Бекарыс Шойбеков - Жамалым



с. Б.Шойбеков
ә. Ж.Омаров

Қарақат көзді қарағым
Аймалап ескен самалың
Шарлатқан шаттық аралын
Маралымсың

Еркесі еркін даланың
Байлаулы саған жанарым
Көңілді бұзған қамалын
Жамалымсың
Еркесі еркін даланың
Байлаулы саған жанарым
Көңілді бұзған қамалын
Жамалымсың

Еңселген ойдан арылып
Нұрыңды әркез сағынып
Заңына қалдым бағынып
Махаббаттың

Асылдан алқа тағынып
Сәулесі күнге шағылып
Қасымнан жүрші табылып
Шапағатым
Асылдан алқа тағынып
Сәулесі күнге шағылып
Қасымнан жүрші табылып
Шапағатым

Жаныма жаққан дерт едің
Сенімсіз сенсіз ертеңім
Гүл қызы өзің өлкенің
Түсімдегі

Үрлеген жүрек желкенің
Көз тоймас менің көркемім
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені
Үрлеген жүрек желкенің
Көз тоймас менің көркемім
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені
Бөлісу:

19 пікір

konvict
Ақындардың ең мықтысы Бекарыс қой
sabalak
келісемін! Астаналық Айбек Қалиевты да мықтылардың қатарына қосар едім!
Zilola
Бұрындары ауылға (әкемнің әпкесінің үйіне) (Созақ ауданы, Қызылкөл елді-мекені) барғанда, таңертең жаңа піскен тандыр нанды ыстық сүтке малып жеп алатынбыз, үйдің айналасына су сеуіп, сыпырып шығатынбыз.
Кешке мал жайғап болған соң, қайтадан үй жаққа су сеуіп, бір қайтара сыпырып, тапшанға киіз төсеп, кешкі салқын ауамен рахаттана тыныстайтынбыз.
Ал түске таман домбырадан басқа қызық жоқ болатын, уот сол кезде тап осы әнді домбыраны дыңғырлатып отырып сыңсып орындайтынбыз (дауыс деген жоқ болған соң, скрипка ұқсап шиқылдаудан басқаға тамақтан келмеді) :))))))))))
sabalak
әу демейтін қазақ болмайд деп па ))
balenti
Әу демейтін Тәліб жоқ…
Dinara
жақсы ән, Бекарыс келіншегіне арнап жазған екен бұл өлеңді
Janasil
Менің ауылдасым (мақтанып тұрған смайлдар). Жас кезінде мектебімізге келіп Тәушен Әбуовамен айтысқаны бар.
TERISKEI
Сен оңтүстіктен бе едің? :))) (мәқтәншәқ!)
konvict
Scheschesse!!! Өткенде біздің үйге келіп кеткен Бекарыс! Тілін шығарып тұрған смайл
Nurgisa
Айтыста бәріміз Бекарыстың мақамына салып айтқанды ұнатушы едік. Сөз саптауға ыңғайлы сияқты ырғағы. Зерек ақын ғой. Кешегі Әселхан, Тәушендердің сынығы, Қаныбек Сарыбаевтың озат шәкірті ғой. «Түркістандық Бекарыс» деп таныстырылғанымен, Шымкенттегі Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының тумасы. Жалпы, Шәуілдірде көп ақын туып өскенін білеміз.

Ғани дегені інісі бар, бізбен құрдас. Ғанилерге университетте түрік тілді мұғалім лекция оқитын. Сол лекторды қазақ тіліне аударып, әр сабағына 200 теңгедей төлем алушы едім :) ЖОО асханасында ол ақшаға жақсылап түстенуге болады. Бірінші, екінші тағам, компот… Кейде, қысылтаяң боп жатса танитын аспаз апайларға зачеткаңды тастап кетесің, түстен кейін лекцияны аударып шыққасын есеп айырысып кетесің. Бекарыс жақсы ақын.
TERISKEI
@Nurgisa аға, іммәәә,(тілін шығарған смайл) қазақтың сөздерін «пай-пайлатып» отырып, "Ғанилерге" дегеніңізге жол болсын! :))))
konvict
Зерек ақын ғой. Кешегі Әселхан, Тәушендердің сынығы, Қаныбек Сарыбаевтың озат шәкірті ғой.
Иә! Әсіресе мақтап отырып шымшып алатыны қатты ұнайды маған. Негізі кез-келген ақын оған қарсы айтысуға бата бермейді. Шындап кіріссе шайнап тастайды
TERISKEI
кей «бетпақтығы» ұнамай кетеді де, әйтпесе тапқыр ғой Бекарыс!
konvict
Мен бетпақтығын көрмеппін. Сыпа жігіт қой.
nurbergen_makym
Лібә, Тайсон да солай ед…
sabalak
Ассалау Нұреке! Амангардтан Қазеке дегенді танушымаедің!?
Janasil
Нұреке ауыл Түркістан жақтан емес па?
Nurgisa
Жоқ, ауылым «Көкібел» деген ауыл, Қазығұрт бөктерінде.
Nurgisa
Білуімше, бұл әнді Бекарыс Жәкен екеуі бір вешірде отырып жазып тастаған. Бекарыс сөзін, Жәкен ізінше әнін құрастырып… Кейін ғой, Жәкен Омаров молда боп кетті. Илахи айтуға көшті-ау деймін бұ күнде. Соңғы кездерде көрінбей кетті.