Хистори:Унитазтану

Қалада, сәл-пәл болса да урбанизированный деген елді-мекендерде, тіпті қазір ауылда да ғимарат атаулының ажырамас бөлшегіне айналған, ханға да, қараға да бірдей күндіз-түні қызмет етіп тұратын унитазы бар бөлме кезінде императрицаның өзіне арман болған екен. Точнее, бөлме емес, унитаздың өзі.
Тарихшылар мен сәулетшілердің басым бөлігі унитаздың түпнұсқасы б.д.д. 3000 жылдай бұрын соно-оу Месопотамияда пайда болған дейді. Десе де, өзіміз күнде қолданып жүрген қарапайым құрылғыға айналмас бұрын ол бірнеше эволюциялық кезеңді басынан өткеріпті.

Шумер, Мысыр, Рим өркениеттерінде ортасында тесігі бар, астына құм салынған жәшік немесе ыдыс қойылған отырғыштар болыпты. Римде тіпті ұзақ жылдар бойы әжетхана мәдениетінің жоғарғы үлгісі саналған канализация жүйесі болыпты. Бірақ, беті ашық-шашық, «өзен» болып жатқан каналдардың кесірінен, тұрғындар эпидемияның неше атасына ұшыраған.

Сонымен, он алтыншы ғасырдың соңына дейін өзіне аз да болса комфортный жағдай жасағысы келген адам әлгіндей отырғыштарға «баратын» болған. Әрине, жоғары лауазымдағы персоналар үшін жиһазшылар отырғыштарды алтынмен аптап, подогрев жасап дегендей барынша көркемдеген. Әйтсе де механизм өзгермеген – қолмен көтеріп, апарып төгесің.

Ал европалықтар орта ғасырда горшоктан басқа құрылғыны мойындамапты. XIV Луидың Версальдағы сарайының әр жерінде 250-ге жуық ұлы мәртебелі горшоктар орналасқан. Ал 14 Людовик дәретке отыру үшін әңгімені бөлу мәдениетсіздік деп біліп, жиналыс үстінде-ақ туалетін алдыртады.
Ең сорақысы, еуропа қалаларында ыдыстағыны терезеден сыртқа шаша салу әдеттегі іс болған. Лондон билігінің сондағы керемет амалы – көшеде жүріп, терзеден горшок көріне қалса: «Абайлаңдар!»,- деп айқайлап жүретін адамдарды жалдайды екен. Дәретке баратын арнайы орын жасау дегенді түшкіруге кіретін бөлме салумен бірдей деп, абсурд санайтын еуропалықтар үшін әлгіндей «регулировщик» қою, видимо, имело более здравый смысл.
Горшоктан алғаш болып бас тартқан Англия патшайымы Елизавета болды. 1596 жылы Джон Харрингтон деген адам оған үстіңгі жағынан су құйылып, орындықтың ішін шайып тұратын құрылғысы бар «түнгі ваза» жасап береді. Бірақ, суды әлгі құрылғыға шелектеп тасып құятын және отходтарды да сол баяғынша, қызметшілер вручную сыртқа апарып төгіп отыруы керек еді. Қысқасы, полуавтомат. Унитаз өмірге келу үшін әлі 200 жыл өтуі керек болатын!

1775 жылы лондондық сағат шебері Александр Камминг слив («құйылу тесігі» дейді сөздік.кз) жүйесі бар ең бірінші таулет жасайды.
Ал 1909 жылы алғашында Керамикалық Гигиеналық Бұйымдар деп аталған сол туалеттерді всенародное достояние ретінде испандық «Унитаз» компаниясы жаппай өндіріске жібереді.

