Тіліңді тартып жүр, қысқарып кетесің

Мені ҚазАқпараттан қысқартпақ. Астанаға барып келген бастығымнан естіп шок болып отырмын. Жоқ, жұмыссыз қалам деп қорыққаннан емес. Менен кейін келген (бір-екеуін өзім жетектеп келіп, жұмысқа кіргізіп, үйреткен едім жазуға) бірнеше адам бар, неге аға тілші, стажы көп мені қысқартпады, деген ойдан. Ойлап қарасам бәленің бәрі мына екі мақаладан сияқты. www.masa.kz/article/view/id/1210, www.masa.kz/article/view/id/1228 («ҚазАқпараттың» қарны аш, ҚазАқпараттың қарны қайтсе тояды?) Жалақысы кешігіп, өзі ую-қию болып жатқан соң өзгеріс болсын деп жазып едім. (айтпақшы Ермек Қарабала деген мен емес, редакторы қоя салыпты ол атты.Астына менің атымды жазып біреулер пікір жазыпты, бастықтар өзінің пиары деген шығар. Оның үстіне стильді де таныған болуы керек) Ондағы ойым, ҚазАқпарат сәл болса да дамуы керек, заман көшінен қалмауы тиіс. Қазір әріптестерімнің көпшілігі Мейл. рудан басқаны ұқпайтын «интернет журналистер», бар ойым солардың көзін ашайық, шын мәнінде интернет журналистер болсын деп, соған жағдай жасамай отырған бастықтар кетсін деп жазып едім. Алайда қазір тупли жалағандардың дәуірі жүретін заман ғой. Ашық айтсаң, аузың айға қарайды. Соның «пайдасы» тиді. Әйтпесе менің қасымда мамандығы журналист еместер, стажы менен төмендер толып жүр. Жәй тілші емес, аға тілші, стажы жоғары Ерболда несі бар. ҚазАқпаратта жалғыз интернет саланы білуге талпынып жүр, жеке интернет сайт ашып жүр, талай адамды әкеп жазуға үйретті, ақпарат агенттіктері үшін болашақ журналистерді тәрбиелеуге үлес қосып жүр-ау, мынау демеді. Өткенде бір танысым Ереке қанша ақылды болсаң да тіліңді тартып жүр, сенің кім екеніңе қарамайды, топастың шекпенін қиіп-ап, мақтай бер, мақтай бер бастықтарды, әйтпесе қысқарып кетесің деп қалжыңдап еді. «Мейлі сенен кейін келген адам бола берсін, мейлі сен мықты жаз, сені бәрібір қысқартамыз деді, Астанадағы бастықтар»,- деді осындағы бастығым. Е, заман -ай дедім. Солай, аз күнде жұмыссыздар қатарындамыз.Сатекең айтқан, Қоғам болған түріміз осы. Сен ҚазАқпарат дамыса екен деп армандайсың, талпынасың, ал, сені арттан бір тебеді.Сенен жазуды үйреніп алып, үндемей отырғандар, тып-тыныш қала береді.
Осыдан екі апта бұрын екі бірдей ұсыныс түскен. Біреуі өз мамандығым пиарға қатысты, жалақысы да тәп-тәуір, екіншісі басқа сала, бірақ лауазымы сәл жоғары, астыңа беретін аты да бар.Өй, деп ойланып қалғам, сөйтсем Ереке жұмыс тауып ал деген белгі екен, жоғарыдан)))
Бөлісу:

56 пікір

Ahi
Аллаһ жәрдем етсін, бауырым!
Erbol
Әумин!
19852407
Все что не делается, делается к лучшему, Ербол!
sammita
бұл да бір өтпелі кезең, кейін «содан кеткенім қандай жақсы болдее» деп рахаттанып отыратын жұмысқа жетесің.
Erbol
Сондай күнге жеткізсін.
sammita
айтпақшы ара ше, бал ше?
Erbol
Бал ара деген қосымша дүние ғой.Бар, өсіп жатыр, бағып жатырмыз.
VKM
Ербол аға, бәрі ок болады, қарап тұрыңыз.
Сіздей маман керек болмаса білмеймін енді,әлгі ютюб не екенін білмейтін журналистер қалсын сонда…
Erbol
Мен үшін бұйырса ок болады ғой, ҚазАқпаратқа жаным ашида да.
VKM
Мен наивно ойлайтынмын. Осы бәрі блатнойлар десек те, бір 10 пайызы дұрыс мамандар болу керек қой,қай сала болмасын.Бір түкбілмес ағаның жолынан көлденең өтіп кеткен шығарсыз. Сіз барда хоть интернет үйреніп алу керек еді оларға(
Erbol
Бір түкбілмес ағаның жолынан көлденең өтіп кеткен шығарсыз.
Андағы мақала өтіп тұр ғой, түкбілмес ағаның жолынан
Abilakim
/Осыдан екі апта бұрын екі бірдей ұсыныс түскен/

