Құмырсқаның илеуі!
Сәлеметсіздер ме! "Құмырсқаның илеуінен" дәм татуға келіңіз!
Иә, ия… "Құмырсқаның илеуі" немесе «Муравейник». Бұл тәттіден барлықтарыңыз дәм татқан боларсыз деп ойлаймын. Егер араларыңызда мұндай тәттіден ауыз тимегендер болса, онда қолға қаламсап алып, қағазға түртіп алсаңыздар болады. Жасалыну жолы қарапайым.
Құрамы:
ұн — 3-4 стакан
маргарин — 200 гр
қант — 200 гр
қайнатылған сүт (варёная сгущёнка) — 1 құты (банка). Бары осы ғана! Ал енді, жасауға кірісейік!
1. Әрине, ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Енді кірісеміз. Алдымен маргаринді ерітіп, үстіне қантты қосып араластырамыз.
4. Осы қоспаға ұнды елеп саламыз. Ұнды елеп салғанның маңызы зор.
5. Барлығын араластырып, әдемілеп, жұмсақ етіп қамырды илейміз.
6. Бірнеше минутқа қамырды жауып қоя тұрамыз. Содан кейін, қамырды аз-аздан үзіп, ет тартқыштан (мясорубка) өткіземіз. Ет тартқыштан өткізіп тұрғанда, қамырды әр 5-7 см сайын үзіп отырамыз.
7. Алынған қамырды ыстық пешке салып, пісіреміз.
8. Пешімізден қызарып піскен печеньені аламыз.
9. Осының үстіне қайнатылған сүтті қосамыз.
10. Барлығын жақсылап араластырып, құмырсқа илеуінің пішініне келтіреміз.
11. Бір жартысына какао, екінші жартысына қант ұнтағын сеуіп әсемдейміз.
Мұны енді тоңазытқышқа 2-3 сағаттқа салып қоямыз. Осымен жұмыс бітті, ыстық көк шәймен ішсеңіз болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Пы.Сы. Тәтті жегіштер мен тәттіні ұнатпайтындар үшін ортақ дәм десек те болады. Ең бастысы қайнатылған сүт қосу міндетті. Қарапайым сгущенка қосса печеньенің басы бірікпей қалады.
Қателіктер болса алдын-ала кеЧірім сұрайм! Назар қойғандарыңызға рахмет! Дастархандарыңыздан дәм кетпесін ағайыыын!

Әрине сен біреулік болмасаңБәрі жақсы, АКА!
как раз мен үшін екен.
балалық шағым еске түсті Көп жасайтынмын осыны
Ма-ма ол кезде сондай көп қонақ келетін де, шақыратынбыз да, өмірі осы тортты жасайтынбыз. Кейін вааше жек көретін болғам, муравейник десе төбе шашым тік тұратын боп Дәмдісі дәмді енді бірааақ
@АКУ керісінше мұны жасау қиын. Ұсақ жыбыршақ жұмысы тым көп Қамырын дайындап, оны мұздатқышқа салып, оны алып үгіту, АКА ет тартқыштан өткізеді екен, мен кәдімгі үккішпен ақ жасайтынмын.Бірақ андағы бір қамырды пысырып біту үшін 3-4 ке бөліп үгітіп духовкаға саласың. Себебі тым көп үгітіп сап қойсаң біркелкі боп пыспайды. Ал ол тағы уақыт
Одан да ана @Zilola жасаған балалық шақтың дәмі зебра әлдеқайда оңай сияқты, қамырын жасайсың да, сол беті духовка, чудопечьке құя саласың. Ал мынау алу-салу білмім маған машақаты көп дүние.
Сосын таға бір айтатыным АКА қайнаған сүт қосқан екен, ал мен болсам сгущенка мен слив.майды араластырып жасайтынмын кремін.
Бірақ бұл торттың бір артықшылығы бар, ана негізін алдын-ала жасап қояға болады. мысалға қонақ шақыруды сенбіге жоспарладыңыз дейік, ал қамырын жасап, пысырып деген этабын бір апта бұрын жасап қойса да болады. Песочные печенье сияқты боп жақсы сақталады. Сосын керек кезде креміне араластыра салса болады.
Ака, жарайсың!
Маргарин орнына сливочный май қосса болатын шығар ия? Маргарин деген майдың ең нашары ғой. Қолдан жасалған тәттілерге не жетсін дегенмен. Осыған ұқсас черепаха деген торт болушы еді. Бірақ рецептісі есімде емес екен.