Ақтөбеде паника

Бүгін қарындасыма телефон шалған едім, қалада паника екенін айтты. Ваххабистер егер «Нұр-Ғасыр мешітін жапсаңдар Меганы жарамыз» депті дейді.
Жаңа ғана бір досыммен сөйлестім, Вокзал жақта тұрады. Терезеден қарап отырмын, Вокзалды және алдындағы алаңды босатып жатыр дейді. Не болып жатқанын…
Мұндай хаостың болуына менттер өздері кінәлі. Кімнен қорқады? Айтпай ма «иә бұл террористердің ісі» деп. Қылмыстары көп бір қылмыскер жазадан қашу үшін осылай істеді деп өтірікті соқпай. Кім сенеді бұған? Ақтөбе жалпы батыс аймақ террористердің ордасына айналып болды. Солармен неге агрессивті түрде күреспейді. Неге бірнешеуін өлтіріп, суреттерін жария етпейді? Неге оларды дарға асып, Отан сатқындары деп жарияламайды? Халықтың сенімі азайып барады. Олар халықты қорғау керек емес пе? Әлде бұдан кейін халық өздерін өздері қорғай ма?
Бөлісу:

252 пікір

edige
Откенде Шымкенттен көптеген сауда орындары осындай хабардан жабылып тұрды. Табылмады ештеңе бірақ. Жаман боп кетті гой кейінгі кезде. Питарда атылса қаша беретін болдық…
Aizhantabyn
ужас! АЛЛА сақтасын.

Солар да бір ақымақтар екен!!!

Ал менттерді айтпаса да белгілі…
Zilola
Түрік сериалдарындағыдай әрбір үйде бір мылтық н/е тапанша болу керек негізі. Әйтпесе адам да хайуан, менттерде мал болып кетті.
Janasil
Cәл шыдасақ Ресейдің қанатына кіреміз. /Масимов пен urimtal-дың айтуы/ Сосын Ресей бізді өзі қорғайды. /десең е, топасизммм/
urimtal
… urimtal-дың айтуы
мен бар болғаны естіген экономистің сөзін жеткіздім. Менің аузымнан
Cәл шыдасақ Ресейдің қанатына кіреміз
деген сөз шыққан жоқ. Бұрмалаумаларыңызды өтінемін.
Janasil
шекарамызды ашып, өзіңіз жазғандай 6-қатамнан соң бір елге айналатын болсақ Ресейдің қанатына кірмегенде неміз қалады.
urimtal
бұл енді сіздің жеке тұжырымыңыз :)
asaubota
халықтың алдындағы сенімдері азайып, авториттері түсіп бара жатыр. онсыз да жарып тұрмап еді беделдері. вокзал жақ қазір у-шу, сирена дейді. лібә халықты үрейлендіріп жатыр. поху 3-4еуін ұстап, атып тастамай ма сол жерде. сосын ТВден көрсет халыққа, айтсын күресіп жатырмыз, бәрін қырамыз деп.
askerbek
Мусылмандарды, асиресе вахабизмди карумен жене алмайсын.алем мусылманды женемдеп отырган жокпа, женгени кайсысы, одан сайын ушыктырганы болмаса.
Janasil
Түсінуімше асаубота «мұсылмандарды» қырыңдар деп жатқан жоқ.
neoman
Жағдай қиындап барады шынымен.
Түгел қырып тастауға биліктің шамасы келмес. (Терроризмді жеңгендер бар ма өзі?) Оларды бірнешеуін дарға асқанмен проблема шешіле ме? Әлде жағдай ушығып, террорист-сектанттардың бәрі оянып, елді шулатып аламыз ба?
Сондықтан елді шулатпай-ақ күрескен тиімді шығар. Енді ҰҚК жақсылап кірісетін шығар. Қазір ие болмаса, кейін кеш болады
Zilola
бәрін бір аптауысқа отырғызып, өртеп жіберу керек тірідей.
alisha
Олардың тамырын тереңге жайғандары соншалық, қаладағы барлық автобус парктерін жұмылдырса да сыймайтын шығар… Халыққа обал расында.
konvict
Қандай қатал едіңіз. Олар да адамның баласы емес пе? оларға түсінідру керек
nurjanbay
Олар да адамның баласы емес пе?
олар террор жасауға бара жатқанда «Олар да адамның баласы емес пе?» деп ойланады дейсің бе?
оларға түсінідру керек
түсіндіруді сенен бастау керек
asaubota
ҰҚК бүгінге дейін не істеді екен? жағдайдың жаман болып бара жатқаны, ваххабтар қатары көбейіп келе жатқаны, бір күні осындайлардың болатынын алдын ала болжауға болатын еді ғой. Кээнбешник болу бұрын мамандық болса, қазір ол просто жұмыс. корочкалары тек кафеде официанттарға көрсетіп құтыруға, менттер ұстап алған достарын шығарып алуға жарайды.

A.C.A.B (All cops are bastards)
neoman
Ия, бұл проблема бүгін пайда болған жоқ. Осы уақытқа дейін түк бітірмеді, жақын болашақта да ерекше ештеңе тындырмаса да таң қалмаймыз.
Алматыда спецназ-дың деңгейін көрдік. Енді кімге сенеміз?!

