Журналистер мен баспасөз хатшылары: тіл төңірегіндегі текетірес қашан бітеді?

Блог - MeihuaZheng: Журналистер мен баспасөз хатшылары: тіл төңірегіндегі текетірес қашан бітеді?

Кеше бір отырыста болдым. Журналистер мен баспасөз хатшылары бір-біріне деген наздарын айтқан.
Енді, қалай, негізгі базынасы — қазақша релиздер мен спикерлердің тапшылығы ғой. Орыс тілінде ғана жазатындардың бірі менмін. Оны мойындаймын.

Неге бұлай болды?
Былтыр, жыл басында Кәсіпкерлер палатасына баспасөз хатшысы болып келгенімде, облыс көлеміндегі барлық медиаға танысу хатын жібердім — мен деген Гүліммін, осы қызметке келдім, екі тілде сөйлеймін, жазамын, хабарласыңдар, тіпті тәуліктің кез келген уақытында хабарласыңдар деп. Вацап бар ғой, өзім түнде ұйықтай қоймаймын.
Сосын бұл релиздер екі тілде жазылатын. Алдымен орысшасын жіберіп алайын, сосын қазақша тастаймын деген ойдан ада едім, бірдей жіберілді. Төрт-бес айдай солай жүрді. Одан соң тек қана орысша жазылатын болды. Себебі басылымдардан қазақша бізде тек бір ғана облыстық газет шығады, 4-5 канал бар, онда қазақ редакциялары бар, әлбетте.
Бірақ сол мерзім ішінде маған бір де бір қазақ журналисі хабарласып, мынау не, анау неліктен, оның себебі қандай, енді не болады деген сияқты сұрақ қойып хабарласпады. Осы аралықта жіберген релиздер қазақ басылымдарында жарық көрмеді де. Бір де бір шарамызға келіп қатыспады. Есесіне, орыс тілінде жазатындар танысу хатына бірден фидбек жасап, вацабыма сәлемдерін айтып, «бұл менің номерім, міндетті түрде базаңызға қосып, хабар беріп тұрыңыз» дегендей жаза бастады. Шаралардың барлығына қатысуға тырысып, қатыса алмаса, келе алмаса «міндетті түрде релиз жіберіңіз!» деп ескертеді. Әр релиз, жүз демей-ақ қояйын, бірақ 60-70 пайыз көлемде баспасөзде жарияланып отырды. Яғни, бас-аяғы 15 баспасөз құралы болса, соның 10 шақтысы жаңалығымызды жазады, одан бөлек республикалық деңгейдегі ақпарат көздері жиі бөлісіп отырады.
Шынымды айтсам, кешегі жерде жиналған журналистер (тек қана қазақтар) санын көріп, таң қалдым! Мұншамасы бар екенін сезбеппін.

Релиздер қазақша жарияланбайтынына қарап, қазақ басылымдары кәсіпкерлік тақырыбына қызықпайды, ол турасында ештеңе жазбайды деп ұғынғаным рас.
Одан бөлек, біздің облыс «орысша аймақ» боп саналатыны бар.
Осы ретте бір жайтты айта кетейінші. Палатаға келген алғашқы апталарда офисте бір жиын өтті. Зал толы кәсіпкерлер. Сол кезде бір бастығым: "Қарашы, отырған бизнесмендердің барлығы орыстар. Қазақтар — акиматта", дейді. Әзілмен айтылған осы сөз мен үшін өмір бойғы дәлелдене беретін қағидаға айналды десем де артық айтпаймын.
Әлбетте, барлық жиын-шарамыз орыс тілінде ғана өтеді. Шалғай аудандарда болатындары — қазақша.

Содан кешегі отырысымыздағы әңгіменің өзегі — қазақ журналистерінің баяғы жыры «лауазымды тұлғалар неге қазақша сөйлемейді». Қазақша сөз айтатын спикер жоқ. Не істейміз? Қашан аудармашы болғанды қоямыз? деген сықпыттағы сұрақтар.
Бұл сұрақтар негізінен мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдік баспасөз хатшысына қойылды. Палата — олардың қатарында емес. Біріншіден, біз мемлекеттік орган емес, қоғамдық ұйымбыз. Екіншіден — қазақша спикер жоқ деген әңгіме біз туралы емес. Ептеп шала болса да, қазақша сауатты әрі ұғынықты сөйлейтін мамандар бізде бар.

Екі проблема
1. ДДТ синдромынан арыла алмай жүрген журналистер.
ДДТ — танымал әріптесіміз Жалғас Ертайдың «бекіткен» термині.
Жалғас Ертай: «Дін, Діл, Тіл — осы үш мәселе төңірегінде жазылған дүние ғана қазақтарға өтеді»
Кез келген тақырып айналып келгенде қазақтардың «жапа шеккен мүддесін» қаузап кететіні рас. Журналистердің, айталық, салық туралы заңнамадағы жаңалықтар мен туғызатын кедергілері туралы материалдары ақыр-аяғында «енді қазақтар қалай күн көрмек? үкімет қайда қарап отыр?» деген ойбайға айналдыратыны неліктен? Осыны түсінбей өтетін шығармын. Конструктив, тақырыптың байыбына бару, өзі де ізденіп, қосымша дерек көздерін қарау деген жоқ.
Бұл мәселе жиі айтылады, талқыланады. Бірақ, баспасөз қатысатын жиындарда «осы айтқандарыңызды қазақша қайталаңызшы» деген сұрақтар тиылар емес. Қазақша қайталап бермесе, бітті, материал тақырыбы автомат түрде тіл мәселесіне байланады да қалады.

2. Баспасөз хатшыларының басшыларына сөзі өтпейтіндігі, өз саласында қазақша сөйлейтін спикерлерді дайындамайтын жаман әдеті.
Қазақша сөйлейтін лауазымды кісілерді қажет ететін баспасөз құралдарының бар екендігінен 25 жыл өтсе де, хабарсыз келе жатқан баспасөз хатшыларының тірлігі қарын аштырады. Мұндай селқостық, ақпаратпен қамтамасыз етудегі салғырттық танытатын әріптестерді мен біліктілігі төмен деп қарастырамын. Баспасөзбен байланыс орнатудың, дұрыс ақпарат жеткізудің маңызын құрылымдағы мамандарға түсіндіріп бере алмайтындығы — кәсіби еместігінен. Қанша жерден жұмысы бастан асқан, түкіруге қолы тимейтін маман ара-тұра журналистердің сұрауына жауап беру үшін камера алдына шығуға дайын болуын қамтамасыз ету — баспасөз хатшысының тікелей міндеті. Егер пікір газетке қажет болса — маманды мазаламай, өзі жазып беруі тиіс.

Қалай дұрыстаймыз?
Жағдайды оңалту турасында менің өз ойым бар. Қателік екі тараптан да бар. Жоғарыда айтқандарымды жинақтай келе, әріптестерге мына кеңестерімді айтар едім.

Журналиске кеңес:
— Жиын басталмас бұрын, тіпті анонс түскен бетте шақырушы мекеме-ұйымның баспасөз хатшысымен алдын-ала байланысып, қазақша сөйлейтін спикер дайындауын тапсыру. Өтіну, сұрау, талап ету емес, ТАПСЫРУ. Ол оның міндеті. Егер ондай спикері жоқ, барлығы орыс/неміс/ағылшын болса — өзі аудармашы ретінде болсын. Яғни әдетте шетелдік қонақтардан пікір алғандай, жанындағы аудармашы сөздері ілеспе түрде камераға жазылатындай жағдай жасалуы керек. Бірақ ешқашан өз беделдеріңді түсіріп, "қазақша айтып беріңізші" деген сөз айтпаңыз.
— Тақырыпты зерттеу, жан-жақты хабардар болу, дұрыс сұрақ қоя білу. «Осы жиын туралы пікіріңізді айтыңызшы, осы шара туралы не ойлайсыз?» емес, нақты тақырып бойынша сұраңыз. Өзіңізді дымбілмес, теманы қақпайтын, сауатсыз, кәсібилігі төмен адам ретінде көрсетпеуге барынша тырысыңыз.
— Кінәны басқаға арта бермей, жағдайды түзетуге құлшыныс таныту, әрекет ету. Ұсыныс жазыңыз, баспасөз қызметімен тығыз қарым-қатынаста болыңыз, спикерлермен мүмкіндік туған бетте осы мәселе төңірегінде пікір алмасып көріңіз. Тек онысын камераға, диктофонға жазып алудан аулақ болыңыз.
— Белсенділік керек! Барлық жиын-шара кезінде белсенді түрде сұрақ қойыңыз, сауатты, эксклюзив сұрақ қойыңыз. Орысша жазатын журналистер "қап, осыны неге мен сұрамадым!" деп сан соғатын сұрақ қойыңыз! Спикер «Мәссаған!» дейтін сұрақ қойыңыз. Ал ол үшін біліміңізді, біліктілігіңізді шыңдаңыз, белсенді болыңыз.

