Arular.kz
Рейтинг
0.00

Жаңалықтар-ескіліктер топтамасы

Әуежайға қамалған алтау

Міне, бүгін Эдуард Сноуденнің Шереметьево әуежайында қамалып отырғанына апта болды. Осыбір экс-барлаушы ел мен елдің арасында "қысылып қалған" жалғыз жан емес. Әлем тарихында тағдырдың тәлкегімен әуежайдың транзиттік зонасында күнін өткізгендер баршылық. Солардың әлемге танылып, шу шығарып, дау тудырған алтауы мыналар: Мехран Карими Нассери Осынау саяси босқынның арқасында Стивен Спилбергтің «Терминал» көркем фильмі түсірілген. 1977 жылғы Ирандағы саяси наразылықтарға қатысты деп елден шығарылған оған төрт жыл өткен соң Бельгия жерінде саяси босқын мәртебесі беріледі. Еуродақ заңнамасы бойынша, Еуропа елдері аумағында саяси босқын атанғандар, кез келген Еуропа мемлекетінің азаматтығын алуға құқылы. 1986 жылы Ұлыбританиядағы туыстарына барып, сонда қалып қоймақ болған Мехран жол үстінде құжаттарын ұрлатып алады. Дымсыз қалған оны Хитроу әуежайынан Париждегі...

Шымкентте "Бекжан" базары өртенді

Бүгін таңда Шымкенттің ірі базарларының бірі «Бекжан» базары өртенді. Өрт себептері анықталуда. «Базар өртеу мода болып барады. Былтыр „Самал“ базары өртеніп еді» дейді шымкенттіктер. Сурет және видео авторы: М.Д

Ең биік телемұнара

Жапон елінде әлемдегі ең биік телемұнара ашылды. Құрылысы 2008 жылы басталған «Tokyo Skytree» телемұнарасының ашылу салтанаты кеше, яғни 22 мамыр күні, болды. Биіктігі 634 метр мұнара тек телерадиотолқындарды таратып ғана қоймай, жұртшылықтың көңіл көтеруіне де жағдай жасайды. Мұнараның ішінде 300-ге тарта дүкендер, мейрамханалар, аквариум, планетарий және театр бар. Кіру билетінің құны ересек адам үшін орта есеппен 2000 йен-ге тең, бүгінгі курспен 3720 теңге.

ОРТ Евразия жаңалықтар бере бастады

ОРТ Евразия арнасы жаңалықтар қызметін бастады. Енді еліміздегі және әлем жаңалықтарын осы арнадан да қарауға болады. Бұл арнаның жаңалықтар қызметінің бір ерекшелігі — дикторлар ауыспай, қос тілде жүргізе береді. Жаңалықтарды Астана уақытымен 19:00-де қарай аласыздар. Интернеттен қараймын десеңіз: Қазақ тілінде Орыс тілінде

Цинизм министері Голикова ханумның мәлімдемесі

28.04.2012, KM.RU хербарлайды. Ресей Денсаулық сақтау және цинизм Министері Татьяна Голикова, Сібір аймағындағы дәрігер тапшылығын былай шешуді ұсынады, салидатсстың:

Хистори:Унитазтану

Қалада, сәл-пәл болса да урбанизированный деген елді-мекендерде, тіпті қазір ауылда да ғимарат атаулының ажырамас бөлшегіне айналған, ханға да, қараға да бірдей күндіз-түні қызмет етіп тұратын унитазы бар бөлме кезінде императрицаның өзіне арман болған екен. Точнее, бөлме емес, унитаздың өзі.

Арзан бағамен ұшақ билеттері

ЭйрАстананың жылда арзандатылған бағамен билет сататыны бар. Кеше кезекті науқанға старт берілді. «Дүниежүзілік сатылым» науқаны деп аталады. Мысалы, Алматыдан Лондонға стандартты баға 62 999 теңгені құраса, науқанмен ары-бері 40 800 теңгеге барып қайтуға болады. Алматы – Ыстамбұл 29 750 теңге (54 500 теңге),

Жасөспірімдер арасында Қысқы Олимпиада басталды

Бүгін Австрияның Иннсбрук қаласында алғаш рет Жасөспірімдер (15-18 жас) арасында Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Біздің спортшылар 11 түрден жарысқа түседі. Араларында Қыздар Хоккей командасы да бар.