Ресей әжептәуір күресіп жатқан сияқты. Біздікілер де құр жатпай, бірдеңе тындырып жатыр деп сенем. Мүмкін, халыққа білдірмей істеп жатқан шығар, тірліктері шала боп жатса да
sammita
олардың түбірі тереңде, Аслан Мусин, Қайрат Сатыбалды т.б. Ақша, билік, жақтастары бар.
alisha
Мусин құраншылардың "құдайы" ғой…
sammita
жалпы уахаб-салаф болсын бәрібір. Ағымдарды айтам.
satvaldo
сәл шыдау керек. жақында кәллалар ұша бастайды онсыз да. (атақты адамдар көбi) әзірше арабтардан ақшалай көмек ала тұрайық. кейiн лақтырып кетемiз :)))
asaubota
мына мақалада біраз сұраққа жауап бар екен, ерінбей оқып шықтым: www.compromat.net/board/wtboard/29258.shtml
marzhan_kz
өткенде ғана ҰҚК-да жарылыс болған еді, одан сон микроавтобус, Ақтөбеге не болған? Көктем бітерді "қозулар" қаптап кеткен бе дерсің? не де болса жаз шықса екен..өз бауырларына жаны ашымайтын бұл жұртқа не болған?
Serzha
газельді де жарған ба?
Ahi
Ваххабистер егер
Негізі әр нәрсені өз атымен атау керек, оны жарғанды немесе жарғысы келетіндерді террорист деу керек! Ваххабист дегенге мен келіспеймін!
Serzha
Ваххабист = террорист
Onlasyn
Ваххабист дегенге мен келіспеймін!
Сенің келісуің шарт емес
alisha
Терактті ваххабит жасап тұрса, басқа кім дейсің?
Ahi
Ваххабит деген кім сонда?
Onlasyn
@alisha ханымның орнына айта кетейін.
Уаххабшылар — адасқан секта
Ahi
Қандай секта ол сонда?
alisha
өзің бәрін біліп тұрсың ғой…
Ahi
Нені біліп тұрмын? Шын айтам, мен вахаббизм деген секта туралы білмейді екем! Оның белгілері қандай? Айтып беріңізші! Авторыға да қатысты бұл сұрақ!
alisha
Автордың өзгенің уақытын сыйлауға шақырған бір жазбасы бар еді, есіңізде болса… Гуглге барсаңшы шынымен мағлұматқа мұқтаж болып отырсаң…
Onlasyn
Шын айтам, мен вахаббизм деген секта туралы білмейді екем!
Қайда өмір сүресің?
Serzha
Қазақстан халифаты?
Ahi
Белгілері бар ма? Біліп жүрейік, айта отырыңыз
Onlasyn
Белгілері көп…
Саған «жекеге» жазып жіберем, бір қол босағанда
Ahi
Енді өйтіп сыңаржақтанбасаңызшы, айтасыз ба, соңына дейін айтыңыз!
Onlasyn
Уаххабшылардың бірінші белгісі:
Ылғи да таласып-тартысуға құартып тұрады.
Жалғастырайын ба?
Onlasyn
Уаххабиліктің негізін салған Мухаммед бин Абдулуаххаб хижраның 1111 (м.1699) жылы Нəждте Хураймилə мекенінде дүниеге келіп, х.1206 (м.1791) жылы Дарийада өлді. Бұрын саяхат жəне сауда үшін Басра, Бағдат, Иран, Үндістан жəне Шамға барған. Хижраның 1125 жылы Басрада ағылшын тыңшысы Хемфердің тұзағына ілініп, ағылшындардың Исламды жою мақсатындағы əрекеттеріне құрал болған. Ахмет бин Таймийаның əһли сүннетке қайшы келетін кітаптарын оқып, “Шайх-и Нəжди” деген атпен танымал болған. Оның идеялары ағылшындардың ақшасы мен қарулары арқылы сауатсыз ауылдықтар жəне Дарийа халқы мен басшылары Мухаммед бин Сууд тарапынан қолдау тапты. Оның пікірін қабылдаған адамдар “Уаххаби” жəне “Нəжди” деп аталады.
Ahi
Бірнеше ескертпелерім бар:
1125 жылы Басрада ағылшын тыңшысы Хемфердің тұзағына ілініп, ағылшындардың Исламды жою мақсатындағы əрекеттеріне құрал болған.
Осыған қандай айғақтар бар?
Ахмет бин Таймийаның əһли сүннетке қайшы келетін кітаптарын оқып
Ибн Тәймияның әһли Суннетке қайшы келген қай кітабын оқыған? Нақты айтыңыз?
Оның пікірін қабылдаған адамдар “Уаххаби” жəне “Нəжди” деп аталады.
Оның пікірін қабылдасақ уахабист болады екенбіз, сонда оның қандай қателіктері бар сонша оның пікірін қабылдаған кезде адасқан аталатындай? Нақты тақ-тақ деп қойып бересіз деп үміт етемін!
Onlasyn
Уаххабшылардың тағы бір белгісі:
Өзінің ұстазы немесе уаххабшы болмаған адамдардың дәлеліне сенбейді
Ahi
Уаххабшылардың қай кітабында солай жазылған екен? Мынауың жала болып кеткен жоқ па?
Onlasyn
Уаххабшылардың тағы бір белгісі:
Мазаратқа барып құран бағыштамайды
Ahi
Пайғамбарымыз да Құран бағыштамаған! Ол да вахаббист па сонда?
Onlasyn
Уаххабшылардың тағы бір белгісі:
Олар өздерін ешқашан «уаххабшы» деп атамайды. Бірақ «уаххабшы» деген атауды қорғайды.
Ahi
Сіз де өзіңізді вахабшы демейсіз, демек сіз де вахабшы болғаныңыз ғой!
Вахабшы деген атауды қорғап жатқан адамды көрген жоқпын өмірімде!
Onlasyn
Мен қазір бірнәрсе жазсам сен жалғастырып кете бересің, яғни мына сөзімнің дәлелі:
«Ылғи да таласып-тартысуға құмартып тұрады.»
Ahi
Менің нені құмартып, не құмартпай тұрғанымды қайдан білесіз? Жүрегіме кіріп қарадыңыз ба? Сіз қарапайым сұхбаттың өзін таласып-тартысу деп жатсыз, онда бүкіл вахабисттерді Сатыбалды бастаған екен ғой, сіздің пайымдауыңызша!
zhazular
«Ылғи да таласып-тартысуға құмартып тұрады.»
мұндағы жұрттың көбі (көбірегі) әр нәрсеге таласып-тартысуға құмар ғой. Демек бәрің ВАХХАБИТСІҢДЕР! :))))
Onlasyn
Сенен мұндайды күпебем((((
Onlasyn
Мен жоғарыда жазғанымның барлығын дәлелдеп бере алам…
Onlasyn
Сен бәрібір қабылдамайсың ғой, яғни мына сөзімнің дәлел:
"Өзінің ұстазы немесе уаххабшы болмаған адамдардың дәлеліне сенбейді "
Ahi
Менің қабылдап-қабылдамайтынымды қалай анықтадың? Сөзіңізді дәйектесеңіз кім қабылдамай жатыр? Сіздік тек жалалар ғана!
Onlasyn
Сен уаххабшысың ба?
Ahi
Уахабшының не екенін білмесем, мен қалайша уахабшы болам?! Уахабшы деген кім екенін әлі анықтаған жоқпыз ғой!
Onlasyn
Уаххабшының не екенін білмесең неге уаххабшы-террорист дегенге өтірік дейсің?
Khan
Сенің мына жазғандарыңды оқып шықтым. Өтірік топас болып, реально боқты езір отырған адамсың ғой. Санаңды ашқың келсе, Батыс облыстарға кел. Не реально сахалист боласың немесе бізідң сөзімізде ақиқат бар екеніне көз жеткізесің
alisha
Соны айтам, келші Атырауға!
Onlasyn
@Ahi, арнайы сен үшін 20 минут уақытымды құртып, жынды мақала таптым. Ерінбей оқып шықшы. Мақала
Бұл жерде салафтар туралы жазылған, бірақ салаф пен уаххабтардың айырмашылығы шамалы.
konvict
Үш қиянда Қайрат Жолдыбайдың өзін сәләф деп жүр еді
timurrr
"Үш қиянны" сөзін сөз деп жүрген сен де… Тәуәсулльді дәлелдеп берген сол кісі. Ал оны уаххабшылар жоққа шығарады. Жемек өзін-өзі жоққа шығаратын қайдағы «салаф» ол? исматуллиттердің сөзін сөз деп…
konvict
Пыроста айтып жатырмын. Әйтпесе үш қиянды дұрыс деп отырған мен жоқ
alisha
Алла құрметтеуге шақырған Ананы тірідей көміп, үстіне дәрет сындырып кетуден тайынбайтын көр соқырлар!
Ahi
Бұл критерийді өзіңіздің басыңыздан шығардыңыз ба? Дінде адамдардың пікірі маңызды емес! Өйткені дін адамдардың пікірінен тұрмайды
alisha
бастың қатысы жоқ, бір ваххабиттің анасының аузынан естідім…
Ahi
Сіз оны уже вахаббист деп қойдыңыз, сөйтіп барып оның қате айтқан сөздерін келтіріп жатсыз! Мүмкін оны вахабист деместен бұрын вахабисттердің белгілерін анықтап алсақ қайтеді?! Және сол белгілермен оларды анықтайық!
zhazular
дін адамдардың пікірінен тұрмайды
— мықты айтылған! демек адамдардың қателігі — діннің қателігі деген сөз емес… дін — кәміл. кәмілдігінің бір көрінісі — Аллаға ғана құлшылық ету. оған серік қоспау! әруаққа, тасқа, мүсінге сыйынбау.
Ahi
Сонда таласып-тартыспайтындардың барлығы ваххабист емес екен ғой, йә, солай ма? Дұрыс түсіндім бе?
Ahi
Түсіндіріп жіберіңіз онда! Және тағы сұрақ: ваххабистер таласып-тартысуға нені негіз етеді? Құраннан не Сүннеттен бір дәлелдері бар ма екен?
Onlasyn
Дін жайында таласады.
Өздерін білгіш деп санайды.
Тәкаппарлық мінездері бар.
Өздерін уже жұмақтамыз деп санайды.
Ahi
Өздерін білгіш деп санайды
Бұл жүректің ісі, біз адамның жүрегінде не болып жатқанын білмейміз. Біз тек сырт пішініне қарап пайымдаймыз. Сондықтан бұл критерий жарамайды!
Тәкаппарлық мінездері бар.
Оны кез-келген ақымаққа қолдануға болады! Бұл критерийлер оларды нақты анықтауға келмейді! Мысалы, тумасынан тәкәппар адамды ваххабист дейтін болсақ, онда оңбай қателесетінімізді өзіңіз де біліп тұрсыз!
Өздерін уже жұмақтамыз деп санайды.
Бұл да жүректің ісі, оны біз ішінен не ойлап тұрғанын біле алмаймыз, демек сәйкесінше анықтай алмаймыз да!
Сіздің айтып отқан критерийлеріңіз тым сусымалы: мен мысалы сізді сондай сипаттарға ие деп ойласам, бітті, сізді ваххабилікте айыптай саламын. Және егер де дәл осы критерийлермен біреудің вахаббист екенін анықтайтын болсақ бұның соңына жетпейміз. Мәселен, сіз мені жоғарыдағы сипаттарға ие адам деп ойлап, вахаббист дейсіз, дәл сол сияқты мен де сізді сол сипатқа ие екен деп сізді де вахаббист дей саламын!
Khan
Уахабилер алдымен адамдың арулап көмбейді. Мейітіне белгі қоймайды, жермен жексен етіп адам баласы таба алмайтындай етеді. Және, өлікті жатқызып емес отырғызып көмеді деген де сөз бар. Оған қоса олар өлген кісіге садақа бермейді.
Abilakim
Сөз түгілі көзге сенетін заман емес қазір
Onlasyn
Ваххабит деген кім сонда?
Кім екенін білмей-ақ қой, уаххабшы болғың келмей қалады
Ahi
Біліп жүрейін де, сақтану үшін
Onlasyn
Уаххабшылар — Әбдулуаххабтың артынан ерушілер, ал Әббдулуаххаб — Ибн Тәймияның артынан еруші
Ahi
Олар не бүлдіріп қойыпты? Нақтылап бере аласыз ба? Әйтпесе кез-келген адам ананың артынан ерген адам анадай дей алады ғой
Onlasyn
Ибн Тәймиямен Ибн Қаййумның адасқандықтарын және мазһабсыздық болған Сәләфия сектасын жаңартып, таралуына ат салысқандықтарын бүкіл әһли сүннет ғұламалары ауызбірлігімен білдірген.
Ahi
Сол ижмә'ты (бірауызды келісім) маған алып келіңізші!
Onlasyn
Уаххабшылардан сақтанғың келсе «Ағылшын тыңшысының мойындаулары» деген кітапты оқы!!!
Ahi
Хемфер деген кәпірдің кітабы емес пе?! Кәпірлерге сене алмайды екем
Onlasyn
Уаххабшының кім екенін білгің келсе, оқуыңа тура келеді.
Zere
Адамдарды кәпір және мұсылман деп бөлу… ужас. Соқыр сенім.
Ojdan
1
2
3

