1 шілдеден бастап көлікті кеденде рәсімдеу 5 есеге қымбаттайды

Қазір көлік алғысы келгендердің аузынан 1 шілдеден соң кеденде көлікті рәсімдеу қанша болады деген сұрақты естисің. Кеше де жазбамда осы мәселеге тоқталған едім. Бүгін осы туралы арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Сонда естіген ақпаратым. 2007 жылы шыққан двигателінің көлемі 1800 текше см. болатын Тайота короллла көлігінің кедендік рәсімдеудің жалпы құны қазір 15 200 теңге болса, 1- шілдеден кейін ол 1 091 597 теңгені құрайды. Айырмашылық 5 есе. 2010 жылы 1-шілдедегі №682 Үкіметт қаулысы бойынша жеке тұлғалар үшін жеңіл көлік әкелуде 3-10 жыл аралығында шыққан көлік двигателінің көлеміне қарай 1 текше см. үшін кеделдік алым мен салықтың жеңілдетілген мөлшерлемесі 0,35-тен 0,6 евро көлемінде белгіленген еді. Шілде айынан бастап шыққанына 5 жылдан асқан 1800-ден 3000 текше см. дейінгі көліктердің кедендік алымының мөлшерлемесіне әр текше үшін 4 евро және оған 12 пайыздық қосымша құн салығы қосылмақ.

Ақшаң болса көлік алып қал.1 шілдеден соң, қымбаттағаны қымбаттаған.

Айтпақшы жыл басынан бері автонарықта жанталас, соңғы айда тіпті өршіп тұр. Елдің барлығы арзан көлік алып қалғысы келеді. Мысал міне. 2010 жылы Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінде 21 458 көлік кедендік рәсімдеуден өткен. Биыл 5 айдың өзінде бұл сан 23 337-ге дейін жетіпті.Айтпақшы қазіргі таңдағы тағы бір шулы мәселені шет елден көлігі кешігіп жатқандар көтеріп жүр.Олар 1 шілдеден кешігіп қалсақ, жеңілдік берілсін деп жанталасуда. Алайда, Кеден комитетіндегілердің айтуынша көліктері шет елде түрлі себептермен бөгеліп қалған азаматтарға 1-шілдеден кейін ешқандай жеңілдік берілмейді.
Бөлісу:

23 пікір

omarbirat
Қазірден бастап Қырғызстанда есепте тұрған машиналарды сенімхат арқылы алып жүргендер бар екен. Кедендік рәсімдеуден әлдеқайда арзанға түседі дейді. Соңғы кездері Алматыда қырғыз нөмірлерімен қымбат машиналардың қаптап кеткенін енді түсіне бастағандаймын.
qisyq
2007 жылы шыққан двигателінің көлемі 1800 текше см. болатын Тайота короллла көлігінің кедендік рәсімдеудің жалпы құны қазір 15 200 теңге болса, 1- шілдеден кейін ол 1 091 597 теңгені құрайды.
Оппа…
Erbol
Нақтырақ мысал: 2010 жылғы АҚШ-тан келетін, двигателі 4000 куб.м «Toyota 4Runner» автокөлігінің құны 35000 долар тұрады. Алматыға жеткізу құны 2000 доллар шамасында. Жаңа тариф бойынша жаңа көлікке кеден баж салығы 30 пайыз көлемінде болады. Бірақ 1см3 двигатель үшін 2,8 доллардан кем емес. Егер жеткізу құны 200 доллар болса, онда кедендік алым (35000+2000)*30%=11 100 АҚШ долларын, двигатель көлемін қоссақ 4000*2,8*1,44=16 128 АҚШ доларын құрайды. Акциз бағасы 1 см3 үшін 100 теңге, яғни 4000*100=400 000 теңге немесе 2740 АҚШ доллары болады. Кедендік алым 60 еуро. Қосымша құн салығын қоссақ (35000+16128+2740+81+2000)*12%=6 714 АҚШ доллары болады. Барлығын қосқанда бұл көлікті кедендік рәсімдеу 25 663 АҚШ долларын құрайды. Ал қазіргі жеңілдікпен бұл сомма 5 мың доллар айналасында болады. Ара салмақ 20 мың долларды құрап отыр.
satibaldi
Бәсе, Кәрбоздың өткізе алмай жүрген «Орёл-Вестрасы» бар еді, бүгіндері ол да өзінше боп телефонын көтермейд, кедендікодақсстың.
edige
626 мазданы армандап кететін болдым…
omarbirat
Салондағы машиналардың бағасы не болады екен? Тойота, Ниссан, Мицубиси, Субару сияқты орындығына арт үйреніп қалған көліктерді айтам… Мерседес, БМВларды атамай-ақ қояйын. Олар оу бастан-ақ арзан тұрмайтын
Erbol
Ресейде құрастырылғандары болмаса, шет елдік сборка су жаңа Тойота, Ниссан, Мицубиси, Субару арман болатын сияқты.Орыстың Ладасын, болмаса Өскеменен бір-бір НИВА алып мінеміз да.
omarbirat
Жетілік, тоғыздық, тоқсан тоғыздық «Жигули» мініп, крутой болып жүретін заман қайта келе жатыр деп түсінсек пе екен… Тойотаның Ресейде құрастырылатынына шүкір. Форд, Шкода, Шевролеттер қаптайтын шығар.
Erlan
машиналар қымбатсып кетті, куте туратын болармыз, Грузияда жаксы машиналар бар арзан багага
томендегидей
myauto.ge/car_details.php?car_id=2687152
myauto.ge/car_details.php?car_id=2679145
Erbol
Тым арзан екен.Неге деген сауал қылтияды?
satibaldi
Есіктері мен ременьдері — жүзім ағашынан тоқылған.
omarbirat
Оларды бәрібір кеденнен өткізу керек болады ғой?
saken
Грузиядан алғаннан Қырғыздардан алған дұрысырақ. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайық дегендей.

Арзан болуына Грузия мен Қырғыздардың ВТО мүшесі болуы да әсер етуде ғой.
Айтпақшы, Қырғыз еліне тіркеп оң жақ рульді машиналарды да әкелуге болады дейді білетіндер.
Erlan
арине кеденнен расімдейсін, бірак 1 шілдеге дейін қимылдап қалсан арзанырак болады
Erbol
1 шілдеге дейін үлгеру жоқ шығар.
19852407
бұл жаз да жеңіл көлікті ерлеуім арман бовқалатын түрі бар
edige
Кедендік одақтың елге берер пайдасы орасан екеніне тағы да бір көз жетті…
Достастығы құрысын бұндай
Erke
окып шыктым, бари кымбаттап джатыр! Соны болып мен жазайын коментари шешесс… с..........!
gunner
Бірінші шілдеге дейін сатып алынған бірақ Қазақстанға келіп үлгенрмеген машиналарды да кіргізбейді екен. Алып сатарлар үкіметке хат жазып жылап жүр. Бұл жолы, жарайды тағы бір екі айға ұзартайық деп шеше салу қиын, енді Ресей мен Белоруссия арқылы шешіледі ондай мәселелер.
omarbirat
Кіргізеді, бірақ қазіргідей жеңілдік жоқ. Жаңа тарифтер бойынша рәсімдейді.
gunner
Ия, сол ескі тарифпен кіргізбейді дегенім).Мүлдем кіргізбесе СССР ге айналамыз ғой))