Суреттер сатысы (баспалдақ)

Қарап отырсам менде де балалық болыпты.Ауылдағы суреттерге қолым жететін түрі жоқ әзірге.Мына суреттермен өсу жолымды))) баяндай кетейін.

2-ші суретте 1987 жыл,5 июнь деген жазуы бар артында. Әкемнің інісімен түскен суретім. Осы кісінің тракторынан, кейін Уаз машинасынан түспеуші едім))))
3-ші сурет Жамбылдың жүз елу жылдық тойында Жезқазғанда түсірілген.Мониторға қарама-қарсы оң жақтағы мен.
Мынау 4-ші сурет 1997 жылғы сурет екен. Ауылдағы бір қара жарыстан алған «крутой мафон». Негізі мен атқа шауып жүрген жылдары машина тікпеуші еді бәйгеге. Үш аяқты «Урал» мәтәсекілін алдым ең үлкені. Кілем жабылған аттар жетеді жүлде қорымызда))))
4-ші сурет,16 жасымда.
5-ші суретте өзіміздің атқа шабуға салмағымыз келмей қалған соң інілеріміздің шашбауын көтеріп жүрген кезіміз. Өзім баптап барған мына құнанмен бас бәйгені алып кеткенбіз Жезқазған жақтан))))
Бөлісу:

18 пікір

a63a1
мәәә сенде бала бопсыңғой)
Zilola
аттың үстінде отырғандағы түрің не? басыңды неге таңып тастаған? құладың ба?
konvict
Бәйгіге шапқанда басты таңып алады
Zilola
бәйге?
мына балақай бәйгеге шамасы келе ме?
konvict
, Ойбай, ол бала сіз бен бізге қарағанда бәйгеге шамасы ЖЫНДЫ келед
Zilola
жоқ анау суретты тым кішкентай ғо
konvict
Бәйгеге сондай балалар шабады. Себебі ауыр адам мінсе шапқанда атқа ауыр келеді. Құлагер фильмі есіңізде шығар?
Abilakim
жалпы мен мектепке бармай жатып атқа міндім. 1-2 оқып жүрген жылдары ертеден кешке дейін асау тайларға мініп мал бағып кете беретінмін.
Abilakim
бәйгеге шабқанда баланың басын, аттың кекілін құйрығын,қамшының сабының қайыспен ұштасатын түбін таңып байлайды.БАсың солқылдап ауырмайды сол кезде.Қамшының ұшымен аттың көзіне құйылатын терді сүртесің.ал құйрығын байлайтын себебі бұтына оралып бөгет жасамайды
konvict
Есіме "Қызыл Жебе" деген айғырымды түсіріп жібердің.
VKM
Ана магнитофонды жеңіп алдың ба?)))
Abilakim
аха, сол кезде ауылдың жарысынан.Біздің сәл алдымыздағы ат қосып жүрген жігіттер бас бәйгеге қабырға сағатын алатынбыз дейтін))))
Gastarbaiter
Бәйгеге шабандоздың салмағы неғұрлым кіші болса соғұрлым жақсы ғой. Ең дұрысы 6-жас.
Abilakim
мен сегіз жасымнан 16 жасыма дейін атқа шаптым.
1994 жылы мынандай оқиға болған. Бірінші 8 км тай жарысқа қатыстым, түсе сап 16 км құнан жарысына, содан кейін 32 км ат бәйгесіне қатыстым. Үшеуінен де жүлдеге іліктім.Ол кезде қазақы жылқылар ғана қосылатын жарыстарға. Обшым ертесі таңертең қажетімді өтеуге барсам дамбалым шешілмейд… терісі сыпырылып қалған ғой.Китайский трикомен шаба беретінбіз.Осыдан кейін қалың, мақта шалбармен шабатын болдым.
Менен кейін шапқан інілеріме үлкен памперстер кигізтетінбіз.аттың ащы тері құйрықты ойып жібереді
Gastarbaiter
Аяғың қисық, бұтың талтақ шығар ә?
konvict
Қазір көкпар шабуға ыңғайлы болып қалған шығар?