Апокалипсис: Қарғыс атқан туған жер



Жалғасы. Басы мұнда.

Қайдан бастау алғанын және кім бастағанын ешкім білмейді, алайда «ақырзаман болады, жер айрылып, жындар шығады, көк пен жердің ортасы отқа оранып, суға толады, жел тұрып, бұршақ соғады» деген лақпа сөздердің пайда болғанына бір айдың шамасы болды.

Джон округінің ел-жұрты ең алғаш бұл болжамды қайыршының аузынан естіген-ді. «Балақай» Росстың тавернасының артқы есігінің аузында отырған ол өз-өзінен «Шығыстан келеді. Ақырзаман. Шығыстан келеді. Бірте-бірте» деген болатын. Қоқыс пен жуындының иісі мұрынды жаратын аулада кір жуып жатқан Росттың әйелі мен қыздары төбелеріне біреу суық су құйғандай болып еді сол кезде. Сегіз құлақ естігенді сегіз тарап естімей қалмаушы ма еді, ә дегенше болған жоқ, алақандай ауыл ақырзаман жайлы құлақтанып-ақ қалды.

Сол сол-ақ екен сусылдап, сырғанаған суық сөз дастархан басын, үй алдындағы сәкілерді, жүгері алқабын, мал жайылымдарын, айтып-айтпай не керек, адам аяғы басқан жердің бәріне тарап алды.

Жағдайды түзеймін, елдің алаң көңілін басамын деген Рухани Қолбасшы Қасиетті Сэмнің ауыл жиналысында «Ағайындар, қайдағы ақырзаман!? Айдаладағы қайыршының да сөзін сөз деп! Қыстырмаңдар!» деп қызара бөртіп айтқаны Құдайдан қорқатын, қасиетті кітапқа сенетін тұрғындарға бәлендей сенім бере қойған жоқ.

Қайта шериф Джонның айтқан кеңестері біраз адамға ес болды. Сол болжам айтылған күннің ертесіне Ақсақ Мунидың етік жөндейтін лапасының алдында темекісін шайнап тұрып «Кесіп ала ма, содан келер бәле менікі болсын» дегені біраз көкіректегі намысқа қамшы болып еді.

Әрине, құрметті оқырманым бір ауыз сөзге бола болашағына балта шабатын бұлар кімдер өздері деп сынауы мүмкін, бірақ, Оул аймағы тұрғындарының атам заманнан бері тек адаммен ғана емес, аңмен де емес, әлдебір құпия сыры бар, бірақ көңілге тыныштық емес, қорқыныш сыйлайтын тіршілік иелерімен бетпе-бет келіп отыруы бұл пікірді өзгертеді деп ойлаймын.

Бір қарағанда аңғал, басқа округ тұрғындарынан еш айырмашылығы жоқ болып көрінетін оулдықтар бала мінездеріне қарамастан Құдайдың қаһарына (әлде рақымына?) ұшырап тағдырдың жазуымен, Қара таулардың етегіне қоныс тепкен-ді. О баста, ауылдың алғашқы қазығын қағып, кірпішін қалаған жанның қандай оймен осы аймақты таңдағанын кім білсін, алайда арта қалған ұрпағына шұрайлы жер, орманды өлкемен қатар, бес жылда екі, тіпті үш рет таудан түсіп, мал-жанға қырғидай тиіп кететін сіңір денелі, көзі жоқ, бірақ есту, сезіну мүшелері кереметтей дамыған, екі аяқтап та, төрт аяқтап та атты кісіден озып кететін, айрықша жылдам айуандарды да (әзірше осылай дей тұрайық) қалдырып кеткені анық. Оларды ауыл Бела деп атаушы еді.

Оулдықтар оларға қарсы күресетін және олары нәтижесіз де қалмайтын. Тау жақтан дүбір естілсе бітті-ақ, еркек атаулы қару-жарағын сайлап, мал-жанын жасырып, айналдыра қорғаныс құрып, екі беткей, сай-саланы алып, табынымен келе жатқан "қонақтарды" қарсы алатын-ды. Ұзаққа бара қоймайтын шайқастың соңында әр жер-әр жерде денесі қақ бөлінген, басы жұлынған, мойны шайналған адамдар мен ауыр-ауыр қосауыздың, револьвердың оқтары тиген, пышақ пен балтаның жүзіне ілінген белалар жатушы еді.

