Дін және білім туралы ой

Қазақта :«Көрдім деген көп сөз, Көрмедім деген бір сөз» дейді. Гректің атақты философы, Сократ: «Мен білемін өзімнің еш нәрсе білмейтінімді, басқалар оны да білмейді» деп, бір-аз нәрсе біліп алып «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратындар » туралы айтқан. Абай атамыз:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім»- деп өзінің уысында ғылым жоқ екенін айтқан. Яғни Абай атамыз олай десе, бізге жол болсын. Әбу Ханифа деген атпен белгілі Нұғман бин Сәбит деген әлемге танымал ғұлама кісіге «сіздің білмейтініңіз жоқ шығар» делінгенде, «менің білмейтінімді аяғымның астына қойса, төбем көкке жетеді»деген екен. Мәлики Мазһабының көш басшысы, атақты ғалым Мәлик бин Әнәс «Білмеймін деп айта алу(яғни білмейтініңді білу)-білімнің жартысы», Қазақтың бір баласы«Білмейтініңді білу үшін көп нәрсені білу керек» деп өзінің «білмейтінін» мойындайды. Құранда "… Сендерге білімнен аз бір бөлік берілді деп айт" (Исра сүресі-85аят) делінген. Демек біздің (бүкіл адам баласының) білетініміз теңізден бір тамшы ғана сияқты. Яғни озық технологиясы бар деген Жапония не болды, әп-сәтте ойран-топан болды. Бүкіл Еуропаны, тіпті дүние жүзіне топан су немесе т.б апат келмесіне кім кепіл. Ғалымдар (Батыстың) күннің таусылатындығын дәлелдеп жатқан жоқ па? Қазақ атам сөзге тоқтаған. Ол қалай болады, ол «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда» ғана жүзеге асады. Мысалы, соткаң немесе машина т.б. техникалық аппаратың бұзылса, оны лауазымы үлкен адамға емес, механик маманға апарасыз. Ал бір формула немесе граматикалық ережені түсінбесеңіз мектеп директоры немесе институт ректорынан сұрамайсыз ғой, яғни сол саланы меңгерген ұстасынан сұрайсыз. Егер Абайды жақсы түсінемін деп ойласаңыз, оның "Әрбір ғалым – Хаким емес, Әрбір Хаким – Ғалым" деген сөзін қалай түсінесіз. Өзіңізді білімді сезінсеңіз, яғни 11 жыл мектепте, 4-5 жыл ЖОО оқыдыңыз, білім алдым деп ойлайсыз, ал осы «Білім» дегеніміз не? Анықтама бере аласыз ба? Осы мақаламды оқығандар әртүрлі түсінеді, және әрқилы қабылдайды. Ал, неге адам баласы әрқайсысы әртүрлі ойлайды? Тағы бір сұрақ «субстанция», «атрибут» деген не, оның осы әлемнің мәңгілік немесе өткінші екендігіне қандай байланысы бар? Ғалымдарымыз ол жайлы не деген? Демек өзіңіз көріп отырғандай бұл дүниеге қатысты болған барлық мәселеге жауап бере алмайсыз, ақыретке, дінге қатысты болған өте қиын мәселе жайында ой айтудан, пікір таластырудан, дау-жанжал шығарудан еш тартынбайсыз, құдайдан қорықпайсыз, пендеден ұялмайсыз. Біз неге дінге қатысты мәселені муфтияттан сұрамасқа. Оны елбасыдан немесе министр, әкім, депутаттардан сұрау өте үлкен қателік,өйткені ол кісілер саяси мәселелермен, яғни елді басқару, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру сияқты іспен айналысады. Сіз муфтияттағылар еш нәрсе білмейді – деуіңіз мүмкін. Олай болса сіз барыңыз ол жерге, егер өзіңізді білгір санасаңыз. Несі бар сіз муфти болыңыз…
Тоқсан ауыз сөздің түйіні ретінде, «Әр істі өз иесіне (маманына, білгіріне) тапсыру» ең абзал шешім.
Бөлісу:

34 пікір

omarbirat
Біз неге дінге қатысты мәселені муфтияттан сұрамасқа.
Жөн сөз.
Onlasyn
Өте жақсы жазылған мақала, бірақ мына нәрселер осы «керекте» именно сенен көрінеді:
ақыретке, дінге қатысты болған өте қиын мәселе жайында ой айтудан, пікір таластырудан, дау-жанжал шығарудан еш тартынбайсыз, құдайдан қорықпайсыз, пендеден ұялмайсыз.
konvict
дау-жанжал шығарудан еш тартынбайсыз
Осымен ғана келісемін
Onlasyn
Кейбір сөздерің
құдайдан қорықпайсыз, пендеден ұялмайсыз.
дегенге де кеп қалатын сияқты ғой:)
konvict
«Дәлел»?;))))
Onlasyn
konvict
Құдайдан қорықпайтын қандай алқашты білесің? Бәрі қорқады, жаман екенін біледі. Бірақ нәпсі ар бермейді, бұл «дәлел» емес
Onlasyn
konvict
Иса пайғамбар! Арыстан Бабқа қарағанда құдайдың қасында сөзім өтімдірек болар дегенім
Onlasyn
Жар болсын деп Құдайға ғана айтылмай ма?
konvict
Көмектесетіннің бәріне қолданады
Onlasyn
Жалпы 1400-ден көп пікір жазыпсың, ақтарып шатасып кеттім:)
konvict
Мен өзім көріп те таң қалып отырмын. Келесі блогкэмпте «флудмейкер» деген атақ алатын секілдімін
konvict
Сен де маған жете қабыл екенсің
Onlasyn
Жетіп қапсың дегенің бе? Түсінбедім?
konvict
Ой сорри саған емес. Байқалмай ентер басылып кетіпті. Сөйтіп саған кетіп қалған ғо )))))))))))))))
qisyq
Кімге жазып отыр едің?
konvict
Агентке )))))))))))))
qisyq
Мағыналық жағынан ұйқаса кеткенін айтамын да:)
Onlasyn
Шынымды айтсам сөздің мағынасын түсінбедім, не деген сөз?:)
Сен де маған жете қабыл екенсің
Abilakim
Бұл сөз Әбіл екенсіңнен де жаман…
konvict
Лібәәәә! ЦОНда отырмын. Wi-Fi бар екен
edige
Ай ептібай ә :)))))))))))
qisyq
уішівөл, @konvict)))))))))))
TERISKEI
Уішівөл, @Konvict:)))
aues
Жақсы жазғансың қолдаймын. мен бәрін білем деген адам ешнәрсе де білмейді
KILYZAMAN
Қисық ағаш