Баспасөз хатшысына кеңес:
— Қандай да бір құрылымда өзге ұлт өкілдері көп болғанымен, қазақша сөйлейтін адам құрып қалыпты деген шындыққа жанаспайтын, мүмкін емес нәрсе. Жақсы, қазақшасы шала маман ғана табылған күнде де, онымен тығыз жұмыс істеу керек. Өз саласы бойынша әдетте айтатынын қағазға түсіріп, дежурный «ақпараттық парағын» дайындап беріңіз. Ол кісімен офисте тек қана қазақша сөйлесіңіз.
— Кез келген шара кезінде қазақша сөйлейтін спикер болуын міндетті түрде қамтамасыз етіңіз. Тіпті ол нақты сіздің компания/органнан болмаса да, сіздің сала бойынша сөйлей алатын сырттан шақырылған маман болса да жақсы.
— Беделіңізді көтеріңіз. Басшыңызға сөзіңізді өткізе алатын деңгейда болыңыз. «Ләппай тақсыр» ғана емес, бұқарамен байланыс орнату бойынша пікір алмаса алатындай, қандай да бір әрекет ету/етпеу туралы ойыңызға құлақ асатындай статусқа ие болуға талпыныңыз.
— Журналист сұрақ қойғысы келсе, бастығыңызды көлегейлеп, оққағары болмай, жауап беруін ыңғайлаңыз.

***
Отырыста айтылған тағы бір сын жеке басыма қатысты еді: «Шалақазақсың, орысша-қазақша араластырып сөйлейсің».
Мен монотілді ортада жүрген адам емеспін, сөйлеген кезімде екі тілдің сөздері қосылып кетіп жатуы заңды. «Араласшамды» бетіме басушыларға айтарым бір ғана — мендей болып алыңдар.
Әрі қарай

Журналистерді аккредитациядан өткізу не үшін керек?

Блог - MeihuaZheng: Журналистерді аккредитациядан өткізу не үшін керек?
*бұл сурет ОКҚ сайтынан ізеттілікпен сызып әкелінді

Сіз үшін маңызды, журналистер үшін күнделікті бір шара өткізген кезде аккредитация мәселесі туады.
Әдетте, басшылық оны алдын ала өткізіп, күнібұрын нақты кім келетінін білгісі келіп, қатты алаңдайды. Баспасөз хатшысының мазасын алып, 14 минут сайын шақыртып, тізім көрсетуді талап ете береді.
Жалпы, алдын ала тіркеу деген кімге керек, жалпы — керек пе?
Бұл туралы бүгінгі лекциямда.

Журналистерді шараға алдын ала тіркеу қажет жағдайлар:

1. Ірі шара өткізерде: ілуде бір болатын мемлекеттік, мәдени, спорттық, экономикалық, салалық шараларға аккредиттелу міндетті түрде болуы керек. Оның қатарында АЭФ, олимпиада, фестивальдар, түрлі машинақұрастырушылар, кукла жасаушылар конгрестері, театрлар мен опералық труппалардың фестивальдары, т.с.с. болуы мүмкін.
* Не үшін: Мұндай шаралар кезінде журналистерге арнайы бейдждер жасалады, олар кей шараларға қатысуға ерекше құқы бар. Оның сыртында шара аяқталған соң мониторинг жүргізу ыңғайлы болуы үшін, сондай-ақ есеп беру мақсатында журналистердің бас-басына санақ жүргізу өте қажет.

2. Мемлекеттік орган жанында тіркелу: бұл ақорда, үкімет, парламент және мемлекеттік органдар өткізетін барлық шараларға тікелей қатысу құқын береді. Дегенмен, оның да заманы өтіп барады, себебі орган релиздері аккредитациядан өтпеген журналистердің де поштасына жіберіле береді, одан бөлек — заң бойынша кез келген ақпарат 3 күн ішінде органның сайтында тұруы қажет. Ал массмедиа өкілін тек осы себеппен қайтарып жіберіп, шарасына қатыстырмау — өте дұрыс емес қылық. Мұндай науқан 1 қаңтарда басталады, аккредитация жыл аяғына дейін күшінде болады. Қажетті құжаттар — жеке куәлік, 3*4 суреттің 3 данасы, өзімен алып жүретін аппаратураның (фотоаппарат, диктофон, видеокамера, микрофон) СЕРИЯЛЫҚ номерлері. Сериялық номер кәдімгідей есік аузында тексеріледі. Сериясы сәйкес келмесе — аппаратураңызды сыртта тастап кетуге тура келеді. Сонымен қатар кейбір органдардың қоршалған аумағы болса, паркингке тұру құқығы үшін көлігіңіздің деректері қажет. Сізге ПРОПУСК деген мөрі басылған жалпиған қағаз беріледі. Шараларға келген кезде сол парақты лобовойға жапсырып, кіре бересіз.
* Не үшін: басын түгендеп отыру үшін. Басқа себебін көріп тұрған жоқпын.

3. Пресс-тур ұйымдастырылғанда: тұрған/отырған қала/ауданнан тыс жерде болатын шараға (үдемелі бағдарлама бойынша проектілерді аралау, әлеуметтік маңызы бар объектілер — қалалық свалка, хоспис, мемлекеттік мекемелер — түрме, колония немесе стратегиялық нысанды аралау, т.с.с.) шығу кезінде керек.
* Не үшін: барған жерде шай-пайды адам басына шақтау үшін, сізді жоғалтып алмау үшін, таратылатын материалдарды шақтап даярлау үшін, автобуста орын жету үшін, стратегиялық нысанның охранниктеріне тізім беру үшін.

4. Сіздің өңірге бір ірі лауазымды тұлға келгенде: ел президенті, премьер-министр келсе ғана. Қалған тұлғалар әдетте көшпелі отырыстарға келеді, ал оған келетін — жергілікті журналистер. Оларды түрінен танисыз, сондықтан алдын ала тіркеп қажеті жоқ. Ал президент немесе премьер келсе — олардың арнайы күзет қызметкерлері болады, оларға журналистердің аты-жөні, жұмыс орны және аппаратурасының сериялары жазылған тізім міндетті түрде керек.

Басқа ешқандай шара үшін аккредитация беріп/алып қажеті жоқ.
Неге?
Өйткені сіздің шараның, ең басында айтылып кеткендей, сіз үшін ғана маңызы зор, ал журналистер үшін ол — күнделікті барып жүрген жұмысы. Сондықтан, шақыру кезінде хатта мідетті түрде «есік ашық» деп көрсеткеніңіз дұрыс.

Сіз күтпеген, басшыңыз не өзіңіз онша жақтырмайтын журналист шараңызға сау ете қалса не ету керек?
ЕШТЕҢЕ!
Қарсы алып, орнына жайғастырыңыз. Медиа өкілінің кез келген ақпаратты алуға құқығы бар. Сәйкесінше, оны шектеп, пресс-конференцияға кіргізбеуге сіздің де, сіздің ұйым/мекеме басшысының да ешқандай құқығы жоқ. Есесіне, дегеніне салып, ақыры айдап шықсаңыздар, ол журналистің сіздің ұйымға прокуратураға шағымдануына толық құқығы бар. Осыны байтаңдағыш басшыға міндетті түрде ескертіңіз.
Жалпы, журналист негатив жазбауы үшін онымен қарым-қатынасты қалай құру керек екендігін өткен жазбамда айтқанмын. Басты қағида — тату-тәтті өмір сүру, журналист басын құрметтеу.
Әрі қарай

МИССИЯ: Бұл әлем сіз болмасаңыз, не істер еді?

Блог - MeihuaZheng: МИССИЯ: Бұл әлем сіз болмасаңыз, не істер еді?

Әр компанияда «Корпорациялық даму стратегиясы» (Стратегия корпоративного развития) деген құжаттар топтамасы болады. Компания пайда болған соң әдетте оның аты ойлап табылады, заты, жарғысы және осы даму стратегиясы жасалады.
Әдетте даму стратегиясын жазу үшін арнайы компания жалдайды, өйткені стратегияжазғышты штатта ұстаудың қажеті жоқ, ол бірреттік қана жұмыс. Кейде ақша аз болса, штатқа алынған пиаршы, сапа менеджменті бойынша маман өздері жазып шығады.
Жалпы, шыны керек, даму стратегиясын жасауға деген көзқарас та, қатынас та немкұқрайды. Онсыз да жасалатын жұмысқа жоспар құрып қажеті қанша деп ойлайтын болуы керек. Негізі, ол құжаттың маңызы айтарлықтай дер едім өз басым. Сайтыңызға орналастыру үшін ғана емес, «осы істеп жүрген жұмысымның мәні не өзі? кімге керек? не үшін?!» деген сұрақ мазалағанда сол миссия/басымдылық/мақсат/міндеттер деген құжатқа көз тастасаңыз — сұрақтарыңыз жоқ болуы керек.
Это в идеале!
Ал біздің жағдайда миссия деген не?

МИССИЯНЫҢ МИССИЯСЫ
Егер сіз әлгі айтқандай, даму стратегиясын өзі жазып жатқан компания қызметкері болсаңыз, миссия деген тарауды жазу үшін бір ғана сұрақ қойыңыз, соның жауабы — сіздің миссия болмақ:
Сіздің компания жоқ болса, қоғам, мемлекет және тұтынушылар не жоғалтады?

