Ыстықкөл!

Биыл ойда жоқта Ыстықкөлге барып қайттым. Отпуск кезінде ғой, әрине.

Қоянның жадыраған жазы немен есте қалды десек, Алматыға қанша барып жүрсем де, күлкіңіз келетін шығар, “Көктөбесіне” бір де бір рет бармаған екем. Соның сәті түсіп, “Көктөбеге” бардым. Сосын ойда жоқта Ыстықкөлге үш күнге барып қайттым. Әрине, пысық подружкаларымның арқасында. Кейде подругаларыңның шустрый болғаны да пайдалы екен  Бірақ, үйдегілерге айтпай кетіп, аздап сөгіс естідім.
Сосын, туған жерім дегендей Шымкентке тартып тұрдым. Барсам “ми қайнатар” ыстық. Қайбір күндері күннің ыстығын бәзбір білгіштер +48-ге дейін барды десіп шулап жүрді. +48-бе, +50-ме, бәрібір Астананың салқынына үйреніп қалған басым демігіп қала жаздадым. Күн деген шыжып тұр, көліктің терезесін ашып қалсаң самал соғудың орнына ыстық жел ұратынын қайтерсің. Шымкенттік болғанымызбен таудың саясында өсіп, қаланың ыстығынан аман қалып жүретінбіз. Ал жұмыс істеп жүрген жылдары ұзақты күн кабинеттен шықпай, қас қарайғанда бір-ақ шығатынбыз. Ол туралы айтар болсам ұзынсонар әңгіме болып кетеді. Сонымен, отпускі өтті де кетті. Астанаға келсем күн түнеріп тұр екен. Бірақ, соңғы күндері Астананың қабағы ашылып тұр. Тфә, тфә.

Айтпақшы, Ыстықкөл туралы бұрын онша мән бермейтінмін. Барсам көлдің суы керемет, тап-таза, мөлдір, үңіліп қарасаң түбі көрінеді. Суы тұзды, шипалы екен. Жағасында құмға қыздырынып жатқандардың көбісі Алматы, Оңтүстік жақтан барған қазақтар мен орыстар. Сөздің ашығы керек, әсіресе орыстар көп барады екен. Бізбен бірге бір автобус болып орыс ағайындар барып еді, қайтар кезде де “Қордай” бекетінен бері қарай Ыстықкөлге ағылып жатқан орыстарды көрдім. Орыстар негізі демала біледі. Ал, біздің қазақтың жазы шапқылап той жасап, баласын оқуға түсірумен, құда күтумен, қыстың қамына дайындалумен-ақ өтіп кетеді. Сөзіңе дәлел іздеп әуре болмайсың. Үйге келсем, әпкем мен жездем Кентауға бір тойға кетіпті. Сонда олардың қай кезде демалатынын құдай білсін. Келген соң да қарап жатпады, қызы мен күйеу баласын, құдағиын қонаққа шақырды. Бір жақындары қайтыс болып, соның жетісіне кетті, сосын одан “үһ, аһ” деп шаршап келіп еді, ертесіне тағы бір таныстарының қайтыс болғанын естіп, соған кетті шапқылап. Шымкенттегі әр қазақтың шаңырағындағы тіршілік осы. Бұл бірінші көрініс.

Екінші көрініс, базарға бардым. Астанадағыдай емес, мұнда жеміс-жидек, азық-түлік, киім-кешек бәрі арзан. Аста төк молшылық! Әбден Астананың қымбат бағасына, суықтығына үйреніп қалғандықтан ба, кейде оңтүстіктің халқының пейіліне, еңбекқорлығына риза болып кетесің. Шығыстың базарын аралап жүргендей әсерде қалдым. Жер үйде тұратындардың бақшасында жүзімдер майысып пісіп тұр. Шехеразаданың елі дерсің. Бұл менің біртіндеп астаналық бола бастағаным ба, жоқ өз туған қалама бұрын байқамаған көріністерге енді мән беріп жатқандығым ба, әйтеуір өзім де білмеймін, Шымкентті шырайлы қала деп жайдан жай атйпайтынын түсіндім. Дүйсенбі жұмысқа келген соң, екі күндей “ұйқысырап” әрең жүрдім. Бастығым да сыралғы адам ғой, “Қалай, жұмысқа қолың жүрейін деді ме?” деп сұрап қояды. Біліп тұр ғой, өзімнің каналыма түсе алмай жатқанымды.

Жалпы, айтайын дегенім, осы біз қазақтар демала білеміз бе? Демалсақ та қалай өткеріп жүрміз?
Бөлісу:

