Arular.kz
image image

Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы

Талдықорғанда блогерлер спартакиадасы Жер жәннаты Жетісудың төрінде «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» мейрамы қарсаңында блогерлер арасында тұңғыш рет спорттық шаралар мәресіне жетті. Шара мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін...
image image

"Блогқұрылтайдың маған әкелген жаңалығы": БІЗ

«Блогқұрылтайдың маған әкелген жаңалығы» деп кез-келген блогшы БлогҚұрылтайдың арқасында үйренген тың дүниесі, не өзіне таныс емес нәрселерді үйрендім деп айтардан бұрын, сол нәрсені үйреткен адамды танығанына қуанатын шығар. Шыны керек «Блогқұрылтай» блогын, сайтын интернет арқылы ғана қарап отырған МЕНнің БІЗ...

Блогкент: Шымкэмп

Ескерту: Аяғы ауыр әйелдерге, ми-жүйке ауруына шалдыққандарға, жүрегіне жақын қабылдағыш адамдарға және aza мен оның байқауына төрелік ететін қазылар алқасына бұл жазба оқуға ұсынылмайды. Барлық оқиғалар өмірден алынған, қандай да бір фантазиямен бірдей болуы сәйкестік деп бағаланады. Жазба жеке адамның субъективті көзқарасы мен ұсыныстарын білдіреді және ақиқаттың анасы, шындықтың шешесі болуды көздемейді. Тұғырнама атаулыны зорлап жатқан Blogcamp туралы жазбалардың қатарында жылт етіп көрініп қалу үшін кәлләмізді кернеп, жадымыздың гигабайттарын алып жатқан жағдайлар туралы жазуға бел шештік.

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі...

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин: «Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек» Бұл сөздерді...

Пойыздағы суреттер және...

Бұл суреттер Ербол Азанбектің фотоаппаратына түсірілген. Суреттер тым көп болғандықтан, кейбір суреттерді ғана назарларыңызға ұсынып отырмын. Мұзайдында

Қалың қалай, қазақ блоггері?

Соңғы кездері «қазақ блогшылары» деген өзінше бір әлеуметтік топ пайда болды. Батыс елдеріндегідей қоғамда бедел жинай қоймаса да, халықтық ой-санаға ықпал ететін қауқары бар. Бүгінге дейін олар екі мәрте бас қосып, құрылтай өткізді. Толығырақ

ШЫМ ҚАЛА ЖИНАЛАЙЫҚ!

уа Шым кала керекшілері армысыздар! Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей. Әрі таныспағандармен танысайық. в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де. Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.

Блогқұрылтай: Менің де айтарым бар...ұнағандар жайлы

Әне-міне дегенше, блогқұрылтай да өз мәресіне жетті. Алғаш рет қатысқандықтан, оған қоса Астанада Назарбаев университетінде өткендіктен әсері көп болды. Тағы Наурыз мейрамы қарсаңында! Көбінесе, виртуалды кеңістікте пікір алмасатын, сөйлесетін блогшы достармен осында келіп, танысудың әсері де бөлекше екен. Керекинфода рейтингісі жоғары, танымал, «жұлдызша» блогшылар «сатыбалды, марго, алдекен, мадлен, айкона, айжантабын, эстетика91, АКА, Теріскей» тағы басқаларын, «тірідей» көріп, "әәә осы екен ғой" деп, тесіле қараған сәтімізді ұмытпаймыз. Қыз екен деп жүрген «марго» Маралтай деген сары жігіт болып шыққанын білдім. Бір білмегенім, керекинфода отырып, жұртты «жылатып, құлататын» сатыбалды сол кезде қайда жүрді? Иә, әрбір сұраққа «бетің бар, жүзің бар» демейтін бетпақ жауап, әр жауапқа қитұрқы, қисық, қыңыр, қызық коммент жазатын сатыбалды құрылтай бойы төбесін көрсетпеді. Ол...

Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...

Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.

Білгім келген екі сұрақ: Сілтемесіз болмай ма?

Менің білгім келгені: блогшылардың жазбаларын газеттерде жариялағанда блогшыға немесе блогқа сілтеме жасау міндетті ме? Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы Иә, міндетті. Неге? Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы

ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін. Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.

Блогшылардың назарына

Байланыс және ақпарат министрлігі 15 блогшыны министрліктің жұмысымен таныстыру мақсатында, атап айтқанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметімен таныстыруға шақыратын болыпты-мыс… Әзірге шақырылатын блогшылар қалай іріктелетіні белгісіз. Осы туралы не білесіңдер?

жаздың тез өтекені/ай :(

жаз болады дегенге іштей дайындығым болады жылда, білмеймін жаздан көп нәрсе күтемін. Прям іштей пландап тастаймын, себебі, көбіне, жаз айында менде депресняк болады екен  неге дейсіз ғой, күн ұзақ өзімді алдаусыратын нәрселер көп болмаса, іш пысқандықтанда депресняк бола береді менде))). Май айына дейін біраз іс тындырамын деп план сызып, қағазға жазып қоям, яғни өзімді қызықтырған курстар, жаңа хобби түрі (ия/ия менде хобби жылдам/жылдам өзгеріп тұрады) . Быйыл жаздың күтпеген кездесулерге толы болды, максимум бәріне үлгеруге тырсып бақтым, көп нәрсе үйрендім , ух бұл жазда аса ішім пысқан жоқ. Енді алда күз келеді, бәрі жақсы болса екен сендерде, менде. Бұл жазда витердегі танысқан адамдар тізбегі, ұмыт болсам кешірім өтінем.

Кездесу

Бүгін кешкісін алматылық блогшылар қауымы «Ориент» кафесінде Асхат ағай мен Кәмшаттың ауызашарға арналған дастарханына жиналды.