«Топан су болғанда Құдай өзінен көмек сұрап жалбарынған бір пендесіне қайықты үш рет жіберіпті» деп отыратын үлкендер…
alisha
Жігеріңізді жықпаңыз! Ағысқа қарсы жүзу қауіпті… Осыған көз жетті.
Erbol
Ағыспен жүзгім келмейді, жоқ жігер жығылатындай далада қалмаймын ғой.
AKY
Нағыз сыболыштар екен.
Zilola
не болса да бұл оқиғаның ақыры жақсы болады деп жориық.
Жұмыс ауыстырған да жөн шығар, әйтпесе ырқыңа көнбейтін, уақытша отырып кету мақсатында келген азаматтармен қызметтес болу дым да қызық емес.
Erbol
Иа, әр нәрседен жақсылық іздеген жөн.
alisha
дұрыс қой, қандай да бір өзгерістерге жақсылықтың бастауы деп қараған жөн…
alisha
Елімізде 5 тілде ақпарат тарататын, ұлттық деген дардай атағы бар жалғыз ақпарат агенттігі — ҚазАқпарат. Алайда, соңғы уақытта осы пілдей агенттік тілдей агенттіктің күйін кешіп отыр. Қызметкерлер жаңа жылдан бері жартымды жалақы алмапты. Зейнетақы қорына былтырғы жылдың сәуір айынан бастап қызметкерлердің ақшасы аударылмаған. «Соңғы екі айдан бері айлық алмадық. Жалпы соңғы екі жылда агенттіктің күйі кетті. Жалақымыз әр айдың 10-на дейін түсуі керек болатын, алайда ай сайын кешіктіріп береді. Қазір несиемізді төлей алмаймыз, банктен күнде қоқан-лоққы естумен күніміз өтуде. Былтырдан бері зейнетақы қорына ақша аударылмаған соң банктер несие беруден де бас тартады. Үйіміздегі жарық пен телефонымызды қиып тастады.
Меніңше сіз ештеңе жоғалтпайсыз… Масқара ғой мынау! Аты — дардай…
qisyq
Бәрі жақсы болады, Ереке. Ер жігттің басынане келіп, не кетпейді:)
Erbol
Әрине, түк уайым жоқ, тек малдық әрекеттеріне ішім күйеді, жоғарыдағылардың
patick
Малдық әрекет. Нағыз қаззззақы іс басшылардыкы.
Erbol
patick-тің де ҚазАқпаратта біраз жұмыс істеуіне септігім тиіп еді.Осыннан өсіп кетті ғой)))
Arhun
Ербол бауырым, бұрыңғы істеріңе ризамын!
Осы бағытығымен шатаспай, айнымай жүре бер! Халық негізі бұл жақсылығыңды ұмытпай тиіс…
Erbol
Ұмытады екен жақсылықты.Кезінде өзім жетектеп келіп, адам жасаған осындағы біраз әріптестерім бөтен адам көргендей сөйлеспей отыр уже.Қорқады халық жауынан шшс)))
sammita
Қорқады халық жауынан
бүгін-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні:)))
alisha
Түскі 12.00-де күннің 31-іне ауатынын ескергенде ме)))
sammita
жоқ мен қазір басқа елдемін:))
Arhun
.Кезінде өзім жетектеп келіп, адам жасаған осындағы біраз әріптестерім бөтен адам көргендей сөйлеспей отыр

