Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға. Ендеше уақытты созбалық. Бізге екі жіңішке сым қажет. 10 см ұзындығында болсада жарай береді. Сымды тауып алып (жол жүріп келе жатып, көлігіңізде зарядка болмай қалған жағдайда сымды табу оңай болары сөзсіз, жаяу келе жатсаң көшеден сым қарай жүр, немесе бұдан былай қалтаңа екі сым салып жүр)екі басынан ұштаймыз. Одан кейін екі сымды зарядкасы бар қалтафоныңыздың артын ашып, батарейкасына жалғаймыз. Біреуін "+" -ке, екіншісін "-" жағына әрине. Отырып қалған соткаңыздың батарейін аласызда минусын минусқа, плюсін плюсқа тигізіп жалғап қоясыз. "Іс бітті, қу кетті" болады бұдан кейін. Бұл әрине амал жоқтықтан істейтін соңғы қадам. Сөткіңіздің заряды отырып бара жатқанын білсеңіз, байланыс операторыңыз актив болған жағдайда *1515 ті теріп жіберіп, қанша таяқша заряд керегін жазып жібересіз. Смс құны 30 теңге. Бұл ешқандайда жаңалық емес, бұрынырақта машинаны осылай оталдырып кете беретінбіз)))
Төмендегі суреттерде осы амалдың сурет түрі берілген.


Бөлісу:

19 пікір

sammita
қанша уақыт ұстап отырамыз сымды
соңғы әдісің (оператор) әзіл шығар?
Abilakim
сымды ұстап отырмайсың, қысып қойып 5-10 минөт күтсең жарты сағатқа жетіп қалады. 20 минөтке.Звандап шаруаларыңды шешіп аласың. Музыка тыңдап агентте отырам дегендерге бес-ақ минөтке жетеді.
Соңғы амалым әзіл әрине))))
sammita
 қос телефоны жоқтар көшеден біреудің соткісіне құда түсерміз Сосын беруші батарейка күші азая ма?
Abilakim
көп емес, шамалы.
Delhi
Мынауың жақсы екен. Зарядкам сынып қалып, соны алуға ыңғайы келмей жүр еді. Енді осылай зарядтап жүре берсем де болатын шығар)))
Abilakim
Универсалды зарядка дегендей, бұл сымдарда универсал. Тамақтан кейін тіс шұқуғада болады)))
Delhi
тісті сыммен шұқуға болмайд. жіппен тартып ала салам да)))
Abilakim
За то жіппен сотка зарядтауға болмайды
Delhi
Жақсы, жақсы. берілдім)) Екеуінде салып алып жүрермін, жүрегімнің түбіне.
Altygradus
жол тауып кетудің күЧт әдісі екен
бірақ батарея зақымданатын сияқты
rakisheva
Суретті өзіндікін заряттап жатканда тусіріп алдын ба?
Abilakim
Аха,өз соткамды зарядтап отырып
AKY
@sammita, сен мына әдісті пайдаланып көрдің бе?
talgatjez
*3370# телефон нокиа болса егер, батареяның қосымша заряды қосылады екен, «бұрыннан да білем, жаңалық емес» десеңдер, айып етпеңіз, жақында ғана біліп алдым.
TERISKEY
менікі Нокия. Жаңа батареямның қуаты таусылғалы тұрды, сен айтқан *3370# қызметін теріп ем, запрос не выполнен деп қайта қайта шыға берді, мұны қалай түсінсем екен?
Nurgisa
запросыңның выполниться етілмегені деп.
TERISKEY
talgatjez
Winimen-ak, istemeidi 4e to. Bergen akparattin derekkozi torg.mail.ru/article/1422/?ncat_id=15 otirik te bop kalui mumkim…
nurkanibek
ia Take mende kordim ozgeris jok