Отбасылық бюджет туралы

Кіріс пен шығын алдын ала жоспарлы түрде жасалып отырудың маңызы зор. Кіріс пен шығын үнемі тіркеліп отыруы қажет. Ол қаражатты бақылауда ұстауға, отбасылық бюджетке қатысты проблеманы болдырмауға, берекенің болуына және отбасы жағдайының жақсаруына мол әсер етеді.

Блог - AL-ASTER: Отбасылық бюджет туралы
Әрі қарай

Бір-түрлі жанұялар

«Бұл қыс артынан көктем келмей, кәдімгі ядролық қыс болса ғой, шіркін-ай!». © Мортиша, «Адамстар отбасы»

Бір үй бар. Лібә… барлығы дұрыс, тек… қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!). Қызық нақ: түскі асқа шақырад, барлығы дұрыс, тек қанттары — тоңазытқышта тұрад. Былайынша, ас бөлмесінде мебель сыңсып тұр нақ, дәулетті үй дер едім, сембаевсстың. Бірақ, қант үнемі тоңазытқышта тұрады.Әуелде — кездейсоқтық дедім, кейін заңды құбылыс екеніне әлгі жерім жетті. Бір күні ұятты қойып, сұрадым:
— Осы сендердің қанттарың неге үнемі тоңазытқышта тұрад?
-Білмейм — деді қожайын, одан кейін сұрауды да қойдым.
Әрі қарай

Отбасын құрудағы мақсатың?

Семья тек секс пен махаббат үшін емес, ежелгі әлемде тірі қалу үшін қажет еді. Бала өсіріп,сырттан төнген жыртқыштардан, басқа еркектерден қорғану үшін, әйел қауқары жететін мықты еркекті іздейтін. Еркек терімшілік, тамақ пісірумен, бала бағумен басы қатпай билікке, территорияға, тамаққа таласу үшін әйелді жанында ұстайтын. Бүгінде кебір елдерде әйелдер еркектермен тең, тіпті олардан да көбірек ақша тауып, ешкімге бағынышты болмайтын замандар келе жатыр.
Әрі қарай

Стразмен жасалған сурет

Менің бір апам сондай ісмер адам болған екен: қолынан келмейтін нәрсе болмапты. Бүкіл ауылды киіндірген дейді, ол кісі мен 1 жаста болғанда қайтыс болған.Өзім көрмесем де, ол кісі тоқыған алаша, басқан сырмақ, макрамэлерді, ескі суреттерден ол кісінің тіккен киімдерін көрдім.
Әрі қарай

Отбасы құндылық па?

Режиссер Болат Атабаевтың Қазақ журналистерінің клубында жас журналистерге арнап тренинг өткізіп жатқанынан хабардар шығарсыздар.

Айтайын дегенім, тренингтерінің бірінде жеті түрлі құндылықтардың ішінде әлеуметтік құндылыққа тоқтай келіп, отбасы,
Әрі қарай

Жанұя немесе Нағыз Қаһармандар туралы...

Жанұя… Әр буынында жылулық бар қасиетті ұғым. Мен бақыттымын… Осы ұғымға қатысым болғаны үшін, осы ұғыммен батырған кештерім мен атырған таңдарым үшін…
Бүгінгі түн ұзаққа созылды… Ойланумен болдым. Көөп ойландым… Меніңше жанұямды сағындым… Әкемді көрмегелі алты ай болды…
Менің әке-шешем ауылдан тысқары жайлауда тұрады… Ең жақын көршіміз 2 шақырым алыста…
Бұрын өзім жүрген айналамнан бақытты жанұяларды көп іздейтінмін. Бір қызығы өзімнің әке-шешем жөнінде осы мәселеде еш ойланып көрмеген екенмін…
Батыр, Қаһарман деген кімдер өзі? Және не үшін олар сол атқа лайық болды екен?! Меніңше ешкім істемеген немесе істей алмаған құнды әрекеттерді жасау қолдарынан келген адамдар осы бір атауға лайық… Бұлар қайда? Мүмкін ол медицинада емі жоқ деген ауруға дәрі ойлап тапқан ғалым болар… Мүмкін ол ел жолында күресте жанын берген батыр болар?! Бірақ олар шынында да аз ба?..
Әрі қарай