Көрмес, түйені де көрмес.
zhazular
Терактті ваххабит жасап тұрса, басқа кім дейсің?
вахаббиттер кеп айтты ма саған? :)
alisha
халық айтып жатыр, халық айтса қалт айтпайды…
alisha
менің айтқаным нақты Ақтөбедегі жарылыс туралы еді сосын…
zhazular
«халық айтса қалт айтпайды» — ең оңбаған мақал. Бір жақты. Халықтың да қуып кететін кездері аз болған жоқ тарихта. Себеп: білімсіздік!
alisha
Діни сауатым асып бара жатқан, мойындаймын. Айттым ғой,
Терактті ваххабит жасап тұрса, басқа кім дейсің?
дегенде нақты Ақтөбедегі оқиғаны меңзедім. Террористер-ваххабистер деген пікірді білдіргем жоқ, өйткені ондай пікірде емеспін. Ел Мақатовтың ваххаб екенін айтып жатыр жамыла… Оның үстіне бүгінгі паника… Яғни, рас әңгіме.
Ahi
Яғни рас әңгіме болу үшін жұрт жамыла сол сөзді айту керек және сол күні паника болу керек деп тұжырымдасам бола ма?
alisha
Ертең расымен ақырзаман орнар болса, тұжырымдама жасай беруіңізге болады. Жоқ, әсте. Жалқыға қарап жалпылама пікір тудырудан аулақпын. Мен нақты сол жағдай туралы жазып отырмын. Әйтеуір ваххабтарға шаң жуытқыңыз жоқ…
Ahi
Сіз тағы да біреулерді вахабшы деп алдыңыз, сосын барып олардың белгілерін анықтап алайық дегеннен күдіктене бастайсыз!
Әйтеуір ваххабтарға шаң жуытқыңыз жоқ…
Кімдер олар сонда? Кімге шаң жуытпай жатырмын? Уахаб, уахаб, уахаб деп қайталай бергенше, оның кім екенін айтсаңызшы!
alisha
Бірдеңе айтайыншы… Сіздің пікірлеріңізге қарап та вахабтың типтік образын жасауға болатын сияқты…
Ahi
Мені қалай анықтадыңыз сонда? Сіздің пікіріңізге қайшы келгенім үшін бе әлде сізге ұнамаған үшін бе?
alisha
О не дегеніңіз, қатты ұнайсыз!
Ahi
Рахмет! Енді қалай анықтағаныңызды білуге рұқсат етіңіз!
saken
«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген мақалға баға беріп жіберші :)
Ahi
Жер сілкінген кезде де сәл қозғалу керек басы))
nurjanbay
халық — құдайдың бір есімі. арапшадан аударғанда «жаратушы» дегенді білдіреді. өзің білімсіз надансың
Ahi
Жан — арабша жын деген, не істейміз енді? Сөздің неден, қайдан шыққанын ойланып сөйлесеңші.
nurjanbay
арапша да, қазақша да жын (джин). ал жан сөзіне келсек «дәлелім» бар — жан туралы
Khan
Сен сияқты арабтың к*тін жалайтындар СГП болды. Бастап жарып жатыр, сен сонда да соларды жақтайсың ба?
Ahi
Сен сияқты арабтың к*тін жалайтындар
Бауырым, неге өтірік айтасыз?
Бастап жарып жатыр, сен сонда да соларды жақтайсың ба?
Мен оларды ешқашан қолдаған емеспін, қолдамаймын да, менің айтқаным: әр нәрсені өз атауымен атау керек!
Abilakim
Видикті видик, дивидиді дивиди деп атайық дейсіз ғой, я?
zhazular
Сен сияқты арабтың к*тін жалайтындар СГП болды
МӘДЕНИЕТСІЗдер СГП болды дер едім…
haos
Ваххабист дегенге мен келіспеймін!

