Drupal қазақша сөйлей бастады

Сәлем, kerekinfo.kz қауымы!

қазақша Drupal

Қазіргі таңда Drupal CMS-і қазақшаға аударылу үстінде. Нақтырақ айтқанда Drupal 6 ядросының 70%-дай жолы аударылды. Кейін Drupal 5 және 7 нұсқалары да аударылады. Сонымен қоса CMS-тің тек қана қолданушы емес, басқарушы жағыда аударылады.

Аудару Drupal-дың аудару орталығы арқылы атқарылады. Егер сілтемемен өтсеңіз қазақшаға 23% аударылғаның көресіз. Бұл ядромен қоса қосымша модульдердің аударылған пайызы. Қазір тек қана ядроны аударғалы отырмыз. Бірақтам соның өзі қазақша блог, форум немесе портал жасауғы жеткілікті.



Аудару тобында мен(jarjan) және RamErs бар. Және де басқа аударушыларға алғысымызды білдіреміз.



Аудару файлдарын төмендегі сілтемелерден жүктей аласыз:

Жақын арада "Қазақ Drupal қауымдастығы" жұмыс істей бастайды.

Жобаға көмек көрсетіп жатқан Kcell-ге алғысымызды білдіреміз.
Бөлісу:

34 пікір

Onlasyn
Демек сен жақсы білесің ғой Друпалды.
Біраз сұрақтар бар еді
jarjan
Біраз-міраз білем. Кейін Joomla және Wordpress-тіде аударамыз :)
Қандай сұрақтар бар еді?
Onlasyn
Менің жекеме эл адресіңді жазып жібере аласың ба?
serjan
Өте керемет рахмет жігіттер еңбектеріңе жеміс тілеймін. Бұл қазақ интернеті дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы деп ойлаймын.
Енді сіздерден Joomla ның қазақша сөйлегенін күтемін, өйткені мен жумлаға жақын едім.
jarjan
Joomla болады, бірақ жақын арада емес, Drupal-ды бітіргеннен кейін Wordpress-ке көшеміз
alisha
Аршат, өмірден өткенше не істейсің енді)))))))) Мына жігіттер аударып тастайтын болды)))))
asaubota
аудару жасау емес қой :) Вордпресс аударылса біраз жүк жеңілдейді. әсіресе админкасы аударылса.
nurjanbay
Название «Joomla!» фонетически идентично слову «Jumla», которое в переводе с языка суахили означает «все вместе» или «единое целое», что отражает подход разработчиков и сообщества к развитию системы.
«joomla көтерген жүк жеңіл» :)
talgatjez
@jarjan, drupal деген не?
talgatjez
қарадым, түсіндім. Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
serjan
денверге қалай қондырушы еді осыны жігіттер айтып жіберіңдерші.
jarjan
қазақша тілді ма?
nurjanbay
facebook ты қазақшаға қалай аударады? шұқылап ештеме шығаралмадым.
jarjan
asaubota
мен де шығара алмадым. орысша аудару беті шыға береді.
jarjan
www.facebook.com/translations/index.php?app=1&aloc=kk_KZ&translate

мінеки, осы сілтемені көріңіз
asaubota
оны көргем, менде kk_KK ru_RU-ға айналып кете береді
jarjan
қызық екен, сол жақтағы саппортқа жазып көріңізсей
asaubota
сен өзің қарап көрші сенде солай ма екен
jarjan
менде фейсбук интерфейсі ағылшынша, бірақ аудару орталығында қазақша деп тұрады
asaubota
басқа браузермен де көрдім, бәрібір Welcome to Translations for Facebook in Русский деп тұрады
Serzha
My Contributions -> Preferences-те қазақшаны таңдауға болады
Qojeke
Саха (якут) тіліне аударсаңдар тұтынушысы көп болады дейді. Қалай қарайсыңдар?
szx
мына логотиптегі басындағы бөркі әдемі-аө жарасып тұр ғой бірақ не дегенмен Drupalдың символы drop-тамшы деген сөзден шыққан еді ғой қалпақтың астында тамшы екенін жаңа қолданушылар білмей де қалуы мүмкін ғой
blackbeard
Лібәәәә! Шаршадым нақ! Әуелі аударып алып сосын айтса
Пікір түзетілген: 21 тамыз 2011, 23:01
meirzhan
Соны айтам, Пиарға ұқсайды чето.

Дүкенге бара жатып, бірақ әлі ештеңе алмай: «Мен дүкенге бара жатырмын. Мен дүкенге бара жатырмын» деп күбірлеп-айғайлаған сияқты.
jarjan
Олай айтқанның несі жаман? Бастысы аударамыз деп айттық, ал енді аударып біттік.

Пиар болсын болмасын бәрібір емес пе? Нәтижесінді қазақ тілі таратуға үлес қосылса.
Beisek
тақчемей, өздерiң бiдрдеме бiтiрiп жатқан ұқсап сөйлемеңдерш. сендерге қарап құсқым келед!
jarjan
Аударылған ғой. Аударып бітпестен бұрын «мінеки, біз аударып жатырмыз» деп жариялау дұрыс емес па не?
Мына жинақты жүктеп орнату кезінде қазақ тілін таңдап орнатсаңыз болады: drupal.org/project/l10n_install