Бақыт Сыздықованы қолдаймын немесе Твиттердегі қазақ тілі күні туралы
Кеше Твиттерде қазақ тілі күні өтті. Яғни барлығы қазақша жазулары керек болды. Тілді дамыту акциясы.
Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам: өте күлкілі акция бұл. Тілімізді төмен көру деп есептеймін. Осының арқасында шалақзақтар өздерінше қазақша сөйлеп, понт ұстап қалады.
Депутат Бақыт Сыздықова дұрыс айтады, еркіндік болуы керек.
Өзін қазақпын деп есептейтін әр қазақ онсыз да қазақша жазады. Күштеп адамды қазақ қылу керек емес.
Жалпы, тіліңді осылай ысылтып алам деу төмендік сияқты. Твиттердегі қазақ тілі күнімен қазақы рух күшейеріне скепсисім басым.
Бұлай кете берсе, күннің күнінде «Мега» сауда-ойын сауық кешеніндегі қазақ тілі күні, Фейсбуктегі қазақ тілі декадасы сияқтылары шұбырады. Әлде тілді дамытуға құзыретті әлдебір өкілеттілердің бөлінген ақшаны жұмсаудағы тапқан ақылы ма екен? Кеше ме еді, «тиын
тістеу» туралы айтылып жатыр еді…@
Зря вы @BahytSyzdykova #kzday для тех кто сам поддержал идею! В отличии от неэф.миллиардных госпрограмм ребята делают бескорыстно и искренне
3 hours ago
Думаю что при продвижение языка должны опираться именно на такую как #kzday инициативу «с низу», а не тратить полмилларда тенге на 2 портала
@
Ну в этом же и фишка у инициаторов # kzday! Вам @BahytSyzdykova может несложно писать каждый день, а кому то трудно сделать именно первый шаг
Ол кісіге орысша жазып, бостандықты сезінуі керек.
Почин удалсясондықтан өз басым мұндай акцияларды БОС, ҚЫРШЫҒАН СӨЗ деп есептеймін.
Шам алып түспедім, өзімді жауап жазуға итермелеген пікірлерге жазып отырмын. Адамына қарап отырғам жоқ. Қарсы пікір жазылса, шулап шыққан дұрыс емес. Кешіре сал.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Сыздықова да твитіне дәл осындай пікір жазса, оны да қолдар едім.
Бірақ ол өз еркіндігін ғана жырлап тұр, "қазақша сөйлегім келмейді ал, бұл менің өз құқығым" — дегендей, әңгімесінің тілге қатысы шамалы.
Өзінше болып, мінез көрсетпей-ақ, үнсіз қалса да болар еді.
Мен шалақазақтарды біраз түсінемін.Осында келсе, сендер олармен ешқашан «нянчиться» етпейсіздер.Бірден репрессияға ұшыратасыздар. Сосын олар өздерінің сүйікті орысшасына қайтады...
куда бедному крестьянину деться?©бұл сайтта ешқандай шалақазақты кемсіткен жоқ ешкім, бір бала болды сондай, оған қайта бәрі қазақша үйренуіне көмектесті.
үйренгісі келсе адам кез келген тілді үйрене алады, ал өзінің ана тілін үйрену бәрінен де оңай болуы керек деп ойлаймын, өйткені кішкене болса да адамның ішінде сол тілге деген инстинкт болуы керек.
айналам орысша, ортам орысша дегендер жәй ғана сылтаулар. бар мәселе ниетте, бір нәрсеге ниет болмаса сылтау табу ең оңайы.
Францияда тұратын бір азаматтың өзі интернет арқылы тілді меңгеріп алыпты. Қазақстанда тұрып, патриот болып, ана тілін білмеу — нонсенс.
Бізде шарт/бұйрықтарды қазақша жазу керек мысалы, оны әкеп тұрады (аударып бер, біз қазақша білмейміз деп). Өтініш қылса бір жөн. Әркім өз ісімен айнанысқаны дұрыс қой. Жарайды, жасап берейін маған қиын емес. Менің жыным келетіні, тіпті тырыспайды ғой, шаблонға қарап аздап тырысса, қуанар ем. Жоқ. Бір әрпіне тиіспей қолыңа бере салады. Көбіне кері қайтара салам. 10 жыл жұмыс істесе де адам аты-жөнін қазақшалап жазуды білмегені үшін.
