Toyota Prius
Орыстың «Автомир» журналын оқып отырып, мен үшін мына бір ақпарат қызық болды.
Toyota компаниясының Prius гибридті автокөлігінің сатылымы 11 жылда дүниежүзі бойынша 2 миллионға жетіпті. Бір ғана АҚШы автокөлік базарында 1 милллион данасы сатып алынған. Гибридті автокөліктер жайлы толық ақпаратты гуглдан іздеп таба аласыздар.
Жыл өткен сайын Prius хэтчбек автокөлігі АҚШ-да ең әйгілі гибридті көлік санала бастаған. АҚШ-на 2000-шы жылы алып келінген көліктердің 97 пайызы қазіргі күнде жол жүруге жарамды екен.
Компания өкілдерінің есепқисабы бойынша, бұл гибридті автокөлік, көлік иелеріне бензинге жалпы 2,19 миллиард доллар үнемдеуге көмектесіпті. Бұл 2 миллион автокөліктің 11 жылдың ішінде бензинге жұмсалатын шығынды – 2,19 млрд долларға азайтты деген сөз. Toyota компанисы автокөлік сатып пайда тауып қана қоймай, гибридті көліктерімен – көлік иелерінің бензинге аз қаржы шығындануына көмегі тиіп жатқанына ырза болдым!
Тағы бір ақпарат, Түркімен елінде автокөлік иесіне ай сайын 120 литр бензин тегін беріледі екен.
Біздің елде мұнай ағып тұрғанын жырғылып айтпасамда жақсы білесіздер. Жылдың белгілі бір маусымдарында мұнай зауыттарының жұмысын тоқтатып, бензиннің бағасын аспандатып жіберетіндері тағы бар.
Мұнай саласы бойынша менің білім базамда дым жоқ есебі. Жоғарыдағы ақпаратты оқып, көкейде бір сұрақ пайда болды.
Көкелеріміз мұнай өнімдерін әлемдік нарықта өзімізге сатып, маусымдарда бағасын қымбаттатып – еліміздегі автокөлік иелерін жылына қанша ақшаға артық шығындалуына көмектесіп жатыр екен?
Осы тақырып бойынша білеріңіз бар болса, бөлісе отырыңыз.

Lexus RX400h машиналарының моторлары — гибрид. Камри қырықтықтың да гибридтері бар.
Алматыда «1000 долларға кез келген көлікке ие бол» сынды пирамида белең алған ба біздегідей?:))
Тосол мен антифриз — бір нәрсе, тек ресейше және батысша атаулар. Моторға байланысты қандай антифриз құйылатыны
«Антифриз — общее название охлаждающих жидкостей для автомобильных двигателей, а „тосол“ — торговая марка отечественного антифриза. Тосол и антифриз отличаются составом и эксплуатационными характеристиками. Тосол более агрессивен по отношению к каналам системы охлаждения, поэтому содержит в своем составе силикат, осаждающийся на стенках каналов и защищающий их от коррозии. Антифриз менее агрессивен и потому силиката не содержит»
Келтірілген цитата қатеге толы
бірақ басқа машиналарда ол мотордан басқадан бөлінген жылу босқа кетеді, зиянды қалдықтарымен қосылып
Осы мүмкіндікті пайдаланып, гибридті моторлы машиналар жасаудан Тойота алда келе жатқанын пернетақтаға тиек ете кетейін :)
Машина осындай Приус па еді? Мен үлкен көлемді моторы бар машиналарды мысалға келтіріп отырмын. Әйтпесе мен мініп жүрген Тойота Королла да аптасына 6-7 л ғана жейді. Ешқандай гибридсіз :))
енді Приус туралы ғой тақырып:)))
сосын мыс электрмен жүргенде бүкіл табло жасыл боп тұрады екен, ал бензинге көшкенде қызылға көшеді.
болды уже эко емессін деген белгі:)))
Халыққа бензин тарату — тиімсіз тірлік, одан да ол ақшаны экономикаға салған жақсы.
Мысалы, мұнай өндіріп отырған Англияда бензин құны (бағасы емес) біздікінен жоғары. Мемлекет мұнай өңдеушілерге салықты көбейтіп, әдейі жасап қойған. Сондықтан бізде жағдай жаман емес