103 пікір

alisha
Дәл осыны өткенде бір сұлулық байқауының жеңімпазына қойды тілші. «Сұлулығың мойындалды, енді біліміңді көрейік, 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма?» деп еді, әлгі қыз: "Әрине, темір ауыр" деп қояды.
konvict
Мен соны көріп қойып отырмын. Кім қалай ойлайды? Негізі біреуі ауыр
alisha
Салмағы тұр, басқа не керек?
a63a1
ия ишшо 5 рет қайталаттығой
Onlasyn
Шын мәнінде — қорғасын ауыр
a63a1
сен қателесесің!!! шын мәнінде қыз ауыр
konvict
Жоқ, шын мәнінде қыздың аяғы ауыр
konvict
@neoman қайдасың?
neoman
Керек кезде шақыра қоятын кімің едім?!
konvict
Палпан, математикадан Джынды едің ғой
konvict
Жекеге нөміріңді жіберші
alisha
Екеуі де 1 кг емес пе?
konvict
 Қайсының ауыр екендігін бірінші тапқанға, және себебін айтқанға мың бірлік ұтыс бар
alisha
Әдейі желіктіріп отырсың ғой сен бізді)))))
konvict
Шын айтамын! Ал, енді гөглдетіп жіберіңдер
Onlasyn
Мақтаның көлемі үлкен, сондықтан астынан қысым көп түседі. Бұл енді жәй таразыда байқалмайтын шығар…
Qojeke
массасы ғой 1 кг. Ал салмағы мен түсіретін қысымдары ортаға байланысты әр түрлі болу керек.
Abilakim
екі метр биіктіктен бастарыңа екеуін кезек түсіртіп көріңдер, сосын жауабы белгілі болады
konvict
Одан кейін жауабын айтуға шама келмей қала ма деп қорқамын
Abilakim
ендеше бірлігіңді маған сала бер, как раз керек боп отыр еді. Пасвордыма 500, кейселіме 500
konvict
Әбіл! Жауабын дүрыс айтпадың
Abilakim
мәселе дәл сенің ойыңдағы сөздерді қайталауда емес қой, мәселе өзіңнің ойыңды дәлелдеуде. ДЕбатшылардан сұралық анық қанығын. Олар қате пікірді де дәлелдеудің шебері болған деседі
Zilola
бір аяғыңды көтеріп тұрып өлшенсең де, екі аяғыңды тең басып өлшенсең де сол салмақ дегендей ғо мынау ))
Qojeke
Салмақ деп айтамыз, бірақ физика тілінде масса болады. Салмақ кг мен өлшенбейді. Сұрақтың қиындығы сол тұста болса керек.
Zilola
сұрақта ауырлығын сұрап отыр, оның бір шаршы метрге түсетін тік қадалған немесе тең таралған күшін сұрап отырған жоқ ғо
Qojeke
Ауырлық деген тек масса (кг) емес, сонымен бірге салмақ аурлығы бар. Салмақ деген нағыз күштің өзі.
Zilola
қоя бер, @konvict жекеге хат жазып, мен қазір солай сұраймын ал сен келіп физиканың заңдарымен есепті шашып тастайсың деп келіссек басқаша болар меД ))
neoman
Қысқасы…

Екі нәрсені ескеру қажет.

1.Архимед күшіне байланысты. Әдетте мақтаның тығыздығы аз болғандықтан, оның көлемі қорғасыннан көп үлкен болады. Мақтаның көлемі үлкенірек болғандықтан, оған әсер ететін Архимед күші көбірек. Сондықтан Архимед күшінің әсерінен мақта сәл жеңілдейді.

2.Салмақ дегеніміз дененің белгілі бір горизонталь жазықтыққа түсіретін қысымы. Біздің жағдайда қорғасынның көлемі кішкентай болғандықтан, оның мысалы 1 шаршы сантиметрге түсіретін қысымы көбірек (гравитация).

Қорғасын — ауырлау
konvict
Ауаның қысымы естен шыққан тәрізді…
Abilakim
үйкеліс күші мен Ньютонның заңдары да далада қалды
konvict
Үйкеліс күшін анықтауда сендердің тәжірибелерің көп секілді көрінеді
neoman
Ештене естен шыққан жоқ. Бәрі дұрыс