Осы сөзіңнен кім екенің белгілі болды!!!
Ahi
Кім екенмін сонда?
Nurzhol
Негізі олар да адам ғо. Не істегілері кеп жүр, сұрамай ма, вахабистсің деп қудалай берсе, жармағанда не стейд. Тіпті көбейе беред екеуден төртеу, төртеуден сегіз боп. Кемсіту және қоғамнан алшақтату қате түсінік болуы мүмкін, себебі көкірек қызса бас қақпай қалатын кездер болад.

Барлық соғыс дін үшін болыватыр. (бір форумнан жаттап алғам) Өз дініңді, өз еліңді сүйген жақсы ғой, асыра сілтеп жіберсең, жақсылыққа апармайды. Соғысты бастайтын кәрілер, өлуге баратын — жастар. (Сөзін білем, сц. ауторы есімде жоқ)

Барлық қырғын ұрыстар, бірнеше топастың ақымақытығ мен қарапайым түсініспеушіліктен болып жатыр.

///Бір танысым бар ед. Өте жас енді. «Бала» ғой әлі. Қалада өскен, местный пацан. Ұяңдау. Ақкөңіл. Басы жақсы істейтін, сол үшін де құрметке ие жігіт ед. Осы қасиеті басына тиіп, КНБ тергеуінен бір-ақ шыққан. Айран ішкен тұтылып, шелек жалаған ұтылад деуші ма ед? Дәл солай болған. Бір жағдаймен неза*й ұсталып, қыспаққа алған «ағалары». Подробнее кетпей-ақ қояйын. Қысқасы, терорсың деп айыпты былш еткізген. Нақтар кемсітіп, жасамаған дүниелеріңді «жасатып» мазақ қылғанда, шынымен де террор болғың кеп кетет екен дит. Қазір дұрыс оқуын оқып, жұмысын жасап жүр. Аман жүрсін. Ниеті таза адамдарға Алла Тағала жәрдемін берсін. Қуып кетіп, «дұрыс жолды» ұсынушылар жазасыз қалмауы тиіс.
Serzha
Соғысты бастайтын кәрілер, өлуге баратын — жастар./blockquote>
Герберт Гувер
Khan
Жоғарыдағы мақаланы оқып шықтым. Шынымен де, ҰҚК әдісі тиімсіз болып шықты. Оған қоса, олардың ақшаға сатылатындығын қосыңыз.

Елдің бәрі біледі сахалисттер (уахаби, салафи, зікіршілер және т.б.) наркотика айналысы мен жезөкшелікті қолдарына ұстап отыр. Ауғаннан өз сетевой маркетингтері секталары арқылы наша алдырады, Ресей асырады немесе КЗда қалдырады. Бетін бүркеген жап жас қыздарды өз ортасында жезөкшелікке тартады, кейбіреулерін тіптен көшеге шығарады.

Канализацияны авариялық жағдайдан құтқарушы маманның айтуынша, Атыраудағы орталық мешіттің канализациясы үнемі презервативтердің кесірінен бітеліп қала береді екен. Және сол мешітте топтасып жыныстық қатынасқа түсіп жатқан жастарды да көрген куәгерлер бар.

Осының бәрін халық көріп отыр. Дауысын шығарып айтуға қорқады. Себебі, сахалисттер батыс облыста күшейіп алған. Бұрынғы ОПГ мүшелері мен спортиктерді өз қатарына тартып алған олар, ел арасында авторитет болып көрінеді. Жастар өздеріне крышаны солардың арасынан іздейді. Талай жағдайды естіп жүрміз, сахалистпен ұстасып қалғанда соңғылары тез жиналып, или счетчикке отырғызып тастайды или керіп тастайды.

Айтайын дегенім, наркотика мен жезөкшелік айналасында реально ақша жүреді. Ол ақшаға кез келген адамды, ұйымды сатып алуға болады. Біздің арзан оперлар солай сатылып жүр…
Abilakim
Мынадан кейін бетін бүркеген бір қызды көріп бағасын сұрайтындар күрт көбейіп кетпесін
Khan
Кешкі намаздан шығып Ночной клубқа қарай тура тартатындардың ішінде жеке танитыным да бар. Клуб есірткі саудасының қызған жері. Сояхта бизнесін жасап, по ходу расслабуха — пибілетіп жібереді.

Ал, қыздарға қатысты. Мынадай бір ыңғайсыз жағдай болды — клубта бір қыздармен танысып "әңгімемізді" жалғастырмақ ниетпен хатыға келдік. Бес минуттан кейін соңымыздан сахалисттер еріп келді. Бұ қыздар жамааттың қыздары жіберіңдер деп. Дос жігіттің хатысы болған соң әріге бара алмадық, зиянымыз тиер деп. Вооот солай бауырым
Gamk
Міне саған...!

