Мұқағалидың тойына қалай барам?

Алдыңғы мына, мына жазбаларымнан кейін почтама, жеке бетшелеріме тойға қалай баруға болады деген сұрақтар келіп жатыр. Сол сұрақтарға жауап:

Алматы қаласынан «Саяхат» автобекетінен Нарынқолға қарай таксилер жүретін жағынан Қошқар, Шалкөде, Қарасаз бағытындағы таксилерге отырасыздар. Жол құны негізі 2000 теңге, мүмкін өсіп кетуде. Сол күні тойға байланысты автобустар шығуы мүмкін, автобустар бағасын нақты білмеймін. 2000 ға жетпейтін баға қоятын шығар. Айтпақшы саяхатқа таңғы 7 ден келіңіз. Тойға 29- шілде күні шықсаңыздар да болады, ашылуы сағат 15 00 де деген, содан кейін бағдарламада жазылғандай мұражай ашылуы, жыр сайысы, мүшәйра, ғылыми конференция болады. Сағат 20 00 де гала- концерт. 30- шілде күні Шалкөде жайлауында той басталады, ол жақта бәйге, қойылым, той дастарқаны жайылған киіз үйлер болады.

Сонымен, тойда кездескенше Алаш жұрты! Егер жол қиындықтары шығып жатса хабарласыңыздар, жол сілтеуге дайынмын
Бөлісу:

22 пікір

omarbirat
30- маусым күні Шалкөде жайлауында той басталады
Той өтіп кетті ма?
nurbergen_makym
Ша'абан айының 30-шы күнін айтып отырған болар
Aikona
Қате кетіп қапты қаз реттеймін
satibaldi
жол қиындықтары шығып жатса хабарласыңыздар, жол сілтеуге дайынмын
Мынауыңнан кейін мен әдейі қиын жолмен барам ғой…
Abilakim
Мұқағали үйленді ма не?
qisyq
)))))))))))))))))))))))))
Сені апарып Мои Мирдагы Мұқағали Мақатаевтың қауымдастығына қосу керек екен осы сөзіңмен.
konvict
Нейрондарыңдыссссс! Қызды бірге алып қашқанымызды ұмытып қалдың ба
konvict
Қап, плюс қоям деп минус басылып кетіпті
monti
бірнеше күн болады ма? барған қонақтар қайда түнемек?
бүт КЗ ұйымдастырып жатқан үлкен той ма?
Aikona
Иа, бүкіл ҚЗ ұйымдастырып жатқан той. Екі күн болады. Барған қонақтарды Қарасаз ауылында әр үйге түнеуге болады деп естігем. Монти, сен барам десең біздің үй бар ғой.
Abilakim
Сіздің үйге біз сиямыз ба)))
Aikona
Келсеңіз орын табылады ғой
saken
машинамен қанша уақытта жетуге болады Алматыдан?
азанда шығып кешке қайтып келуге болады ма?
edige
Гулянкіге улгерсең жара еді...
Aikona
Негізі той екі күн ғой. Сіз 30 күні барғыңыз кеп тұр ма? Онда ертерек сағат 5 терде шығыңыз алматыдан 330 км дай боп қалады максимум 5 сағатта жетуге болады, өз жылдамдығыңызға байланысты ғой.
Aikona
Айтпақшы иа кешке қайтуға болады
monti
@saken сіз барасыз ба? алматылық блогердің біразын ала кеткеңіз келмейді ме?
Aikona
Егер өз көлігіңіз болса Құлжа трассасына түсіп Нарынқол бағытында шамамен 330 км жүресіз. Нарынқолға кетіп бара жатқан жолда, Райымбек атаның ескерткішінің жанынан солға кететін жолға түсесіз.Сол жол тура Қарасаз ауылына апарады. Белгілер жасап қойған ғой Мұқағали тойы деп. Айтпақшы Нарынқолға барар жолда үлкен қайқы (перевал) бар. Ақсай деген ауылдан өткеннен кейін. Ол жер енді әдемі, бірақ қыста енді қауіп. Қорықпаңыздар .
monti
тойға ешкім бармайд па? керекшілер?