Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.
(жалғасы. Басы өткен жазбада)
«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) – адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы, миледи 632 жылы қайтыс болған. Тірісінде дінді толық жеткізіп, артындағыларға аманаттап кеткен. Адамзаттың асылы арғы дүниеден қайтып келіп, ауғанстанда жүрген қазақтың құлағына сыбырлапты деген қай қисынға дәлдесеңіз де қиыспайтын әңгіме.
Исматулланың жеке тұлғасы айналасындағы алып-қашпаның бірі – Мәдінің мәселесі. Мынау осыдан 3-4 жыл бұрын интернетке тараған парақша (Ескерту: қисайған әріппен жазылған – сол парақшадағы мәтін. Оның тұсында жақшаның ішінде тік, майлы қаріппен жазылғаны – біздің қоспа).
…………………………………………………………………………………………………………………….
Шындықтан шыққан шындық
немесе
Аспаннан Иса түседі, жерден Мәді
шығады
• Адамзаттың күткен сүйеніші, әзіреті Мәді:
1. Хорасаннан шығады.
2. Пайғамбар әулетінен болады.
3. Түрі арабқа, көзі израйыл ұрпағына ұқсайды.
4. Орта бойлы, денелі.
5. Тістері аппақ.
6. Сақалы қалың.
7. Бетінде меңі бар.
8. Жүріс-тұрысы елден ерек.
9. Сөз саптауы ерекше.
10. Жұмысын 1979 жылы бастайды.
11. Екі рет қамауда болады.
12. Қамауы ұзаққа созылады.
13. Кейбір шәкірттері ол кісі өліп қалды немесе бізді тастап кетті деп,
үміттері үзіліп, жамағаттан ұзақтайды.
14. Еңбекқор.
15. Ілімі – ләдунни болады.
… Осы сияқты тағы да басқа ерекшелейтін сипаттары, белгілері көп.
• Ал ол кісінің жәрдемшісі:
1. Шығыс елінен болады.
2. Сақалы сирек.
3. Сары нәсілді.
4. Ғажамнан, араб емес.
5. Аяғын сылтып басады.
6. Ілімі – ләдунни болады.
7. 1991 жылы ақиқат таңының шапағы ғана көрінеді. Адамзатты қаптаған қараңғылық пердесі жыртылады.
8. 2001 жылы ақиқат таңы атады.
9. 2001 жылы әзіреті Мәдінің ілімі қоғамға кеңінен тарайды.
10. 2010 жылы көптеген елге жайылады.(Діни мәліметтер әдетте хижраша болушы еді, сірә автор мүридтерге түсінікті болу үшін миледиді таңдаса керек)
11. 313 шәкірті болады.
12. Шәкірттерінің қатарында әйел-еркек аралас.
13. Олар бір ата-анадан туғандай бауыр болады.
14. «Мен болмайын – сен бол» деген қағиданы берік ұстанады.
15. Түнімен құлшылық жасап, күндіз арыстандай қайратты, айбынды, алғыр
(шаруаларына берік) болады.
16. Қоғамның түсінбеушілігінен зардап шегеді, сөйте тұра қоғамға риясыз адал
қызмет етеді.
17. Саны аз болғанымен орасан зор күш-қуатқа ие болады.
18. Қарсы болып, қасарысқанның бәрі құрдымға кетеді.(J)
19. Қоғамы оларды жақсы көргенімен қастарына жолай алмайды. Оған екі себеп бар:
– байлығымыздан айрылып қаламыз ба?
– мансабымыздан айрылып қаламыз ба? – деп қауіптенеді.
20. Қоғам тарапынан орынсыз жала жабылады, бірақ тырнақтай зияны тимейді.
21. Көпшілігі жастар болады.
22. Арасындағы қарттар тамаққа салған тұздың мөлшеріндей ғана.
23. Мамандық иелері, жұмыстарына бекем, білікті болады.
24. Әзіреті Мәдіні жеңіске жеткізгенше тыным таппайды.(!)
25. Бүкіл адамзат бағыт-бағдар көрсетуші әзіреті Мәдіні күтіп, үміт артады, ал әзіреті Мәді 313 адамына үміт артады.
26. Пайғамбарлардың арасында пайғамбарымыз артық, үмбеттер арасында
пайғамбарымыздың үмбеті артық, ал оның ішінде әзіреті Мәдінің 313 шәкірті ең абзал адамдар болып саналады. (Бұл қайдан шыққан пәтуа? Пайғамбар (с.ғ.с.) соңғы құтпасында «Адамның адамнан артықшылығы – тақуалығында» демеп пе еді?)
