"Махаббат қызық мол жылдар" кітабы

Астанада өзіме соңғы кездер жақсы ермек тауып алдым..Ұлттық кітапханаға жазылып, сол жерден кітап алып оқитынды шығардым… Таппай жүрген біраз кітаптар бар екен, соларды шетінен алып парақтап жатырмын… Бүгін, айдың басында алған бір кітапты апарып тастап, орнына басқа кітап алайын деп барсам, кітапханаш апай «атаңызға кітап іздеп жүрсеңіз „Махабат қызық мол жылдар“ деген кітап апарып беріңіз, қазір шалдардың арасында сол мода» дейді…

«Жоқ, кітапты өзіме аламын» дей салдым, бірақ ойлап қоямын осы кітапты алып оқысам ба деп… Талай естігем бұл кітап туралы… Келесі жолы көрерміз деп, Соқпақбаевтің "Қайдасың Гауһар" деген повесттер мен әңгімелер жинағы және Садуақас Ғылманидің кітабын алып шықтым…

Осы форумда біраз кітап кеміргіш қауым бар еді, «Махаббат қызық мол жылдарды» оқығандарың бар ма? Қалай, оқуға тұрарлық кітап па?
Әрі қарай