Сайрагүл Сауытбай Назарбаевтан көмек сұрады

Әлеуметтік желіде де Қытайдағы қазақтардың жайы жиі талқыланады. Бірер күннен бері желідегі белсенділер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, қол жинап, Сайрагүл Сауытбайға азаматтық беруді сұрап жатыр. Бұған дейін Сайрагүлдің адвокаты оған босқын мәртебесі берілмегенін айтқан.

"Мектеп асханаларын жынойнаққа айналдырмайық"

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматыда мұғалімдермен кездесіп, мектепті қалай кәсіп көзіне айналдыруға болатыны туралы туралы кеңес берді. Желі қолданушылары Назарбаеваның «мектептегі асханалар мен спорт алаңдарын» жалуға беруге болады деген сөздерін талқылады.

"Шекарашылар Төреғалидің фанаты ма?"

«Время» газетінің жазуынша, Қазақстанның эстрада әншісі Төреғали Төрәлі Алматы – Гонконг ұшағына билетсіз кіріп, ұшақ қозғалуға тақағанда шығып кеткен. Желі қолданушылары мұны қылмыс деп, шекарашыларды сөгіп жатыр.

Мұғалімдердің сыйлық алғаны дұрыс па?

Ақтөбе мұғалімдері «Мен сыйлық алмаймын» деген челлендж бастап, Қазақстан мұғалімдеріне үндеу жасады. Мұғалімдер күні қарсаңында жарияланған видеоны желі қолданушылары қызу талқылады.