Сосын бір жаңалық шығып еді ғой, мем. тілді білгені үшін бәлен пайыз үстеме ақша қосылсын айлығына деп. О, тоба.
Есептерді қазақшаға аударып бергенім бар болатын.
Мында кемсітушілікті байқамаппын. Болса бірен-саран шығар.
Ол кісінің ішінде не болып жатқанын білмейді екенмін. Бәлкім, форумдарда отыруға уақыты жоқ шығар. Жалпы, желкелеп отырып, осы жерге пікір жаз деп ешкім айта алмайды ғой. Блогкэмпке келіп, айтарын айтты. қазақшаға жақсы екен.
Сенің теперіш көріп жүргеніңді байқамаппын. Егер біреу түзесе, дұрыс жазсын деп түзейтін шығар.
Ал менттер туралы тақырыпты айтып отырсаң. Онда тілдің қатысы жоқ. Тек өзіңнің ауыр қабылдауың болмаса.
ДосталМенің пікіріме пікір жазу азабынан сені босаттым(Қандай жақсы қыз едім, кішкене кезімде
Нағыз стервалар расчетпен жүреді. Эмоциямен емес.
Бақыт Сыздықованың бір күн үшін сонша зарлағанын түсінбедім өз басым. Өзінің елден ерекше екенін көрсеткісі келді ме, әлде сонша қиын болды ма… Жалпы қолдап, бір ауыз сөз жазса да соған мәз болар едік…
Афроамерикандық азамат деп ақ адамдар қаранәсілді бірақ ақ адамның мәдениеті мен тіліне жақын адамдарды айтады. Олар ақтарға бас иіп, олардың мәдениетіне бас ұрады. (Салыстыр: орыстанған қазақтар)
Сосын «нигерлер». Оларға фифти сентті тыңдап, бір біріне «Йоу, Нигга, уассап хоуми» деп сөйлейтіндерді жатқызады. Олар криминалға жақын (өйткені ақтардың көтін жалап, (құлдыққа) жұмысқа жалданып тұрғысы жоқ, оның үстіне жөйттер мен ақтар нигерлерді жоғары жаққа жібермейді. Сондықтан олар бір мемлекет ішінде жүріп өз мәдениетіне бас ұрып, өз өлеңдерін, қара актерларын, өз гетто стиліндегі ағылшын тілін қолданады. (салыстыр: қазззақтар мәмбеттер)
Қысқасы бізге өзіміздің диаспора екенімізді мойындап, құқығымыздың қорғалуын заң жүзінде талап ететін сауатты ұйым керек.
Кім болса да, оның айтқанын талқылау күлкілі. Осы — пікірімнің негізгі идеясы.
Егер айтқаның рас болса, және өз ойың өз пікіріңе сай болса, онда неге мұнда пікір жазып отырсың? Ерікті/еріксіз талқыға өзің кірісіп кеткеніңді байқамай отырсың ба?
Күлкілі деген сөзді бұл акцияға қарата айтылғанына сенгім келмей отыр, сол ғана.
(Агенттегі Керекинфо конференциясында пайда болған ой)
Veneranyn mazak kylady degeni ras, biz sondaymz. Kazakwasy durs bolmasn, keleke, mazak kyludan aldymzga jan salmaimz. Orystardy jaktaganym da emes, maktaganym da emes, sol ortaga ozm wala oryswammen tuskende mazak kylgan ewkim bolmagan edi. Makul, ewkim mazaktamaidy delik, adam jaratylysn nege umytamz? 1 kisi uyalwak, 1 kisi bezkompleksov bolady, 1 adam wapwan kabyldasa, 2wisi jai, osyny da umytpagan jon bolar orta bar degenmen. Bul jerde men enjar, nemkuraily karaitn wala kazakhtar turaly aitp otyrganm jok, elim dep oilaitn azamattar turaly angime
www.kerekinfo.kz/blog/Orys_tili_sagaty/4093.html#comments
www.kerekinfo.kz/blog/boyannn/4096.html
www.kerekinfo.kz/blog/boyannn/4098.html