Кариб теңізінің пандасы (екі бөлімнен тұратын ақпараттық-танымдық рецензия)

Кіріспе

Өткен аптада ебін тауып, есебін келтіріп екі фильмге барып алдым. Бірі «Кариб теңізінің қарақшылары. Тылсым жағалауда», екіншісі «Кунг-фу панда 2».

Екеуі де мен күткен дүние. Екеуі де көңілімнен шықты. Сапалы дүние жаныңа жақпай қоймайды екен.

Бірінші бөлім. «Кариб теңізінің қарақшылары. Тылсым жағалауда»



Қазақстан кинопрокатының рекордын жаңартқан «Қарақшылардың» жаңа маусымы басталған сияқты. Біздің көз үйренген бұрынғы кейіпкерлерден тек Джек Торғай (бұттан кеттім ©), капитан Барбосса, Джектің көмекшісі Гиббс пен әкесі капитан Тиг секілді бірді-екілі кейіпкерлер ғана қалған. Өзгелері су жаңа қаһармандар.

Алғашқы үш бөлімді түсірген Гор Вербинскиден тізгінді алған режиссер Боб Маршаллдың бастамасы жаман емес. Мәскеуде өткен фильм премьерасында Walt Disney-ліктер жалғасын жасаймыз деген көрінеді. Оған продюссер Джерри Брукхаймер мен бас кейіпкердің иесі Джонни Деп те қарсы емес секілді.

Киноға барғанымның кесірі ғой, мен енді бесінші бөлімін күтетін болдым. Теңіз қарақшылары туралы көңілім кеткен туындылардың бірі һәм бірегейі осы «карибтіктер» еді.

Атақты композитор Ханс Циммердың («Гладиатор», Кристофер Ноланның «Бэтмені» мен «Началосы», «Тачки», «Мадагаскар», тб) музыкасы төбе құйқаңды шымырлатып, алапат-алапат, кең масштабты көріністер есіңді алып, актерлардың ойынына сүйсініп отырсаң ұнамай қайтсін.

Аяғы ауыр Пенелопа Круспен қылыштасып жүрген Джонни Деп өзінің кәсібилігін көрсетуден жалықпайды-ақ екен. Айызыңды қандырады ғой ойынымен. Әрбір қимыл-қозғалысы, қасы, көзі, кірпігі кейіпкерінің бүкіл болмыс-бітімін ашып, ақтарып көрсетіп бергенде, біздің кейбір «бетон-бет» актерларға беттей алмай қаласың.

Қарасақал Эдвард Тичтің рөліндегі Йэн Макшейнге де көңіл толды.

Жалпы «Кариб теңізінің қарақшылары» — панорамды, бүге-шігесіне дейін толық ойластырылған, арнайы эффектілері «мама» дегізетін топтама. Қайсысын алып қарасаң да түсіру тобының еңбегі бадырайып көрініп тұрады. Екі-үш сағатық фильмнің жалғыз кадрында жылт етіп көрініп қалатын актердің өзі ою болып, өрнек болып тұрады.

Санасыз, бірақ, сиықты, мағынасыз, бірақ, мазмұнды «Қарақшылар» — кино көріп ойға шомамын немесе пәлсапа соғамын деген емес, дем аламын, сергимін деген адамға таптырмас дүние. Әсіресе төртінші бөлімі.

Айтпақшы, титр шыққанда тұрып кетпеңіз, ееееең соңында кішкентай қызық көрініс бар.

Екінші бөлім. «Кунг-фу панда 2»



Пандаға бір барғанда екі бардым. Бірінші жолы тапқыр қалжыңдарға ішегімді түйіп қайтып едім, екінші жолы «Панданың» кейбір тұсы біраз ойлантып тастады — өзім күтпеп едім.

Графикасы мен түсірілу технологиясы бірінші бөліміне қарағанда біраз жетіліпті. Бояуы қанық, кейіпкерлердің қимыл-қозғалысы, бет-әлпеті жақсы салынған. 3D-мен көрем десеңіз де болады, көрмесеңіз де ештеңе жоғалтпайсыз.

Ел-жұртты пандаманияға ұшыратқан фильмнің басты ерекшелігі – ұтымды, күтпеген жерде айтылатын/көрсетілетін қалжыңдары. Бұдан басқа қаһарманның басқа көптеген туындылардағыдай батыстан емес шығыстан шығуы, сауатты графикасы секілді артықшылықтарын да айтуға болады.

Жағымсыз қаһарман тауыс Лорд Шэнь ұнады. Бейне бір салынған сурет емес, дауысын салған Гари Олдманның өзі рөлде ойнап жүрген сияқты.