27. Оларға берілген артықшылық бұрынғылардың ешқайсысына, кейінгілердің
ешбіріне берілмейді.
28. Көпшілігінің көзі қысық боп келеді.
29. Тулары көк.(Яғни, Қазақстан дегені ғой?)
30. Ат құлағында ойнаған елдің ұрпағынан.
31. Мауреннаһрден (қос өзеннің арғы жағынан) шығады.
32. Сол кездегі адамзат қоғамының ең ақ көңіл қауымынан болады.
33. Осы күнге дейін миллиондаған құрбандық берген.
34. Патшалары әзіреті Мәдінің ілімін таратуға көмектеседі.
35. Түннің бір мезгілінде олардың тұратын жерлерінен өтсең араның ызыңына
ұқсаған дауыс естіледі.
36. Көп зікір салады, көп жылайды.
37. Олардың айбаты өздерінен үш ай алдын жүреді.
38. Оларды Алла тағала қоғам ішіне жасырған, әркім таба алмайды, нәсіп
болғандар немесе ізденіп тапқандар ғана олармен бірге болады.
39. Үш мың періште оларды қорғап-қоршап жүреді.
40. Христиан әлемі сол елдің үстінен жақсы белгілер көреді де араласа бастайды, жақындап достасуды мақсат етеді.
41. Сол кезеңдерде “Арман қала” деген қала қалыптасады. Бұрынғы атақты
ғалымдардың бәрі сол қала туралы ишаралар жасап кеткен. Мысалы, әл-Фарабидің “Қайрымды қала тұрғындары” атты трактатының негізінде осы идея жатыр. («Арман қала» деп Астананы меңзеп тұр ау?)
42. Ол қалада (мемлекетте) дін және ұлт мәселесі жан-жақты шешілген.
43. Алғашқы сапарын Түркия еліне бастайды.
44. Түркиядан қасиетті аманаттарды алуға әрекет қылады, Түрік өкіметі бұған қарсы шығады.
45. Аспаннан арнайы “қол” келіп, әзіреті Мәдінің шын Мәді екенін дәлелдеп,
анықтап береді.
46. Өкімет сол қолдың шешіміне тоқтап, аманаттарды алуға рұқсат етеді,
аманаттар алынады.
47. Олар жаяу-жалпы Меккеге барады.
48. Жолда Мұса пайғамбардың мұғжизасы қайталанады, яғни бір теңіз екіге жарылып жол береді.
49. Меккеге барып құлшылық жасайды.
50. Туы қара. (29-пунктте туы көк еді, енді қара болды!!! Бірдеме түсініп отырсыз ба?)
51. Киімдері қара болады.
52. Ақиқатты жариялай бастайды.
53. Сириядағы қырық шілтен мен пайғамбар әулеттері оларға барып қосылады.
54. Одан кейін Ирактағы әулие-жақсылар да оларға қосылады.
55. Одан кейін жер жүзіндегі бүкіл әулиелер олармен бірігеді.
56. Көпшілік бірге Меккеге қайта барады.
57. Ақиқатты жариялайды.
58. Бүкіл әлемге жақсылық сол жерден тарайды.
59. Әзіреті Мәді өзін жариялағаннан кейін 7, 8 не 9 жыл өмір сүреді, одан кейін
қайтыс болады. (Айтқасын нақты айту керек қой. 7 ма, 9 ба? J)
60. Жұмысын Иса (ғ.с) пайғамбар жалғастыра береді. Тағысын тағы…
Зерттеушілердің түйінді ойына қарағанда әзіреті Мәдінің ілімі осы жобамен
дамиды, ал жария болуы 2008 – 2013 жылдың аралығында одан әрі ұзмайды деп болжанады.
Ескерту: жоғарыдағы мәліметтер тек әһлі сүннет уал жамағат көзқарасы бойынша зерттелген деректерден алынды. Оның үстіне Әзіреті Мәді туралы түсінік тек шиғаларға ғана тән мәселе емес екенін адамзаттың баршасы біліп жүргені абзал. Барша адамзат үшін Әзіреті Мәдінің шығуы құтты болсын!!!
