Мұқағали Мақатаев мүшәйрасы.

@boztorgai аға сұрағасын жазып отырмын. Мүшәйрада тек финалға шыққан ақындардың өлеңдері ғана оқылды. Жалпы саны 150 ақын қатысқан, оның ішінде 15 ақын ғана финалға өткен екен. Барлық ақындардың өлеңдері мен ақындардың тізімін таппадым, тек финалда орын алғандары туралы ғана ақпарат бар екен:
Ғылыми конференциядан соң «Кең дүние төсіңді аш мен келе­мін!..» атты жазба ақындар мүшайрасының қорытынды бөлігі өтті. 150 ақын қатысқан жыр додасында бас жүлде – жеңіл ав­токөлік ақын Жүрсін Ерманға бұйырды. Бірінші жүлде (1млн. теңге) – Қапшағайдан келген Мақпал Мұсаға бұйырды. Екінші жүлде (750 мың теңгеден) – Иранғайып (Иранбек Оразбаев) пен қытайдан келген ақын Білісбек Әбдіразаққа тиді. Үш үшінші жүлдені (500 мың теңгеден) –Сәкен Иманасов, Әділға­зы Қайырбек, Ырысбек Дәбей жеңіп алды. Бес ынталандыру сыйлығын (200 мың теңгеден) –Жәркен Бөдеш, Қуандық Шолақ, Серік Ақсұңқарұлы, Батық Мәжит, Кәдірбек Құныпияұлы иемденді. Еркін Ібітанов атындағы екі арнаулы сыйлық (150 мың теңгеден) –Болат Үсенбаев пен Жарас Сәрсекке бұйырды. Ақпарат мына жерден алынды.
Әрі қарай

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған!

Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы. @Сатыбалды айтпақшы, мүмкін жыл бойы күткен шығармын осы тойды. Себебі, мен сол жақтың қызымын ғой. Елімнің, жерімнің аты аталатын, ұлы адамдарын ұлағаттап жасап жатқан тойды біле тұра қалай тыныш жатам? Әрине, алыстан келген кел ел тек жақсылығыңды көрсе екен деп тілейсің ғой.

Ары қарай суреттерге кезек:
Әрі қарай

Мұқағалидың тойына қалай барам?

Алдыңғы мына, мына жазбаларымнан кейін почтама, жеке бетшелеріме тойға қалай баруға болады деген сұрақтар келіп жатыр. Сол сұрақтарға жауап:

Алматы қаласынан «Саяхат» автобекетінен Нарынқолға қарай таксилер жүретін жағынан Қошқар, Шалкөде, Қарасаз бағытындағы таксилерге отырасыздар. Жол құны негізі 2000 теңге, мүмкін өсіп кетуде. Сол күні тойға байланысты автобустар шығуы мүмкін, автобустар бағасын нақты білмеймін. 2000 ға жетпейтін баға қоятын шығар. Айтпақшы саяхатқа таңғы 7 ден келіңіз. Тойға 29- шілде күні шықсаңыздар да болады, ашылуы сағат 15 00 де деген, содан кейін бағдарламада жазылғандай мұражай ашылуы, жыр сайысы, мүшәйра, ғылыми конференция болады. Сағат 20 00 де гала- концерт. 30- шілде күні Шалкөде жайлауында той басталады, ол жақта бәйге, қойылым, той дастарқаны жайылған киіз үйлер болады.

Сонымен, тойда кездескенше Алаш жұрты! Егер жол қиындықтары шығып жатса хабарласыңыздар, жол сілтеуге дайынмын
Әрі қарай

Мұқағали Мақатаевтың 29-30- шілдеде өтетін 80-жылдық мерейтойының бағдарламасы

Үстіміздегі жылдың 29 – 30 шілде күндері Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтеді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде Мұ­қа­ғали мерейтойына арналған әдеби-көпшілік ша­ра­лар мен ғылыми-танымдық конференциялар ұйым­дас­тырылуда. Ал ақынның туған ауылында кеңінен атап өтілмек негізгі тойының бағдарламасында төмен­де­гідей іс-шараларды жүзеге асыру көзделген:

• Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою;

• М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден рес­пуб­ликалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақын­ның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз ба­ла­лар­дың концерттік бағдарламасы;

• М.Мақатаев ескерткіші мен мемориалды му­зейі­нің салтанатты ашылуы;

• Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде М. Мақатаевтың ту­­ғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми кон­фе­рен­­ция;

• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақын­дардың республикалық жыр мүшәйрасы;

• Орталық алаңда «Жырлайды жүрек« атты М. Ма­қа­таевтың сөзіне жазылған әндерден мерекелік кон­церт;

• Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы;

• Театрландырылған қойылым және мерекелік Гала-концерт;

• Мұқағалиға арнап ас беру;

• Ат спорты түрлерінен жарыс;

• Жиынды қорытындылап, қонақтарды шығарып салу.

Қазақтың қара өлеңінің тойына асығыңыздар, қадірлі Алаш жұрты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат мына жерден алынды
Әрі қарай