Оулдықтарды белалардың санының аздығы қуантатын, ал олардың қашан және таудың қай беткейінен түсетіндігінің белгісіздігі қандарын қарайтатын.

Рухани Қолбасшы Қасиетті Сэм қарғыс атқан мекеннен кетейік деп қанша зар қақсағанымен, көз алдындағы дүниеден ары көре бермейтін, бірақ салты мен дәстүріне қаншалықты мықты болса, соншалықты қырсық ауыл пәлендей бір құлақ аса қоймаушы еді…

Жалғасы бар...
Бөлісу:

27 пікір

qisyq
Неге олай дейсің, дос? Кім айтты саған?
Zilola
жалгасын кутемiн.
сенiн апакелiпсiз, Сисилиянын лтв, Булгаковтын М&М катар окып жатырмын, акыры не болар екен )))
qisyq
Ма*ма! Аралас тұнба өміріңе қауіпті емес пе?))))
Zilola
Кешке жатар орынға Сисилияны оқимын, жұмыс арасында нервым шығып отырғанда Булгаковты, автобуста кетіп бара жатқанда Керекинфоны
KILYZAMAN
Оқымадымда мына сандырағыңды… Тапсырыстың Тақырыьы!!! ҚАЗАҚҚА — Аллам ЖАҚ!…
KILYZAMAN
Тақырыбы(қате кетіпті)
qisyq
Тапсырысы нес көтек? Оқымасаңыз сандырақ екенін қайдан білдіңіз?
Zilola
атам уй арлеу жумыстарымен шаршап жургенде, апа келiпсiзiндi сен де тыкпалап тегi )))
AKY
сол шал да қоймайды екен өзі. Сайттағы бала-шағаның арасында отырғанша, немересін бақпай ма екен.
KILYZAMAN
Қызым балалы(ұл, қыз) болғанда, солрдың болашағын жалғыз ойлауды саған(барлығыңа) тілемеейтінімді түсінер ме екеннсің…
KILYZAMAN
Қарғыс атқан туған жер
— пейіш іздеп шалқы аяқталушыоардың ойы деп танимын...(Қаттырақ айтуға қимадым, "өзіміздің ауылдың Қисығы қайда кетеді"-деп қоймайды Үміт апамыз
qisyq
Ағасы-ау, Отанынан безген деп ым тастаудың алдында біраз ақыл тоқтатып, жазбаны оқып шықпайсыз ба? Сақалыңыз сапсиып, сөздің арысына бойламастан сілейтіп кете барсаңыз, бізден не сұрайсыз?
Zilola
толыктай косыламын пiкiрiне
e_zhalgas
оқиға желісінен адастым, нақ. қайда апарарын сценарлай бермей, ұлы мәртебелі Қисық ағзамның еркіне қалдырайық. ау, Қисеке, не бовкетті? ақырзаман дедің, енді бела дейсің…
AKY
ощм, ақырзамансыз-да бұрыннан-ақ қарғыс атқан жер дегісі келгені ғо.
e_zhalgas
олар өлсе, өлігіне ешкім пысқырып қарамайды, тіпті есіне де алып, әуре болмайтын болып тұрғаны ғо
AKY
онсыз да ешкім есіне алмайды. ақырзаманда бәрі де өледі ғой. біздер де…
e_zhalgas
голливудтық сасық пост-апокалипсистік туралы ұғымы бар адам ретінде айтқаным ғо, ақылды боп көрінейін дегем
AKY
жо-жоқ… дәмеленбе… бәріміз де өлеміз.
e_zhalgas
үміттендіргеніңе рахмет
Zilola
не деген айтары көп шығарма ))
e_zhalgas
Қисықтың өзі айтары да, көрсетері де көп адам ғо
qisyq
Подсказка: Ақырзаман деген міндетті түрде жердің қирауын, адамдардың тұтастай қырылып қалуын білдірмейді.