Қазақ сериалдары мен Түрік сериалдарының айырмашылығы
Түрік сериалдары өте қарқынды дамуда. Айта кететін болсақ, Түрік елінде кем дегенде жылына төрт немесе бес сериал шығады. Қазір халық бұрынғыдай Бразилия сериалдарын емес Түрік сериалдарын көретін болды. Қазір Түркияда сериалдар нағыз бизнестың көзіне айналды. Демеушілер де жеткілікті. Ал Қазақ сериалдары даму деңгейі нашар. Жылына бір сериал түсіріледі немесе бұрында шыққан сериалды қайталайды. Бұған не себеп? Әлде жұмсалған қаражат өз еңбегін ақтамай ма?
Түрік сериалдары мен Қазақ сериалдарының айырмашылығы: біріншіден, сценарий өте жақсы жазылады, сериал жасайтын топта өз жұмысын білетін білікті мамандар жұмыс істейді. Сериалға өте жоғары деңгейде кастинг өтеді. Түрік актерларының жартысының халықарасында танымалдығы артып келеді. Өйткені олардың көбі актерлікпен қатар әншілікті қатар алып жүр. Және де соның арқасында басқа да шет елдерге танымал. Сондықтан оны басқа елдер де тамашалайды. Түрік сериалдарының жақсы жері жиырма сериасын түсіреді де, оны эфирге жібереді.Сосын сериалдан түскен қаражатқа сериалдың жалғасын түсіре береді. Қазақ сериалдарын алатын болсақ, бізде жұмсалған қаражатты ақтамайтын сияқты. Және де сценарий аз ғана айырмашылықтары болмаса көбіне түрік сценарийлеріне ұқсап кетеді. Қазіргі қазақ сериалдарының ең көбі отыз сериалдан тұратын болса, түріктерде екі жүзге дейін жетеді. Қазақ сериалдары эфирде берілетін уақыт Корей сериалдары мен Түрік сериалдарының уақытымен сәйкес келіп қалады. Сосын халық әрине қазақ сериалын көргенше Түрік сериалдарын қарағанды мақұл көреді.
— Қолыңнан дерт кетпесін! — дейді. Екіншісі «Рахмет, Құдай жазаңды берсін!»- дейд.
Sheshesse — деуші ме ед…
Мына сөз үшін біреу жазалап жүрмесін.Бұл жақтың жазалары ауыр болып келеді)))