Апокалипсис: Тасқын. Vol.2
Жалғасы. Басы мұнда.
Шыны керек, әуел баста, асқазанының түп етегінен ала түскен суық сезім қайыршының түрінен болды деп ойлаған. Алайда, бірер секундтан кейін қорқыныштың өзі күткен, алайда бар жан-тәнімен қаламаған жағдайдан болғанын түсінді. «Не!? Қалай? Менің округімде!? Мүмкін емес! Неге!?» Сумаңдаған ойлар сондай бір сұмдық жылдамдықпен мидың түкпір-түкпіріне шашырап, бір-біріне соғылып, көбейіп, балалап, шерифтың қалың құйқалы, тікен шашты басына ұялап жатты.
Қайыршы бұл уақытта төбеге қарап қатып қалған болатын. Сол жақ езуінен шұбырған сілекейі, бір жағына қисайған басы, ұзын, алайда сұрықсыз кірпіктері, сирек қасы жаңа ғана күліп, қырқырап жатқан бейнесін жаңаша өзгертіп сала берді.
«Балақай» Росс есін бірінші болып жиды. Жұмыс орнының жаманатты болғанын қаламайтын бармен ауыр денесіне қарамастан барынша тез қимылдауға тырысып бар үстелін айналып өтті де, қайыршының жанына екі-үш аттап жетіп барды. Желкелеп алып шығайын деп еді, пақырдың жарасынан жиіркеніп сәл бөгелді.
Қайыршы мәнсіз көзін барменге қадап, «Бүгін… өлесіңдер...» деді тағы.
Сіркесі су көтермей тұрған Джон тістеніп тұрып, ернін қан қылғанын сезбей қалды. Мыңдаған ой мен күйдің ортасында қалған ол Россты итере-митере қайыршының жанына жетіп келді де, қаруының дүмімен ананың басынан бір-ақ ұрды.
Тавернаның төбе ағаштарына бір, барменнің бетіне екі қарап, өз-өзімен күбірлеп отырған ұсқынсыздың жалаңаш денесі соққыдан еденге бір жақтап қисая кетті.
Демін ішіне тартып, қатып қалғандар дабырласып кетті.
Қайыршыны округтегі ел жек көретін, алайда әлдебір құрметті қорқынышпен қарайтын. Себебі, оның көзін алайтып, сілекейін ағызып айтқан сөздері әрқашан дәл шығып отырушы еді. Рухани Қолбасшы Қасиетті Сэм оның айтқандарын құлаққа ілмеу керек деген болатын, алайда факттың аты факт — "Әй… әй… хихихи… Ертең сенің балаң өледі… хихи… асылып қалады..." деген қарлыққан жексұрын дауысты есту, ертесіне қорадан балаңның суып қалған денесін тауып алу кім-кімге болса да ұнамасы анық-ты.
Көргендері округтың шекарасынан аспайтын, көрсоқыр, бірақ ақкөңіл, аңғал адамдарға әулие көріп жүрген қайыршының әлгідей деуі, сол сөздердің шын жүзеге асқанынан бетер әсер етті. Тіпті, бұған шыдас бергендердің көздері қайыршының өлі денесіне қарауға шыдамай жатты.
Росстың демалыс үйі ә демей-ақ босап қалды. Жұмыстан қайтқан еркектер, салынып ішетіндер, қызық іздеп келгендер, сүйек ойнағанды жақсы көретіндер, үптеп кеткенін сатып алатындарды іздейтін ұры-қарылар оба көргендей болып зым-зия жоғалды.
Жаңа ғана бір қауым елге тар болып тұрған тавернаның іші сұмдық кеңейіп сала бергендей болды.
Қақ айрылған бас сүйегін еденге сүйрете жата кеткен қайыршының денесінің жанында бармен мен шериф сілейіп қала берді.
Жалғасы мұнда.

жалғасы бар. ұмытып кетіппін жазуды.