орнын басып тұрды. кейін жабылды сайт. кейін тағы бір рет ашылды, бірақ бұрынғыдай аудитория жинай алмады. тек былтыр үшінші рет қайта ашылуы сәтті болды
balzaminka
қалай табады екен, а? Менің де тапқым бар
Karakyz
Қазақстанда да орыстілді блогшылар ақша тауып жүр ғой, жарнаманың көмегімен.

Агент туралы, жастар қызығушылығы басылғасын, қойып кетеді көбі, бәрі уақытша меніңше
meirzhan
Жастар қартайғанда қойып кетуі мүмкін
meirman_g
бүгінгі жастар қартайса, жаңа жастар пайдп болады
Aldarkose
84 Жылғы ауыл жігіттері әлі қоймапты агентті.
meirzhan
қарттықтың ауылына әлі алыс қой
Aldarkose
Иә, бізде де ақша табуға боалды, тек тілімізідң қазақ тілі болғандығы кедергі, ашығын айтпағанда да айтқанда да. Орыстар тауып жатыр шайпұлын.
madlen
Дәл осылай болды ма интервью или біраз өңделген ба? Кейбір жерлері сізге ұқсамайды…
madlen
Аршаттың айтатын бұдан да көп сияқты негізі…
asaubota
толық нұсқасы. 19 мамыр 2011

