"...-мыс"

Сіз ЕЛЕС дегенге сенесіз бе? Өзім көрмеген соң, нақты айта алмаймын. Адамзатпен қатар өмір сүріп жатқан белгісіз тіршіліктің бары ақиқат болса, онда елес те бар. Оған құрбыларымның айтқан неше түрлі оқиғалары дәлел. Жатақханада бір қыздың бөлмесіне жиналып алып, естіген, көрген-білген қорқынышты оқиғаларды айтатынбыз. Қызық…Қорқынышты…Сосын бөлмелерімізге қайта алмай, қорқып жүретінбіз. Сол оқиғалардың дені елес туралы болатын. Қайтыс болған адамның елесі кезіп жүреді дегенді көп естідім. Соның бірі – Қарағанды банк колледжінің жатақханасында болған оқиға. Тағы сол қыздардан естідім.

saya.kazjur.kz/files/2011/09/555.jpeg Осыдан біраз уақыт бұрын (нақты білмеймін, бәлкім 5-6 жыл бұрын) жатақхананың жоғарғы қабатында бір топ ұлдар қызды зорлап (Құдай бетін аулақ қылсын!!! ) өлтіреді де, кілемге орап, кереуеттің астына тастай салады. Ондағылар болса, қыздың мәйітін бірнеше күннен кейін бірақ көреді.

Одан кейін қаншама уақыт өтті. Бүгінгі таңда 9 қабатты жатақхананың тек 5-еуінде ғана студенттер тұрып жатыр. 5-тен жоғары қарай кірпішпен қалап, жауып тастаған деседі (көзіммен көрген жоқпын). Неге дейсіз бе? Әлі күнге қыздың елесі сол жерді кезіп жүреді-мыс. Кейбір тұрғындары түнде ұйықтап жатқанда қыздың жылаған дауысын, есіктің сықырлап ашылғанын естиміз дейді. Қыздың жаны жай таппай жүрген болар…

P.S. Рас-өтірігі Аллаға ғана аян осы оқиғалардан кейін ойланып қалдым. Мен елеске сенетін сияқтымын. Ал, сіз ше?
Бөлісу:

27 пікір

a63a1
Ондағылар болса, қыздың мәйітін бірнеше күннен кейін бірақ көреді.
3 айдан соң
Zilola
Алматыда курылысы аякталмаган гимарат бар, кезiнде сол гимаратта курылысшылар бiр кызды зорлап олтiрген екен. Алi кунге ол гимаратты не аяктауга, не киратуга мумкiн емес дейдi бiлетiндер.
19852407
осындай әңгімелердің растығына шүбәм жоқ
Abilakim
Қарағандыда жеті қабатты жатақхананың жетінші қабатында да осындай қиға болыпты, бұрынырақта. Бірақ, бір ұлды көп қыз зорлаған дей ме…
Gastarbaiter
Бұтағы құламасын деп түбінен байлап қойып па?
AKY
Виагра ішкізген көрінеді.
Zilola
яцыз мугалима ))
qisyq
"Қазақ ғылымына жасалынған тегеурінді соққы" ©
AKY
Сенем және қорқам.
e_zhalgas
сенбеймін және қорықпаймын
Sayana
мен де! Елес жайлы ойласам, көрпемді қымтай түсем!!!
Zilola
елес кымтаулы корпе тугiл кулыптаулы жерде де болады сенсенiз
bazuka
Әйгеро Курайлының мектеп интернатында бар деп құрбым айтып отыратын кездестірмедін бе оқып жүргенде)))
AKY
Мен интернатта оқығам жо қо)
edige
Біз оқыған колледждің де жатақханасында бір қыз өлген дейді… Зорланған зорланбағанын, өлтірілген өлтірілмегенеін білмейм, өздігінен асылып өлген деседі… сол бөлменің адам тұрмаса да светі жанып қала беретінінін көзіміз көрген… Бір екі рет сол бөлмеде болғаным бар… ештене болмады, шукір…
Sayana
Құдай сақтасын!!!
AKY
Ақтөбелік бір жазушысымақтың «Сағыныш» деген кітабін оқығам жақында. Ішінде елес туралы көп жазылған екен. Жалғыз қалсам есіме түсіп, қорқам((( Неге ғана оқыдым екен соны, құсық кітап.
satibaldi
Жалғыз қалсам есіме түсіп, қорқам(((
Кітаптың авторы есіңізге түсіп қорқасыз ба?
Zilola
автор случайны сiз емес пе ))
satibaldi
«Сағыныш» деген аптен кітап жазғанша, атылып өлгенім жақсы.
AKY
Аптыры да есімде қалмапты, құсық болғаны сондай. Әйтеуір алғысөзінде ме, әлде артқысөзінде ме Сағындықов әкімге алғыс айтқан, сарғыштау келген жұқалтаң кітап.
serjan
құсық болғаны сондай
онда неге оқыдың.
e_zhalgas
"қалалық аңыз", "қаланың аңызы" дегендер болушы еді
konvict
Лібә, айттым ғой біздің үйде домовой бар деп. Қорқыңдар!!! Мен сенемін бар екендігіне
Aizhantabyn
Астанадағы свечкалардың тұрған жері бұрынғы бейіттер, содан аномальный боп келеді. Суицид жасайтындар да көп (25 қабат болғаннан шығар ау). Елестерді көп көреміз дейді. Мен елеске емес жындардың бар екеніне сенемін. Елестер де солардың «движениелері» деп ойлаймын…