Сондай нәрсені естігем. Уағыз айтқанға (ішінен «көрейік, не болар екен» деген қызығушылықпен) барса, кіріп келе жатқанда ыңқылдап жатқан дауыстар шыққасын қашып кеткен. «Сөйтсек бәрі зікір салады екен де, артынан „айуандықпен“ айналысады екен»-дейді айтқан бала. Оның ішінде туған-туысқандары да бар екен сектанттардың.
Zilola
тап осындай әңгімені мен де естіп едім :(((
Ahi
Сопылар шығар. Зікірді олардан басқа ешкім салмайды
Zilola
маған бастысы проблема кім және қай дінде емес, бастысы олардың сектасында анасымен баласы да айуандық жасайтыны :(((
Ahi
Шынымен бе? Сондай да бола ма? Оны видеоға түсіріп пе, әйтеуір мына сөздерді дәйектеу керек! Әйтпесе не деген сұмдық бұл?!
Zilola
аха, жүгіріп кетіп барамын уже түсіруге. Енді қалғаны солардың айуандығын бақылау еД :(((
Gastarbaiter
Зилола, қай жерде сондай жағдай болды?
Zilola
кішкентай қаладағы жағдай, ондай қалалар көп бізде, ол сектада тек орыстар ғана емес, қазақтар да жүреді :(((
Abilakim
Туған-туыстарымызды кіргізтпей, жәй барып айналысып тұрсақ минус қойыла ма?
zhazular
@Ahi дұрыс айтады. көбің білместікпен куып кеттіңдер. террорист пен вахаббист деген екеуі екі түрлі нәрсе. жалпы сендер еврейлер тапқан мұсылмандарды мың жікке бөлу процессінде біте қайнап отырсыңдар. :) қазанның қақпағын ашып сөйлеген адам :)
saken
бәріне билік кінәлі! Ресейге бір жалтақтап, Қытайға бір жалтақтап, АҚШқа бір жалтақтап, арабтарға бір жалтақтап.
Мемлекет мүддесі бірінші орында тұруы керек. Демократия, бостандық қанша жерден жақсы болғанымен, жаман ниеттегілердің ғана пайдасына аспауы керек шығар.
Сығып алу керек бәрін!
zhazular
бәріне билік кінәлі! Ресейге бір жалтақтап, Қытайға бір жалтақтап, АҚШқа бір жалтақтап, арабтарға бір жалтақтап.
билік жалтақтай берсін.сен жалтақтама…
бәріне билік кінәлі
— «заезжи», сәннен сүйкімі кеткен сөз…
Ahi
Бәрін билікке ысырудың не қажеті бар? Өзіңіздің қолыңыздан келгенін істесеңізші, болды!
saken
мен өз қолымнан келгенін жасаудамын. Ешкімнің ала жібін аттамадым, елімді-тілімді-дінімді құрметтеймін. Мемлекетімнің Тәуелсіз болғанын, күшейгенін, бейбітшілікте өмір сүргенін қалаймын. Сол үшін еңбек етемін.
Ahi
Қайран шіркін біздегі бүкіл оппозиция сіз секілді болса екен!
Khan
Коррупция жайлаған заманда любой движениені мутит етуге болады. Атырауда оперлар бір сахалисті реально наркотикамен ұстады. Бірінші поликлиника жақта, өз көзіммен көрдім. Ананы девяткамен қуып келіп қоршап алды да машинасынан сүйреп шықты, ана сахалист бақырып жатыр «подстава», «наркотика лақытырып жатыр» деп. Хотя, оперлер машинадан пакетиктер шығарып жатты. Сол, айтайын дегенім, ана пи*рды акиматтан біреу шығып құтқарып алыпты, екі айдан кейін бостандыққа шықты
Ahi
Сіз біреудің қателігімен (егер ол шынымен сондай болса) бүкіл сақалдыларға жала жаппаңыз! Мысалы көшеде бір сақалды темекі шегіп тұрса, осыдан бүкіл сақалдылар темекі шегеді, оларға діні осылай үйретеді деп қорытынды шығаруға болмайды ғой. Дәл сол сияқты, дін ешқашан наркотикке тұтынуды рұқсат етпеген, одан аулақ болуды бұйырады! Ал адамдардың қателіктері өздеріне, дінге емес!
zhazular
Марченко да кіретін шығар «сақалдыларға қарсы жала» акциясына… :))) хе хе хе
Khan
Сенің қателігің сонда Ахи, діндарлар арасында әлгіндейлердің бар екендігін мойындағың келмейді. Мен бүкіл Қазақстан діндарларын «сахалист» дегенім жоқ.
Ahi
Сенің қателігің сонда Ахи, діндарлар арасында әлгіндейлердің бар екендігін мойындағың келмейді.
Мен қай жерде ондайлардың бар екенін жоққа шығардым, айтыңызшы! Ондайлар бар, бірақ ол бүкіл сақалдыларға ортақ дүние емес, әрі сол дін оларға наркотикті тыйым салған.
Негізі, кез-келген ағымның белгілерін анықтау үшін олардың негіз тұтатын еңбектеріне көз жүгірту қажет, егер белгілі бір топтың белгілерін анықтау барысында тек олардың жекелеген адамдардың жеке сипаттар болсақ, қатеге ұрынамыз! Себебі ол белгілерге ол ағымға қатысы жоқ адамдар да соған кіргізіледі! Мысалы, жоғарыда Оңласынның айтып отқан белгілерін алар болсақ, Оңласынның өзін дәл сол ағымнан деп айыптауға болады!
Khan
Исламның алғышарттарын бәріміз де білеміз. Оны көрінген жерде тықпалай берудің жөні жоқ. Және мен барлық мұсылман «уахаби» болмаса «салафи» дегенім жоқ. Сәйкесінше, орынсыз килігудің де керегі жоқ.

Сен шынымен, Ислами білімің терең болса әлгілердің әрекетін айыптар едің. Өкінішке орай, сенікі осы жердегілерді жүндеуге ғана жетіп тұр. Себеп анық — уахабилер әлемдегі ең танымал медреселерде, лагерьлерде білім алып келеді. Олардың құранды талдауы мүлдем бөлек, кез келген сұраққа мүдірместен жауап береді. Сондықтан да елдегі дені дұрыс мұсылмандар әлгілердің алдында кібіртіктеп қалады. Олар құтырмағанда кім құтырады содан кейін
Ahi
Олқылықтың орнын толтырайын: Террордың діні жоқ!
Khan
Маған пох қо, менің жазғанымнан ештеме өзгермейді, сенің жазғаныңнан да солай. Просто, өзімнің азаматтық позициямды білдіріп жатқаным…
Ahi
уахабилер әлемдегі ең танымал медреселерде, лагерьлерде білім алып келеді
Әлемде ең танымал медреселерде оқығандардың бәрі уахабшы ма?
alisha
Сөзге килікпесеңші… түсініп отырсың ғой, не ақымақтың кейпіне еніп отырсың… Ең танымал медреселердің түлектері түгелімен вахабтар деген жоқ ешкім… Пікірлеріңе қарағанда өзін өзі ақтай алмай отырған сормаңдай біреу елестейді.
Ahi
Сөзге түртпегенде не істеймін енді? Сол сөздер арқылы оның айтқысы келген ойын түсінемін ғой! Ойы қандай екенін білу үшін түртем, түртсем! Оның ешқандай оғаштығын көріп тұрғаным жоқ!
уахабилер әлемдегі ең танымал медреселерде, лагерьлерде білім алып келеді
деген кезде адамның басына не келеді? Бірден «ммм демек әлемге танымал медреселерде оқығандардың көбісі вахабшы екен ғой» келеді!
Khan
Сен иманды қазақ емес, тілі мен жағына сүйенген сайқымазақ маймыл екенсің. Кетші наху, саған сөз шығын. Тозақта кездескенше
Ahi
Пікіралуандығына төтеп бере алмадыңыз ба? Сабыр қылсаңызшы!
alisha
Қосыламын, сөзім шығын…
Khan
Сен шынымен топассың ба әлде топасқа ұқсап бағып отырсың ба?

Сен реально әңгіменің тонын теріс айналдырып қарап отырсың.

Әлемде ең танымал медреселерде оқығандардың бәрі уахабшы деген әңгіме болған жоқ, ол енді өзіңнің шығарғаның
nurjanbay
Әлемде ең танымал медреселерде оқығандардың бәрі уахабшы ма?
әлемдегі ең танымал медреселердің бәрі уаххабистік білім береді. яғни шәкірттері ширк, дәлел, бидағат, джихад, халифат деген сияқты аурулармен ауырып милары уланып шығады
Ahi
Ммм, сонда сізден барып білім алайық па? Не істейміз?
nurjanbay
менің ұстазым Исматулла Мақсумға бар
Gastarbaiter
«Мой учитель Мастер СяО Винхуй, наш кунгфу лучше вашего!»
neoman
Діншілдердің барлығы террорист болмаса да, террористердің барлығы дерлік — діншілдер.

