"Махаббат қызық мол жылдар" кітабы
Астанада өзіме соңғы кездер жақсы ермек тауып алдым..Ұлттық кітапханаға жазылып, сол жерден кітап алып оқитынды шығардым… Таппай жүрген біраз кітаптар бар екен, соларды шетінен алып парақтап жатырмын… Бүгін, айдың басында алған бір кітапты апарып тастап, орнына басқа кітап алайын деп барсам, кітапханаш апай «атаңызға кітап іздеп жүрсеңіз „Махабат қызық мол жылдар“ деген кітап апарып беріңіз, қазір шалдардың арасында сол мода» дейді…
«Жоқ, кітапты өзіме аламын» дей салдым, бірақ ойлап қоямын осы кітапты алып оқысам ба деп… Талай естігем бұл кітап туралы… Келесі жолы көрерміз деп, Соқпақбаевтің "Қайдасың Гауһар" деген повесттер мен әңгімелер жинағы және Садуақас Ғылманидің кітабын алып шықтым…
Осы форумда біраз кітап кеміргіш қауым бар еді, «Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?
«Жоқ, кітапты өзіме аламын» дей салдым, бірақ ойлап қоямын осы кітапты алып оқысам ба деп… Талай естігем бұл кітап туралы… Келесі жолы көрерміз деп, Соқпақбаевтің "Қайдасың Гауһар" деген повесттер мен әңгімелер жинағы және Садуақас Ғылманидің кітабын алып шықтым…
Осы форумда біраз кітап кеміргіш қауым бар еді, «Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?
Менің түсінбегенім, Мың бір түнді оқыма ұятсыз дегенге тығып оқитын едік үйде жүргенде, ақыры іздеп ұятсыз жерін таппадым
Ұятсыз жері болса өмірі ұмытпас едім ғо
1001 tun Zilola aitpakwy ertegi bolatn, sonda 2 nuskasy bar ma?
Оқыңыз, маған ұнады.
кітапта кейіпкерлер көп сықлды болып көрінді , қарапайым тілде жазылған, ешқандай интрига жоқ, қазірше айтқанда, бірудің ұзынан/ұзақ өмір баянды блогын оқып отқандай әсерде боласың…
бірақ сол кезде кітапты оқып бастап, ештемеге қарамай 2 күнде бітіріп едім)))
"Әйел құпиясы" газеті жайлы хабарым жоқ, сол үшін Жанар Сейітмат өзіне керек инфо іздесе оның несі әнек түсінбедім
Меңтайдың сия тиген блузкасы әлі есімде.
Ербол да, Меңтай да өмірде шын болған адамдар ғой. Көбіне Әзілхан ағаны сол Ерболдың өзі деп жатса, Меңтай Жамбыл облысында тұрады екен, сол өзінің юбилейіне Әзілхан ағаны көзі тірісінде шақырып, құрметтепті.
мына жерде жақсы жазылған:
www.aorda.kz/?p=1374
Арманда калганша окып корген дурыс, куткендей асер алмаса ол ендi болек гап
Осындай жарнамадан кейін мүмкін жастардың қазақ романдарына қызығушылығы оянар, а?
Бізге орыстар сияқты, алдымен аудармаларды оқып, аудармамен айналысқан пайдалырақ.
Мен коммерциялық жағын айтып отырмын.
«Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?"" деп сұрап жатыр екен. мен оны 6кл оқып жүргенімде оқығанмын. ата-анам марқұмдар «запретный» кітаптарды қорғаштап тығып қойса да, тауып алғанмын (сөренің астындағы уақ-түйектер салатын ағаш қобдишаны әрең ашқаным да әлі есімде)… сонымен қашып-пысып оқып шыққанда мен де махаббаттан ештеңе ұқпайтын «сарыауыз» едім. мен алғашында қызарып, өз-өзімнен ұялып қалсам да, артынша есейіп келе жатқанымды сезінгенмін. Адырайтып, бейбастақ сөздер жазбастан, жазушыға тән этика (советтік этика) сақталып, Меңтай мен Ерболдың арасындағы сезімді нәзік те шебер «сыбырлап» жеткізе білген, пәк маххабаттарын айқындайтын қос жүректің соғысын кітап бетінде «дірілдете» білген Әзілхан атамыздың еңбегі ғой бұл, аруағыңнан айналдым, ӘЗЕКЕ, нұр ішінде жатқайсың!
Бұл кітапты тауысқан соң, «Мәңгілік махаббат жырын» оқуға құштарлық пайда болған-ды. Бірақ, қолға түсіру қиындау болып кетті де, кейін мүлде естен шығыпты.
Негізі бұл кітап жан жары Халимаға арналған деседі, 2005 жылы 10 мың данамен шыққан осы кітаптың біреуі көзіме көрінбей келеді
Қателеспесем кітаптың екінші бөлігі проза, арасында Ербол жүр, Ботагөз де.
Жазушы бір сұхбатында бұл кітапты жазуға 4 жылын, енді бірде 5 жылын арнағанын айтыпты.
Сосын жақында Дулат Исабековтың "Қырғын" романын оқып шықтым… Шынын айтайын, Дулат ағам романшы деуге келмейді екен..өте таяз… Ол кісінің әңгімелеріне сөз жоқ..«Біз соғысты көрмедік» деген әңгімесі тебірентерлік шығарма… Бірақ, әңгіме жазу басқа да, роман жазу мүлдем басқа дүние…
"Қырғындағы" Мәликенің оқиғалары менің әбден жынымды келтірді… Тек қана Мәлике емес, барлық кейіпкерлері жасанды… Білмеймін, маған ұнамады..Әр романның орталық идеясы болады… Бұл романның идеясы "әйел адам бақытсыз болу үшін жаралған"..Өкінішке орай қазақ жазушылары осы тақырыпта көп жазып кеткен сияқты… Бұл біздің қыздарымызға да кері әсерін тигізіп жатыр… Негізі ол әйел адамының таңдаусыз күйеуге шығатыны, сосын сол үшін бақытсыз болатыны, қазақ қауымы әйел затын ер адамға қинап қосатындай етіп көрсететін Кеңестік дәуірдің идеологиясы ғой… Біздікілер соған қатты беріліп кеткен…
Шәрбану Құмарова ма еді, соның "Қазбауыр бұлттар" атты кітабын оқыңыз.
Запретный кітап демекші, кішкентай кезімде "Қызым саған айтам" деген кітап пайда болды үйде өзінен өзі, сөреде көзге түсетін жерде тұрады. Мен оны тығылып оқып, қайта орнына қойып қоям. Көп нәрсені содан оқып білдім, кейін ойласам әдейі қойылған екен ғой :)
Жазда Алматыда кітап дүкенін аралап жүргенде осы «Махаббат қызық мол жылдар» кездесе берді, алайын деп ойладым оқуға, алғым да келді, бірақ жол жүріп бара жатқан соң, өзім жұмысыма қажетті пайдаланатын кітап алайын деп алмадым. Интернет аман болсын, электронды нұсқасын тауып алармын қатты уақытым болып бара жатса :)
Мен ол кезде 5-ші сынып оқитын кішкентай қызбын ғой. Оқып жатқанда солай жылағаным есімде. Соны айтып отырмын. Кейін артындағы автордың түсіндірмесін оқығаннан кейін барып " Еее, екеуі бақытты болыпты ғой" деп риза болып жүрсем, бүгін осы жерде көрсетілген ссылка бойынша жүріп көрсем, тағы қателесіп жүргенімді ұқтым.