Бакуде бокстан Әлем Чемпионаты басталды
Бүгін Бакуде бокстан Әлем чемпионаты басталды. Ойындарды Қазақстан ҰТА көрсетеді және интернеттен AIBA-ның Youtube-тағы каналынан қарауға болады.
Қазақпарат ұсынған біздің боксшылар және алғашқы қарсыластары туралы ақпарат:
Сонымен Баку шаршы алаңына ең бірінші көтерілетін 49 келі салмақ санатындағы Біржан Жақыпов кубалық Йосвани Вейтиамен жұдырықтасады. Айта кетерлігі, 19 жастағы кубалық боксшы әлемдік деңгейдегі жарысқа алғаш рет шығып отыр. Бұл жұпта басым түскен былғары қолғап шебері ағымдағы жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болгариялық Георгия Андоновпен кездеседі.
52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Олжас Сәттібаев 27 қыркүйек күні мароккалық Абдельфаттах Нафиляға қарсылық танытады. Бұл салмақта 59 боксшы өз бағын сынайды.
Ал 60 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға әлемнің 66 елінің өкілі көтеріледі. Еліміздің екі мәрте чемпионы, 2010 жылғы студенттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Ғани Жайлауов алғашқы жекпе-жегін 1 қазан күні жапондық Шота Накаямамен өткізеді.
Әлемнің 67 былғары қолғап шебері қатысатын 64 келіге дейінгі салмақ санатында Қазақстан намысын қорғайтын Данияр Елеусінов 30 қыркүйек күні шотландық боксшы Джош Тэйлормен жекпе-жекке шығады.
Серік Сәпиев 29 қыркүйек күні эквадорлық Карлос Санчезбен кездеседі. Айта кетерлігі, С.Сәпиев жұдырықтасатын 69 келі салмақ санатында 63 боксшы шаршы алаңға шығады.
75 келі салмақ санатында 67 боксшы әлем чемпионы атағы алу үшін барын салмақ. Бұл салмақта шаршы алаңға 1 қазан күні шығатын Данабек Сужановтың қарсыласы Тайпейлі Янг Ю Тинга.
Ал Әділбек Ниязымбетовтің (81 келі) алғашқы қарсыласы молдавандық Владимир Челес.
Жарыс жолын екінші айналымнан бастайтын астаналық Василий Левит 3 қазан күні Вильмс (АҚШ) пен Дирнфилд (Словакия) арасындағы жеке жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Әлем чемпионатына ауыр салмақтағы 40 боксшы қатысады. 2 қазан күні шаршы алаңға көтерілетін Иван Дычконың қарсыласы «Astana Arlans» командасының құрамында өнер көрсеткен сербиялық легионер Милутин Станкович болмақ.
«Біздің бапкерлер боксшылардың дайындығы өте жоғары болғандығын айтуда.
Қазақстан бокс федерациясы бұл әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының 5 лицензиясын және 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль ұтып алуды мақсат етіп отыр. Әрине, біз құраманың чемпионатқа лайықты дайындықпен келуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Жеребеге қатысты айтар болсам, 49 келі салмақ санатындағы Жақыповқа кубалық өте күшті боксшы тап келді. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қоласын ұтып алған болатын. Дегенмен, менің ойымша, біздің боксшының бұл қарсыласты ұтуы үшін тәжірибесі де, күші де жетеді», — дейді Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев.
Боксшыларымыз жекпе-жек өткізетін күндер:
26 қыркүйек — 49 кг Біржан Жақыпов — Йосвани Вейтиа (Куба)
27 қыркүйек — 52 кг Олжас Сәттібаев — Абдельфаттах Нафиль (Марокко)
28 қыркүйек — 81 кг Әділбек Ниязымбетов — Владимир Челес (Молдова)
29 қыркүйек — 69 кг Серик Сәпиев — Карлос Санчез (Эквадор)
30 қыркүйек — 64 кг Данияр Елеусінов — Джош Тэйлор (Шотландия)
1 қазан — 60 кг Ғани Жайлауов — Шота Накаяма (Жапония)
1 қазан — 75 кг Данабек Сужанов — Янг Ю Тинг (Қытай Тайпейі)
2 қазан — +91 кг Иван Дычко — Милутин Станкович
3 қазан — 91 кг Василий Левит — қарсыласы Вильямс (США) пен Дирнфилд (Словакия) жекпе-жегінен кейін белгілі болмақ.
www.inform.kz/kaz/article/2407697
басқа жігіттердің жолы болсын енді деп тілейік.
*«В эфире» деген сілтемені басу керек.
Әлем чемпионатын "Қазақстан" арнасынан көрсетеді екен.
www.kfb.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=333:28-sept-niazimbetov&catid=3:tournament-news&Itemid=18
Бүгін Данияр Елеусінов шығады-мыс.
Финалдарға іріктеу кезіндегі ойындарды көрсетуді АИБА-дағылар қызық санамаған болса керек.
ҚызылбетҚарабет болып.Украин Ломаченко ұшып кетіпті ғой.
Иә, жеңілместей көрінген Ломаченко да жеңіліске ұшырады ақыры. Расында, әділетсіздік болды деп, оқырайындар оқырасып, шуласыватр, қайта біздің Ғаниға да жақсы болд, бір сұмдық қарсыласынан құтылды
www.yildiz.tv/?act=dvr&chan=idmanaz
www.youtube.com/watch?v=Q-DqDhT5--I&feature=feedu
www.youtube.com/watch?v=edP6VHONXtM&feature=feedu
www.youtube.com/watch?v=SHR04XbZt1o&feature=feedu
www.youtube.com/watch?v=RgEkTKhwmdE&feature=feedu
Түскі бағдарламада ( 16.00 Астана уақыты бойынша)
75 кг — Данабек Сужанов — Эскуива Фальсао (Бразилия)
81 кг — Әділбек Ниязымбетов — Менг Фанлонг (Қытай)
91 кг — Василий Левит — Ксуанксуан Хван (Қытай)
Кешкі бағдарлама ( 20.00 Астана уақыты бойынша)
60 кг — Ғани Жайлауов — Джай Бхагван (Үндістан)
69 кг — Серік Сәпиев — Эррол Спенс (АҚШ)
+91 кг — Иван Дычко — Филипп Хргович (Хорватия)
Украина бәрін жыртыпты ғой…