Жапония күнделігінен: Isahaya-Unzen-Shimabara сапары
Бір күн бір күннен ерекше Жапониядағы демалысым сәтті өтіп жатты. Нагасакиде аз-кем демалыстан соң Исахая-Унзен-Шимабараға қыдырысымыз басталды.
Сол қалаішілік трамваймен вокзалға жетіп, билет алып, одан әрі поезбен қозғалатын болдық.
Осы сапар негізі қызық басталды. Вокзалға келіп, поезымызды күтіп отырғанда бос отырмай буклеттерді оқыдық, Жанна сумкасын реттемек болып заттарын шығарды. Солай отырғанда поезд да келе қалды. Мініп, жайғасып отырған соң, Жанна мазасызданып бір нәрсесін іздегендей болды, «Не болды?» — «Телефоным жоқ».
Менің енді жадым (пәміт) қатты дамып кетпесе де, көрген бейнені жақсы сақтайтыным бар. Сол лезде ойыма орала қалды. Телефон (қызыл айфон)орындық үстінде екеуміздің сумкамыз арасында жатқан, сол асығыс тұрғанда сол жерде қала берген. Осына ойлап тұрғанда, көлігіміз жеделдетіп екі станциядан қозғалып кетті. Содан Жанна 3-станциядан түсіп, кері жүретін поезға кері отырды. Ол Нагасаки станциясына барып, орындықтан немесе диспетчерден телефонды алып, кері қайтара отырмақ. Жолдан өткенде мен оған ілесуім керек. Қолымызда жүк сумкасы болғандықтан, жайбарақат жүретін жағдай болмады.
Жобаласам, сол 30-40 минут шамасында телефонын алып, кері қайтты ғой. Осы арада мен сабақтан қайтқан оқушыларды қызықтаумен болдым. Айта кететіні, Жапонияда оқу, яғни «алғашқы қоңырау» осы сәуір айында басталады. Осы айда тек оқу емес, қаржыгерлер, аналитиктер, жалпы есеп-қисап жүргізетіндер үшін де «жыл басы» екен (кішкене оффтоп)
Алғаш Исахая — Isahaya деген қалаға келдік.
Қысқаша ақпарат. Исахая (жапонша 諫早市 Исахая-ши) —Нагасаки префектурасында орналасқан жапон қаласы. Жер аумағы 321,23 шаршы шақырым, тұрғындары — 140 942 адам.
Вокзал маңында кейбір кеңсе есігін тоздырып, келесі жүретін автобусты іздеумен бір жарты сағаттай жүрдік. Алда – Унзен, Unzen.
Мен «түтін қала» деп атап кеткен мына жер басында жат көрінді, тірі жан көрінбейді, шауып жүрген ит пен мысық та жоқ. Оның үстіне карбидтің иісі мұрын жарады. Сөйтсек, бұл – қаланың ерекшелігі екен.
Қысқаша. Ундзен (жапонша Ундзэн-ши?) — бұл да Нагасаки префектурасында орналасқан Жапония курорттарының бірі. Қаланың жер көлемі 206,92 шаршы шақырым, тұрғын саны — 47 297 адам.
Бұл өлке өзінің ыстық бұлақтарымен (hot spring) танымал, Шимабара түбегінде орналасқан.Бұл жерде, сонымен қатар Унзен вулканы да бар, тарихи атқылаулары — 1663, 1792 мен 1990-1995жж.
Қаланың ішінде:
Көшедегі ыстық бұлақтар:
Аяқ ваннасы деп те атауға болады. Температурасы жанға жайлы, аяғыңда салып отыра бергің келеді. Бұл тегін екен. Ешкім бақылап та тұрмайды.
Автобус аялдамасы:
Аум Синрике мүшелері іздестірілуде (мен депутаттар ма деп қалсам)
Ундзенде 2-3 сағаттай болып, сол күнгі соңғы нүктеміз Шимабараға кеттік.
Қысқаша түсінік. Шимаба́ра (жапонша Шимабара-ши?) — Жарония, Кюсю, Шимабара түбегінің солтүстік-шығыс жағында орналасқан қала. Шығысында Арикэ шығанағы, батысында — Ундзэн таулары. Қала 1940 жылы 1 сәуірде қаланған. Аумағы 82,78 шаршы шақырым, тұрғындары — 47 587 адам.
Туристер үшін ең танымал жерлері Шимабара сарайы мен оның жанама өтіп жатқан Самурайлар көшесі. Онымен қоса, көптеген жапон ыстық бұлақтары — онсэн де бар. Ысытық су мен салқын судың көптігі сондай, шағын арықтарда көшемен де ағып жатады.Түрлі-түсті карп балықтары жүзіп жүрген арнайы суқоймаларын да осы Шимабара көшесінен көре аласың.
Ендігі кезек суреттерде.
Сол қалаішілік трамваймен вокзалға жетіп, билет алып, одан әрі поезбен қозғалатын болдық.
Осы сапар

6 пікір