"Талас" һәм "Агдам"

Тоғыз бітірдік.Өзімізді жігіт сезіндік. Себебі ол кезде ауылымыздың мектебі тоғыз жылдық еді. Тек қана біздің бітіруімізді күтіп тұрғандай біз бітірген соң көп ұзамай мектеп 11 жылдыққа айналды.Ағылшын тілінің ұстазын алдырды. Оған дейін орыс тілін
Әрі қарай

Вешірге дайындық...вешір...

Мереке қарсаңында әр жылғылар әр үйде жиналып вешір жасайды. Сондай оқиғалар біздің ауылда былай өрбитін. Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз. Тәтті-пәттілерді үлкендер жағы арқылы ауданнан алдыртамыз. Ал ішімдік жағын ауылдағы төшкілерден аламыз.Қыс болса ақшаға, жаз аяғы болса екі қап бидайға бір вино (нағыз қанаушылық екен ғой) аламыз.Ақ арақты да ұмытпаймыз. Өзімізден он жас үлкендерден бастап бізге кіріп шығатындарға бір-бір шөлмек дайындап қоямыз.
Вешір басталады. БІреу жүгіріп келеді.
-74-тер келді, кіруге ұялып тұр қыздардан…
Бір шөлмекті құшақтап қораның артына немесе дәлізде ағалардан ақ тілек тыңдаймыз. Осылай кете береді. 78-79дан бастап столға отырып кетеді. Арамыз 5-6 жас қой енді,ұят емес тә…
Арт жағында кластың қыздары үлкендермен кетіп қалады. Қыздарға жынданғаннан не пайда… Жылдар өтеді вешірлерге жастау қыздарды тарта бастайсың. Кластың қыздары бұнымызды жақтырмайды мұндайда. Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…
Әрі қарай