49 пікір

monti
Ыстық көлге дикарем* бардыныз ба? ол жайлы инфо/сурет аз кен
Zhan
Соны сала алмай қойдым. Көлемі үлкен деп, қате деп шыға берді.
Zhan
а так суреттерім тұр… біз ше деп
monti
а так суреттерім тұр… біз ше деп
на сөйлемді түсінбедім
Zhan
Соны сала алмай қойдым. Көлемі үлкен деп, қате деп шыға берді. а так суреттерім тұр… біз ше деп — мына екеуін қосып оқысаңыз түсінікті болады. Алдында жазбаға сурет қоса алмай біраз әуреге түсіп, Алтыградустың ақылымен әйтеуір бірдеңе ғып қостым ғой пэйнтке кіріп…
monti
шашың табиғи бұйра ма? күчт кен
ыстық көлге жылда барам деумен, очм, қалыпсыз жағдай ғо все таки, ара/арасында КЗлықтармен андай* жағдай бов атқан соң қорқақтауға болады, сендер мадес батыл екенсіңдер, барып қайтан
Zhan
Иә, шашым табиғи бұйра.
TERISKEY
керемет демалыс болғанға ұқсайды. Түсінбегенім, ілмекке Ычтықкөл деп әдейі жаздыңыз ба, әлде қате кетті ме екен?
nurkanibek
қате болсын, қате болмасын әйтеуір жақсы демалыпты.
Altygradus
Жақсы демплып қайтқаныңа қуаныштымынИә қазақтардікі сол ғой, менің мастер тэзисымның туризмге қатысы бар, сонда жапон профма айтам ғой қазақтар демалмайт, тоймен шапқылап жүргендері деп
пысы: пэйнтке салып кішірейт те, іле берсеш, оған не қиындығы бар??
Jacqabaies_Chirac
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 15:49
Jacqabaies_Chirac
Ыстықкөлдің керемет табиғатынының фотосын қайтадан студияға
TERISKEY
ойбаааай, жерлеееесс!!! Басқа сурет жоқ па?
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 15:19
Zhan
сенің сонша таңырқағаныңа қарап
Zere
Алматыға келгенде айтпадың ба кездесетін едік  
Жақсы демалыс болыпты. Жарайсың, осылай демалу керек!
Zhan
Аршатқа Алматылық және астаналық «керекшілерді» бір жинау керек деп айту керек еді…
Khan
Очм, Астана — К*ттөбе — Ыстықк*т — Шымк*т — Астана десей
rakisheva
Демалысын керемееееееееееееет өтіпті
AKA
Жақсы демалыпсыз ! Оңтүстіктің ыстығы сооондай ыстық енді  Шымкентте көөп нәрсе арзан шынымен, рахат қой
omarbirat
Жалпы, айтайын дегенім, осы біз қазақтар демала білеміз бе? Демалсақ та қалай өткеріп жүрміз?
Демалыс туралы сақалы шығып кеткен кәментім: Орыстар демалыстан келгенде әріптестері "қайда бардың?" десе, қазақтардан «не істедің?» деп сұрайды )
19852407
І."Косметический рРемонт жасадым үйіме",- деп жауап береді өз-өзіне риза кейіппен қазекең шалқайып;
ІІ. «Ой, сұрама, қайным үйленіп»,-шаршаңқы кейіппен. — Ауылға барып келін түсірдік".
Zilola
ой айтпаңыз, осы демалыс Стамбулға кетемін деп едім, үйде ремонт ощым, қалдым ауылда (((
sammita
осындай адамдар көп демалатын жағалаудың тазалағы
маған мысалы тыныш, орманды, шағын өзен-көлдер ұнайды.
Демалысың өзіңе ұнаса, ойдағыдай болса болды ғой бастысы.
Қырғыздар «бізде қауіпсіз» деп қанша жарнамалап жатқанымен кешегі қайғылы оқиға болғаны өкінішті(
TERISKEY
маған мысалы тыныш, орманды, шағын өзен-көлдер ұнайды. — Бурабай?
sammita
көп қой. Бурабай, Қарқаралы, Зеренді, Баянауыл т.б.
AKY
Бурабайдың суы да не ахти ғо. Әсіресе сезон кезінде.
sammita
Бурабайда қаншама көл бар.
AKY
Қай-қайсысы болса да.
AKY
@sammita… бурабай жайлы айтып берщ
sammita
хатшыма жазылып па ең, заняттаумын
AKY
@sammita деймін…
Khan
Жалпы, іссапарда жүріп те демалуға болады
Khan
Диванда жатып та демалуға болады
Gastarbaiter
Жаз келді, енді осындай типтес жазбалардың көбеюін болжап отырмын.
Мен өзім қалай бағалайтынымды білмеймін мұндай жазбаларды.
Барғандардың айтуынша Ыстықкөл өзінің шын деңгейіне әлі жетпеген, әлі төмен бағаланатын жер.
Орта таптың демалуына таптырмайтын орын дейд.
Zhan
Барғандардың айтуынша Ыстықкөл өзінің шын деңгейіне әлі жетпеген, әлі төмен бағаланатын жер.
Орта таптың демалуына таптырмайтын орын дейд.
Дұрыс айтқан.
Gulistan
Бармаған жерім. Мен сол Баянауылды аңсап жүрмін.
Осы біздің Абзал бауырымыз Қазақстанды түгелге жуық шарлауға жоспар құрып, алдын-ала сұрастырып жатыр еді ғой, сол не болды екен?
Daniar-Alan
инвесторлары алдап кетіпті дейді қатындар
19852407
 ))Қап, туризм-жоспары мыхты еді
Zilola
дейді қатындар
онда рас екен ))
Daniar-Alan
Ыстықкөлдің жағасындағы суреттер кән сонымен?!!!
Zhan
Ыстықкөлдің жағасындағы суреттер кән сонымен?!!!
Архивімде тұр. Енді салудың қисыны келе қоймас.
ken
жаз деген рахат қой.
asaubota
3 болыпты барып қайтқаныңа
Zhan
Еһ, қайран қыз күнім, еркін де қаңғыбас кезім)))))))))))) деп бір қорсылдап алайын)))))