ПС. Ескертуді ұмытып кетіппің. Салыстыру ауада, қалыпты жағдайда. Вакуумдағы жағдайды айтып миды ашытпаңдар. Вакуумда мақта ауырлау болады
Qojeke
Мақта мен Архимед күшін бір ваннаға кіргізе алмай отырмын. Мақтаның суға сүткендегі көлемі мен суға түскендегі көлемі арасында үлкеееен айырмашылық бар. Оны қалай ескермеуге болады?
Abilakim
Архимед күші деген суда емес пе деуге бағана білімсіздігімді көрсетем бе деп ойлап ем…
Abilakim
Шамалыдан соң Паскаль заңына сүйенеміз денеге түскен қысым дененің нүктесіне бірдей тарайды дегендей…
neoman
Тек бірінші сөйлеміңді ғана түсіндім. Архимед күші сұйықтықтардан басқа орталар үшін де жұмыс істейді. Газдың да итеру күші бар, судыкіндей болмаса да
Abilakim
Есікті тұтқасына жақын жерден итерсек аз күш жұмсаймыз, топсасына жақын жерден итерсек көп күш жұмсаймыз
konvict
Раунд уан! Әбіләкім бс. Неоман! Файт!
qisyq
Әбіләкім уоон…
Раунд ту! Файт!
neoman
Сөйтсе?
Түсінбедім…
Abilakim
Не знаешь Ома, сиди тихо дома десең,ә)))))
neoman
Далбасалап кеттің
Abilakim
Өмір,өмір тек мені ғана жазбаған сүрінуге,қайта тұрып қақым бар жүгіруге
Qojeke
Сол ғой. Судыңкіндей болманған соң ескерудің қажеті бар ма екен? Мысалы, вакуум болса.
neoman
Сқрақтың мәнісі дәл сол Архимед заңында боп тұр ғой. Ескермесең болмайды.

Вакуумда мақта ауыр, өйткені онда мақтаны жеңілдететін ауа (не Архимед күші) жоқ
Qojeke
Сұраққа жауап беру үшін мәселені қай жағынан қарастыру керек екенін анықтап алу керек.
АУЫР сөзін «массасы ауыр», «салмағы ауыр» деп ауызекі тілде бірдей сипатта қолдансақ та, физикада екеуінің арасы жер мен көктей болмаса да, соған ұқсас келеді: масса: m, салмақ: m*g

Сұрақтың жауабын тығыздықты негізге ала отырып та іздеу болады. 1 см куб қорғасын 1 см куб мақтадан ауыр.
Қысым да бар екен ғой.

Қай ауырлықты сұрап отырғаныңды айтшы.
konvict
Сұрақтың жауабын тығыздықты негізге ала отырып та іздеу болады. 1 см куб қорғасын 1 см куб мақтадан ауыр.
Осыны дұрыстап, адам сенетіндей дәлелдей алсаң бірлік сенікі.
Қай ауырлықты сұрап отырғаныңды айтшы.
Екеуінің полюстерде және эквадордағы ауырлықтары
Abilakim
күн ыстық кезіндегі қорғасыннна бөлінетін қорғасын буын ұмытпаңдар
Qojeke
Мен білсем, экватор мен полюстер арасындағы g айырмашылығын айтып отырғанға ұқсайсың. Өйткені полюстерде ауырлық күші жоғары болады. Сондықтан заттың салмағы ауыр болады. Айдағы ауырлық күші (гравитация) Жердегіден аз. Ол жақта заттың салмағы аз болады.
Осы ма?
Бір ой келіп тұр.
заттың массасы өзгермей, көлемін өзгергенде оның түсіретін ауырлығы азаяды. Осыған қарасам, көлемі аз қорғасын ауыр болады.
Abilakim
Лібәдтар-ай, қорғасынды басқа белдікте, мақтаны басқа белдікте өлше демекшісіңдер ме? 1000 бірлік үшін
Qojeke
Кім бірлік тікті?
konvict
Мен ТІгіп жібердім
Qojeke
Бірлік емес, сұрақтың ойландыратындығы маңызды болып тұр.
Жауабы бола ма?
konvict
ЖАуабын мен шатыспасам Ұланнан оқып едім)))))
Qojeke
Енді ұланды іздейік пе? Оны өмірімде оқыған емеспін.
neoman
Ұланда не жазылғаны туралы хабарым жоқ. Дәл мен келтіргендей бірдеңе жазылған шығар. Мүмкін сәл күрделендіріп, түрлендіріп берген де шығар жауабын. Айналып келгенде, жауап бір.

