"Телефондық вирус" немесе алқашқы трольдік лулздарым:)

Блог - Gastarbaiter: Телефондық вирус немесе алқашқы трольдік лулздарым:)
Халоу! Из энибади хия? Халло-о-оу? © Голливудтық ужастиктер

Ерте-ерте-ертеде, телефон шнуры келтеде, ғаламтор түсіңе де кірмейтін кезде, 8-сыныптан кейінгі каникулда ғой деймін, (қылмыстың срогы өткетті енді, айта берейін) бір көршімнің телефоны біздің телефоннан жаңғыратынды шығарды, әр звондаған сайын анау телефон да шырылдайды, алсам, көршім сөйлесіп отырад қыздармен, содан бір -екі күн тыңдап жүрдім. Әңгімені жаюдың мәні жоқ бұл жерде, өйткені дым қызық жоқ іш пыстырарлық әңгіме айтатын екі ғашық, енді өздерің білесіңдер, «не стеватырсың, сағындың ба?» деген сияқты. Содан бір күні әңгімеге киліге бастадым.
Әрі қарай

Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға.
Әрі қарай

Түрлі заттардың түрліше қолданысы

«Сым» Көбіне автокөліктерде қолданылады. «Жетіп алғанша шыдаса болды». Бірақ сол көлік сатылғанша не тұрып қалғанша қолданады.

«Газды сусын» Шарапты ашуға қолданылып жүр. Үлкен құдалықтарда сырт айнала төбелеп жатқандарды көріп жүрміз. Штопр тиын тұрады. Құнт жоқ алуға.

«Алтындар» Асемдігің мен байлығыңның мөлшері болған бұл алтын ломбардқа қою мақсатында сатып алынып жүр. Бір мәрте ломбартқа барған алтын сол жерге барғысы келеді де тұрады.
Әрі қарай