Айталық, жауап: Менің компаниям жоқ болса, тұтынушылар ең алдымен жоғары сапалы жастық-көрпеден қағылады — мұндай өнімді жақын шетелде де жасамайды, біздің өзіміз ойлап тапқан технология бойынша жасаймыз. Ал мемлекет үлкен салық төлеп отырған отандық өндірушілердің бірін жоғалтады, "Қазақстанда жасалған" маркасымен шығатын өнімнің бірі нарықтан кетсе, оған да абырой болмайды.

Осыған сәйкес сіздің миссия жасалады:
Жақсы тыныққан адам ғана жақсы еңбек ете алады. Ал әр қазақстандықтың жақсы тынығуына біздің көрпе-жастығымыз сеп болады. Отандық мамандардың жасап шығарған өнімі оқушы балаға да, жұмысбасты ересекке де, зейнеткер ата-апаға да жоғары сапасымен әрі қолжетімді бағасымен ыңғайлы.
Тұжырымыңыз неғұрлым нақты, ұғынықты, түсінікті болса, бизнесіңіз де соғұрлым нақты, ұғынықты әрі түсінікті болады.

Әлемге танымал компаниялардың жариялаған миссиялары:
COCA COLA: Әлемді сергіту. Шаттыққа шабыттандыру. Әрбір әрекетімізді мәнді ету (To refresh the world… To inspire moments of optimism and happiness… To create value and make a difference).
IKEA: Әрбірдің күнделікті тұрмысын жақсы өзгерістерге толтыру (To create a better everyday life for the many people)
GILLETTE: Клиенттеріміз өздерін күнде жақсы сезінуі үшін қырыну және гигиена заттарын ұсынамыз. Ұстараны ары қарай жақсарта алмаймыз деген күні біз жұмысымызды тоқтатамыз (All designed for the unique needs of men – helping them to look, feel and be their best every day. We'll stop making razor blades when we can't keep making them better)

Миссияны атқарумен қатар, компания келешекте (шамамен он шақты жыл ішінде) нақты қандай жетістікке қол жеткізбек? Онысын «Компания мұраты (видение)» деп аталатын тарауда жазады. Көп эксперттер мұраттарды мақсаттармен біріктіріп жазу қажет дейді, меніңше сол дұрыс.
Сонымен мақсат-мұраттар жазған кезде оларыңыз SMART талаптарына жауап беруі керек:
Specific: нақтыланған — басқаша түсіну мүмкін емес, мазмұны тұрақты (мысалы, "қажетін қанағаттандыру", «көңілді ету» деген сияқты тіркестер қолданғанда абай болу);
Measurable: өлшемі бар — мүмкіндігінше есептеп, өлшеп білуге болатын жоспары бар (мысалы, алдағы бес жылда көшбасшы үштіктің қатарынан табылу, клиенттеріміздің санын миллионға жеткізу, жылдық айналым көлемін 100 млн теңгеге жеткізу, өнімімізді әлемнің 25 еліне жеткізу);
Achievable: қолдан келетін — айды аспаннан шығаратын, қияли арман емес, қажырлы еңбек арқасында қол жеткізуге болатын нәтиже (мысалы, «африкалықтардың арманын орындаймыз» емес, «африка құрлығындағы өмірді ыңғайландырамыз — 8000 км қашықтыққа су құбыры мен электр желілерін жүргіземіз»);
Results-oriented: нәтижеге ұмтылған — мақсат, мүдде, мұраттардың өзара балансын сақтап, нәтижеге межелі мерзімде қол жеткізуге мүмкіндік беретін;
Time-bound: уақытпен шектелген — мақсат-мұраттарға қол жеткізу мерзімін белгілеу керек. Соңғы нәтиже ғана емес, аралық көрсеткіштерді де (тоқсан сайын, жыл сайын, үш жыл сайын) белгілеп, компания өзінің жұмысын бағалауы керек.

!!! Яғни, мақсаттар мен мұраттарды жазған кезде "өсіру", «тереңдету», «дамыту», «күшейту» деген сияқты жалпылама сөздермен жазуға мүлдем болмайды.

ӘР ҚЫЗМЕТКЕР — КОМПАНИЯНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ
Ары қарай корпорациялық құндылықтар, стратегиялық мақсаттар және бизнес жүргізудегі үлгі боларлық әрекеттері жазылады. Бұлардың жазылуы да әр компания үшін аса маңызды. Оған компаниядағы барлық қызметкердің берік болуы — одан да маңызды. Осы құндылықтар мен мақсаттардың әрқайсының бойына әбден сіңіру үшін пиаршы жұмыс етеді.
Оның барлығы «Корпорациялық мәдениет» деген ұғымға кіреді. Әр қызметкер, лауазымы қандай болсын, бұл қағидаларды қатты ұстануы — компания жетістігінің, өнімдерінің сұранысының жоғары болуының бірден бір негізі. Миссияда айтылғандай — оқушының, ересектің, зейнеткердің көңілінен шығатын сапалы көрпе-жастық жасап, сапалы қызмет көрсету — ең басты міндет.

Мысал келтіре кетейік. Айталық, бір аймақта сіздің көрпе-жасық шығаратын компания өнімдерінің сапасыз подделкасын жасап сатыпты. Ол өнім бір айға жетпей жіптері сетінеп, бояуы оңайыпты. Сатып алған адам көңілі қалып, компанияға арыз жазады. Сонда оның қоңырауын қабылдаған хатшы қыздан бастап, осы олқылықтың орнын толтыруға атсалысатындардың барлығы компанияның құндылықтарын негізге ала отырып әрекет етсе, жанжал өте қысқа мерзімде жойылады. Теориялық түрде, тіпті бір тәулік ішінде жоюға болады. Барлық деңгейдегі қызметкер шын ынта-ықыласын көрсетсе.

Біздің елдегі тәжірибе көрсеткендей, жазылған стратегия мен корпорациялық мәдениет іс жүзінде жай ғана шатпақ күйінде қалады. Компания құндылықтарын түйсінбек түгіл, жұмысқа құлшыныстың жоқтығынан, көп адам жай айлық алып жүргендер қатарында. Жалпы, клиенттің разылығы үшін жұмыс істемейтін, білімі мен біліктілігін жоғарылатуға ұмтылмаған қызметкер жұмыс істеуге құқығы жоқ деп санаймын. Ісін белгіленген мерзімде бітіре алмайтын, клиент өтінішіне салғырттықпен қарайтын, бизнес-процестерді сынақ мерзімі ішінде ұғына алмаған адамның болашағы бұлыңғыр. Үнемі айтатыным:
Ешқандай аз айлық сенің салғырт жұмысыңды ақтамайды. Он бес мың ба, қырық мың ба — осы айлыққа істейтін жұмысқа кірістің екен — істе. Істемесең — көбірек айлық беретін жерге тайқай, бұл орынға адам табылады.

Жарайды, бұл менің бастық болсам — қырар едім деген фашистік армандарымның үзігі.
Тақырыбыма оралайын.
Постымның соңында мен өзіміздің қазақ компанияларының миссияларын көрсетпекпін.
Компанияның миссиясы түсінікті ме? Жарияланған миссияларына компания қызметі сай ма? Компанияның бизнесі сізге түсінікті ме? Сіз сол компанияға жұмысқа тұрғыңыз келе ме? Құндылықтарына мойынсұнар ма едіңіз?
Осы сұрақтар төңірегінде пікір білдірсеңіздер апашка қуанып қалар еді.
Сонымен:

САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА: Қордың миссиясы – ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру.
ҚАЗМҰНАЙГАЗ: Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін барынша жоғары тиімділікті қамтамасыз ету; Компания активтерінің ұзақ мерзімді құнын арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті, интеграцияландырылған мұнай-газ компаниясы ретінде орнығу; Бизнесті әлеуметтік-жауапкершілік тұрғысынан жүргізу, отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жеткізушілерін қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.
САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОРЫ: Мегажобалардың іргелі девелопменті, «жасыл» технологиялар қолданылатын құрылысты инвестициялау, сондай-ақ құрылыс саласына инновациялар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға жәрдемдесу.
ҚАЗПОШТА: Барлық клиентке Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыратын, заманауи сапалы почталық, қаржылық және логистикалық қызметтер спектрін ұсыну.
ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ: Жүйе құраушы инфрақұрылымдық компания бола тұрып, біз экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы көліктік негізді қамтамасыз етеміз, Акционер үшін құнды құрамыз, қажет және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді көрсету жолымен тұтынушыларға және тұтастай қоғамға пайда келтіреміз.
KCELL: Миссия компании — создание новых продуктов и услуг, чтобы удовлетворять существующие и новые потребности клиентов новыми, захватывающими способами; принесение пользы людям и создание комфортной жизни с помощью инновационных услуг, основанных на наших навыках в области информационных и коммуникационных технологий (қазақша нұсқасында миссия туралы ештеңе жоқ)
AIR ASTANA: Біз Еуразия жүрегінен әлемдегі ең үздік әуекомпаниялардың бірін құрып жатырмыз.
КАЗКОМ: Казкоммерцбанк работает для того, чтобы повысить качество жизни людей, открывая для них широкие возможности мира финансовых и банковских услуг, позволяющих осуществить планы, надежды и мечты с пользой для себя, своей семьи, своей компании, бизнеса, общества и страны.

