Айдан Шенердің сериалы басталды (Жизнь в изгнании)



«Королек птица певчая» арқылы танымал болған түрік актриса Айдан Шенерді көпшілігіңіз білетін шығарсыздар. 2008 жылы түскен бір сериалын Хабар кешеден бастап көрсетіп жатыр. Бас жағын көре алмай қалдым, түсінгенім 6 жыл бұрын күйеуі жоғалып кетеді. Бірақ ол тірі болып шығады. 6 жасар ұлына бір актерді жалдап, әке ролін ойнатайын деп жатқан кезінде күйеуі тірі болып шығып, енді әйеліне хабарласайын деп жатады. Бүгін басынан бастап қарап көремін, тек қана Айдан Шенер үшін де қарауға тұратын сериал сияқты. Қартайса да сұлулығы бұрынғыдай екен.

Сериалдың аты: «Жизнь в изгнании» (Sürgün Hayatlar)
Басталу уақыты: 21-30 (Астана)

Бөлісу:

11 пікір

Zilola
«Королек птица певчаяны» бала күнімде көргенмін, әлі есімде Фериде мен Кемранның махаббаты, сұлулығын мына бір көрініспен суреттесем «мектепке мұғалима болып барғанда бетіңіздегі бояуды жуып келіңіз» дейді ғо.
студент кезімде Асау жүрек сериалын тастамай көретінмін, жалпы сериал қарағым келеді, бірақ байланып қаламын деп қорқамын. Сосын осыдан 3-4 жыл бұрын да осы Айданның қатысуымен түсірілген бір сериал болды, жанұялы әйелді ойнайды, супер емес сериал дер едім.
Khanda
Өте жақсы актриса!!үлкен табыстар тілеймін
utelrose
Айдан Шенер түскен барлық сериал қызықты.
konvict
Түріктің сериалдары нервіме тиетін болды соңғы кездері. Бітпей сөзылып алады
Gulistan
Конвиктті айтып отырғаны Дениз шығар:) Одан басқа ЛИСТОПАД бар.
Ал Аршат айтқан сериалды мен де кеше бастап қарадым. Актриса кішкене толысқан (жалпы арық та болмаған сияқты), бірақ сондай әдемі, керемет. Баласымен қарым-қатынасты жақсы бере білген.
konvict
Жалғыз Дениз бен Листопад қана емес көп фильмдері солай ғой. Созылыыыып барып, қызықсыз болып бітеді
alisha
Сегіз жарымда «Дениз» бітеді… одан әрі мынаған байлансақ авторитеттен жұрдай болатын шығармыз;) Қар жағу керек боп тұр;)))
edige
Хабар кешеден бастап көрсетіп жатыр
@Erkekyz заказ аласың ба? Қанша сериалы екен?
Erkekyz
)))))))
Дениз бікеннен соң Еларнадағыға «Lale Devri»-ге жеңгем ауыстырып жібереді. Бірақ ол сериал маған ұнамады. Мынаны қайталай ма екен?
Zilola
Түрікшеден гөрі, бразилияға ұқсас сияқты сол хикаят (Еларнадағыны айтамын)
asaubota
сценарийін алдын ала түсіне бастаған сияқтымын, яғни болашақта қарамау кетім ықтималдығым жоғары дегенім ғой :)

6 жыл жоғалған күйеуі енді «тіріліп» әйелін іздей бастады. ал әйелі бір актерді жалдап "әке" ролін ойнатып жүр. негізі бір кинода болды осындай, онда да әкесі кеме капитаны еді. бала "әкесіне" бауыр бастады, "әке" де баласына. сөйтіп жүргенде шын әкесі келеді. обшым әрі қарай түсінікті ғой, қырылулар, ренжісулер, екі ортада бала қалып қоюы, ішіп кетулер, араға мафия адамдары кіруі, баланы ұрлап кету, жақсы адамдардың көмектесуі т.б