Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.

(жалғасы. Басы өткен жазбада)
«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) ­­– адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы,
Әрі қарай

Сопылар елдің билігін қолына алуға ұмтылған.

Мен өзім бұндай дінге қатысты мәселелерге сауатсыздаумын. Бірақ сопылардың мемлекеттік билікті қолдарына алмақ болған ниеттері ерекше назар аудартты. Қазір зікіршілердің лидері Исматтула (суретте) мен оның бір топ серігі сотталып жатыр. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс баптарымен айыпталып жатыр. Соның ішінде, адамдарды зорлап оқыту, қорлау, кісі өлімі, адам саудасы секілді оқиғалар бар. Зікіршілер Құдайға арналған мадақтау әндерін бірінші орынға қояды екен. Ал намаз екінші орынға қойылады. Ән салғанда жынды адам құсап селкілдеп отырып айтады. Әрине, бұлар секта.

"Қазақстан" арнасында бұрын шыққан діни, рухани бағыттағы бағдарламалар солардың ықпалымен ашылған. Сол арнадағы біршама танымал журналистер де солардың өкілдері болған екен. Бұндағы басты мақсат — телеарна арқылы халықты өзіне қарату, күш жинау. Елге ықпалын жүргізу.

Ал, солардың лидері Исматулла Ауғанстанда бірқатар террорлық әрекеттерге қатысқан. Бұдан түпкі мақсатты да ұғуға болатын сияқты.

Тақырыпқа ұқсас сілтеме: www.nomad.su/?a=3-200505180230
Әрі қарай