Әуежайға қамалған алтау

Эдуард Сноуден
Міне, бүгін Эдуард Сноуденнің Шереметьево әуежайында қамалып отырғанына апта болды. Осыбір экс-барлаушы ел мен елдің арасында "қысылып қалған" жалғыз жан емес. Әлем тарихында тағдырдың тәлкегімен әуежайдың транзиттік зонасында күнін өткізгендер баршылық. Солардың әлемге танылып, шу шығарып, дау тудырған алтауы мыналар:

Мехран Карими НассериМехран Карими Нассери
Осынау саяси босқынның арқасында Стивен Спилбергтің «Терминал» көркем фильмі түсірілген. 1977 жылғы Ирандағы саяси наразылықтарға қатысты деп елден шығарылған оған төрт жыл өткен соң Бельгия жерінде саяси босқын мәртебесі беріледі. Еуродақ заңнамасы бойынша, Еуропа елдері аумағында саяси босқын атанғандар, кез келген Еуропа мемлекетінің азаматтығын алуға құқылы.
1986 жылы Ұлыбританиядағы туыстарына барып, сонда қалып қоймақ болған Мехран жол үстінде құжаттарын ұрлатып алады. Дымсыз қалған оны Хитроу әуежайынан Париждегі Шарль де Голльдің әуе айлағына қайтарады. Нассери сол жерде өзінің 18 жылын өткереді. Франциядан шығарып тастай алмайды, себебі ол бұл елге төлқұжатымен, заңды түрде енген. Бельгияға да орала алмайды, ол үшін төлқұжат қажет, ал оны алу үшін Бельгияға бару керек.
Тоғыз жыл өткен соң ғана Бельгия үкіметі ирандықты төлқұжатсыз қабылдауға дайын екендіктерін айтады. Бірақ, Нассери Ұлыбританияға кеткісі келеді. 2006 жылы қатты ауырғандықтан, әуежайдың маңындағы қонақүйге көшеді. Әлі күнге дейін сонда тұрып жатыр.

Заһра Камалфар
Эдуард Сноуден-Шереметьеваның алғашқы«тұтқыны» емес, Мехран Нассери болса, Ираннан қашқан бірінші босқын емес. 2006 жылы Мәскеу әуежайында өз өмірінің 10 айын өткерген Зара Камалфар да Иранды тастап шыққан босқын. Күйеуін Иранда өлім жазасына кескеннен кейін, ол екі баласымен бірге елден кетіп, Мәскеу арқылы Германияға ұшады. Сол неміс жерінде қалып, Канаданың саяси баспана беруін күтпек боп жоспарлайды. Алайда, неміс елінің қатал бюрократиясы Зараны балаларымен бірге келген жолымен кері қарай, Ресейге қайтарып жібереді. Шереметьевада оны «Иранға депортациялаймыз» деп қорқытқанымен, 9 айға дейін қалуға ұлықсат етеді.
Эдуард Сноуденнің сөзіне сенсек, ол өзін транзиттік зонада өте жақсы сезініп, рахат күйде жүр екен. Ал, Зара Камалфарға сол бір тоғыз ай оңай болған жоқ. «Мұнда өмір сүру-қиын, өте қиын. Әуежай әкімшілігінің көзіне түспес үшін, түн ішінде әжетханаға кіріп, шелекке су толтырамыз. Сөйтіп сол шелектегі сумен шомыламыз. Бірде әйел-полицей мені итеріп жіберді. Қабырғаға соғылып, аузымнан қан ақты. Бірақ мен бұл үшін жыламаймын, себебі мен мықты болуым қажет. Перзенттерім менің көз жасымды көрмеуі керек. Балапандарды үміттерінен айырмай, күресе, төзе білулері үшін күлемін.»,- дейді босқын әйел.
Күн сәулесінің жоқтығы мен қуаты жоқ тағамдағы дәрумендердің аздығы себепті Зараның балалары ауруға шалдығады. Қызы-тері ауруына, ұлы--цингаға ұшырайды. Канада билігі Зараның саяси босқын ретіндегі өтінішін қанағаттандырмағанда, үш бейбақ Канадаға ұшып кетпегенде мәселенің немен тынарын кім білген. 2007 жылы олар үйеңкі еліне кетті.

