Отбасы құндылық па?
Режиссер Болат Атабаевтың Қазақ журналистерінің клубында жас журналистерге арнап тренинг өткізіп жатқанынан хабардар шығарсыздар.
Айтайын дегенім, тренингтерінің бірінде жеті түрлі құндылықтардың ішінде әлеуметтік құндылыққа тоқтай келіп, отбасы, жанұя жайында сөз қозғады.
«Отбасы сіздер үшін құндылық па?» деді бізге қарап.
«Иә, әрине құндылық!»деп жамырастық.
«Ал, батыста құндылық емес...»
Ойланып қалдым. Расымен, ажырасу отбасына құндылық ретінде қарамаудан туады емес пе? Бұның негізгі түп-тамыры да- ерлі -зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктен бұрын қоғамдық пікір, халықтық санада болғаны ғой…
Еуропалық мәдениет дендеп енген сайын адамдар да Еуропаша ойлай бастады.
«Пәленше ажырасып кетіпті»
Қазақ үшін бұрынғыдай шок тудыратын жаңалық па? Сіз үшін ше?
Батыста Болат ағамыз айтқандай бес-алты жыл бірге тұрса, олар үшін жаңалық. Әрине, бәрі үшін емес. Қоғамдық сана сондай.
Өмірдің мәні олар үшін отбасы емес…
Кейбір мұсылман елдерінде көп әйел алу құбылысы дәстүрге айналған. Әйелі өз күйеуіне өзі екінші, үшінші әйел алып беретін жағдайлары бар. Олар үшін сезім, махаббат, қызғаныш, отбасы, бақыт т.б.дүниелерден шариғат жолы биік тұрады.
П.С: Мына өмір қас-қағымда зымырап өте шығар. Қай адамның да осы өмірдегі тындыратын ісі – отбасын құру, сүйкімді жар, сүйікті ана (әке) атану болса, қазақ үшін Отбасы әлі де құндылық болып тұрғаны үшін тәубә дейміз…
«ushkin1.wordpress.com/»

Пы.Сы Сұрақты @Ushkin ға қойған секілді едім
яғни дәстүрге айналу деген құндылықтың жойылуы деген емес пе? олар тек дәстүр болған соң отбасы құрады, белгілі бір жаста, белгелі бір адаммен.
бізде де солай, қаншама жастар ажырасып жатыр, олар отбасының құндылығын түсінбейтіндер солар
Отбасы Марс та да құндылық болып қала береді.
оларда үйлену тойы кезінде арақ шарап өзен болып ағады. қаншама сыйлықтар, той көйлегі, лимузин, тағы басқа шығындар шығады. соның бәрі біреулер үшін пайданың көзі. бір жағынан үйлену арқылы бай адамдардың байлығынан үлес алып қалуды ойлайды. сол себепті үйлену әзірше жойылған жоқ. кім кімге үйленіп жатқаны маңызды емес.
ал әкесі қызына үйленуі, шешесі ұлына үйленуі дегенді бірінші рет естіп отырмын
керісінше. оның бәрі бізде де жетеді. алып қашу мысалы
Батыста да солай негізі.Әсіресе, діндар адамдар үшін.
Бәріне құм шашуға болмайды. Тіпті, лесби жұпты танитынмын (баласын анығы) жиырма жылдан астам бірге, бес алты бала тәрбиелеген(балалары бәрі гетеро). Сол себеп қандай отбасы болмасын, бастысы адамдардың оған көзқарасы.
Инцест мәселесі (психолог апай айтты) бізде де бар. Жоқ деуге болмайды деді… сол үшін, біз ауруымызды жасырып, оны жоққа шығарып жүрміз, ал негізінде сол бір сұмырай батыстан асып кетпесек, кем қалмадық… (((
Ал құрылған отбасында бала пайда болған соң әрине арғы жағында моралі бар, инстинктісі бар, үкіметтің заңмен қадағаланатын ержелері бар, "құндылық емес" деп көр:))
Меніңше ер адам тек отбасының мәселесімен шектелмеуі тиіс.Үлкен құндылық. Бірақ «барлығы отбасы үшін» деген мотив әйелдерге көбірек тән сияқты.
Отбасынан басқа қызығушылығы жоқ, авторитетсіз еркекті керек десең ертең ұлы да әке ретінде сыйламайтын сияқты.