Левит жартылай финалда

Мына жердегі ақпаратқа сенсек біздің Василий Левит деген боксеріміз жартылай финалға шығыпты. Негізі оны білмейді екенмін. Мына бойын интернеттен тауып алдым. Білетін информациондарың болса бөлісе отырыңдар

Қартайтпайтын һәм жасартатын «әбілхаят суы» қашан пайда болатыны туралы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Адам баласын қартайтпайтын құдірет ойлап табу — бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Өзекті жанға бір өлім барын біле тұра, ұзақ ғұмыр сүруден үмітті адамзат «мәңгілік өмір» кілтін іздеу жолында тер төгуін доғармақ емес. Барлығының іздегені де, көксегені де бір — қартайтпайтын һәм өлтірмейтін «әбілхаят суын» ойлап табу. Бұл бағыттағы ғылыми ізденістерге Астанадағы Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылым» орталығы да белсенді түрде араласып келеді. Оның тұңғыш жемістері мен соңғы заманауи жетістіктері жайлы сайт тілшісіне «Өмір туралы ғылым» орталығының бас директоры, хирургия профессоры Жақсыбай Жұмаділов әңгімелеп беруге өз ықыласын білдірген болатын.

Көрер қызық көбеюде...

Кеше дейм да, әдеттегідей «Жұлдыздар фабрикасын» көріп бітіріп, өзге каналдарда не болып жатыр екен деп, ақтрып отырсам, "Қазақстанда" кастинг сияқты бірдеме болып жатыр. Ух тыы дедім. (негізі өзімнің осындай ән жарыстар, конкурс, фестиваль десе бір иығым бұрып тұратын.) Қызық көрінді. Төрге Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, сосын бір түрікті (Бурак Кут екенін кейін білдім) отырғызып қойып, әнші болам дегендерден сынақ алдырып жатыр екен. Бір уақытта конкурсанттар сыртқа беттегенде олардан қзақша-түрікше сұхбат алып жатыр екен, бұл не деп қоям. Соңына дейін көрдім сосын. Алайда толық не екенін онша түсіне алмадым. Содан қазір жұмысқа келе салып, бұл нендей жоба болды екен деп іздеп көріп ем, біраз мәлімет алдым.

Жерсілкіністен зардап шеккен Вандағы қырғыз бауырлар көмек күтуде

Түркияның Ван вилайетінде (облыс) қырғыздар тұратынын естіген едім. Бүгін Фейсбукта олар туралы аз болса да ақпарат алдым. Түркияның шығысындағы бұл жерге олар 1980 жылдары Ауғанстан арқылы көшіп келген екен. Бұл аймақтағы қырғыздар курд террористері ПКК-ға да қарсы күреседі екен. Түрік қарулы күштеріне жатпайтын, мұндай тәуелсіз сақшыларды Коруджу (korucu) деп атайды. Қырғыздардан бір адам шейіт болған екен, енді соның өшін аламыз деп отырған көрінеді. Қырғыздар Ванның Эрджиш ауданындағы Улупамир ауылын мекендейді екен. Жерсілкіністен зардап шегіп отырған ауыл тұрғындары қыстық киім және шатыр жағынан көмек сұрайды. «Ақша керек емес, тек жылы киім мен шатыр болса болғаны, үйге кіре алмай далада түнеудеміз» дейді ауыл әкімі Қасымбек. Егер мұндай көмек көрсетуге мүмкіндіктеріңіз болса: Адресі: Ulupamir Köyü Muhtarlığı Kasımbek Varol (Köy muhtarı) Van /...

Мәңгі өмір сүру...

Интерфакс: 16:15 Международная конференция по вопросам долголетия состоится в Астане в ноябре Аудармасы: Қараша айында Астанада ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

Керек-Тарих. Атыраудағы пикник'2005

Өткен бір постта Админ мырза Атырауда бұрындары, дәлірек айтсақ 2005 жылы өткен бір пикникті еске салып, бірнеше фотолармен бөліскен болатын, бірақ толқулар болғаны рас Енді мен де өз тарпымнан бір қызықпен бөлісейін, жақында дискі атаулыны ақтарып отырып, мына басқосуды тауып алдым, еріксіз жымидым.Бұл да пикник, Керектің Атыраудағы алғашқы пикнигі. Дайындықты бастаған — Асылбек атты «ақсақалымыз», жақсы ұйымдастырып, бәріміздің басымызды қосып, бір жасап қалған ағамыз қазір жанұясымен Астанада, мында тығылып келіп жүрген де болар Өткен уақыты: 2005 жыл, 9 мамырға дейінгі сенбі күні, сол күн сақинамды пикник кезінде жоғалтып алғаныммен де есте қалды Орны: Атырау, Жайықтың Сарайшық тұсы, айнала су Аршат айтқан ЕСЕК ойыны да, воллейбол да болды, тәтті палау да жедік, күлкіге де қарық болдық, балық та ауламақшы болдық, самаурынмен шай іштік, жалпы шынайы отырыс болды.

Ата-ана №1, ата-ана №2...

Британияда екі аптадан соң «жыныстық азшылықтардың» жанайқайына құлақ түрген атқамінерлер балалардың туылуы туралы куәліктерінде "әкесі", «шешесі» деген тармақтарды «ата-ана №1» және «ата-ана №2» етіп өзгертуді ұйғарды. АҚШ-та да бұл мәселе көтеріле