BEK AIR: обеспечить безопасные, эффективные и финансово доступные основной массе населения авиаперевозки по Республике Казахстан и за ее пределы. Для этого компания выбрала надежные модели воздушных судов Fokker-100, имеющие наиболее подходящую для региональных полетов конфигурацию.
(соңғы жағында қосып қойыпты: Главные лозунги Авиакомпании «BEK AIR» — «Не надо нам помогать — просто не нужно нам мешать и мы всё сделаем сами!» :) )
Әрі қарай

БАРАК ОБАМА: Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады, ол келіншектің аты кім болады екен?

Мамырдың 1-нде АҚШ қазіргі президенті Барак Обама жыл сайынғы тілшілер қауымдастығымен соңғы салтанатты кешін өткізді.
Бұл қауымдастыққа тек қана журналистер емес, сонымен қатар танымал саясаткерлер, Голливуд жұлдыздары, басқа да елдің көзіне түсіп жүрген белгілі кісілер қатысады. Ол жиында президент құрғақ шөппен баяндамамен тойғызып қоя бермей, керісінше, барынша ашық, жайдары, тіпті көңілді сөз сөйлеуі керек. Биылғы жиын ерекше болғанға ұқсайды. Саясаткерлер, журналистер, әсіресе пиаршылар мен спичрайтерлер ауыздарының суы құрып талқылап жатыр.
Жарты сағаттық сөз сөйлеуінде Обама ағай ішекті армансыз қатырыпты.
Сайлауға түсіп жатқандарды, қазіргі әкімшілігіндегілерді, өзінің отбасын, өзінің қаранәсілділігі туралы әзілдері енді… Жиналғандар іштерін ұстап, аунап жатыр ғой. Өзінің қалай жұмыс іздейтіндігі туралы да айта кеткен. Ол үшін арнайы ролигін де жасапты.
Сонымен, әзілдерін аздап аударып ұсынып отырмын. Мүмкін жымиярсыз )

— Айтпақшы, Трамп қайда? Соншама не тындырып жатып, келе алмай қалды? Бірақ, біздің кешкі асымызды ол менсінбейтін де шығар. Оның орнына Ангела Меркельге тиісіп, твиттерде отыруды жөн көрген болар. Трамп-стейктерін қылғытып отырған шығар үйінде.
— Кешігіп келгенім үшін кешірім сұраймын. CPT-де сөз сөйлеп едім (қара/қоңыр нәсілділердің каналы). Онда ақ адамдардың естуіне болмайтын әзілдер айтылды.
— Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады. Ол келіншектің атын айтайын ба?
— Осы Мишель (әйелі) қартаймайды ше! Осыдан 8 жыл бұрынғы түрімізді қараңдаршы (екеуінің суреті көрсетіледі, ол жерде Обама жастау). Кейін не болып кеткенін көріңдер енді (басқа суретте Мишель сол қалпы, ал Обама шашы ағарып кеткен). Мынау — осыдан екі апта бұрын (суретте Обама — скелет)
— Менен осы барлығы қашады… кеше естіген шығарсыңдар, біреу дуалдан өрмелеп кеткенін. Бірақ секьюритиім мақтауға лайық — Мишельді ұстап алып, өзіме қайтарды.
— Осы Берни ше (қаржыгер, демократтардың беткеұстары және әмияны сияқты бір керемет) — түрі құдды миллион бакс. Әлде қалай еді… сенің тіліңмен айтқанда — 27 доллардан жиналған 37 000 адамның садақасы сияқтысың.
— Бернидің сайлауалды слоганы күшті болды — FEEL THE BERN (естілуі — ЖАЛЫНДЫ СЕЗІН — дегенге келеді) — жастарға жақсы өтті. Ал Хиллари не істеді? Оның жастарды өзіне қаратқысы келген әрекеті — бір егде туысқаныңыздың фейсбукте сізге жазылғаны сияқты. «Менің түрткенімді (подмигивание) алдыңыз ба?», «Менің жазғандарым көріне ма?».
— АҚШ екіпартиялы жүйесі туралы: Мүмкін сіз етті де, балықты да жек көретін шығарсыз. Бірақ біреуін таңдап алуға тура келеді.
— Трамп туралы: Барлығы соның сыртқы саясатта дым қақпайд деп айтады. Далбаса сөз ол. Мен білем ғой, Швеция миссімен, Аргентина миссімен, Әзірбайжан миссімен де кездескенін оның.
— Енді бір жарты жылда мен ресми түрде бейбақ атанам. Республикандықтардың лидерлері менің қоңырауыма жауап бермейтін болады.
— Президенттік мерзім аяқталған соң не істеймін. Мишель екеуміз осы Колумбия жағалап тағы 1-2 жылдай жүреміз деп шештік. Қызымыз мектебін бітіреді. Мишель өзінің сәбіздеріне кірісетін болдым деп мәз. Ал мен болсам сіздердің мені LinkedIn-дегі (жұмыс берушілер мен іздеушілердің отыратын әлеужелісі) достығымды қабылдауларыңызды күтем.

Ары қарай Обама байсалдылау сөзін сөйлейді — алғыстарын, тындырғанын айтып, тілектерін жеткізеді.
Обаманың мерзімі 2017 жылдың қаңтарында бітеді.

Біздің қатысымызда осы шара, отырыс туралы не айтуға болады?
Өкінішке қарай, біздің президент егде кісі болғандықтан олай істемейді деп ақталмақ болсақ та, жастау келген министрлеріміз жасына жетпей кісі болып қалғандар. Олар өзі туралы да, әріптестері туралы да әдемі әзіл айтып үйренбеген, ондайды елестете де алмайды. Сосын видеодан көре аласыз — Обама журналистердің атын атап, солармен де әзілдеседі (оның аудармасын тым түсініксіз болып кетеді деп ойлап, жасамадым). Біздің басшылар тек казправданың бас редакторының атын білсе рахмет. Қазақ журналистері туралы тіпті де сөйлемей-ақ қояйын.
Екінші жартысында Обама өзі туралы түсірген ролигін көрсетеді — жұмыс іздеп жүргені туралы қиялы. Ал енді біздікілер солай істеп көргенін елестетіп көріңіз :) МҮМКІН ЕМЕС!

Осындай күнді армандап… сол…
Осы блогты бір министр әлде басқа шенеунік көрсе, айтарым: күліңіздер, әзілдеп үйреніңіздер!

Әрі қарай

Негатив мақала: зиянын болдырмау және салдарын жою

Блог - MeihuaZheng: Негатив мақала: зиянын болдырмау және салдарын жою

Журналистер компанияңыз туралы жағымсыз мақала жазса нендей әрекет ету керек?

Жағымсыз мақала үш жағдайда жазылады:
1. Нақты себеппен – сіздің компания шынымен косяк жасап, сынайтын ісіңіз жария болғанда.
2. Редакциялық ұстаным – газеттің не арнаның сондай бір жынды принципі бар – кім туралы болсын бірдемесін қисық айта салу.
3. Тапсырыс – бақталас компаниялардың, үкіметтің, қандай да бір стейкхолдердің мүддесі үшін сіздікіне наезд жасау.

Тағы бір фактор бар – топас журналистің біліксіздігі, яғни тақырыпты жете түсінбегендіктен кей ақпаратты бұрыс не теріс түсініп, не болса соны жазуы мүмкін. Бірақ біз мұны «редакциялық ұстаным» категориясында қарастырғанымыз жөн, өйткені соңғы сөз дегенмен бас редактордың еншісінде.

Әрине, компанияның басшылығы жағымсыз мақалаларды өте ауыр қабылдайды. Кей бастықтар болады, арнайы жиналыс ашып, бүкіл коллективпен талқылап, ақыры баспасөз хатшысын жұмыстан шығарып жіберуі де мүмкін. Жалпы, шыны керек, бастықтардың 90%-і – натуральный қояншықтар. Түкке тұрмайтын көп нәрсені трагедия деп санайды. Ол енді бөлек әңгіме, оларға мүмкіндігіңше жоламауға кеңес берем. 500 мың төлеймін десе де келіспе ондай адаммен жұмыс істеуге – жұмыс сияғы болмайды, 146% ГАРАНТИЯ!

Сонымен, компанияңыз туралы жағымсыз мақала жарияланды немесе сюжет көрсетілді.
Алдымен шыққан материалдың зияндық шегін анықтап алайық
.

Төмен деңгей:
Компания өкілінің сөзін бұрмалауға тырысу, қандай да бір жағымсыз сипат беру (Мысал: Бәленшеев мырза оқулықтардың уақытында жеткізілмеуінің себебін айтып ақталмақ болды, Пәлен Түгеншеев сұрақты түсінбегенсіп, ары кете барды ). Тақырыпқа қатысы жоқ дерек келтіру (Мысал: Денсаулық сақтау министрі Пәлен мырза дәрінің бағасы өспейді деп уәде етті. Өссе де, өспесе де, министр айлығы азайып қалмасы анық).