Нұр саулаған гаухар тастай
қарашықтан нұр емес,
мөлт-мөлт етіп жас тамса;
елжіреген ет жүрегің қан жылап,
қан кеткесін қатқан қара тас болса;
бодандық пен кемдіктің,
бостандық пен теңдіктің,
мына замандағы мағынасы бос болса;
қу тірлікті сүргенің — тоғыз ауыз тобасыз сөзбен
немесе тоғыз түйеге жүк болар байлықпен
немесе тоғыз грамм қорғасынмен
ғана расталса-
сонда ақиқатты қайдан табамыз?
Өзімізде бар бақытты өзімізге
қимастық;
уақыт пен кеңістікті ноқталаған
көңілің,
мезгілден де жаңылып, шекті қойып,
қара жер мен көк аспанның аясына
сыймаса;
біреудің надандығы мен тоқшылығы да,
біреудің жамандығы мен жоқшылығы да,
айналып келгенде, қара халықты
ғана қинаса;
азуы бары – азулымын екен деп
айылын жимаса;
құрығы ұзыны – құрықтымын екен
деп құлқынын тимаса –
сонда тәубені қайдан табамыз?

Дін, діл дейміз, тіл дейміз…
Діндарың кім, дін қайда?
Ділмарың кім, діл қайда?
Тілемсек кім, тіл қайда?
Шағыстырып отты суға, көкті
жерге, күнді айға;
Бар ілімді ойботқа қып,
Жоқ ілімді ойлап тауып, әйтеуір,
Қойыртпақтап келтіреміз ыңғайға.
Көз де, сөз де, көкірек те Аллаға емес,
адамға құл мұндайда –
Сонда иманды қайдан табамыз?

Бірлік қайда?
Бар ма бірлік, ой бақсақ?
Батыс, шығыс, оңтүстік боп
жеке – жеке аймақ сап;
жақсы менен жайсаңыңды бір-біріне
айдап сап;
руыңмен деп у ішкізіп,
өзің зәмзәм су ішіп;
шатырдығы орын үшін шайтанмен де
туысып,
одан қалса атасыздың итімен
аң қуысып,
итаяғын жуысып,
ал жай күні өз жұртыңа кісімсіну
қай мақсат?

Тірлік қайда?
Шындық – жалған;
тәубе — қалған;
бірлік – арман;
иман – жоқ.
Жапа шеккен ағайынның айтқанына
ұйыған боп,
реті келсе солармен қышқылдатып
шарап жұтып,
ыстық-ыстық шай ішіп;
жел жаққа бір ойысып,
ық жаққа екі ойысып;
«саясат» деп, «мәдениет» деп
қабырғамыз қайысып,
өп-өтірік отырамыз майысып.
Былай шыға қысыр сөз бен құр
ұйқыдан бас алмай;
Жанға пайда әкелмейтін
шүкірліктен аса алмай;
біреу есік ашардай;
біреу қызмет жасардай;
біреу жамбас асардай;
біреу құман тосардай,
кергиміз кеп, сорға біткен
қисық ағаш секілді.
Мен бе жалғыз кекілді?
Сен бе жалғыз кекілді?

Екеумізде не айырма?
Екі қол мен екі аяққа – жалғыз бас;
тәнімізді ойын, жанымызды ой сорған;
өзіміз де білмейміз – қайсы мұрат,
қайсы арман.
Тек қиял бар – құмай шалғызбас,
күдік бар – түлкі алғызбас.
Сосын… сосын өзгермейтін
түсінік бар – көні қатқан терідей,
барлығына бір тәртіп бар –
құлын байлар желідей.
Әй, түбі бар ғой –
емексіткен сол қиял
құмшекердей ерімей,
елегзіткен сол күдіктен жерімей,
түсініктер күйремей, көні қатқан
терідей –
тіпті де опа таппаспыз!..

Талғат Ешенұлы, — 04.04.2008ж.
ushkin
«Мен бәрін білемін» деу де, «Мен ештеңе білмеймін»деу де ағаттық…
konvict
Енді не деу керек?
ushkin
Саған қызыққан кісінің өзі біліп алсын сенің білетін не білмейтініңді)