Қажығұмар Воркута. "Көңіл толқыны"
Көлік тұрақтың ауласында жарты жылдан астам… «Cadillac Escalade» тұрды. Епті, ғыламұр жігіттердің айтуынша, бұ мәшине анау-мынау емес — жасырын концертпен келген ABBA-ны тасыған кезінде, нақтың! Ол ештеңе емес: тап мына ортадағы орындықта бір вице-министрдің өзі отырған, және ол мына бардағы күміс жалатылған мұз салатын вазаға құсып, ал мына орындықта — жезөкшелердің талайын бақыртқан!
Дегенмен, бұ мәшиненің атағының шешесінің кимешегін тігіп, қол қойғаным бар: иесі жарты жылдың ақысын төлмепті. Сосын типінақ кепілдікте тұр екен. Солай нақ. Очм бір күні Шива төбемнен ұрғанда тап менің кезекшілігімде иесі келді. Қолында бір бума ақша. Өзінің айтуынша — жарты жыл бойы Англияда болыпты, ирландреспубликалықармиясыныңбомбасымолаңатүскір малатаңанә. Епті, алты айдың ақысын есептеп ал да, шынжырларын шешіп, босат мәшинемді нақ дейді! Шешесс, мұндай ірі көлемдегі төлемде бір жерінен қате жіберіп, басшылық тасымды кесіп алып жүрер деп, бастықтың өзін шақырттым. Ол ептібайымайд та подшипниктен жүн қырыққан қырт еді: мына ақшаң аз, тағы бер деді. Мәшиненің иесі ақша қазір жоқ, үйден алып берейін деді. Басекең тасын қасып ойланып тұрды да, маған: "үйіне еріп барып, ақшаның қалғанын әкел" деді. Сөйтіп, О мазағы таусылмаған Аспан Әміршілері! — өмірімде екінші рет VIP-машинаға отырдым (бірінші ретте де осы мәшине еді: ауладан гаражға апарғанмын өткен айда).
Шынын айтқанда, жұмыс комбинезонымен мынадай мәшинеге міну — майкімен леди Дидің жаназасына қайыр айтуға барған сияқты өрескел екен. Қайсыбір пяншік тышқанның терісімен апталған орындықтан, орындығы несі нақ — диваннан кәдімгідей ұялып, көтімнің жартысымен отыруға тырыстым. «Жолың болды, сен бүгін сағаты 1 000 доллар тұратын машинамен қыдырасың хе-хе» дейді иесі. Кетейнақ байшікеш малатаңанә, менің 92 жылғы Опель Кадетімнен садаға нақу дедім мен де тосылып қалмай. Ішімнен.
Очм, алтынмен апталып, күміспен қапталған машинамыз ыңыранып қозғалды да, дереу басты көшеге түсіп алып тарта жөнелдік. Лібә, дегенмен өзіңді маңызды адам сезініп қалады екенсің нақ. Ресми жұмыстарына әлі екі сағаттай уақыты бар жезөкшелер көздерімен сайқалдана шығарып салды, мен де шелек боп қалдым нақ. Бірақ рухани азап келесі кварталда басталды. Біздің жынД мәшинеміз нөмірі 58 автобуспен теңесті де… көлік кептелісінде тұрды да қалды!
Лібә, автобустан анталаған көздер бізге мөлиіп қарап қапты, мәшинені — ішіндегі біз сияқты болмашы мазмұнымен қосып ішіп-жеп бара жатыр! Не ойлап тұрғандарын білмесемші, білемін ғой! Себебі өзім сондаймын!
Очм, терезге тақалып отырған орыс кемпір «всю страну разворовали ебтвоюмать, Сталин жоқ сендерге!» деп отыр, оған 100 пайыз сенімдімін! Лібә әжей, бұл менің мәшинем емес, неге сонша жаман көзбен қарайсыз?! Әжеее!!!
Ар жағында отырған шалда да социал-демократиялық сарындағы сезімдер толқыны. «70 жылда тапқанымыз — мынау сүмелек балалар болса, жетіскен екенбіз» деп, налып отыр. Лібә, менің мәшинем емес, ата! Атаа!!!
Анау, асылып өлмекке бекініп, халықтан ұялып тұрған сияқты өлмелі қатын — мұғалім сияқты. Оның көзқарасы да мәз емес. «Вишши разрядпен палтара ыставкымен үш жерде қырық жыл істесем де мұндай мәшине ала алмас едім, мынадай көкелері бар малдар тумай жатып тайраңдап жүр» деп тұр оның көздері. Епті, мен де сен сияқты дәруішпін тәте, кейімеңізші, тәтее!!!
Осы кезде студенттер аралы болып есептелетін автобустың артқы жағына көзім түсті. Бір жігіт екінші жігітке біздің мәшинені нұсқап қойып, ақкөбік болып бірдеңе айтып жатыр екен. «Міндім, көрдім» деп жатырсың білем, мақтаншақ ептібайымайд. Тракторға отырып ал әуелі, Кадиллак сенің не теңің!
Ал бер жағында үнсіз тұрған қыз тіпті армандап кетті, білем. Ойша менің бетімді пластикалық жөндеуден өткізіп Том Круз жасавалып, мен оған осы мәшинемен және бір құшақ гүлмен келіп тұрмын. Аха, жепсің нақ! Қазір үйге «маршруткімен» қайтатынымды білсең, теріс қарап тұрып алар ма едің, екіжүзді пяншік қыз!
Осы кезде маған керемет идея келді. Мәшиненің терезесін белуардан түсіріп қойып, май-май комбинезонмен отырғанымды көрсеттім. Көзқарастар да дереу өзгергендей болды. Әйтеуір әлгі орыс кемпірдің қарғысы енді рульде отырған "қанаушы тап өкіліне" ауған сияқты. Әйтеуір кәдімгідей бір жеңілдік сезініп қалдым, нақтың…

Базар жоқ!!!