Орташа деңгей:
Компания өкілінің қате ақпарат беруі (әрине, қасақана емес болса), қойылған сұраққа мардымды жауап бере алмауы, журналиске дөрекі жауап беруі, журналистік сауалға дер кезінде жауап бермеуі (ҮШ КҮН!!!), компания өкілі қандай да бір шараға шақырып алып, қатты кешігіп келуі, басқа тараптың сіздің компания/компания өкілі туралы жаңсақ дерек беруі.

Қауіпті деңгей:
Компания өкілінің компания саясатына немесе мемлекет заңына қайшы әрекеті, компанияның заңсыз әрекеті, компанияның табысының төмендеуі, халықаралық рейтингтің төмендетілуі, стейкхолдерлердің (компания қызметін реттейтін құзырлы орган, тұтынушы, акционер, серіктес, бұрынғы қызметкер, т.с.с.) компания қызметіне сенімсіздік білдірген пікірінің жариялануы

Осы ретте маңызды ремарка жасай кетейін: егер сіз баспасөз хатшысы бола тұра, ең басты басшымен тікелей қатынаспасаңыз – бекер жұмыс істеп жүрмін дей беріңіз. Имиджге қатысты кез келген мәселе, сұрақ, ұсыныс гендирмен тікелей талқылануы қажет. Әрине, егер сіз баспасөз қызметіндегі кіші хатшының үшінші көмекшісі болсаңыз, бұл қағиданың сізге қатысы жоқ. Ал егер жалғыз болсаңыз – осы есте болсын.

1. Төмен деңгейлі опасян материал бойынша сіз өзіңіз әрекет етіп, оны қалай реттегеніңіз жөнінде басшыны ескерте салғаныңыз да жарайды. Мысалы, жоғарыда айтылған мысалдағыдай еткен болса, журналиспен тікелей хабарласып, не себепті олай жазғанын сұрауға болады. Қандай да бір қосымша сұрағы бар ма екен, соны анықтап, алдағы уақытта эксклюзив ақпарат берем деп «құпия» айтуыңызға болады. Бірақ, уәдені орындауды ұмытпаңыз! Мұндай приемнан кейін журналист әдетте жаман жазбауға тырысады, егер қисық жазуды редакторы талап етсе, сізге мүмкіндігінше хабарлауға тырысады. Ал кей жағдайда ешқандай әрекет етіп те қажеті жоқ – әлдебір ешкім танымайтын газет-сайттың сандырағына жауап беру міндетті емес, жай ғана игнор.

2. Мақала зияны орташа деңгейде болса, әдетте арнайы релиз дайындап таратқан жеткілікті болатын кездер де болады. Жаңсақ дерек? Окей. Дұрыс деректі келтіріп, релиз жазасыз, таратасыз. Жақсы араласатын журналистермен тікелей байланысып, осы ақпаратты бөлек жариялауды өтінсеңіз, әдетте олар беттен қақпайды. Егер ешкім жариялағысы келмесе – асылып өлетін түгі жоқ, сайтыңызға әдемілеп іліп қоясыз, әлеуметтік желіде таратасыз. Бірақ бұл ШҰҒЫЛ түрде жасалуы керек. Бір жұмыс күні ішінде.
Компания өкілі журналиске дұрыс жауап бермесе (қазақша не орысша сөйлей алмады, дөрекі жауап берді, т.с.с.), ол журналисті жеке кездесуге шақырған дұрыс. Шайға. Барынша сыйыңызды көрсетіп, барлық сұрағына тайсалмай жауап берсеңіз, әдетте негатив өзінен жоқ болады. Тек сыйластық орнату жеткілікті. Ал дөрекі жауап берген қызметкермен өзіңіз жеке инструктаж жүргізіңіз.
Өз шарасына өзі кешігіп келген компания өкілі барлығы өткенсін редакцияларға шағын презент беріп жіберсе – норм. Кешірім сұрап, хат жазу қажет емес, ұяты болса оқиға орнында сұраған шығар. Коробкадағы пряник, тәттілер жинағын беріп жіберу – журналистердің көңілін көтереді, ал компания одан кедейленіп қалмайды. Мұндай жағдайлар ілуде бір ғана болады ғой, сондықтан қалаңыздағы редакцияларды кәмпит жегізіп семіртіп алам деп қорықпаңыз.

3. Компанияңыздың қызметіне, беделіне, келешегіне, табысына шын қауіп төндіретін материалдар әдетте жылдық айналымы миллиардтаған теңгеден асатын табысы бар компанияларға, әсіресе банктерге төнеді. Қауіпті деңгейдегі зияны бар мақаланың ықпалын жою үшін жалғыз сіздің немесе басшылық тарапынан ғана әрекет етуі жеткіліксіз. Мұндай жағдайда компаниядағы антикризистік стратегия бойынша қимылдау қажет. Көп жағдайда салдарын жою үшін арнайы компания жалданады. Жеке басымнан мұндай оқиға өтпегендіктен, бұл жөнінде айтарым болмай тұр.
КЕЙС: Былтырлары Каспи банктің үлкен кризиспен (банктің банкрот екендігі, депозиттерді тез арада шешіп алу керек деген жаппай смс таратылуы) қалай күресіп, оны қалай жеңіп шыққан жөніндегі материалдарды іздеп қарап шығуыңа болады.

!!! Есіңізде болсын: Журналистермен дұрыс қарым қатынас орнату – баспасөз хатшысының ЕҢ бірінші және ЕҢ басты принципі.
Әрі қарай

VIII республикалық пәндік олимпиада

24-25 наурыз күндері Қазақ Ұлттық Университетінде VIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Бұл шараға Қазақстанның түкпір – түкпірінен қоғаммен байланыс, баспа ісі және жалпы журналистика бағыттарынан болашақ мамандар жиналды. Айта кететін жайт, бұл қоғаммен байланыс мамандығы бойынша ұйымдастырылып отырған алғашқы олимпиада. Қатысушылар алғашқы күні өткен тест сынағы мен екінші күні бағдарламадағы жарнама ролигін, әлеуметтік PR жобаларын қорғады. Жобаға Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Семей университеттері сияқты белді оқу орындарынын студенттері қатысты. Алғашқы күні студенттердің мамандықтарының басты пәндерінен білімдері тексерілген болса, кейін олардың креативті ойларын көрсетуге толық мүмкіндік берілді. Барлық оқу орындарының студенттері университет намысын қолдан бермеуге тырысты. олимпиадада өз салаларының белді мамандары Асылxан Әбдірайымұлы және Ерлан Акчалов, Ануарбек Бримжанов төрелік етті. VIII Республикалық пәндік олимпиада ҚазҰУ тарихында мәңгілікке орын алатын дүбірлі дода.
Әрі қарай

Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты "сызып" кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру

Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Ньюсджекинг (newsjacking) — қандай да бір оқиғаны, жаңалықты, үрдісті өз брендінің танымалдылығын арттыру мақсатында пайдалану технологиясы. Әдістің пайда болғанына 3-4 жыл ғана. Авторы — Дэвид Мирман Скотт (David Meerman Scott).
Ақпарат ағыны күшейген сайын, оның құны төмендеп, "өмір сүру" уақыты қысқарып кетті. Адамдар жедел ақпаратты ғана тұтынуға үйреніп қалды да, брендтер өз жаңалықтарын өткізу үшін жаңа технологияларды меңгеруге мәжбүр. Осы ретте әлемдегі трендтерге ілесу қажеттілігі туындап отыр.
Ньюсджекингті екі ауыз сөзбен түсіндірер болсам, оның ең айқын мысалы — Google-дың әр атаулы датаға байланысты дудлинг жасауы.

Ньюсджекинг ерекшелігі неде?
Ньюсджекинг сіздің бюджетті үнемдеп, ел аузынан түсірмейтін ең керемет әдіс, ашығын айтқанда. Бұл PR және SMM мамандарынан жеделдікті, батылдықты және креативтілікті, ең бастысы — ауызбіршілікті талап етеді.

Ньюсджекер деген мамандық бар ма?
Бар. Енді бар. SMM-ші деген сияқты, маркетинг ғылымының PR деген ағымы сияқты, PR-дың SMM, newsjacking деген құрал-әдістері бар. Сәйкесінше, сол салада арнайы маманданған қызметкерлер пайда болуы заңды.

Осы әдісті сәтті қолданғандар бар ма?
Бар. Осы уақытқа дейін менің көзіме түскен бірен-саран мысал бар. Ары қарай мен сіздермен осы әдіс сәтті қолданылған кейстермен, ньюсджекингтің қандай салаларда қалай қолданылуы мүмкін деген ойларыммен бөлісемін.