ДЕРЕККӨЗДЕР:
Кез келген іздеу программасына кіріп жазыңыз:
Мәді
Мәди
Хз. Махди
Хз. Мехди
Hz. Mehdi
Hz. Mahdi
………………………………………………………………………………………………………………
Бұл жазба көп жерде бар. Талай форумда талқыға да түскен. (Мысалы, www.chicago.ru/cgi-bin/forum/forum.cgi?f=025&t=qjc, www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=66879) Парақшадан Мәдінің жәрдемшісі деп отырғандары Исматулла екенін жорамалдауға болады. Әсілі, әһлі сүннет уәл жамағат көзқарсы бойынша, Мәді мәселесіне тереңдемейміз. Оның келетін туралы хабарлар бар, бірақ жалпылай. Қашан келеді, қалай келеді – ол Қияметтің мерізімі секілді беймәлім дүние. Ақыреттің
белгілерін де біз тек хадистер арқылы ғана білеміз. Алладан уахи алатын пайғамбар болмаса, өзге бірде-бір пенде ондай ғайып хабарларды біле алмақ емес. Зерттеп те, жобалап та. Ендеше, ақыреттің алдында келетін Мәді туралы
ақпараттар қайдан шықты? Анау жылдарды кім тапты? Ол арасы да түсініксіз. Осы жұмбақтың өзін кейіпкердің өзіне қойдық. «Сізді шәкірттеріңіз Мәдінің
жәрдемшісі деп атап жүр?» Шамданыңқырап қалды. «Маһдиде не шаруаң бар? Басқа істерің бітіп, сол қалды ма? Құдайдың құдіреті шексіз, осылардың ызасына Маһди әлейһиссәләмнің жәрдемшісі қып жіберсе қане?» Фильмдегі медресе түлектерінің оны Маһди деп сенімді түрде айтып отырғанан естідік. Өзінің, ұлының, Нарынбай Разбекқажыұлының, Әлия Әшірқұлованың (Алматыдағы медресе орналасқан үйдің, «Іңкәр» кафесінің қожайыны), Ибрагим Кентанның көліктерінің нөмірі 313 екенін көрдік. Жоғарыдағы жазбаны мұқият оқысаңыз, бұл сенімнің шиғаларға тән екені айтылып қалады. Мәді идеясының төңкерістің қаупін айтпағанның өзінде, шиға қайда, қазақтың діні қайда? Жұрт айтып жүрген Исматулланың далалық исламы осы ма? Яссауидың жолы шиғалармен жақын ба еді?
Яссауи дегеннен шығады. «Біздің ұстазымыз Әзіреті Сұлтан Ахмад Яссауи Қадрия құтып болған. Мекке мен Мәдинені билеген». Бұл деректі ешбір жерден естімеген екенбіз. Енді осыған сенбейміз десек, Яссауи бабамызға тіл тигізген боламыз ба? Яссауиді мойындау үшін міндетті түрде осы аңызға илану керек пе? Мұны Яссауи силсаласын жалғастырушысы ретінде өз дәрежесін көтере түсу үшін қолданған тәсіл деп те түсінуге болады ғой.
Исматулла уағыздарында жиі қайталанатын екі сөз бар. «Осы жол – Құдайдың сендерге берген нығметі». Жиі-жиі жиылғандардың есіне салып тұрады. Аналар жылап жібереді. Осы жол деп отырғаны – жалпы ислам емес, өз жолы. Екінші бір сөзі: «Құран – бөтелке. Оны маманы ашпаса, ешкім аша алмайды». Маманы – өзі. Менен басқа ешкімге құлақ аспаңдар деген тұспал сияқты. Рас, Құранның тәпсірмен ғана ұғынықты болатын күрделі тұстары бар. Дегенмен, жалпы адамзатқа түсірілген шамшырақтың жұрттың бәріне ұғынықты аяттарын қайда қоямыз?
Исматулла әдетте алқа зікірдің алдында, арасында уағыз айтады. Уағызының «әсері» соншалық, ол сөз бастамай жатып-ақ отырғандай жылай бастайды. Кейбіреулері жын соққан адамша селкілдеп ала жөнеледі. «Ойланыңдар, қарындас бауырларым! Осы жол – Құдайдың сендерге берген нығметі». Қарапайым-ақ сөздер. Әлде дауысының қуаты, әлде өзге бір себептері бар ма, отырғандар көз жастарын тегі тия алмайды.
Айта кететін бір мәселе – дін Аллаға шақырады. Адамға шақырмайды. Әбдулуахабқа, Саид Нұрсиге, Яссауиге, Гүленге, Абайға, Әбсаттарға, Исматуллаға шақырмайды. Шақырса, уахабшы, нұршы, исматуллашы болады. Сондықтан, Исматулланың жолы деп оған арнайы ат беріп, қазақты жарылқауға келген деп әспеттеп, қауіпке көз жұма қараған жөн болмас.

Түкіріп тұрған смайл