Ұстазым.

1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым менің, ұстазым…

2.Көзімді сен ашпасаң, не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің…
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Иә, қазіргілерден күтуге болад…