ОРТ Евразия жаңалықтар бере бастады

ОРТ Евразия арнасы жаңалықтар қызметін бастады. Енді еліміздегі және әлем жаңалықтарын осы арнадан да қарауға болады. Бұл арнаның жаңалықтар қызметінің бір ерекшелігі — дикторлар ауыспай, қос тілде жүргізе береді. Жаңалықтарды Астана уақытымен 19:00-де қарай аласыздар.

Интернеттен қараймын десеңіз:

Бөлісу:

26 пікір

Nurgisa
Керемет жаңалық! Керемет жаңалықтар! Сериал қарағанша, тәлімдік маңызы бар бағдарлама қарау — ең дұрысы. ОРТ өрт жаңалықтарды да алғашқылардың бірі болып таратты. «Береке» тұрғын-жай кешеніндегі өртті айтам.
urimtal
Бұл Кедендік одаққа кіргеннен кейін ОРТ-ның (Ресейдің) Қазақстандық филиалға қатысты жаңаша саясат ұстана бастағанын білдіре ме? Әлде шетелдік ақпарат құралдарына қатысты талаптарға өзгерістер енді ме? Қайткен күнде де штат кеңейсе, қосымша бюджет пайда болғаны-ау. Бірақ бұл коммерциялық тұрғыдан өзін ақтар ма екен? Бұл өзгерістен соң тағы қандай өзгерістер болады екен дегенім ғой. Общым, бұл арнаға жарнама берушілер көбейейтін шығар. Себебі Қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік нарыққа шығамын десе, осы арнаға жарнама беруі мүмкін.

Лица телеканала деп төмендегілерді атапты.
Ольга Артамонова
Ламбриан Топузидис
Маралбек Сагынганов
Гульзия Сеитова
Альбина Ашим

Арасында танитындарыңыз болса, сәттілік тілеймін! Медиа нарықта өзгерістер болғаны жақсы.
asaubota
Маралбек Сағынғановты танимын
Rozatai
мен тағы бір тілшіні танимын сонда істейтін
Daniar-Alan
ііі… әлгі жігіт емес па?
Rozatai
кімді айтасыз?
Daniar-Alan
Маралбек деген… сары жігіт мес па?!..
Rozatai
и, жоға. Оны бәрі таниды ғой
Daniar-Alan
қой? мен танымайд кем
Erbol
Асеке, менің білуімше ОРТ Евразия Қазақстандағы ТВ-лар арасында жарнамалық кірісі жөнінен бірінші орында тұрған арна.Былтыр КТК арнасының директорының өзі медиа форумда ОРТ-ны Қазақстаннан қуу керек, отандық арналарға «жарнама бермейді» деп жыламсырағанын естігем.
Abilakim
ортаға атып шығып «Жылама мухаббат, жылама» деп әндетпедің бе?
Adiletshu
Маралбекті мықты баратарист деп естігем
Armanjan
Ламбриан Топузов Павлодар қаласында КТК, Қазақстан-Павлодар арналарында біраз жылдар диктор болып қызмет жасаған. Ұлты грек. Қазақша өте жақсы сөйлейді, қазақтың қызына үйленген.
zhanibek_nurish
осы қыста ақпан айында шығатын болған еді, кейінге ысырылып, ысырылып енді шығып отыр екен ғой. жақсы болды, көру керек.бұған дейін үлкен дайындықтан өтті, әр күні тілшілер студияда кәдуілгі хабар дайындап, шыңдалды.
Gastarbaiter
мен Марко жүргізген бір выпускісін көргеніме біраз уақыт болды. Түсінбедім Аршат, Евразия жаңалықтарын кеше бере бастады ма, әлде кеше байқадыңдар ма?
asaubota
біраз емес осы жақында бастады ғой
meirzhan
иә, мен де біраз бұрын көргем.
Marco
Жаңалықтар сәуірдің 28-нен бастап шыға бастады. Өткен аптада мен тек күндізгіде болдым, осы аптадан бастап кешкі эфирді жүргізе бастадым.
Жақсы тілектеріңе көп-көп рахмет!!!
Gulistan
Мен де, Аршат айтқандай, жаңадан көре бастадым.
dark_nazgul
жаңалық көрмейді екем.
Barsa
Ә'блятовтың kplus-ын қараңдар