Бүгін, міне, туалет мәдениеті бірнеше бизнес көзін ашты: дәретхана қағазы, ауа тазартқыш, тазалағыш ұнтақтар, жарнама қоятын тақтайшалар… да и вообще
Бөлісу:

79 пікір

Gulistan
Рахмет, қызық екен. Ал ауылдағы ағаш туалеттер қашан пайда болған?
Gulzhanat
Осыны өзім де білгім келеді. Орыстар әкелген шығар. Ермек Тұрсыновтан сұрасам ба…
asaubota
осындай танымдық дүниелер көп болсын
aikarakoz
 рахмет, Гүлжанат!!!
satibaldi
Самса жеп отырып, мейірлене оқыдым.
Marationok
әдемі пост
Gulzhanat
книксен
Marationok
Түсімбедім? книксені нес?
Gulzhanat
Не ғой… Бүйтіп көйлектің етегін екі жаынан сәл көтеріп, аздап тізе бүгесің. Сәлем бергенде, рахмет айтқанда.
Marationok
ааа, қорқып кеттік қой
patick
білім базама қосып алдым, рахмет
Esmeralda
қызықты тақырып екен
salta
Бір анекдот айта отырайын осы тақырыпқа.
Бірде бір негр Нілге батып өлемін деп келе жатса, толқынмен жағаға алтын балық шығып қалыпты, балықты суға қайта лақтырып жіберсе, әлгі балық, үш арманыңды орындаймын, айта ғой депті. Негр: мен өмірі шөлдеп жүремін, ешқашан шөлім қанғанша су ішпегенмін, менің төбемнен үнемі су ағып тұрсыншы, сосын, мен аппақ болғым келеді, ақ адамдардан таяқ жеуден жалықтым, үшінші, менің алдымда ешқашан әйел отырмапты, менің алдымда үнемі әйелдер отыратын болсыншы депті. Балық: үйіңе қайта бер, арманың міндетті түрде орындалад дейд. сөйтсе, әлгі негрдың барлық арманы орындалып, женский туалетте унитазға айналып кетіпті.
bazuka
айбый бейшара ай
satibaldi
Бірақ ол сені ойлаған болса керек (8наурызғақарсыкомплиментімніңтүрінсстің).
satibaldi
Қабырғадағы фрескаларға қарағанда, бұ ежелгі бұтақбастар туалетте де биік ойлармен отырған болса керек.
Gastarbaiter
Бұл туралы біздің заманымызға дейін 70-73жж-дағы еуропа тарихының жылнамашысы Кларк әл-Рашид
былай депті:

