Жазба неге "құсық" болады? (3-ші бөлім)

Жазба әңгімеге/талқыға арқау болмайды.

Кейде, жазармандар «құсық» деген сыни пікірге зар болып қалатын жайттар кездеседі. Яғни «ешкім оқумайд». Ондайда, басқа никпен тіркеліп, өзіңнің жазбаңа өзің комент жазу сияқты азғын тірліктер абырой бере қоймайды.

«Болса жақсы, болмаса несі жақсы» түріндегі құнсыз қоқыс пікірлердің боғауыз құрлы күші болмайтыны сондықтан.

Жазбаңыздың астын коментке толтырудың түрлі әдістері бар, біреуді түртпектеуден бастап, намысқа тию, ешкім күтпеген пікір жазу. Ерекше атап өтерлігі: басы кез-келген интеллектуалды пікірталастан басталып, ал аяғы «кімнің әлгі жері үлкенірек» деген жасырын тақырыптағы өзара боқжағыстарды атап өткен вокзал.

Пайдасыз пікірталастар көбіне дін, мораль, тәрбие, және т.б. талғамдық мәселелерде, мыс: қай киножанр/спорт/университет/қала «мықты» деген тақырыптарда пайда болады. Міндетті түрде жеке бас қозғалады.

Әйтсе де, әңгіме тудырудың деликатты, бірақ мықты әдістері де бар. Мәселен, оқырманды тақырып аясын кеңейтуге, өз тәжірибесімен бөлісуге, немесе керісінше түпкі мәніне үңілуге итермелеу. Бұндай тақырыптарда, пікірталас жазбаны толықтай түседі, мән-мағынасын арттыра түседі.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
пікір жазылу үшін жазбаны алдымен жұрт көруі керек. ол үшін көбісі ең бірінші болып, өз өзіне пікір жазып, Тікелей эфирге шығарып жұртты «шақырады». әдетте бұлай істейтіндер шыдамсыз жазушылар болып келеді, жазбасы мүмкін шынымен қызық шығар, бірақ ол пікірдің көп күттірмей тез жазылғанын қалайды. бұл әдісті істеуге кеңес бермес едім. неге? ойлап қарашы, өз өзіне адам бірінші болып пікір жазады ма?  жазатынын жазбасының ішіне жазар еді ғой, иә?

жарайды, мен басқа әдіс ұсынамын. мақалаңыз жарияланды, тікелей эфирге Пікірлер бөлігіне әрине шықпай жатыр және сайттың алғашқы бетінде де көрінбейді. не істеу керек? жазбаның астында Бөлісу кнопкалары бар. солар арқылы жазбаның сілтемесін Моймир, Фейсбуктерге орналастыр. сосын сабыр етіп күт, аз уақыттан кейін алғашқы пікірлер жазыла бастайды және жазба шынымен жақсы болса қолданушылар плюс қоя бастайды, 8 плюс жинасаң автоматты түрде алғашқы бетке шығады.
Janasil
пікір жазылу үшін жазбаны алдымен жұрт көруі керек. ол үшін көбісі ең бірінші болып, өз өзіне пікір жазып, Тікелей эфирге шығарып жұртты «шақырады».


Осының синдромын осы жерде сезілмей ма?
asaubota
сезіледі. сабақ оқығысы келмеген баланың сыңайын танытып отыр көбісі
asaubota
Гастаның бұл жазбалар сериясы тек қана жаңа қолданушыларға ғана арналған деп ойламаймын
Gastarbaiter
Танкисттерге арнайы ескерту, бля:

Бұл «жазушылықтан» мастер класс емес. Сайтқа жаңа тіркелгендер мен жуырда тіркеліп,«ағай, неге менің жазбаларымды ешкім оқымайды?» дейтіндерге арналған минималды талаптар жинағы.
Ас болсын ептібайымайттар. Сосын айтпады демеңдер
e_zhalgas
Жазбаңыздың астын коментке толтырудың түрлі әдістері бар, біреуді түртпектеуден бастап, намысқа тию, ешкім күтпеген пікір жазу.
болашақ тролльдер дайындауға кірістің бе?