Өкінішті-ақ, жалпы, /жақсылық/ тез ұмытылып тұратын нәрсе сияқты
konvict
Ертең ақ, мен ҚазАқпараттан кетпегенде осындай болмас едім деп отырасың
Erbol
Иа, Аллах бұдан да жақсы орын жазған шығар маңдайға.
Onlasyn
Құдай қаласа…
Zere
Қазіргі кезде газет-журналдардың күйі осы ғой деймін.
seken
Бұл деген тіпті тамаша жағдай! Бұдан да күшті жұмыс табылады, көр де тұр, Алла бұйыртса!
Erbol
Әумин,өзім де солай ойлаймын
Altygradus
Артық сөйлесең жақпайсың деген осы екен.
Есесіне басқа бұдан да жақсысын дайындап қойған болар, не нәрсе болса да бекер болмайд ғой
Meru
Алла басқа жақсы жұмысты бұйыртып тұрған болар
asaubota
Ереке, мұндай кезде қырсық болу керек! сен қырсыққанда Қазинформды он орап алып кететін сайт аш. менде бұл тұрғыда бір ой бар, неғыса хабарлас жекеге немесе ызбанда :)
Zilola
міне-міне осындай жол айырықта тұрғанда нешетүрлі қауымдастыққа, сектаға шақырушылар көбейіп кетеді. Ербол тек жүрегіңіз қалағынан ғана барыңыз :)
Erbol
)))) Zilola Аршат нашар ұсыныс жасамауы керек.
Zilola
еее, менікі жәй ескерту ғой :)))
жылтырағанның бәріне жүгіре бермей, жылылығы барына барған дұрыс дегенім ғо :)
Erbol
Мейл ру бастап, жмайлдағы ел-жұрт маған жұмыс табу қамына кірісіп кетіпті.))) Неше түрлі ұсыныс түсіп жатыр.Көңілім орнына түсіп қалды. Енді ҚазАқпарат қысқартпаймыз десе де кете беретін сияқтымын
urimtal
Сәл сабыр етсең болғаны, Ереке! Ниетіңді Құдай көріп тұр ғой. Құдайдан қорықпайтындардың арасынан құтылғаныңа қуануың керек шығар :) Бір-екі ай жақсылап тынығып, барам деп жүрген курстарыңа қатысып алсаң жөн шығар. Фрилансерлер әлеміне шақырамын :)
Erbol
Өзі де біреудің жол сілтеуімен жүргім жоқ. Жақсы бір ұсыныс бар, сол орындалса орындалды, орындалмаса, Медиалаб-тың жұмысын жандандырып, ойдағы жобаларды жүзеге асырамыз.
Abilakim
Ереке, Қарағандыға келсең көше патруліне тыға аламын
Erbol
))) Қой құрсын, қажеті жоқ
Aizhantabyn
Мәселе қысқартуда емес ау деп ойлап отырмын. Басқа жұмыс та, АЛЛА жазса табылар, жалақысы да жоғары, бастықтары да «человечный». Еңбегің сіңсін деп ойлайсың, барыңды саласың, ал ақыры «крайний» өзің… Өте таныс жағдай. Эниуай, сәттілік тілеймін) Журналистикадан алыстамасаңыз екен)))
Erbol
Сол журналистикадан алыстағым келмеген соң ғой, мимырт тірлікпен жүргенім.Басқаны ойласам бағыда кетіп қалар едім, ҚазАқпараттан.
Gastarbaiter
Негізі анандай мақала жазар бұрын, жақсы бір қызмет орнын алдын ала қарастырып қойған жөн.
Сосын сотқа жүгінуге болады.
Gastarbaiter
Мен ойлаймын. Бастық болсам, өте доминантты болатын шығармын… Ырқыма көнбегенді көттен бір тебетін шығармын — деп. Себебі, көп жағдайда өзімнің ойлаған әдісім дұрыс екеніне көзім жетіп отырады. «Ал жарайды, сенікіндей бола қойсын», десем арты былық болады да шығады. Сосын жүргенім, артынан жөндеп, сипалап, реттеп, бір жұмысты екі етіп.
Мүмкін саған сондай доминант бастық кезіккен шығар.
Бірақ мен іске жаны ашыған адам мен үстімнен аттағысы келген адамды айыра аламын.
balzaminka
Ереке, позитив жағын ойлап, қуансаңыз болады ғой :) Кімнің кім екенін білдіңіз, кісіні түстеп емес, дәлдеп білетін болдыңыз. Бұл да болса, өте жақсы ғой. Денсаулығыңыз мықты болсын, жұмыс әрқашан табылады :)