Шынтуайтына келгенде, елде ауыз толтырып айтарлық ерекше оқиға\үрдістер сирек. Дегенмен, отандық сауда маркалары/компаниялар/брендтер/меморгандар осы бір технологияны қолдануда селқостық, құлықсыздық танытуда. Онысы енді бекер.
Ньюсджекинг әзірге бөлек ғылым емес, дегенмен бұл әдіс Дэвид ойлап тапқанға дейін табиғатта болмаған деп ойламаңыз. Ол болған, тек аты бар құрал ретінде қарастырылмаған. Алдыңғы жазбамда айтқандай, соғыс кезінде CocaCola компаниясы сауда көлемін арттыру үшін арнайы кампания ұйымдастырды. Бұл жағдайдағы ньюсджекинг мәні неде? Басты оқиға — соғыс. Қаншама сарбаз жарақат алып, өлім құшуда. Ал тірілерінің патриотттық сезімдерін өшіріп алмай, ары қарай соғысуға ынталандыратын не? CocaCola. Сарбаздардың амандығы үшін тұтынушылардың тиын аяп қалмауына «ынталандыратын» кім? CocaCola. Яғни, CocaCola оқиғаны өз мүддесіне пайдалана алды. Бұл — барып тұрған ньюсджекинг.

Енді өзіміздің кейстерге келейік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын астаналық кафелердің бірі келген тұтынушыға қосымша құйып берген ыстық суы үшін 400 теңге ақы сұраған.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында біраз наразылық тудырып, әңгіме болған.
Клиенттердің шағымдарын ескеріп, кафе мынандай қадамға барды. Ол жөнінде — фейсбуктегі парақшасында.
Бұл мысал ең алдымен жақсы қойылған коммуникация айғағы ретінде қарастырылады. Алматы кафелеріндегі бір шайнек шай ары кетсе 400 теңге болса, Астанада — 600 теңгеден кем емес. Онымен қоймай, қоюланып кеткен құманға ыстық су құю — қосымша ақы.
Осы оқиғаның нәтижесінде астаналық кафе-ресторандарда ыстық суға қосымша ақы алу деген үрдіс жойылды десе болады. Бұл, әрине, тура мағынадағы ньюсджекинг емес. Дегенмен, кафе бірнеше күн бойына ел аузынан түспей, тіпті оған қызығушылық артты. Басқа қала тұрғындары да #400тенгезакипяток хэштегін пайдаланып, түрлі оқиғаларымен бөлісіп жатты.
Кампания құны — 0 теңге.
Пайда — әлбетте болды.

Тағы бір таза ньюсджекинг деуге келмейтін, бірақ бірнеше күнде танымалдылығы біршама артқан компаниялар — Logycom және Apples.kz. Олардың былтырғы ақпандағы девальвация кезінде бірден сайттарын жауып, мынандай хабарлама іліп қойғандары скриншот қалпында әлжелілерде кеңінен тарады:

Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру

2015 жылы жазда Алматының тау етегіндегі аудандарында сел жүріп, халық біраз әбігерге түсті. Еріктілер жұмысқа тартылды. Халықтан көмек жиналды. Осы кезде еріктілерді тегін тамақтандыруға дайын кафе-ресторандар жұмылып, арнайы мәзір жасады. Ол жөнінде атақты пиаршымыз Әлішер Елікбаев жазып отырды. Бұл — нағыз ньюсджекинг — тағамдану орындары осы әрекеті арқылы өздерін құрметке лайық екенін көрсете білді.

Ньюсджекинг жеке бренд беделіне де берері аз емес. Танымал пиаршы Жандос Құрманбаевтың байрақпен байланысты мемлекеттік қызметкерлермен шиеленісі атақты заңгер марқұм Михаил Кленчиннің назарына іліккен еді. Ақыры іс Кленчиннің араласуымен сәтті аяқталып, Жандосқа тағылған айып пен айыппұл алып тасталынды.
Кленчин, сөзсіз, бренд болатын. Сондықтан, оның осы іске араласуын — ньюсджекинг деп таныдым.

Маған ең қатты ұнаған биылғы кейс — беларусьтің Белавиа компаниясының Ресей мен Түркия арасындағы кикілжіңді тиімді пайдалана алған жарнамасы:
Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Өкінішпен мойындайтын нәрсе — мұндай батылдыққа бара алатын қазақстандық компаниялар әлі жоқ.

Жарайды, олай керемет батыр болмай-ақ қояйық. Бірақ, осындай керемет технологияны «бейбіт» мақсатта қалай пайдаланып қалса болады?
Мемлекеттік сала
Үкіметті компания деп қарастырсақ, оның мүддесі — халықты жұмыс істеуге, салық төлеуге ынталандыру. Мысалы, Apple компаниясы өз өнімдеріне деген біздің қызығушылығымызды арттырып отырады — біздің өмірімізді жеңілдететін жаңа гаджеттерін ұсынып дегендей. Ал біз болсақ жыртылып, сол «тістелген алманы» сатып алу үшін ақша жинап, несие аламыз — компанияның табысын арттырып, оны байытамыз. Үкімет те сол сияқты — мемлекеттік аппарат өз жұмысының тиімділігін арттыру («біздің өмірді жеңілдету») арқылы, біздің патриоттығымызды нығайтып, салық түсімі азаймауына қызмет етеді («оны байытамыз»).
Үкімет министрліктердегі PR-қызметтері арқылы идеологиялық жұмыс жүргізеді, бірақ мемлекеттік PR осы жаңа технологияларды мүлдем, несін айтайын — ескі технологияларды да жарытып пайдалана бермейді.
Ал ең құрығанда, тіпті дым ойлап таппадым дегеннің өзінде нақ осы ньюсджекингті мына жағдайларда қолдануға болар еді (бұл жерде тек қана релиз таратуға қатысты жайттарды айтамын, өйткені одан арға әрекеттер — тұтас кампания болып кетеді):
Мұнай бағасына қатысты қандай да бір мәлімдеме (ОПЕК, Барадей): құзырлы орган жауап-мәлімдемесі — баспасөзге, қазақстандықтардың өміріне ықпалын суреттейтін инфографика — үкімет сайтында.
Сирия/ИГИЛ: ҚМДБ немесе дін істері жөніндегі агенттік тарапынан мәлімдеме. Тек қана жамағат оқитын сайт емес, бұқара оқитын медиада жариялау. Атап айтқанда, жастардың теріс ағымға түсіп кетпеуі үшін атқарылып жатқан шаралар туралы фотореп. Мүмкін ана жақтан қайтып келген адасқандардың бірімен интервью де жарар еді. Былайша айтқанда, мысалы, мен сияқты тым трезвый адамға қайдағы бір Джоли мен Ив Кустоның исламға бет бұрғаны туралы немесе Өзбекстандағы бір орыс бүйірінде «аллах» деген жазуы бар балық ұстап алғандығы туралы «жаңалық» мүлдем өтпейді.
Президенттің кезекті жолдауы: барлық министрліктер өз тарапынан түрлі креативті хабарлама/мәлімдемелер жасауына ешкім де кедергі емес. Әлбетте ол релиздер меморганның нақты пайдалы шарасы/нәтижесін көрсетуі қажет. Айталық, салық туралы өзгерістер туралы кіріс жөніндегі комитет инфографика түрінде таратса болар еді. Бірақ, ондай ештеңе алмадық.
Атақты жазушы/ақынның жаңа кітабы: мәдениет немесе білім-ғылым министрлігі мұны міндетті түрде пайдалануы қажет.
Головкиннің/Қанаттың кезекті жеңісі: спорт министрі соның құрметіне фейсбукке қысқаша клип жіберсе, халық ықыласына бөленері сөзсіз. Яғни кісі болып қалған, портфель ұстап туған образдан арылып, адами қасиеттері ел назарында жатталып қалады.

Бизнес
Қазақтың ұлы тұлғаларының бірінің мерейтойлы жылында арнайы серия шығару: айталық, Raimbek Bottlers көп сусындарының бірінің қорабында жыл бойына бір ақын/жазушының суреті мен өлең немесе нақыл сөздерін орналастыруына болады. Бұл "ұлт фанаттары" тарапынан үлкен сұранысқа ие болары сөзсіз. Сол сияқты сүт өнімдерін, киім-кешек, шығарушылары осы идеяны пайдалануына әбден болады және ол айтарлықтай табыс әкеліп, әлжелілерде көп талқыланады. Журналистер де ондай жаңалықты қалт жібермесі анық.
Түрлі заңдарға өзгеріс енгізілуі: айталық, Еңбек Кодексіне енгізілген басты жаңалық — ескі редакциясында жұмыскерді жұмыстан шығаруға 20 себеп болса, жаңа нұсқада 25 себеп жазылған. Осыны делік «Казком» қалай "қағып" кете алады? Әрине, жаңа заң аясында өз қызметкерлерін қалай қорғайынын айтып, мақтанып қалуына болады. Ал жұмыскерін қорғаған жұмысберуші әрине, беделі жоғары болады.

Жалпы, non-governmental салада ньюсджекингті пайдалануда шексіз көп идеялар жасауға болады. Мемлекеттік салада да көңілсіз, қызықсыз, сауатсыз релиздер жариялай бергеннен, адамды жымита алатын, үміт сыйлайтын креативті дүниелер шығаруға инструменттер мен технологиялар жетерлік.
Әріптестерге соны тілеймін.
Басты профит — танымалдылықты арттыру үшін бір тиын да жұмсалмайтындығы. Әлеуметтік желілерде кеңінен талқылану, массаның есаінде қалу.

