Апокалипсис: Тасқын
Спасибо, Боже, что дал насладиться этим местом, перед тем, как здесь начнется Конец Света.
Симпсоны
— Хееееййй… Джооон! Қалллайсың!?
Терезе алдындағы үстелде сыра ішіп отырған қатпа қара есіктен кірген еңгезердей шерифті көріп, әкесі келгендей қуанды.
Шериф бірақ оның лыпылдай жөнелгеніне мән берген жоқ, тарп-тарп басып төрге өтті де, бар үстелінің ар жағында тұрған «Балақай» Росқа иек қақты. Бармен аузын ашпағанымен Джонның не дегенін бірден түсінсе керек — жылтыраған сөрелердің бірінен сыртын шаң басқан сарғыш бөтелкені алып, стақанқа шүпілдетіп құйып берді. Содан соң шерифтың ыдысты алып бір-ақ төңкергеніне барлай қарады да:
— Не жаңалық, босс? Шығыстан хабар бар ма? — деді.
— Әй, не жаңалық болушы еді. Тыныштық. Халықты Құдай соқыр, керең қылып жаратқан емес пе!? Көрінген дүниеге сене береді. Одан да мылқау болса ғой бәрі.
— Джон, Джон… Сол халықтың арқасында қолыңа револьвер ұстап, кердеңдеп жүр емессің бе?
— Бері қара, тыңда мені, Росс… Мә, қазір-ақ берейін осы қарғыс атқыр тапаншаларды! Аласың ба!? Сен-ақ бола қойшы! Әлде басқа біреуің бар ма менің орныма шериф болғысы келетін!
Шериф соңғы сөйлемді көзі қызарып, бөлменің ішінде отырған барлық жұртқа айқайлап айтты. Әлденеше күн қырынбаған сақалы, күнге тотыққан жүзі, көзінің қиығын торлаған әжімі, бұлт-бұлт еткен шықшыты отырғандар мен тұрғандардың қай-қайсысының болсын ішін қалтыратып-ақ жіберді.
Бұл мылқау көріністі кенет бұрыштан шыққан әлсіз дыбыс бұзды. Әуелі ықылықтап шыққан күлкісымал үн "Ішегім-ай… түрлеріңе болайын… ақыры өлесіңдер… ақырзаман болады… бүгін кешке… ахаха… " деген сөздерге ұласып кетті.
Құтырған иттей болып тұрған шериф тавернаның қараңғы түкпірінен төрт аяқтап шығып, лас еденге отыра кеткен, бұтында лыпасы ғана бар, ашық жерінде қылтанақтай түгі жоқ, бет-аузын жара мен іріңді безеулер басқан ұсқынсыз қайыршыны көріп, өз-өзінен селк етті.
Жалғасы мұнда.
Жарайсың жаным!!!
Димаш оқып беруге қарсы емессің бе? )))
Өстіп етектен тартқыштайтындарың ай, уахахахаха!
Кім бар қорқақ? Келіңдер мяған