Жасанды жүрек

Англиялық Мэтью Грин есімді азамат өз жүрегін жасанды жүрекке ауыстырды. Дәрігерлердің айтуынша операция сәтті өткен. Отаны Кэмбридж қаласының маңындағы Папуорс ауруханасында жасаған.
Ең бірінші рет жасанды жүрек салу операциясы 1969 жылы болған екен. Өкінішке орай Хаскел Карп есімді азамат үш күннен кейін жарық дүниемен қош айтысқан. Ал, бұған дейін ең ұзақ жасанды жүрекпен өмір сүрген адам Уильям Шредер екен. Ол операция арқылы өмірін 620 күнге ұзартыпты.
Бөлісу:

9 пікір

Gastarbaiter
«жасанды жүректер бар қазір, бірақ олар бізге жетем дегенше мен өліп қалам» деп айтушы еді әкем.
Khan
Бұл сонда кімдер үшін жазылған?
Altygradus
бұрыннан бар сияқты еді ғой, әлде бұрынғылары толықтай емей, кей қызметтерін ғана жасады мекен? әйтпесе арқасына моторын іліп жүретін еді ғой.
Имплант стрессті ұнатпайд дептіҰзақ өмір берсін
konvict
Бұрындары өзге елдерде жасалған болуы керек. Бірақ Англияда бірінші рет екен. Мүмкін бұрынғылары жүректерді ғана ауыстырған шығар, жасанды жүрек емес
Altygradus
жо трансплантация бөлек қой, ал мындай қанды айдап тұратын аппарат арқасына рюкзак қып асып жүретіні бұрын да болған, бірақ шамасы толық функциясын атқармаған шығар. Американдықтар шығар жасаған
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 02:24
Altygradus
Бұл аппараттың бағасы £100,000 сосын жұмысын қамтамассыз ету үшін жылына £20,000 керек екен.
Қайта мына кісі бойшаң адам екен. Әйтпесе бұл аппараттың үлкендігіне орай тек жүрек орны үлкен адамдарға ғана келеді екен.
Serzha
пульссыз жасайтын жүректер де бар
Gastarbaiter
аха, шыр айналдырып тұрады, циркуляция жасап. Яғни дистоликалық және систоликалық фазалар болмайды. Сондықтан пульс болмайды. Бірақ ондай жүректер көпке бармайд әзірше
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 11:39