Ұландыкі менікіне ұқсамаса, ол жерде қате берген шығар. Кім қателеспейді. Математикадан Нобель сыйлығының иегерлері де болмайтын нәрселерден қателесіп жүр
a63a1
ыхххххххх іііііііііі лібәәәә мен сенің аваңа қарап қарқылдап отырм Qojeke көжек
gunner
Бұл жерде қысым, тығыздық, көлем туралы ештеңе жазылмаған. Жазылғанның өзінде бір килограмм бір килограммға тең болып қала береді, қорғасын ба, темір ма мақта ма, бу ма, су ма маңызды емес. Бұл вакуумда.
Ал енді вакуумда солай табиғатта ондай емес деп шығатын болсаң)), табиғатта қорғасынның таза бір килограммын да таза, идеально өлшей алмайсың. Әсер ететін факторлар көп: Идеал таразы жасай алмайсың, үйкеліс күші, екі түрлі денеге ауаның және басқа газдардың әсер етуі, температура т.с.с. Сондықтан табиғатта барлығы погрешностьпен есептеледі. Даже уақыт та идеально өлшенбейді, ең дұрыс жасайтын Германиядағы сағаттың өзі бір миллион жылда бір секунтқа ауытқып отырады.
Abilakim
таразыға үйкеліс күшінің не қатысы бар?
Базарда
-Тәте маған үйкелмеген картоп беріңізші…
gunner
Abilakim, даже жаныңдағы копмьютердегі мышкаға қарағанда ол мышка сен оған қарағанға дейінгідей болмайды, оның күйі өзгереді. Солай )) Сен қарағанда сен оның күйін өзгертесің.
Abilakim
Мен оны бұдан былай Хамелон дейін. Өзгере берсе
qisyq
Атауыңды сертификатты алсай
gunner
"-Тәте маған үйкелмеген картоп беріңізші…" — дегенде аузыңнан шыққан ауа аралас неше түрді газдар)) да ауамен (O2) және тағы басқа газдармен үйкеліс тудырады)). Сондықтан мектепте көбіне вакуумдағы есептер шығарылады.
Abilakim
БАсыма салафан қапшық киіп алайын…
Qojeke
Енді заттың меншікті салмағын араластырайық. Ол=ro*g. Мақтаның тығыздығы (ro) қорғасынның тығыздығынан аз. Тығыздығы аз мақтаны екеуіне ортақ g-ге көбейткенде шығатын нәтиеже ro(қорғасын)*g ден аз болады. Сонымен, қорғасын ауыр. Точносы, қорғасын меншікті салмағы бойынша мақтадан ауыр. Салмақ па, салмақ. Ауыр ма, ауыр.
omarbirat
Таразыға салсаң, салмақтары бірдей. Қолға ұстап көтеріп көрсең, тығыздығына байланысты қорғасын ауыр тартып тұрған сияқты көрінеді
qisyq
 формуласы шамамен мынадай ғой:

(1.82 Kb, 314x51)
Arhun
Оданша, конвикт, сырттан қарағанда оңай, ал шешкен кезде қиын есеп бермедің бе7
Маған бұл бір қалжың есеп секілді…
Qojeke
сонда қалжыңдап отырдық па біз? )
Arhun
бұл сұраққа қатысты
содан кейін нақты айтып отырғар жоқпын ғой…
neoman
@konvict сөзіңде тұрасың ба? Бірлігің қайда?
konvict
Сенің жауабың дұрыс емес секілді көрініп тұрғаны. Жауабы басқаша секілді еді. Бірлік бар ғой қорықпа.
nurjanbay
дажы формуласын шығарып есептеп кетіпсіңдер ғо
sigma
мектеп есебін шығара алмай осында дал болваткандарың не?

Қорғасын ауыр. Себебі:
Қорғасынның да Мақтаның да ауырлық күштері мынадай F=mg
Ньютон атамыздың 3 заңына сүйенетін болсақ, Ауырлық күшіне қарама қарсы бағытты тіреудің реакция күші (екі қолымызға ұстар тұрмыз делік), шамасы жағынан ауырлық күшіне тең, әсер етеді.
Сонымен қатар Архимед атаның күші (тек ваннада емес, газдарда да орындалады, біздің жағдайымызда ауада) F=pgV әсер етеді.
Енд мақтаның көлемі үлкен болғандықтан Архимед күші де үлкен болады, бұдан келеді де қорғасын ауыр болады.
Осы бары. Ес че менде Кселл
konvict
Менің жауабым басқа еді. Өзіме сенімсіздеу болып қалдым. Сосын бірлікті кімге саламын деп басым қатып отырғаны
sigma
Жауабыңды сал кореміз может бірлік озіңде қалар
konvict
Менің жауабым мынадай: Бір кг мақта ауыр. Себебі, мақтаның көлемі қорғасынға қарағанда көп. Біз вакумде емес ашық жерде өлшер болсақ әрине, екеуі де оттегімен араласады. Және ауаның қысымы да белгілі дәрежеде көлеміне байланысты әсер етеді. Өздерің білетіндей тығыздығы көп зат кішкене болады. Ал, кішкентай затқа қарағанда үлкен затқа ауаның қысымы көп түседі. Және де біз салмақты өлшегенде қайда өлшейтініміз маңызды. Полюстерде болатын болса салмақ эквадорға қарағанда өзгерек болады. Дәл қайсында көбірек болатынын дәл басып айта алмаймын.
Енді мына нәрсені анықтайық. Сендердің айтқандарың да шындыққа келеді. Бірақ бір нәрсе бар: Егер бір кг қорғасынның табанының ауданы мен мақтаның табаны ауданы бірдей болса екеуінде де салмақ бір жерге түскендіктен сол жерге түскен салмақ бірдей болады.
Мақтаның оттегімен араласуы және оның үлкен көлеміне түскен ауа қысымын есіпке алар болсақ бір кг мақта ауыр болып шығады.
П.С. Жата қалып сенікі дұрыс емес деп қызыл кеңірдек болмаңдар. Бір кг мақта мен бір кг қорғасынның қайсының ауыр екендігі маңызды емес қой бұл өмірде?
sigma
Сенің жауабыңның физикалық мәні мына ғой,
Ал, кішкентай затқа қарағанда үлкен затқа ауаның қысымы көп түседі.