1. Интернетпен сусындап отырган урпак кандай мадениетпен сусындап отыр?
Интернеттің де өз модасы, этикасы болады. Біз әлі өз интернет мәдениетімізді қалыптастыратындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Батыс және Ресейдегі үрдістерге ерудеміз. Интернеттің басты функциялары ақпарат және байланыс. Әр нәрсенің жақсы және жаманы болатындықтан интернетті де дұрыс және жаман мақсатта да пайдаланып отырғандар көп. Қазіргі ұрпақ мынандай мәдениетпен сусындап отыр деп нақты айта алмаймыз. Әркім өз деңгейінде, дәрежесінде пайдалануда.
2. Ең алғаш қазақ интернет сайттарын ашудағы мақсатың? Сол мақсатқа қаншалықты толық қол жеткізе алдың?
Ескерте кетейін мен сайт жасаушы емеспін, негізгі мамандығыммен түк қатысы жоқ. Өзімді тәжірибелі қолданушымын деп есептеймін. Яғни интернеттің берген мүмкіндіктерін қолданып, сайттар құрастыра аламын. Студент кезімде қазақша сайттар жоқ еді, қазақша істеп көруге болады ма екен деген әуесқой оймен зерттеп, іздестіріп көрдім. Кейін осы іске қызыға бастадым, нәтижесінде біраз жақсы сайттар жасадым. Мақсатым сайттарды қазақ тілінде де жасауға болатынын дәлелдеу болатын, ол мақсатыма жеттім. Бірақ, әлі де осы мақсатыма нығайтқым келеді. Өйткені қазақтар бұл істі істей алмайды деген түсінік әлі де бар. Қазақша жобаларға сенімсіздік бар, қазақтілді жасаушыларға сенімсіздік бар. Нәтижесінде қазақша ойлай алмайтын адамдардың жасаған «қазақша» сайттарын көріп жүрміз. Әсіресе мемлекеттік сайттарда.
3. Осы уақытқа дейін қанша сайт, блог аштың? Олардың мақсаттары?
Нақты санын білмеймін. Бірақ, қазақ блогосферасының қалыптасуына үлесім бар деп ойлаймын. Біраз достарымның блогтарын жасап бердім, техникалық қолдау көрсеттім. Ал сайттарға келетін болсақ көбінесе ақпараттық сайттар жасадым, БАҚ өкілдерінің сайттары және ақпараттық порталдар. Соңғы жобаларымның бірі – КерекИнфо еркін блог жүйесі. Кез келген қолданушы осы платформаға тіркеліп, өз мақалаларымен, пікірлерімен еркін бөлісе алады. Мақсат қазақтілді контентті көбейту.
4. Әр адамның жеке блогы болуынан не ұтады?
Блогерлікті азаматтық журналистика деп те жатамыз. Бұл дұрыс. Өйткені блоггер де ақпарат беруші. Және бұл еркін ақпарат. Өзіңнен басқа ешқандай редактор тексермейді. Өзің қожайынсың және тақырыпты да ешкім саған бұйырмайды. Өзің қалаған тақырыпты өзің қалаған формада жеткізесің. Және ақпаратты тез жеткізу мүмкіндігің болады. Шетелде блог арқылы ақша тауып жүргендер көп, өйткені оқырман саны көп болғандықтан блогтарына жарнама берушілердің қызығушылық танытулары заңды.
5. Қазақстанда қанша адам интернетті қолданады? Пайызға шаққанда, қаншасы қай сайтты? Және адамдардың жас мөлшерлері? Ондай мәлімет бар болса, жазып жібересің бе? Қазақтандағы интернет қолданушыларды қай орган бақылап отырады?
Мені сендіретіндей статистика көре қойғаным жоқ, сондықтан нақты сан айта алмаймын. Мысал үшін мен ұялы телефон арқылы Агент сияқты байланыс құралдарын пайдаланатындарды интернет қолданушы санына кіргізбес едім және бір мекемеде интернет бар болса сол мекемеде жұмыс істейтіндердің бәрі интернет қолданады деген сөз емес қой. Оқу орындарында, мектептерде қазір бәрінде интернет бар. Бірақ, студенттер, оқушылардың қаншасына ол интернет қолжетімді? Яғни Ақпарат және байланыс министрлігі егер детальді статистика ұсынса мен де сенейін.
6. Сенің қазіргі қызметің, қызмет орның еліміздегі интернет қолданушылар мен интернет ақпаратын қаншалықты бақылауға алады?
Мен өзім қызмет ететін газеттің сайт басқарушысымын. Тек қана өз сайтымыздың аудиториясы туралы ғана айта аламын. Яғни қанша қолданушы кіреді сайтымызға, қай елдерден, қалалардан, қай жолдармен кіреді деген сияқты мәліметтер. Ал жалпы еліміз туралы ақпаратқа әрине ие емеспіз.
7. Бізде интернет мәдениеті қалыптасқан ба?
Бізде өкінішке орай интернет этикасы қалыптаспай келе жатыр. Ұрлық-қарлық және ұрыс-керіс мәдениеті жақсы дамып келе жатыр. Яғни айтайын дегенім авторлық құқықты сақтамай біреудікін менікі деп жариялау, пікірталастарда басқаның пікірін сыйламау, дөрекі жауап беру, ұрысқа айналдыру дамып бара жатыр. Бізде блоггерлік мәдениеті жақсы дамып келе жатыр. Тіпті биыл алғаш рет блоггерлер құрылтайы да өтті.
8. Интернет арқылы ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз ба? Мәдниетімізге қаншалықты әсер беріп жатыр?
Интернетке тәрбие құралы ретінде қарауға болмайды. ТВ не, интернет не бәрібір. Адамды өзі және ата-анасы тәрбиелейді. Интернет тек көмекші құрал болуы мүмкін. Бірақ дәл қазір балаларға, жасөспірімдерге арналған тәрбиелік мәні бар сайттар көріп тұрған жоқпын. Керісінше кері әсер беретін мазмұндар көбейіп бара жатыр. Мысалы қазаққа жат діни ағымдар бұл тұрғыда жақсы жұмыс істеуде. Ата-аналар балаларына интернеттен тек қажетті ресурстарына рұқсат беріп, өз бақылауында ұстағандары жөн.
9. казирги жастар пикир жазумен, агентти бос аурешилик, уакыт олтирушилик ушин де пайдаланып кетти, мунын арты неге апарады? пайдасын, интернеттин кадирин, дурыс колдануын билмей жатыр ма? оз пайдасына асыра алмай жатыр ма? газет, китап окылмайтын заманда, халык тек визуально хабар алатын адамдарга интернеттин берер тарбиеси
Агенттің ең үлкен зияны – біздің интернеттегі әліппемізді бүлдіруі. Яғни қазақша әріптер оқылмайды деп қазақша әріптерді орысша әріптермен жазып кеткен жастар тек агент емес интернеттегі сайттарда да солай жазуда, қолдары үйреніп қалған. Соның кесірінен қате жазылған мәтіндерді көп кездестіреміз. Сол Агенттің өзін де дұрыс пайдаланбауда жастар, мысалы микроблоггинг не үшін керек екенін түсінбейді. Бүкіл энергияларын, уақыттарын бос сөзбен босқа құртуда. Халық интернеттің не екенін әлі түсінбеуде. Халықтың бұл тақырыпта сауаты жоқ. Бұған БАҚты да кінәлауға болады. Маған интернет туралы жеке айдары бар бір газетті атаңызшы, компьютер тақырыбында сабақ беретін бір ТВ бағдарламасын көрсетіңізші, ақпараттық технологиялар тақырыбында шығатын бір журнал бар ма?
Zere
Соңғы сұрақты басқа компьютерден жіберген бе, әлде автоматты түрде агент тіліне ауысып кеткен ба екен...)
asaubota
биринши сурак та сондай

сұрақтар маған поштама келді, Вордпен.