Тақырыпты түсініп, ұнатқандар — лайк қойсын, түсінбегендер комменттерін қалдыруына әбден болады.
Әрі қарай

Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер

Блог - qisyq: Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер
Осыдан шамамен екі жарым жылдай уақыт бұрын кәсіби SMM-ге бет бұрғанымда, «бұның не?», «жұмыс па, тәйірі» дегендер болды. Сол дегендерге қосылып кетуге шақ қалатынмын. Сөйтсем, SMM-маманның міндеті бір басына жетіп артылады екен. Әрине, шахтаға түсіп, тас ою емес, алайда көзің алайып, контент-планмен қидаласып отыру да жеп жібереді. SMM-шінің жұмысы ВК-дағы пабликке мысық пен күшіктің суретін салып отырумен шектеледі демеңіз, анализ бен жобалаудан бастап психологияға, партизандық астыртын іс-әрекеттермен айналысуға дейін жүзіп жүре береміз. Мәселен, мына жерде біз пақырдың 100 басты (тек басты!) міндеті көрсетілген екен. Жә, мұны «Аноним SMM-шілер клубы» мүшесінің маңқа езгілеуі емес, жәй, сөздің сірағасы деп білерсіздер. Клуб демекші, қазақ SMM-шілерінің басын қосып, бір жертөледе жылап-сықтайтын жер табамыз ба?

Кіріспенің парызы орындалған екен, негізгі тақырыпқа көшсек. Сағат сайын сан түрленіп, күніне қырық өзгеріске ұшырайтын салалардың бірі — SMM. Әне-міне аяқталғалы тұрған 2015 жыл да соушл медиаға, оның ішінде әлеуметтік желілерге біраз жаңалықтар алып келді. Соларға шолу жасап жіберсек.
Әрі қарай

PR. Кәсіби ұғымдар

PR ілімі жөніндегі лекцияларды жалғастырайық.
Бұл постта мамандықтың үнемі қолданылатын ұғымдарымен таныстырып өтемін. Кейін барлық кәсіби ұғымдарды тарқатып, мысалын молынан келтіріп, әрқайсы туралы жеке-жеке жазатын да болармын.
(Бұл мәтін кеше таңертең он шақты студентке оқылған дәрістен алынған)

Жалпы, PR маманы оқу орнын бітірген соң мынандай қабілеттері дамып шығуы тиіс деген түсінік бар:
— Текст жаза білу, спичрайтинг. Бұл ретте оның эрудициялық жан жақтылығы, әдеби мәнерлігі, психологиялық біліктілігі, жеке басының әдептілігі көзге ұрып тұруы тиіс.
— Кез келген адаммен қарым қатынас орната білуі қажет. Бұл ретте пиар маманы жеке басының имиджіне қатты назар аударуы шарт. Өйткені өзіміздің артық және кемшін тұстарымызды өзімізден жақсы білетін ешкім жоқ. Ал социумда біздің артық тұстарымыз кемітіліп, кемшін тұстарымыз зорайтылып көрінеді. Үнемі жұрт арасында, маңызы бар шаралардың маңынан табыла алатын әдеті болса тіпті жақсы.
— Креатив! Сіздің басты артықшылығыңыз – креативтік қабілетіңіз. Неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым жұмысыңыз да өнімді, табысыңыз да жоғары. Кез келген проблеманы творчестволық тұрғыда шеше алу қабілеті.
— Бірнеше проблеманы бір уақытта шешуге қабілетті (орысша айтқанда, работа в режиме многозадачности).

Осы қасиеттері толық дамыған пиар маманы далада қалмайды.
Көпшілігі білетіндей, мен Қарағандыда журналистика мамандығын алып шыққам, арнайы пиар бойынша академиялық білім алмағандығымнан, пиар ілімі туралы теориялық тұрғыда мықтылығым шамалы. Дегенмен, осы салада алты жылдай жұмыс істеп келе жатқандығымнан, практикалық тұрғыда бірер ақпаратпен бөлісемін. Сондықтан, ғұламалардың анандай, мынандай айтқандарымен миларыңызды шатпаймын.
Есесіне, PR практикасынан алынған үздік мысалдар — кейстер арқылы үйренгенді өзім жақсы көргендіктен, блогымда да солар туралы жазамын.

Кейс дегеніміз не?
Кейс (ағылш.: case) — іс, оқиға, жағдай. Бұл ұғым бизнесте және білім беру саласында түрлі жағдайларды сипаттау арқылы, ондағы проблемаларды шешудің жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
Яғни, кейс модельдеу арқылы түрлі шешімдерді қарастырып, ең тиімдісін қолдану.

Жұмыс барысындағы кез келген акт кейс ретінде қарастырылып, оңтайлы шешімдердің түрлі жолы талдануы керек. Қандай мәліметтерге сүйенуіміз қажет?
— оқиға\проблема
— оны туындатқан себептер
— оқиғаның\проблеманың ауқымы (компания шеңберінде, стейкхолдерлер, ел көлемінде, т.б.)
— оны шешуге қауқарлы, құзырлы тұлғалар
— қажетті уақыт

PR мамандары жұмысында қолданатын негізгі PR құралдар
— БАҚ-пен қарым-қатынас
— Жеке қарым-қатынас
— Ішкі коммуникациялар
— Арнайы шаралар
— Беделді басқару
— Сыбыс.

Кейспен жұмыс барысында PR құралдарды сәйкесінше пайдалану арқылы, маман мына міндеттерді көздейді:
• компания туралы шынайы, дәл, түсінікті ақпарат таратып, қоғамда компания\тұлға туралы дұрыс, жағымды пікір, бедел қалыптастыру;
• бұқарамен байланыста болу, әрдайым қоғаммен пікір алмасу, пікірімен санасу, қоғамдағы өзгерістерді бақылау арқылы, қызметін соларға сәйкес ыңғайлау;
• компанияның өз саласында көшбасшы танылуын қамтамасыз ету;
• компанияның түрлі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, т.б. салада ықпалын өсіру;
• танымал, беделді адамдар арасында, мемлекеттік қызметтегі белді тұлғалар арасында ниеттестер (лояльность) санын көбейту

Күнделікті жұмыста қолданылатын кәсіби ұғымдар:
Паблисити
Паблисити (англ. publicity — публичность) — қарапайым тілмен айтқанда, ақысыз жарнама. Яғни, компанияның қызметі, өнімдері, өкілі туралы компанияның өтініші немесе ақысы үшін емес, үздік, танымал, сарапшы болғандығы үшін ақпараттық құралдарда жарияланған материалдарды біз паблисити деп танимыз.

Имидж
Белгілі бір тұлғаның, компанияның, өнімнің мақсатты түрде жасалған қоғамдық келбеті.
Стратегия
Нақты жоба аясында жасалатын іс-шараларды іске асыру (белгілі бір тұлғаны, компанияны, өнімді нарықта танымал ету, т.б.) мақсатында жасалатын әрекеттер жүйесі.
Кейс: CocaCola. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания өнімі сатылмай, қиындық кешкені бар. Сауда төмендеп, ел соғыспен басқайғы болып кеткен. Соғыс бітеді. Бірақ қашан? Ол белгісіз. Дегенмен, сауда тоқтамауы керек. Ол үшін компания маркетологтары мен пиаршылары мынандай әккілікке барды: соғысып жатқан америкалық әскерилерге коланың біраз партиясы жіберіледі. Сусынды жеткізушілер коланы әр солдатқа «елің сені ұмытпайды, сарбаз!» деген сипаттағы сәлемдемемен таратады. Бұл кезде ел ішінде кола «сарбазыңды ұмытпа!» деген лозунгпен, сатудан түскен әр цент – Америка әскерінің жабдығына кетеді деген үндеумен сатыла бастайды. Өздеріңіз білесіздер, америкалықтар сияқты патриоттар басқа еш елде жоқ, сөйтіп, сусынның сатылымы бұрын-соңды болмаған көлемге артқан.
Мұндағы стратегия — америкалықтардың патриоттық сезіміні пайдаланып, «CocaCola — жеңістің сусыны — патриотизм сусыны» деген ойды сіңдіре отырып, сауда көлемін арттыру.

Жоспарлау
Стратегия аясында жасалатын шараларды іске асырмас бұрын, оларды жоспарлау міндетті. Ол үшін мына қадамдарды ескеру қажет:
— нарықтағы ахуалды зерттеу
— нақты мақсатты айқындау
— іске асыру тактикасы
— мақсатқа жетудің күнбе-күн графигі
— бюджет.
Кейс: Dixie Cups. Америкада көшелерде су ішетін крандар болатын. Бірақ 20 ғасыр басында оны гигиенаға жатпайды деп танып, үкімет құбырларды жабуды шешеді. Осы кезде елде ағайынды екі кәсіпкер газдалған сусын беретін автоматтар орнататын. Бірақ ол автоматтардағы ыдыстар жіпке байланған шыны стакандар еді. Үкімет ережесі шыққан кезде олар енді су емес, стакан сату керектігін түсінеді. Ол үшін олардың құрған жоспары:
1. Инвестор табу. Олар барлық банкке барып ақша сұрайды. Бірақ, ондай біртүрлі жобаға ешқайсы несие бергісі келмеді.
2. Мүдделі топ немесе жеке инвестор іздеу. Ол үшін Америка консерві компаниясының басшысы Грэхем мырзаға барады, ол кісі микроб пен инфекциядан өлердей қорқатын кісі еді. Тап сол кісі 200 мың доллар көлемінде қаржы бөліп, жобаны қолдайды.
3. Танымал адамдарды өз жағына тарту. Осы шаруаны тындыру үшін арнайы зерттеу ұйымдастыру үшін Америкадағы беделді доктор Крумбайнға хабарласып, тағы бірқатар ғалым кісілермен баспасөз беттерінде бірреттік осындай қағаз стакандар індеттердің алдын алатын бірден бір шешім деген сипаттағы мақалаларды жариялайды.
4. Мектеп, ауруханаларда, қоғамдық жерлерде арнайы лекциялар оқытылып, ақпараттық парақшалар таратылады.
5. үкімет қолдайды, ауқымды жарнамалық науқандар ұйымдастырылады.
Осы кезге дейін америкалықтар бірреттік стакандарды дикси капс деп атап келеді.