Гэри Питер ОстинГэри Питер Остин
Кейде адамдар әуежайда әншейін бір болмашы себептен "қалып"қояды. Филиппин әуежайындағы рейсін жіберіп алған британдық Гэри Питер Остинның жаңа билет алуға ақшасы болмайды. Ұқыпсыз турист осылайша өз үйінен ондаған мың шақырым жерде, 23 күн бойына "«егіліп» қалады. Тіпті, 2013 жылды да сол Манил әуежайында қарсы алады. Ақырында, ақ жүректі бір голландық Остинге «билет ал» деп ақша бергеннен кейін ғана, ол өз үйіне оралды.

Хайнц МюллерХайнц Мюллер
Бразилияның Виракопус-Кампинас әуежайында 13 күнге қалып қойған Хайнц Мюллердің басынан өткергені аз емес. Интернет арқылы танысқан арманындағы әйел үшін Рио-де-Жанейроға келген ол, көк тиынсыз, кері қайтар билетсіз қалады. Кездеспек болған аруы да жолығуға келмейді. Осындай жағдайлардан кейін, аздап ақылынан алжасқан оны екі апта өтпей жүйкесін емдеу үшін жергілікті ауруханаға жөнелтеді.

Хироши НохараХироши Нохара
Әуежайға қамалғандардың ішіндегі жұмбаққа толы осынау жапондықтың 117 күн бойына Мехико әуежайында не себеппен отырғанын ешкім білмейді. Құжаттары түгел. Бірдеңе бола қалса, тап мезетте шешіп беретін жапонның қамқор консульдығына да өз әрекетінің себебін айтпаған.
Кейіннен белгілі болғандай, Хироши өзіне жұртшылықтың назарын аудартқысы келіпті. Сол 117 күннің ішінде ол телеарналарға сұхбат беріп, жергілікті көңіл бөлерлік тұлғаға айналып үлгерді. Алайда терминалда неге отырғанын түсіндіруден бас тартқан.
Сол жердегі фаст-фуд сататын дүңгіршектер Хирошиге өздерінің жарнамалық майкілері мен күнқағарларын кигізген. Ол болса, кім екенін сұраған туристтерге «Терминал-2 мін» деп жауап берген. Спилбергтің сол бір киносын меңзеген болса керек.
Кейбіреулер, Нохараның бұл қылығын ренжісіп қалған сүйіктісінің назарын өзіне аудартпақ боп жасады дейді. Бұған дәлел ретінде, 2008 жылдың 29 желтоқсанында Оюки атты бір қыздың әуежайға келіп, Нохараны ертіп кеткенін алға тартады. Сол кеткеннен мол кеткен Хироши Нохара туралы одан кейін ешкім ештеңе естімеген.

Фэн ЧжэнхуФэн Чжэнху
Жапонияның Нарита әуежайында 92 күнін өткерген қытайлық экономист, әрі диссидент Фэннің жағдайы-бірегей. Ол өзін, яғни қытай азаматын Жапониядан кері қытайға қарай жібермей жатыр деп наразылық танытқан.
Әдетте диссиденттерді не елден шығаып жібереді, не жібермей қояды. Ал, коммунисттік Қытай елі болса осы әдісті толықтай ұстанады. Не де болса, айқайшыл Фэннің әрекеті әлемдік қауымдастықтың назарын аудартқандықтан, Қытай мемлекеті оны өз еліне кіргізеді. Содан бері ол Шанхайда, дәлірегі үйқамақта отыр. Үйқамақта болу-ол үшін қатаң жаза емес. Өйткені ол, оған дейін «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны» үшін Қытай түрмесінде 3 жыл отырып шыққан болатын.

мекені мұнда
Бөлісу:

4 пікір

ken
өкенде законкейзедтен оқығанмын. сондағы комментарийлерде Алматы әуежайында да осындай оқиға болғанын айтыпты.
zholantai
иә, Алматы әуежайында бір Пәкістан азаматы отыр деген. Босқын мәртебесін бермей қойған соң, қамалып қалды. Қазіргі жағдайы не болғанын…
Sashok
Мода болған екен, интернетте бірдеңе жарияланса, іліп алып қайта жариялау. Хоть кичкене ізденсеңдерш, қарақтарым-оу.