«.ҚАЗ» домен атауы

  • KazNET
Қазнет

Бірнеше ай бұрын Байланыс және ақпарат министрлігі ICANN-ға «.ҚАЗ» домен атауын құруға сұраныс жіберді. Бұл жаңалық белгілі қауым ішіндегі, талқылаулар және дөңгелек үстелдерде туындады. ICAAN-ның бұл доменді мақұлдауы мүмкіндігі жоқ емес.
Осыған орай, «Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) мекемесі «.ҚАЗ» доменінде екінші дәрежелі домен атауларын тіркеу тұжырымдама жобасын құрды. Жан-жақты талқылау нәтижесінде тұжырымдамаға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. «Қазақстан Интернет Ассоциациясы» ЗТБ, KazNIC келісуімен, осы құжатты қоғамдық талқылауға шығарады. Әр пукнтіге кез келген адам өз өзгертпесін енгізе алады.

«.ҚАЗ» доменінде екінші дәрежелі домен атауларын тіркеу тұжырымдама жобасына арналған ескертпелеріңізді мұнда жібере аласыз.

Мәліметтер:
Тұжырымдама жобасын «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі құрды.
«IDN ұлттық интернет-адресациясын енгізу туралы сұрақтар» дөңгелек үстелінде өткен талқылаулар нәтижесінде өзгертпелер және қосымшалар есепке алынғандағы жариялым. 11.11.2010 Астана қаласы
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі ICANN-ға жоғарғы дәрежелі «.ҚАЗ» домен атауын Fast Track [қаз/xn--80ao21a] процедурасы арқылы құруға сұраныс. 18.05.2011
Бөлісу:

15 пікір

Onlasyn
мұның не керегі бар?
Броузерлер енді (адресная строкада) кирилді жазбайды ғой
jarjan
Opera 11.50, жазылады және көрсетіледі
Khan
Мынауың тағы жаңалық болды.
Khan
Боғыма керек емес нәрсе. КазНИК тағы бір мәрте ақша жасағысы келетін болар. Алдымен kz домендеріне дұрыстап қолдау көрсетіп алмай ма
blackbeard
Салыстырмалы көрсеткішпен қарайтын болсақ, .kz доменінің 1/4 де толмаған! Қойыма керек мынау?
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 10:27
saken
4/1 де толмаған!
мүмкін 1/4 -і шығар?
мемлекеттің ақшасы жұмсалмаса, қарапайым программистердің ізденісі үшін болса, ешқандай артықтығын көріп отырғаным жоқ.
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 10:28
blackbeard
Кешіріңіз Саке Түзетіп қойдым!
nurjanbay
қазақ деп толық жазбағаннан кейін қаз деген қысқартылу ұнамайды . қз немесе жай ғана қ  болса болады.
blackbeard
соны айтам, как будто үй құстарына арналған домен сияқты!
nurjanbay
көресіңдер ертең.
.каз деген домен пайда болса таң қалмаңдар.
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 10:55
blackbeard
ҮЙРЕК.ҚАЗ
субдомен: WWW.ЕКІ.ҮЙРЕК.ҚАЗ
asaubota
енді орыстардан қаламыз ба?  үкіметтік органдар алады ғой мұндай доменді, бізге не керек?
blackbeard
!http://жерді.қаз
!http://ор.қаз
!http://көр.қаз
!http://барам.қаз
!http://мааммаа.қаз
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 14:11