Жол полициясымен сұхбаттар. Енді қазақ тілінде де...

Интернетте жол полициясы қызметкерлерімен сөйлескенін түсіріп алған видеолар көп. Бірақ көбі орыс тілінде еді. Енді қазақшалары да шыға бастапты.

Мына видеодағы жігітті қазақтың Александр Паленыйы деуге негіз бар ма, уа жама'ат?
Бөлісу:

29 пікір

omarbirat
Гәйішниктің сөздеріне бір күліп алдым
meirzhan
Қателеспесем бұл жігіттің екінші видеосы да бар. жартылай қазақша, жартылай орысша сөйлесетін.
omarbirat
Ой, жетеді видеолары  Мынауы қызық естілді просто. "Қой ей" дейді гәйішник
AKA
 Кәдімгідей таң қалып, ұйып тыңдап тұр ғой заңды, алғаш естіп тұрса керек…
meirzhan
Жүргізушінің тым еркін ұстап отырғанын көріп, машина ішіне басын сұғып қарады, камераны көргеннен соң жым болды. Сәл «мандраж» ұстап қалған болуы керек. Басты шұлғып, аяғында қашып кеткеннен басқа амал таппады.
AKA
Сонда да қызық болды ғой   сізді танымай қалдым ғой
19852407
«Жиі-жиі кеп сабақ үйретіп тұршы» деп айтуға оқталғанмен, ұялса керек...
meirzhan
Камераның көргеннен соң аңқаусығаны ғой. Не айтарын білмей. Юридическийда оқыған шығар, егер оқыса. Онда қалай оқитыны белгілі ғой.
19852407
«Е, КӨКЕ!» деп қоятынын қайтерсің
saken
қатырған екен МАИшникті))
patick
Видеоға сілтеме беріп жіберсеңдер жақсы болар еді. Сілтеме бойынша жүктеп алып қарайын, әйтпесе жұмыста видео көрсетпейді.
patick
ЖП-ның өзі сүмірейген екен. Қарсы ештеңе айта алмай қалды.
Qojeke
Не айтсын. Мент емес пе ол да?
omarbirat
Естуімше, жол полициясының қызметкерлері өздерін мент деп есептемейді. Олар менттер күнін тойламайды. Өз мейрамдары бар-мыс.
Nurgisa
Бекер қойдың, Омеке. Қазір @VKM келсе, айтарға уәж таба алмай, сан соғасың
KILYZAMAN
, енді машиналарымызға ойыншық видеокамера салып алып үрейлерін алсақта болатындай екен
Qojeke
Топас МАИшниктердің қармағына оңай ілініп жүрген қаншама халық неткен топас десеңші.
DoktorD
сорлы болған машина аңдитын ит(МАЙ)аң таң болып тұрғой өмірінде заң дегенді естімеген адам сияқты сорыңа маймыл жыласын
Qojeke
Сорлылығы соншалықты, шені капИТаң екен
Erbol
ЖП қызметкерлерінің 99 пайызы заңды білмейді. Менің достарым бар, ЖолПол тоқтатса өздерінен пара алады))) ЖП-ға заңды айтып сәл зіркілдеп шыға келсе, құттары қашып шыға келеді.Сосын көпшілігі мәдениеттен жұрдай. Өткенде Қапшағай трассасында бір ЖП тоқтатты.Барсақ, ол да капитан көлік есігіне аяғын асып жатып алған, жүргізушілермен сөйлесіп отыр, бір қолымен аяғының кірін езіп отыр. Лоқсысақ та сөйлесіп, орнына қоюға тура келді. Бірнеше жүргізушіні де құтқара кеттік)))
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 17:26
ushkin
ҚҰРСЫН, ОЛ ГАИШНИК ЗАҢДЫ БІЛМЕЙТІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҮЙРЕНІП ҚАЛҒАН, СОСЫН ДА СӨЙТІП ЕНТЕЛЕП КЕЛІП АЛАДЫ ҒОЙ. ӨЗІ ДЕ МЫНАДАЙ ТАҚЫЛДАП ТҰРҒАН ЗАҢ БІЛУШІ ЖҮРГІЗУШІНІ КӨРІП АЙТАРҒА СӨЗ ТАБА АЛМАДЫ ҒОЙ ДЕЙМ )
Arhun
қазақша сөйлегендері әбден ұнады… әгі /тамаша/ шоуымыз елестеп кетті
негізі фейкке ұқсайтын секілді немесе шын болса гай мырзамыз абден сасқаны көрінеді
DoktorD
Шымкенттің кіре берісіндегі постқой ол жерде машина аңдитын иттер тұрады бір тоқтап жүретін жол белгісі бар
saken
былайынша қарасаң, Алматыда МАИішниктерге кінәлілерді ұзақ іздеудің қажеті шамалы сияқты. 100 метр жолда минутына 1 жол ережесін бұзушыны көруге болады. Жүргізушісі бар, жаяу жүрушісі бар.
Алдында 1 рет кешкі кептеліс кезінде жолдың қарама-қарсы жағына шығып кеткен 20 шақты машинаның тізіліп тұрған жерінен, 1 МАИ қызметкері бүкілінің жүргізуші куәлігін біртіндеп жинап алғанын көрдім. Жоспар орындалған шығар сол күнге есептелінген )))