"Талас" һәм "Агдам"
Тоғыз бітірдік.Өзімізді жігіт сезіндік. Себебі ол кезде ауылымыздың мектебі тоғыз жылдық еді. Тек қана біздің бітіруімізді күтіп тұрғандай біз бітірген соң көп ұзамай мектеп 11 жылдыққа айналды.Ағылшын тілінің ұстазын алдырды. Оған дейін орыс тілін де қазақша оқып жүргенбіз. Бірақ біздің бұлармен шаруамыз болмады. Бас ауыртпадық. Сонымен куәлігіміз қолға тиген күні класс жетекшімізбен стақан соғыстырдық. Арамызда арақ ішуді әкесімен бірге бастап әкесінен бұрын қойып кеткендер де ішті бұл күні. Ішпейтіндер де бармыз. Бірақ оларды қолының саусағының үшеуі жоқ кем қол адам да санай алатын аз еді. Содан кілең жігіттер жиналып осы жаздан кейін бет-бетімізге кететінімізді айтып, бұл уақытты есте қалатындай өткізтуді ұйғардық. сондағымыз ай сайын ішсе де ішпесе де әр қайсымыз екі «Талас», екі «Агдамнан» алатын болып келістік. Қыздар бұл салықтан босатылды. Ол кезде ауылдың жабылып қалған дүкені ашылмай тұрған. Дегенмен арақ сататын үйлер бар еді.Шамалы тиынымызға солардан аламыз. Немесе бір қап бидайға екі бөтелке шарап береді әлгі үй. Бір қап бидайдан неше нан, қанша шарап шығатынын есептеп жатқан біз жоқ.Алғанымызға мәзбіз. Негізі, сол аралықта табиғат аясына шығып демалып та келдік. Неге екенін білмеймін, сол кездерді еске алсам демалғанымыз емес үйден бидай ұрлайтынымыз еске түседі))) Сірә, естен кетпестей өткіземіз деген үш айымыз есімізде мәңгі қалар…
Түр түрі шықты гой…