Бұл айтып отырғаның архимед күші, яғни кері итеруші күш. ол жоғары бағытталады да денені көтеруге жұмсалады, демек, Мақта жеңіл.

Ал полюс пен экваторға келетін болсақ бұл есептің мағнасы өзгермейді, қай жерде де қорғасын ауыр, тек еркін түсу үдеуінің шамасына қатысты шамалар ғана өзгереді.

Вакуумға керер болсақ, Архимед күші нольге тең болады да, екеуі тең болады.
konvict
Мына жақта жақсы жауап беріпті
sigma
мына жағың ашылмайт
konvict
Енді көрші
sigma
мына жерін қарашы
Similar to the compact and expanded nucleus, if we compress an object, that object will measure more in gravity to the earth; therefore weighs more than the normal object. If we expand the same object, it will measure less gravity to the earth. Therefore the mass of an object, as we measure it today, does change with the size of the object.

Денені сыққан кезде салмағы көп дейді, яғни көлемі кіші
Ал көлемін ұлғайтқанда салмағы аз дейді.

Біздің жағдайымызда мақтаның көлемі үлкен болғандықтан жеңіл болады.
konvict
There used to be one trivia question like which weighs more, between one kilogram of cotton and one kilogram of iron? Let's explore the answer to this question. With the invalidation of the point mass definition of mass, it is now evident that the gravity differs with the size of an object. If we compress one kilogram of loosely bound cotton to the size of one kilogram iron bar, then the cotton weighs more than the iron bar. The difference might be very small, but it is distinguishable. So, answer to the question is cotton weighs more than the iron bar if we keep the size and shape of both the objects as same
Мына жерді бір қарап жіберің
sigma
Сіз мынаны түсіндіресіз бе? біз неге мақтаны сығуымыз керек, және есеп классикалық механикаға арналған ғой, кванттық емес.
konvict
Ал, сіз түсіндіріп жіберіңізші — мен сұрақ қойдым делік, бірақ бұл сұрақтың жауабын тапқанымыздың не пайдасы бар?
sigma
Пайдасыз пост неге жаздым деп өзіңізден сұрамасаңыз, маған келіп кетер еш нәрсе жоқ.

Бірлік берем деген өзіңіз, бермесеңіз де реніш жоқ. кванттық механика сұрағын қойған болсаңыз, керекшілердің неше пайызының кванттық механикадан хабары бар деп ойлағаныңыз маған қызық болып отыр.
konvict
Менің негізгі ойым басқа еді. Ал, бірлікке жылап отырған мен жоқ. Нөміріңді бер. Салжіверейін. Дегенмен Неоманда осындай жауап айтып еді. Соған қарап кімге берерімді білмей отырмын. Шынымды айтсам кванттық механикадан хабарым жоқ. Ньютон шалдың да ережесі естен шығыпты.
sigma
неоманға бересің ғой.
Мен неоманның шашыраңқы ойын түсіндіріп, жаздым не бары
konvict
Онда екіге бөлейік. Жартысы саған, жартысы оған. Жекеге нөміріңді жазып жібер
Abilakim
Ат арбаны қандай күшпен алға тартса, арба да атты сондай күшпен артқа тартады
konvict
Мақтаның көлемі үлкен делік, өзіңнің айтқаныңа сүйене отырып сол мақтаны сығымдар болсақ мақта ауыр болып шықпай ма? Ю
sigma
кванттық механика мен Эйнштейн атамыздың теорияларына сүйенер болсақ, ол жерде тек масса ғана емес уақыт та салыстырмалы ұғым.
konvict
Мысалы мақтаны суға салсақ қайсы ауыр болады?
Gastarbaiter
Мұнда еш «егерлерсіз» берілген ғой шарттар.
Бір кг мақтаны бір кг темірдің көлеміне дейін сығып — өлшесек, онда неге бір кг темірді бір кг мақтаның көлеміне дейін түтетіп жібермеске?
Gamk
Кілең Ньютон мен Архимедтен бата алып, аузына түкірткен физиктер. )))))