"Жерұйық" фильмінің блогшыларға арналған жабық көрсетілімі өтті

28-мамыр күні "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратында «Жерұйық» фильмінің блогшыларға арналған жабық көрсетілімі өтті. Көрермендер арасында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинарға қатысу үшін түрлі облыстардан келген журналистер мен бірқатар танымал блогшылар болды. Таныстырылымды фильмнің режиссері — Сламбек Тәуекел мен сценарий авторы — Лаврентий Сон қонақтармен кішігірім әңгіме-дүкен құрып, фильм жайында сұхбат жүргізілді. Режиссер бюджеті шамамен 2 миллион 700 мың АҚШ долларын құраған фильмнің мақсатына тоқталып өтті:

— Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын, бұл үрдістердің себептерін көрсету. Қазақстандағы 1937 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі уақыт аралығындағы өзге ұлттардың күштеп депортациялау кезеңін кәрістердің тағдыры арқылы жеткізу. Бұл жерде кәрістердің жер аударылуы баяндалғанымен, басқа да ұлттардың бастапқы өмірлеріне мән беріледі, — деді С. Тәуекел.

Көрсетілім соңында блогшы-журналистер фильмнен алған әсерлерімен өзара бөлісіп, фильм авторларымен естелік суретке түсті.
Бөлісу:

16 пікір

edige
Сламбек Тәуекел, Лаврентии Сон ағаларға алтын уақыттарын бөліп келгеніне алғысым шексіз. Фильмнен алған әсерден «Керекшілердің иналған» әсері күшті болды. Қауым болатынымызды дәлелдегендей «Мінберліктер» де тіркеліп жатыр… Алда жақсы мақалалар күтеміз!!!
edige
«Керекшілердің жиналған» әсері күшті болды
Zilola
Жолым болып, сіздің қасыңыздан бізге де орын тиіп бір марқайып қалдым, хе-хе :)))
Бірақ ар жақта отырған Гаста көп сөйлеп киноның быт-шытын шығарды
madlen
Гаста өзі сондай жаман бала! :)))
Gastarbaiter
Гаста көп сөйлеп киноның быт-шытын шығарды
Уйыктап отырып сойлейтын адетым бар еді, алдын ала ескертуді умытып кетіппін.
Zilola
жөғей қасыңда отырған қыз ше, екуіміздің арамызда отырған қызбен күбірлеп сөйлесіп отыр едің ғо, сенбесең Патиктен сұра :)
Gastarbaiter
Мен де соны меңзегем:)
Beytanis
(3.88 Kb, 112x148)

типә мынау секілді түсіпті, еххе
asaubota
кеше былай шарлап көріп едім. кино туралы жынды пікірлер айтылып жатыр, көлемді мақалалар жазылып. бізге басқасын көрсетті ма?
madlen
бізден де жақсы сөздер күтті ғой :)
Gastarbaiter
Көркем өнерді балағаттағаны рас. Бірақ идеясына базар жоқ дедік ғой. Одан басқа не мақтау керек?
Диалогтары мен тексті боқ.
Сюжеттік қатар деген нәрсе қарастырылмаған.
Трагедиялық моменттері әдебиеттен ашық сабақты елестетеді.

Ең жақсы эпизоды (мақтау керек болса) Дулыға Ақмолданың етік па бірдеңе пішіп отырған бірнеше секундтық моменті. Бітті.
Әміркендер осы камераны бір табыттың ішінен шығармай-ақ кассалық кинолар шығарады деп көкімей ақ қояйын. Бірақ «Сталинге Сыйлық» деген фильммен салыстыруға келмейтін дүние.
Идеология жоқ деп едіңдер, мә сендерге идеология. Бірақ көркемдік жағы наққа кетті…
Janasil
Демек блогшылардың да көзге іліне бастағаны ғой.
balzaminka
Фильмді қарап, жаңа мағлұмат алдым. Отызыншы жылдары жер айдалып келген кәрістердің тек біздің өлкеге аударылған деп түсінгенім қате екен. Хом Бем Доның мақалаларын оқығанымда мұндай ақпарат есімде қалмапты. Сондай-ақ, күріш ол өлкеде өсірілгенін білмеппін. Мен үшін тың ақпарат болды.

Фильмнің өзіне келер болсам, декорациясы шынымен сол уақыттан ба екен деген ой келді. Бір сыдырғы фильм екен деген ой келді