Бұл пікірге жауап берудің қажеті жоқ, Ақи.
Ojdan
@Ahi,Әлбәни деген кім?
Gulistan
Посттарды оқып, не күлерімді, не жыларымды білмедім ғой. Әсіресе, Ханның сөздерінен кейін! Саған "Әкел бес!" деймін.
asaubota
@Ahi жеке ойыңды айтшы. Ақтөбеде болғандарды істегендер қай жамағаттың өкілдері? жеке пікіріңді айтшы, қай мазхабты ұстанады ондай «шахидтер» немесе қай ағымды?
Ahi
Ондай жарылысты ұйымдастыратындар такфирилер! Олар алдымен адамды күпірлікте айыптап алғаннан соң оны өлтіруге де болады деген тұжырымға келеді! Олар я ұрғанға көнбейді, я қамағанға көнбейді! Ондайларды тек дәлелдің көмегімен қайтаруға болады! Такфирилер деген сөз такфир сөзінен шыққан яғни кісіні күпірлікте айыптау (былайша айтқанда мұсылманды кәпір деу). Ғалымдар қазіргі Бен Ладен бастаған такфирилерді — бүгінгі күннің хауариждері деп атаған!
Zilola
Олар я ұрғанға көнбейді, я қамағанға көнбейді! Ондайларды тек дәлелдің көмегімен қайтаруға болады!
дәлел сұрап жүрген бір кісі есіме түсіп кетті
VKM
Не десем? Исламның 99 бөлікке бөлінуі ұнамайды(
haos
Ваххабисттерді ваххабисттер ғана қорғайды
Кімнің ваххабист екені айдан анық болды
Zere
Алдында осы дін туралы редакторымызбен біраз пікірталасқан едік. Сол кезде ол айтады: «Адамның жаны әркез тоқ болуы керек. Осындай „қорекпен“ ізденіс кезінде оған дін жайлы біраз оқытып жіберсе, ол бәрін қабылдап алады. Біз демократияны таңдадық, яғни елімізде неше түрлі адамдар, олардың небір ұстанымдары пайда болатынына дайын болуымыз керек. Мысалы, небір діни ағымдардың бар болуы, бұл адамдардың іс-әрекетінің еркіндігінен. Осындай террористер пайда болды ма, біз дінді кінәлап, өзімізге ұнамайтын нәрселерге кінә арта саламыз. Алайда бір мезетте жол аптанынан 20 адам қайтыс болса ешкім көліктердің кемшіліктерін айтып, жар салмайды, одан бас тартпайды. Жылына қаншама адам көлік апатынан көз жұмады, алайда көлік сатып алудан ешкім тайынар емес, сол сияқты ұшақты да мысалға келтірсек болады».
haos
Енді кім кінәлі?
Zere
Демократия.
Serzha
альтернатива бар ма?
Zere
Жоқ. Бірақ арнайы заң бәрібір қабылдану керек деп ойлаймын.
Serzha
сену бостандығын шектейтін бе?
Zere
Күмәнді секталарға тергеу жүргізілетін. Жазалайтын.
Gastarbaiter
Арнайы заң шыққанмен ештеңе өзгермейді Зере. Заң шығару жағынан кем жеріміз жоқ. Біздің заңдар ешкімнен де кем емес. Керемет заңдар. Тек оның орындалуы ақсап жатыр. Бәрі тек қағаз жүзінде көбіне.
Zere
Ал менің ойымша, дінге бассұғып кіріп кеткендерге ЕШУАҚЫТТА діни-соқыр болдың деп дәлелдей алмайсың. Әлбетте туғаныңның бір нәрсеге қатты беріліп кеткені ішіңді қынжылтады. Діншіл болсын, бірақ өмірдің басқа да қызықтарын көрсе, білсе, нәр алса деп ойлайсың. Алайда өз жолын тапқан өзі, оған тек сабырлық таныту керек.
Дін болса да басқаға еш зияны тимейтін дін болса ғой. Мен сондайды қолдаймын.
haos
Таза исламның ешкімге зияны тимейді ғой, ата-бабаларымыз мұсылман болған, ешкімге зияны тимеген, ал қазіргі сектадағылырдың зияанын санап бітіреалмайсың
Serzha
исламның өзі агрессивті дін ғой
Ojdan
Қойшы, @Serzha!
Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрімнің т, басқалардың «агрессивті» болғандарын естімедік!!!
Сектант иттеррдің әсерінен сондай пікір қалыптасып келеді!
Serzha
жалпы алғанда солай болып тұр
nurbergen_makym
Крес Жорығы кезінде христиан діні агрессивті болды. Бір күні буддизм болмысы да агрессивтілікке трансформациялануы кәдік :)
Gastarbaiter
Жалпы «Зұлымдық Идеалы» деген нәрсе ойлап табу кез келген билік үшін керек.

Бұрын ол Кәпірлер, одан кейін орыстар, одан кейін немістер, одан кейін АҚШ, бүгін міне Ислам әлемінің маңдайына қара тігілуде.
Рас, кейін ең бейбіт дін, буддизмге де сондай агрессияшылдық айдары тағылуы әбден мүмкін.
konvict
Айтарға сөзім жоқ. Сіздің редакторыңызбен менің ойым бір жерден шығуын жақсылыққа балап отырмын
Altygradus
вахаббит екен бәлен екен маңызды емес дәл қазір. ҰҚК жәй уақытта, жәй жүрген адамдарды тергегенде бәлендей, ондай арам пиғылды топтың пайда болғанын білмеді дегенге сенбейм. бәрі ақшаға кеп тіреледі
Aizhantabyn
ALLO, jurt!
Ujas emes pe mynau degen. Magan mysaly baribir, kim meni jaryp jibergisi keletini: dini extriMAL ma, alde prosto jyndy ma!
Ozderi olip koimai,ozgeni de alyp ketetinderdin paida bolgany ujas endi.

Arkimnin oz basyna kelmegenwe, osylai ol andai, biz myndai dep otyra beremiz…
AsanQaigy
АстахфирАллаһ, не болып кетті өзі?!..
Dinara
Осы аптада ғана Қазақстаннан өкілдер келген еді, құқықтық тәжірибе алмасу мақсатында Түркиямен, семинарларға қатысып біліктілік арттыру үшін. Қандай қылмыстар ең көп жасалады деген сұрақтар көп қойды Түркиялық әріптестеріне, қылмыстың барлық түрі бар, ішінде террорлық актілер де дегенде, бізде ондай жоқ деп кәдімгідей алаңсыыыз отырған болатын.
Делегацияның ішінде, тергеуші, қауіпсіздік қызметкердері, әскерилер сынды кісілер бар еді. Террормен күрес жөнінде шынайы дайындық керек екен. Қажет десе, комитет құрып арнайы, сол айналыссын діни экстремизм және терроризммен.
JAKO
Енді терорристермен күресеміз деп америка жетіп келмесе болар еді.
Nurzhol
Ғажап емес. Жалпы, миротворлар да сөз салып жүрмесін. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алатыны бар.
VKM
Осы ең қорқыныштысы!
Біз білмейтін қаншама идеологиялық соғыстар жүріп жатыр десеңші!
Бірлік болмаса, біреудің қолында кетеміз(
KILYZAMAN
Алтекеңнің мемлекетіміздің тәй-тәй баса бастаған алғашқы қадамдарында ақ, жасына қарамай ақ(ең жас министр) ағаларына қайта-қайта ескерткен қауіптерінің біреусі осы ғой… Діни діңгектіңде ілімі терең болуы керек екенін ескергендердің бірі еді...(Рәтбек---> Дербісәлі)
asaubota
мешіттегі оргия туралы нақты факт жоқ, бірақ жұрт босқа айтпайды ғой. соның видеосын жариялатпай отыр деген де сөз бар.
Ahi
Ресми түрде осы жерде жариялайын: егер қолыма түссе, мәлімдейін)
JAKO
Ондай нәрсе болуы мүмкін емес сияқты, кім болса ол болсын әйтеуір қазақ болса ондай хаюандыққа көңілім қимайды, иттер-ай! Не болды бұл заман, оқымай ақ қойғаным жақсы еді, мешіттің атын былғап.Ана…
Jacqabaies_Chirac
тайлы-хуяктарың қалмай әбдан шайнапсыңдар 100%коттон шұлығымды нақтар кілең, мен де құсып кетейін:

террор(ислам радикалдары жасай ма, басқа ма ол жағы очм маңызды емес) демократияны басып жаншып ұстаудың ең жетілген заманауи құралы(биліктің).

