Жапония күнделігінен: Самурайлар ауылында

Сәлем, замандас! Ара-арасында бас қосуларда көрініп қалсам да, Жапония сапарынан әлі шыға алар емеспін. Есіңізде болса, соңғы рет Шимабарадағы кешкі аста жолыққан болатынбыз. Содан соң?

Келесі күні таңда нөсер жауын құйып кетті. Жапон стиліндегі таңғы астан соң, қонақ үй алдында қаздай тізілген қолшатырлардан «осы әсем» дегендерін қолтығымызға қыстырып, Шимабарадағы Самурайлар көшесіне қыдырыстауға шығып кеттік.
Қысқаша түсінік. Самурайлар — феодалды Жапониядағы әскери феодалдар, былайша айтқанда жапон «рыцарлары».«Самурау» деген түпнұсқасының аудармасы "өзінен жоғары тұрғанға қызмет ету" дегенді білдіреді. Олар жай ғана әскер емес, сонымен қатар бай-шонжарлардың қорғаушысы.Жақсы қызметі үшін олар өз қожаларынан атақпен қатар, үй-жай, қызметші, жер аумағын да алатын болған. Төменде айтылатын үйлер олардың мекені, демалыс орны, қонақ қабылдайтын жерлері болған.
Бір басылып, бір күшейген жауын әлден соң төпелеп кетті. Менің аяғымда шүберек мокасини әбден су болғанша көшені бастан-аяқ кезіп өттік.
Фотолардан көрсеңіз:



Арық:

Мына герань тым көріксіз болса да, осынша биікте өсетінін ойламаппын:

Көшедегі үйлерде осындай манекендер отырады, кіріп келгенде біреу сенің келуіңді күтіп отырғандай қорқып кетеді екенсің, бірақ қызық:

Айтпақшы, бұл үйлер музей ретінде сақтаулы, өткен ғасырдағы үй аурасын бұлжытпай беріп тұр. Күтушілері әдетте сол самурайлардың ұрпақтары немесе жанашырлар.





Су болған аяқкиімім




Көшедегі тоғанда жүзіп жүрген карп балықтары:


Жаңбыр жауып өткенде:

Шимабара сарайының қасында:

Сакура гүлі:





Қонақ үйге қайтып барып, жүгімізді аларда:






Үзбестен бір күн бойына жауған жаңбыр астында өткен осы саяхатымыз аяқталып, Нагасакиге жүріп кеттік.
Бөлісу:

18 пікір

Altygradus
ана демалыс үйі ұнады маған бәрінен. Іші деген жинақы, сондай жақсы жасап қойған. Шимабара әкімшілігіне риза болдым. Туристерді тартудағы амалдары керемет.
Жолда келе жатып мамаңа тоқитын біз алғаның қызық болд
KILYZAMAN
Сакура-жапон шиесіме?(вишня)
Altygradus
иә жапон шиесі. Бірақ онда ешқандай жеміс өспейт, тек гүліне бола отырғызады
KILYZAMAN
Гүлінде қандай ерекшелік бар болды екен? Сакураға байлансыты жапондықтардың ұлттық нанымы немесе ұстанымы барма?
Altygradus
білмим енді ерекшелігін
наным деген жоқ, бірақ ерекше құрметтейді. Тіпті гүл деген хана=сакура деп айтса болады.
Сакура түсті деп атайды, сакура кезеңіндегідей деген сөз тіркестері көп
ken
не деген тазалық
AKY
Сұлу жер ғой, сұлу… Құдды ертегі сияқты. Жаңбырдан кейін бейне бір жуынып алғандай, тазалықтың лебі есіп тұр.
Erkekyz
Табиғаты керемет, тура бір жұмақ сияқты. Тап-таза.
nurjanbay
жұмақты көріп пе едің?
Lyaila
Қандай керемееет
xawgim
keremet saparingning satti bolganina hwanixtamin
monti
неге 3-4 сурттерде, заболарын үлкен тастармен қоршаған? әлде бұрынғы үйлер ме екен?

сосын мен инеттен оқып едім, осындай ескі тұрақтарда, киімдерін киіп суретке түсуге болады деп, сіздер түскен жоқсыздар ма?
Altygradus
самурайлар тұрған ескі үйлер
Бар негізі ондай жерлер, бұл жерлдерде бірақ жоқ қой дейм біз іздемедік.
mampasi
Гулистан ол жаққа тек қыдырып қайтуға бардыңба?
nurbergen_makym
«Сұмырай» болатын самурай іздеп десе
nurbergen_makym
Болмаса, «Лала гүлдерінің сирек кездесетін түрінің тұқымын іздеп» десе
Gulistan
Тек қана қыдырыс. Құрбым оқып, мекен етіп жатқан жерде болу көптен бергі арманым еді.