Қазақ әдебиеті газетіне берген сұхбатым бар еді, сол шықпады ау деймін, дым хабар жоқ. жауаптарым ұнамаған шығар  оны да осында шығарып қоятын шығармын.
meirzhan
Электронды түрде сұрақ қойған қандай рахат иә, жұмыстарын жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді екен. Дегенмен дұрыс емес сияқты. Көзбе-көз қойған ддұрыс-ау деп ойлаймын. Әлде менікі консерватизм ба екен.
sakenspb
Аршат поколение пепсиден шыққан жігіттерден.
түркістан жерінде, үлкен интернет проектілер жасайтынына сенемін. 35-40 тарға келгенде милиардер болып отырады осындайлар
Nurgisa
Әлижан 5-10 жасына шыққанда десеңізші, Сәке… Әдемі перспектива, сенгім келеді
asaubota
менің қырсық мінезіммен алысқа баруым қиын

тек сұхбаттар, сайттар арқылы ат істеп алғаным болмаса жеке өзіме түк материалды пайдасы болған жоқ. қазіргі жұмысым мен тегін баспана болмаса, басқа дымым жоқ
sakenspb
дымым жоқ демеш. бір ойлар барғо әйтеуір, соларды развивать етсең бір взрыв қыласыңғо
Nurgisa
бір взрыв қыласыңғо
сенгім келмей қалды
sakenspb
что я не так сказал
Nurgisa
Брейвикке де біреу кезінде солай бата берген шығар деймін де  Ал былайынша, Аршат көп дарынды қазақстандықтың бірі ғой. Өзгелерден оны дара қылатын қасиеттер қазақша айти жобаларға келгендегі шынайы ықыласы, тынымсыз ізденісі. Бір жерді жарып шығады деп сенгім келеді бұл бала.
sakenspb
«взрыв»ым солғо айтып отырған
asaubota
дымым жоқ деп мен материалдық жағдайымды айтқанмын  ал былай әрине баста әрқашан идеялар бар ғой. просто мына батыстық тік мінезім көп адамдарға ұнамайды және біреудің айтқанына иілмейтінім. бәріне **тақ қойып жүре берем ғо, сол жаман кесірін көрсетіп жүр. қайтем енді, мінезді өзгерту оңай емес
sakenspb
ел көрген, жер көргендер сондай боладығо.
адам мінезін өзгерте алады
KILYZAMAN
Мінезде мінген тұлпарың сияқты бауырым… Басында ырық бермей асаулығын жасайды (
тік мінезім көп адамдарға ұнамайды және біреудің айтқанына иілмейтінім. бәріне **тақ қойып жүре берем ғо
) — кейінірек, тақымы көнбеске амалы қалмайды… Бірақ ол тақым — ақылға жеңіліп, сол ақылға бағынған тақым :-((Қайран 25)
Aldeken
просто мына батыстық тік мінезім көп адамдарға ұнамайды және біреудің айтқанына иілмейтінім.

Таныс ситуация…
asaubota
замана такая зема

биографиядан география маңызды болып қалады кей адамдарға, кей жерлерде
KILYZAMAN
География — жеті атаның қамын жеген жетелі ұрпаққа кедергі емес Аршатжан!
Aldeken
«Жетпіс жеті атаң да жетпеген оның түбіне, сен де жете алмайсың» дейтін сөз бар еді бір әнекте…
Әлемдік география кедергі болмайтын шығар, Қазақстан географиясы кедергі болатын кездері бар екені рас енді…
«Бауырым, биографияң келгенмен, географияң келіңкіремей тұр, айыпқа бұйырма» деп шығарып салғанды да көргенбіз…
KILYZAMAN
Алдарларым(Көңілі ақ, жүректі, албырт)аман болса ол бейшараныңда алды тосылар…
asaubota
брат, просто сенде ондай мәселе болмағасын түсінбейсің.
KILYZAMAN
Сол мәселенің жілігін шағып көріп, май таппағанның бірімін :-)