ЗЫ. шешессс мына қорытындыны өзім қорыта алмай отырм
nurbergen_makym
Кімнің не үшін ұйымдастырғанын/жасағанын/орындағанын СОЛАР мен Құдай ғана білед. Қалғанымызға просты тағы бір геморрой пайда болд та…
nurjanbay
ваххабизммен күресіп жүрген жалғыз ұйым бар еді. басқаларыңның ваххабизмге қарсы тұруға шамаларың жетпейді. күшпен де, сөзбен де жеңе алмайсыңдар
*54
Marat
Сопылар ма?
nurjanbay
дәбәл өбөзібі
Ahi
Түсінікті болды. Исматуллашы екенсіз ғой.
nurjanbay
жасырып жүрген жоқпын
nurbergen_makym
Лібә, "әнші-биші балапандардың да" жеңе алатынына күмәнім бар. Жалғыз жол бар: Ислам дініне Қазақстан Республикасы аумағында «запрет» қою керек.
nurjanbay
кеңес үкіметі дінге запрет қойғанда ислам діні халқымыздың арасында салт-дәстүр түрінде сақталып қалды
nurbergen_makym
Біз: «Иісі қазақ мұсылман. Наурыз — күллі мұсылман қауымының мерекесі» деп жүргенде, Олар: «Сендер дінсізсіңдер! Кәпірсіңдер!» деп жүргеннен со кез жақсы емес пе, нақ?!
Молдаға да мол шабашкі.
satibaldi
Уәхабтарға алдын-ала алынбайтын жанкештіның обрызын жасап, сондай бір айлакер де данышпан, тамақсыз, әйелсіз Алла деп жүре беретін адам қылып қойып отырған өздерің. Бір-біріндеп неме топ-топ қылып ұстап алып, бұтақтарын атауызбен қысып, әрбір бесеуін табанда атып тастаса, жиһадты да, басқаны да ұмытып, сабаларына түседі.
Тек табанда дарға тарту ғана эфеект бермек!
asaubota
сол ғо менің де айтқаным, дарға асып көрсету керек халыққа. осындайларға осындай болады деп.
nurbergen_makym
«Сталина на них не хватает!» деш :)
satibaldi
Сталин демекші, төңкерістен кейінгі онжылдықта елде осындай дінді бұрмалаушы шушерлер тварьлар қаптап кеткен екен. Сонда Сталин амиго Патриарх Тихонды шақырып алып: «Шіркеуді құдай үшін емес, тек сендердің көзқарастарыңды сыйлағаннан тимейін. Бірақ сендер де көттеріңді қысыңдар» деп ескерткен. Әрине, сөзі салмақты болуы үшін біраз поптарды ну енД — атып тастаған(жынД десе). Жетпіс жыл бойы шіркеу көтін қысты, халық та тыныш болды.
Уәхабтарды да сүйту керек. Тісін бормашинамен анестезиясыз бұрғылаған адамның кез-келгені — қазір басыңа дамбал киіп алып көшеге шық десең де айтқаныңды істейді. Иедея, адам құқығы, мал жем-шөбі — қыртыған әңгіме.
konvict
Бірақ мешіттердің көбісін қиратты
satibaldi
Оны қазақтардың өздері қиратқан.
Айтпақшы, хақ дін үшін қасқиып тұратындар со кезде қай жақта болды екен ә? Дұрыс, үйінде болды: Сталин амиго трактордың алдынан шыққан адамды да басып жүре берер еді.
Енді тамағы тоқ, ел тынышта құдайы бола қалуларын. Тастарыңның біреуін сол қалтасының ішінде қуырып жіберсе көрер едім қысқа балақ кигендеріңді, міскіндер!
konvict
Тастарыңның біреуін сол қалтасының ішінде қуырып жіберсе көрер едім қысқа балақ кигендеріңді, міскіндер!
Бұл сөзіңді сақалиттерге айтрасың. Мен құдайға шүкір, ата-баба жолымен жүремін
nurbergen_makym
ия, Мұстафа Кемал да билік басына келгенде елдің ең беделді 800 молдасын жинап, кемеге мінгізіп, Босфор бұғазына шығарып, зеңбірекпен атып тастаған ғой. Жалпы, ықпал ету жолы көп қой дегенім :)
Осы орайда, Түркияда діни ахуал қалай, Арчи?
nurjanbay
түркияда ширк жақсы дамыған. @asaubota
ішім ай *54
asaubota
Түркияда жағдай шиеленісіп тұр байқауымша. мазхабтарды, жамағаттарды бір біріне айдап салып жатыр, тұздық ретіне арасына террор қосып. обшым дін қай жерде де елді бөліп тастау үшін керемет құрал боп тұр.
nurbergen_makym
Күмән зор. Кері эффект берсе ше?
satibaldi
Кері эффект берсе ше?
Бұл жерде де қызыл террордан алатын тәліміміз көп. Айталық жекелеген діндарсымақтарды дарға асудан бастап, сосын кері эффект болып, енді олар өздерін пойызда жара бастады делік. Онда мемлекет енді олардың… жанұяларына көшеді! Қара да тұр: жібектей болады!
Мемлекет мүддесі үшін кейде анау-мынау сөлекет шараға барып тұрудың еш сөлекеттігі болмаған.
saken
Мемлекет мүддесі үшін кейде анау-мынау сөлекет шараға барып тұрудың еш сөлекеттігі болмаған.
екі жүз пайыз келісемін!!!
Jacqabaies_Chirac
Уа иманжүзді христиан амиголар, мәселені оң жақ булкамызен өзгеше қарасақ алқаш атаңанәлар, мисалы қозақтардың билігі өз халқын(тобырына ма хз) демократия құндылықтарымен мейлінше сусындатып артығымен беріп жібергенге ұқсайды, енді еркіндіктің дәмін алған ол тобыр биліктің өзіне қауіп төндіруге жақын қалды? ал оларға өз билігін жүргізу олардың үнін шығармай байлап матап тышатын жерлерін үнемі қысып ұстаулары үшін құрал керек болды, ондай құрал әріден іздеп қажеті жоқ жақын көршілері мен 9.11 АҚШ пробадан өткен…
nurjanbay
Жамандыққа жамандықпен жауап қайтаруды иттер де істей алады: бір ит арс етсе екіншісі де оған арсылдайды.
Жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтаруды есектер де істей алады: екі есек бір-бірінің желкесін қасып береді.
Егер жамандыққа тек жамандық, жақсылыққа тек жақсылық дейтін болсақ ит пен есектен айырмамыз болмайды.
Жамандыққа жақсылық жасау ғана нағыз адамның ісі.
Исматулла Мақсум

«Таспен атқанды аспен ат»
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (мақал)