" Жас күнімде Қапұяда тышақшы болып істедім. Анау мынау емес Рұм өркениетінің ұлылығы мен дәуірлеуінің айғағы саналатын тышақ болатын. Сонан қызық, бір күні «мәдени отауымызға» Қапуялық ланиста Квинт Лентул Батиат өзінің «жақтасы» Солониймен қонаққа келді. Сонда Батиат әңгімесін үзбестен тышуға отырады. Әңгімесінен ұққаным бір саяси интрига ұйымдастырмақ екен. Әжетін өтеп болып, қолымдағы ершикті жұлып алып, көтіне бір сүйкеп жөніне кетті. Ақшасын төлемей кетті, сволыш."
-деп жазады.
Gastarbaiter
айғақ сурет:
:
Marationok
Мен де соны айтқым келген, қызық екен. Қу Салоний қанша қу болғанымен, оны Әшір деген Сириялық экс-гладиатор Батиатқа ұстатып берді, ақшаларың әбден сорғаны да жақсы болған
Gastarbaiter
Екінші сезонын көріп жатырсың ба? Жаңа «Спартак» қалай екен?
Қисықтар Киноманға осы туралы бір "әу" дей ме деп күтіп отырмын.
Marationok
Екінші сезоның көріп біттім, үшіншісін білмедім, үш серия дейді ғой, шын ба өтірік па, білгенім жоқ.Спартакты ойнаған әртіс ісік ауруынын қайтыс болды дейді, үшінщі сезонда басқа біреу ойнайды. Екінші сезон да, бірінші сияқты жақсы түсірілген интригалар көп.
Gastarbaiter
Офтоп үшін хершірім:
Үш серия емес, он серия жоспарланға соңғы сезонға. Бұйырса 30- наурызда АҚШ-та көрсетіп бітеді.
Әзірге жарыққа көрсеткені 5 серия, әр серия қосылған сайын, мұнда салып тұрады:
megatorrents.org/forum/viewtopic.php?t=408467
Marationok
мен бұны даладан сатып алып жүрсем Бар екен ғой.
Gulzhanat
Уии, рахмет! Мен мүлдем бейхабар екенмін бұл кинодан.
Zhan
Осы унитаздан өлердей жиіркенетінмін. Ауылдың қызымын ғой енді қанша дегенмен. Қалаға қыдырып келген кезде кейде әпшемдердің қолғап киіп алып, туалетті жуып-тазалап жатқандарын көріп, екі есе жиіркенетінмін. Маған унитазды жуып-тазалау мүмкін емес нәрсе болып көрінетін. Қазір ғой, өмір барлық нәрсеге үйретті. Былай унитаздың шыққан тарихы қызықты екен.
Gulzhanat
Таныс проблема)) Мен де ауылдың қызымын.Унитазбен таныстығым қаланың больницасында болған бала кезімде. Үстіне аяғыммен шығатыным үшін медперсоналдан талай ұрыс еститін ем))
bakhyt
Өте қызық екен.Суретте біртүрлі пеш сияқты.1-шісі.Осы менен орыс группаластарым сұрайды. Қазақ үйде тұрған бұрынғы қазақтар қайда туалетке отырған деп. Ойлап ол да киізден болған шығар дедім
salta
 елестетіп көрші қандай киіз, қалай отырад?
Abilakim
бұрынғы қазақтар дәретке отырмаған дей салмадың ба?
satibaldi
Маған бір муллакариим айтып еді, ұжмақта дәрет деген болмайды, адамның жейтін-ішетіні таза болғандықтан.
seyh
иә естуім бар Ішкен жегенің иісі керемет тер боп шығады дегенді және де тойып тұрып тамақ жесең де ешқандай ауырсыну болмайды деп Қысқасы РАЙ ғой
Gastarbaiter
Менің трансгумманистік утопиямда адам тіпті ішіп-жеуге мәжбүр болмайды.
Gastarbaiter
Алтайдан Оралға дейін созылған кең байтақ жерде тұрып мұндай мәселеге басы қатпаса керек.
asaubota
унитаздың қандайы ұнайды? кәдімгі француз унитазы деп саналатын қазіргі унитаз түрі ме әлде а ля турка деп саналатын мұсылман стиліндегі унитаз ба?

satibaldi
Осы ұнайд. Екі жерден оқып едім: табиғат-мақан адамды тізесімен ішін қысып, ұлы дәретке ыналандырып отыруды қарастырған деп. Кәдімгі пәтер туалетін пайдаланатындарда тоқ ішектің қабынуы көп кездеседі екен, далалықтарға Қарағанды. Қарағанда, тойыс.
Gulzhanat
Туалеттің ішінде кітап, жорналдар жатқаны дұрыс деп ойлаймын) значит, біріншісі ыңғайлы)
satibaldi
Есесіне мынадай туалеттің есіктерінде қолжазба шедеврлер кездеседі.
Gastarbaiter
Туалетте газет оқитындардың көбінің жауы/досы? геморрой, проктит, жырықтар.
Gulzhanat
«Геморрой можно заработать и сидя за компом.Туалетте оқу деген — совмещение приятного с полезным = уақытты тиімді пайдалану» — дейді британ ғалымдары))
Gastarbaiter
Дегенмен, тышартақта (машин. перевод) бүркіттің позасында отырғанмен салыстырғанда орындықта тіреу нүктелері көбірек болғандықтан көтеніңнің әрбір шаршы сантиметріне азырақ күш түседі, қан тамырлары да соншалық қысымға ұшырамайды.
Gulzhanat
британ ғалымдары "ұялып қалды" 
мынандай медико-анатомиялық түсіндірмеден соң туалеттегі кітапхананы бұзуыма тура келеді)
Gulzhanat
Тышартақта — во
Gulistan
Біреу жазыпты ғой: «Дәретханада отырып та, орта білім алып шығуға болады» деп
meirzhan
Негізі әріптері бар жазуларды дәретханаға кіргізуге де болмайды деп естігем медреседе.
Adiletshu
Осы ұнайды. Тесігі алдында болса тіпті қатып кетеді.
Gulistan
Туалет атаулының "әжесі" Жапонияда деп ойлаймын:

Кіріп-шыққанша «аузы» жабылмай, жағдайыңды сұрап, кеткенде шығарып салады
Gastarbaiter
Тіпті дайындалып бармағандар шыққысы келмей қонып қалады деш
Gulzhanat
Унитазбен сөйлесу деген енді..
Қандай фунциялары бар екен сонда?
satibaldi
Мынау пайдаланып болғаннан кейін түсіргенсіз бе?
Gastarbaiter
Судың бұжырланған толқындарына қарағанда «зеңбіректің аузы» суымай тұрып түсіріп алған.
satibaldi
Реанимацияда жатқан физраствормен тамақтанатындарда да мұнша мөлдір болмаушы еді…
Gulistan
Жоқ, осы унитаздың жұмысын тексеру үшін әдейі түймелерін басып қарадым.
satibaldi
Ал былайынша, жапон сапарында туалетке тіпті жол түскен жоқ деЧ
Gulistan
кетЧ, Сатик
Жапонияға барғанда әрнәрсеге ауыз ашылып жүргенде, осылардың «жыр болған» туалеттерін көрейін деп барып, арнайы Керек Инфо үшін түсіріп алдым.
Шамамен былай болады. Есігі ашық тұрады. Қолың оңан тиіп, ішке кіре бергенде "Қош келдіңіз!" типте жұмсақ әйел адам даусы сөйлей бастады. Обшым, процес аяқталмайынша, оның да аузы жабылмайды екен. Оған кезінде Жанна да біраз күліп алған.
Сол жақтағы түймелердің атқарар қызметі орасан, бірі музыка шығарады табиғи дыбыстарды бәсеңдету үшін, келесісі-арома түйме.Бөлмені хош иістендіреді. Ойй, айта берсе жыры көөөп…
Gulistan
Жуып-шаятыны тағы бар.
Жапон өнертапқыштары одан әрі дамытпақ екен. Енді осындай унитаздарды ауруханаларға орнатып, емделушілердің анализдерін дәретінен айыратын функция қоспақшы. Біреу үшін күлкі шығар, бірақ керек дүние.
Мұндай құрылғы арзан емес, шамамен 2000 доллардай болып қалар.
a63a1
Adiletshu
Нағыз туалет деп осына айт.
aikarakoz
 қайран менің ауылым
a63a1
осындайдың екі этаждысын салып коям екі этажды уй салганда
aikarakoz
қартайған адамға қиын болмай ма?
a63a1
Жоқ, қасыңда демейтін кемпірің болса еш қиындық тумас
aikarakoz
өзі кемпір болса, еще демейтін болса…  екі этажды твалетке шыға алмай қалас па деп қорқам
kokbori
Оның кемпірі өзі қанай балса сондай болады да, нендертальдыңдссс
aikarakoz
ооо! Көкбөрі ағай! қалайс?  қайда жоғалып кеттіңіз, тойыс, не қайда? анау шы…  қаз жекеге жазам
Gastarbaiter
Қартайған адамды қайдам, бірінші қабаттағысына қиын болатын болды
konvict
Махаббаттан басы айналып отырған а63а1 не жазып, не жазбағанын білмей қалған секілді
meirzhan
Пиролиздік пеш салғанға қарағанда оңай болуы керек.
Gastarbaiter
Осы Гүлжанат қайда кетті?