Стейкхолдер
Стейкхолдер дегеніміз: компанияның дамуына мүдделі, табысынан дәмелі, өніміне қызығушы тараптар. Пиар маманы үнемі осы стейкхолдерлердің мүддесіне сәйкес жұмыс істейді.

Озық ойлылар
Орысша — лидеры мнений. Халық сөзін ұйып тыңдайтын, айтқанын қалт жібермейтін, сонысына сенетін, соларға ұқсауға тырысатын танымал тұлғалар.

***

Студенттерге осы негізгі профұғымдарды түсіндіріп болған соң, соған байланысты модельденген қарапайым кейс-тапсырмалар бойынша жаттығу орындау ұсынылды. Оларды да осында көрсете кетейін, өз бетіммен жаттығам десеңіздер, мархабат.
Паблисити
Компания шайдың жалбыз қосылған жаңа түрін нарыққа шығармақ.
Оған халық тарапынан қызығушылығын ояту үшін, өнім жақсы өту үшін қандай пиар құралдарды пайдаланамыз? Паблисити жасау үшін нендей деректерді алға тарту керек?
Имидж
Басшыңыз өте ақылды, парасатты, білімді де білікті адам. Көп жыл мемлекеттік салада қызмет істеп, жинаған беделі бар. Бір журналист оның баяғыда үйленбей тастап кеткен келіншегі бар екендігін, ал ол келіншегі бала туып, оған алимент төлеуден қашып кеткендігін біліп қойып, сол туралы мақала жариялады. Не істеу керек?
Стратегия
Көптен бері бірге жұмыс істеген басшыңыз бір саладан, мысалы, мұнай өндіру саласынан кетіп, жаңадан фирма ашып, қоғамдық көлік тасымалымен айналысуды шешеді. Жаңа компанияны танымал, халыққа пайдалы ету үшін қандай стратеuия жасаймыз?
Жоспарлау
Сіздің компания Қазақстанға жаңа дәрі түрін әкеліп, оны халыққа таныстырмақ. Пиар құралдың қай түрін пайдаланасыз? Оны қалай жоспарлаймыз?
Стейкхолдер
Компанияңыз қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды ұйғарды. Жақын жатқан шетелдік жұлдыздарды шақырып, үлкен думан ұйымдастырмақ. Осы жоба аясындағы стейкхолдерлер кімдер?
Озық ойлылар
Сіз банктің пиаршысысыз. Жаңа қызмет түрін ұсыну қажет. Айталық, төлем карталарына эксклюзив суреттер салу. Кез келген дизайнмен. Қызмет түрі екі мың теңге. Әрине, басқаларынан ерекше болуға барлығымыз құмармыз, бірақ, артық ақша төлеуге ықыласымыз ауатыны шамалы. Осы қызмет түрін халық арасында танымал ету үшін, жеке дизайны бар карточка жасатпаса, тамағынан ас өтпей қалатындай ету үшін қандай әрекетке барасыз?
Әрі қарай

Қазақтардың PRы

Пиар туралы жаз деп қолқа салған ел, не туралы айтайын нақты?
Нешетүрлі секреттер жазайын ба? Инсайд инфалар айтсам, пазорымды шашып, жайып салмайсыңдар ма дүйім жұртқа?
Жайып салғанда не ғой… деректерін әбден өзгертіп, мама родная танымастай етіп жазам. Өздерің қуып жетіңдер кім туралы екенін, жарай ма? Даже личкада айтпайм кімнің нақты кім/қай компания/қай орган туралы жазғанымды.

Сұра.кз-те Димаш "Қазақша PR туралы бес пікір айта аласыз ба?" деген сұрақ тастаған еді.
Содан бастайтын болсам, былай:
— Қазақша пиар деген ұғымды өзім қабылдамаймын. Түсінетінім — қазақ пиаршыларының қалпы бөлек, нағыз маман жоқ. Қазақ бөлімінде пиар мамандығын алғандар орысшаға кетіп қалады-ау дейм, Ерболдан басқа ешкімді, өліп кет, танымайды екем.
— Астана мен Алматының пиар дәстүрін екі бөлек дүние деп қарастыру керек. Аймақтардағыны зерттеу керек.
— Біздегі пиар шаралар қазақтардың түсінетініндей етіп жасалмайды.
— Пиар төленген мақала жариялаудан асып ешқайда кетпеген. Пиар туралы түсінік сонымен ғана шектелген.
— Мемлекеттік органдардың пиарын сараптаумен айналысатын адам жоқ. Шенеуніктерді медиаперсона етіп тәрбиелейтіндей құрал да, амал да жоқ.
— Бизнестегі пиарда қазақ аудиториясы стейкхолдерлер ішінде бөлек категория ретінде қарастырылмайды — сол дұрыс емес деп ойлаймын. Белгілі бір уақыт (5 жылдай) солай бөліп қарастыру керек сияқты.
— Қазақ баспасөз-хатшылары тупо аудармашы. Оның өзінде баяу, сылбыр жұмыскерлер (мамандар емес ниразу), тақырыптың, деректің байыбына барып бермейді ақпаратын, кейде не жазып, не қойғандарын өздері ұқпайды, қай санның қайдан шыққанын айта алмайды. Негізі қазақшаны еркін меңгерген пресссектер өзіне нереальный мүмкіндік берілгенін түсінбейді — орыс және ағылшыншаны меңгеріп алу қолынан келетін дүние ғой. Нарықта орыстілділердің пысықтығы ғана сұранысқа ие, бірақ олар қазақша білмейді, ал қазақша білетіндері аудармадан асып ешқайда бармайды, қандай да бір бастама жасауға құлқы жоқ. Сол жаман.

Ой, жетеу боп кетіпті пікірлерімнің саны.

Жалпы, осы бастап отырған блогымда нақты кейстерді талқылағым келеді. Өйткені мен теоретик емеспін, теориядан бар хабарымды нақты жағдайға сәйкестендіріп талдағанды жаратамын. Сосын талдаулардағы практикалық түйіндерді нақты пайдалансақ жұмысымызда — ващпе щикарне болып кетер еді.
Сол.

Чмоки, лафки. Көріскенше в коментах.
Если вообще кто-то собирается писать мне что-то в коментах.
"Қыртпаш" деп қоя салсаңдар да, жалғастыра беретін шығармын — мне руку набивать надо.
Әрі қарай

Тәуіптердің айла-амалдары

Сана мен сезім: Тәуіптердің айла-амалдары

Бәрің адам жанының маманы боп алыпсыңдар байқап отырсам. Мысық екеш арыстанды (бұл да мысық қо) асырап көріп пе едіңдер?! © Satibaldi

Преәлгібула™

Баяғыда шатыры шайқалған шерменделер көңілін көншітіп, өмірінің өзегіне оралу үшін наебимамға мұң шағып жергілікті мешітке немесе турасынан сатанисттік шіркеуге тұрақты прихожан бола салатын еді.
Тоқсаныншы жылдары қит етсе тәуіпке, әулиелерге бару сән болды. Кашпировский, Чумак, Сары Әулие, Ақ әулие. Ендеше одан бөлек санаға түрлі зорлық пен зомбылық арқылы өзгеріс енгізетін танымал құбылыстарға тоқталсақ…
Әрі қарай

Жазба неге "құсық" болады? (3-ші бөлім)

Жазба әңгімеге/талқыға арқау болмайды.

Кейде, жазармандар «құсық» деген сыни пікірге зар болып қалатын жайттар кездеседі. Яғни «ешкім оқумайд». Ондайда, басқа никпен тіркеліп, өзіңнің жазбаңа өзің комент жазу сияқты азғын тірліктер абырой бере қоймайды.
Әрі қарай

Бүгін халықаралық PR-шылар күні


Бүгін халықаралық PR мамандарының күні екен. Бір қызығы халықаралық деген Қазақстанға жүрмей ма, елең етіп, тойлаған сала мамандарын көрмедім.
Таң ертең ұйқыдан телефонның қоңырауы оятты.Анам екен.Мерекеңмен дегенге аң-таңмын. Сөйтсем,
Әрі қарай

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ
Әрі қарай