күшпен ештеңе шеше алмайсың
Ahi
А'узубилләһ! Қайдағы мақсұм ол? Мақсұм деген арабша әк, таза, күнәсы жоқ дегенді береді. Ислам бойынша, бүйтіп тек пайғамбарлар ғана сипатталған. Исматулла мақсұм емес. Бола алмайды да
satibaldi
Мақсұм деген арабша әк, таза, күнәсы жоқ дегенді береді.
Уәхаб. 15 жыл Байкал-Амур теміржолының құрылысына. Туыстарымен кездесуге қатаң тиым салынсын.
Председатель МГБ СССР тов.Л. Берия
Ahi
Менің қай жерімнен немесе қай сөзімнен уахабшы екенім көрініп тұр!
satibaldi
Менің қай жерімнен немесе қай сөзімнен уахабшы екенім көрініп тұр!
Балағыңнан.
Ahi
Мен пайғамбарымыздың мына хадисіне сүйеніп балақты тобықтан төмен түсірмеймін.
Әнәстан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Киімнің шегі — балтырдың ортасы мен тобыққа дейін. Ал тобықтан төмен түсетін киімде жақсылық жоқ». («Муснад имам Ахмад» 19/415. Сенімді хадис. Қараңыз: «Силсилә әс-Сахиха» № 1765).
Zilola
бұл балақ н/е етек шаң-тозаң, лас жерде сүйретіліп жүрмес үшін айтылған ғо негізі
Ahi
Бұл сіздің түсінігіңіз, Зилола! Егер сіздің пайымдағаныңыздай болса, неге солай айта салмайды, киімдерің лас болады, балақтарыңды көтеріп жүріңдер деп?
Zilola
ал енді сіздің пайымды тыңдайық
nurjanbay
хиджап киген әйелдердің етектері жер сызып жүр. бұған не дейсің?
Ал тобықтан төмен түсетін киімде жақсылық жоқ
сатыпалды «шұлық» туралы көп айтады. біліп айтады екен ғо *54
Ahi
Нұржеке, мен өзім үшін жауап беремін. Басқаларда шаруам жоқ, бірақ мен олардікін дұрыс емес немесе дұрыс дегенім емес.
Ojdan
Балағыңнан.
өрте!!))
Onlasyn
Сені кім уаххабшы деп жатыр?
Ahi
Сәл жоғарырақ оқысаңыз түсінесіз!
satibaldi
Исматулла Мақсум
Зікірші, 25 жыл — Колымаға.
Председатель МГБ СССР тов.Л. Берия
edige
Ал қалғандар кеттік
Пибі ішуге… :))))))))))
qisyq
Гаста келе жатыр тем более.
Gastarbaiter
Дінде тұрған дәнеңе жоқ. Ақша мен ресурстарды бөлісе алмай жатыр.

АВАТАР деген фильмдегідей ғой.
«Арғы жақта дикарьлар, әр қайсысы сендерді өлтіруге дайын, біз оларға медицина, өркениет, оқу білім ұсындық, олар надандар соның өзінде ол жерден кеткісі келмейді.
Былайша айтқанда менің ақшамның үстінде жайғасып отыр олар. Ығысқысы келмесе ығыстырамыз!»

«Жоқ. Олар көшпейд. Не үшін көшуі керек? Мен олардың әлемін көрдім. Біздің оларға ұсынар ештеңе жоқ! Олардың әлемінің таңғажайыбының орнына біз не бере аламыз? Джинсы шалбар мен попкорн ба? Жоқ. Олар ешқашан берілмейді»
Gastarbaiter
Уахабтың қолынан өлгенше, Екінші Сталиннің көтін жалап, көршіңді НКВД-ға стучать етіп жүрген жақсы дейсіңдер ғой.
satibaldi
Көтте айырмашылық болмайды, и так жалап отырған жоқсыңдар ма?
Gastarbaiter
Дін деген тек құрал ғана ғой. Біреу сенің көзіңе қалам тығып алса, қаламы барлардың бәрін қыру керек пе?
Gastarbaiter
Білә, қалай масс медиа тіпті Сатыбалды сияқты ақылды адамды эволюциялық сатыда төмендеп кетуіне себепші бола алатынына таң қалып отырмын. Пезнес.
Осы газет журнал, теликтің арқасында діншілдер соңғы бір жиырма жылдың ішінде терорист болды да шықты.

Әлі есімде, терористті дініне қарамай піштіріп тастайтын жылдары.
Әлі есімде террорист = діншіл деген формула жоқ болған кез.
Әлі есімде террорист деп түрмеден қашып, заложникпен қамалып, вертолет пен ақша сұрайтын зектерді ғана атайтын кез.
Ал қазір «террор» десе зомбоящиктің құлдарының ойына бірден «Ислам» түседі.

Қарапайым нәрсеге милары жетпейді. Адамға миына күш салып, мотивттерге көз жүгірткеннен көрі, журиктердің шайнап берген ақпаратын жұта салған оңай.
Jacqabaies_Chirac
))))) шынында да лібә
өтірік шайнап отыр ма? хз
nurjanbay
қап қара аспанда тұрған жалғыз жұлдыз ерекше жарық болып бірден көзге түседі
nurbergen_makym
просты, позиция да нақ!
Осы позициядан, тасыңды қуырса, таясың ба, амиго?! :)
Jacqabaies_Chirac
)))))))))))))) фьшт фьшт айтақ айтақ
Gastarbaiter
Қайдағы позиция нақ? Білә сен бүкіл журиктерге гарант болам демеш тек. Талай журиктер өз көзімен көргенін айта алмай, сюжетінің немесе мақаласының түпнұсқасын тілім тілім қылып, біреудің мүддесіне сай қылғанын көрмей жүр деймісің?
Талай журиктер айлықты кімнен алады, соның сойылын соғып, өзінің жеке позициясын бір жеріне тығып қоюына тура келетінін көрмей жүр дейсің бе?
Әдейі істемейді сондықтан журиктерді кінәламаймын, бала шаға асырау керек деген сияқты мотивтер іске қосылады өйткені.
Бірақ әдейі істемесе де, ақыры істеген соң, олардың әр айтқанына сиынудың қажеті де жоқ.
Менің позициям сол. Өзім реально көрмеген, арасында болмаған, ішкі сыртқы мотивтері мен, желдің қайдан келіп жатқанын білмеген соң әлденеге эксперттік талдау жасап, аналитик сымақ болғым келмейді.
satibaldi
Ваххабит деген кім сонда?
Грузин хоббит.
Ahi
Саакашвили кетті ғой онда?
nurbergen_makym
кеттінақ))))))))))))))))))))))))))))))))
qisyq
епті))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Milzhyng
Ой-вей… мен Нұр-Ғасыр мешітінің сайтына кіріп жүрсем… Қай сайтқа сенетітіме де білмей қалдым… керекинфо
Gastarbaiter
Ой-вей…
Нұр-Раввин Синагогасы дегің келген шығар?
Milzhyng
Ол жөйіттердің сөзі ме еді. мен Галапагос диалектісінің сөзі ма десем
asaubota
Ақыры Мегада да паника болыпты бүгін. балаларды қорғау күнінде! бір ақтөбелік форумнан оқиға ортасында болған біреудің каментын қаз қалпында берейін:

Они зае… и кино сегодня до смотреть не дали. Сижу я смотрю в кинотеатре кино с дочкой, вдруг загибает сотрудник и всем кричит чтобы мы все выходили по пожар. выходу.(весь кайф поломали, денги хоть вернут?)))А так если честно каким далба… бым нужно быть чтобы именно сегодня так прикалываться. Сегодня там столько детей было, аж когда эвакуировали даже чуть стало страшна, все по очереди начали паниковать и плакть. Родители начали бежать вниз с своими детьми, не замечая чужих.