Дауыс демекші, орыс тілінде По панданы дыбыстаған Михаил Галустянға риза болады екенсің. Образға ене білгені керемет, енді.

Екінші бөлімінің тағы бір ерекшелігі – жыртылып күле бермей, бір ауық ойланатыныңда. Әсіресе, кішкентай Поны шешесінің қалдырып кететін жері әдемі түсірілген.

Көңіл-күйді көтеретін туынды. Жалғыз бармаңыз тек. Жаныңызға жақын адамыңызды ертіп алыңыз. Эффектіге кепілдік берілген.

Эпилог

Соңғы кезде жынға тиетін қоқыс кинолар көбейіп кеткен сияқты болған. «Кариб теңізінің пандасы» сол кризистен құтқарып қалды мені.
Бөлісу:

31 пікір

edige
«Ең болмағанда 40 минутымды қайтарнақ» демесем болды. көреміз… рахмет
qisyq
Демейтініңе сенімдімін. лібә, нақұя айттым...
omarbirat
«Пандаға» барғым келіп жүр еді. "Қарақшыларды" торренттерден жинап алып көрем ғой деймін, не қылған фильм екен.
qisyq
Бала-шағаны алып барып қайтуға болады. Алдында үш балақайды (менің емес, бір әпкеміздің) апарып едім, ұнады дейді. Үлкендерге де қызық болар.
Altygradus
Кариб теңізінің пандасы
атауы ұрып тұр
qisyq
"Өртейд нақ!", «Жыртад шшс!» дегеннің синонимі ғой.)))
asaubota
бүгін барып қайтатын шығармын Пандаға, сен айтқаннан кейін қызығып кеттім.
qisyq
Аха, Әминді ертіп ал
asaubota
соңына дейін шыдап отырады деп ойлаймын. 6 ай бұрын Рапунцельге апарғанымда отырып еді.
patick
Панданы көрік қайтпасам
Gulistan
«Я люблю тебя, Кунда фунда» дейтін пандомания ауруына «шалдыққан» інімді апару керек екен
qisyq
Апарыңыз, ұнайтынына сенімдімін.
asaubota
кеше барып келдім Кунг Фу Пандаға. біріншісіне қарағанда күшті шыққан. сценарийі жақсы. фильмнің соңында бір мессадж беріп қалды, жалғасы да қызық болатын сияқты.
qisyq
Аха, енді үшіншісін күтеміз Әминге ұнады ма?
asaubota
«папа, күшті болт» деді. үйге келгесін ұйықтағанша аю болып жүрді, аю былай тебед, былай секіред деп.
omarbirat
Сенбі күні барам. Кинотеатрларда көрсету мерзімі аяқталып кетпесе.
qisyq
Жұма күні түнгі сеанспен жауып тастамаса
omarbirat
Соны ойлап отырмын. Ондай болса, BDRip шыққанша күтеміз, амал который
qisyq
Қалжың ғой, үлгерерсіз деп ойлаймын. Ол тұрмақ Пандадан бір ме, екі ме апта бұрын басталған қарақшыларды да көруге болады.
omarbirat
Кино.КЗ-тен қарап едім. Сенбі түгілі, ертеңгі күннің кестесі белгісіз екен. Содан күдік жегідей жеп барады
qisyq
Сөйтеді, кино.кз көрсетпейді көбінесе. Бірақ, болады деп ойлаймын, құрып бара жатқанда «На Райымбека» бар ғой:))))))))))))
omarbirat
«Кунг-Фу Панданың» түпнұсқасын дыбыстауға Ван Дамм да қатысыпты дейді ғой.
qisyq
Ия, сол жерде қытай аллигаторы Крок деген жауынгер бар. Эпизодтық рөл. Соны дыбыстайды.
konvict
Мен торрентен алып едім көруге мойын жар бермей жүрген. Мынадан соң бірден көріп жатырмын. Рахмет саған Панда, ой Қисық!
Пы.Сы. «Кариб теңізінің теңіз қарақшылары ©» Scheschesse!
qisyq
Оқасы жоқ, Сайран теңізінің теңіз қарақшысы:)))))))
Mansy
«Кариб теңізінің қарақшылары киносына кызбен барып озим уйыктап каппын
qisyq
Көтек! Онысы нес!
Mansy
шаршаганмын гой, кыз барайык деп коймагасын барганмын
omarbirat
«Пандаға» сенбі күні барып қайттық. Ұнады. Кроктың Ван Дамм сияқты шпагатқа отырғаны, әсіресе.
Ең алдыңғы қатарға отырамын деп, графикалық кереметтерін байқауға мүмкіндік болмай қалды бірақ ))
qisyq
Аха, түрлерін ұқсатып салған. Маймылдың іс-әрекеттері де Джеки Чанды еске салады.