All Davai - Жаным

All Davai — Жаным

Сенсің тәтті қиялым
Сені қалай қиямын
Сенсіз қайда сиямын
Жаным, жаным.

Қайда жалғыз жұрсем де
Қалың ойға кірсем де
Асыл арман бір сен де.

Жанарыма жылына аласың ба?
Сен жанымда, бағым боп қаласың ба?
Күндер қайда?Сен оны ұмыттың ба?
Келер қайта шын ұқтың ба?

Ай да, күн де батады
Жылдар өтіп жатады
Сағынышым қалады
Жаным, жаным.

Енді мені қинама.
Оз жолымда қаламын,
Бақытымды табамын…

Жанарыма жылына аласың ба?
Сен жанымда, бағым боп қаласың ба?
Күндер қайда? Сен оны ұмыттың ба?
Келер қайта шын ұқтың ба?


Мен 10 сыныпта оқып жүргенде осы ән керемет модада болды.Тек ағылышынша ғана ән тыңдайтынмын сол кезде.Қытайға оқуға кетемін деп жүрдім,қуанып, түк ойламадым.Пекиннің аэропортына келгенде, көңілім жаман болып,үйді сағынып отырғанда,қазақша осы жалғыз ән бар екен соткамда… Тыңдап, жылап, елді,үйді, жанұямды еске алушы едім…
Бөлісу:

37 пікір

qisyq
Өлтірдің, ВыКыМы. жақсы көретін әнімнің бірі ед.
Пы.Сы. Теріскей келіп шу шығарады қазір, көр де тұр.
Aizhantabyn
ооо, інім десе інімсің ау! маған да ұнайды!

ВКМ! жарайсың!
Aizhantabyn
ВКМ! видеоны андағыдай етіп қалай қояды? Менікі жай ссылка боп тұр, нервымды құртып…
VKM
жәй ссылка емес, код дегенін аласың
Aizhantabyn
мхм, типа ұқтым) қай жерде ол код дегені)) мен бұрын бір сайтқа қойғанда, ссылкасын қоя салатынмын, сонда сенкікіндей боп тұратын…
qisyq
Мен 10 сыныпта оқып жүргенде осы ән керемет модада болды.Тек ағылышынша ғана ән тыңдайтынмын сол кезде.Қытайға оқуға кетемін деп жүрдім,қуанып, түк ойламадым.Пекиннің аэропортына келгенде, көңілім жаман болып,үйді сағынып отырғанда,қазақша осы жалғыз ән бар екен соткамда… Тыңдап, жылап, елді,үйді, жанұямды еске алушы едім…
Мен Қытайда Жігіттер айтатын «Бұлбұлымды» тыңдайтынмын. Бақыртып қойып қоямын, елдің жүйкесін жүн қылып. бірақ, сондай ыстық еді…
patick
ацтой
VKM
патииикккк, сені жазалау керек))))
qisyq
@VKM, қалай жазалар едің @patick қолыңа түссе, айтывжіберш.
VKM
мен без причуд ата салар едім))) хехе....әзіл ғой. Аман жүрш
qisyq
«Аман жүрш» деп ауыр күрсінді де, Выкымы, басынан сипады. Ол осы бір жәудір көз, қара тор баланың өмірі ертең тағдырына үлкен әсер ететінін әлі білмейтін".
Аффтор Гюго, «Вымыкы және оның өмірі» тарихи романы, Бірінші кітап, бірінші тарау, 38 бет.
VKM
Гаврош есіме түсіп кетті;)))
Zilola
Менің өмірімдегі бір сергелдең кезеңде, не ары емес, не бері емес болып жүргенде шыққан ән еді.
Содан болар, есіме тек қоштасу, айырылысу, бір жақты махаббат ғана елестейді осы әнді тыңдасам.
Zilola
бұл пікірмен әнді жамандағаным жоқ, тек ассоциациямды жаздым
VKM
Түсіндім, Мақпал. Сондай әндер,қайдағыны еске түсіретін өміріңде аз болсын. Тойға қашан барамыз? Мамам екеуміздің жылтыр көйлегіміз дайын ;))))
qisyq
«Сұрақ бар жерде, жауап та болмақ. Анығы сол, кез келген жауапсыз дүние әуелі Құдай, сосын табиғаттың қалауымен ерте ме, кеш пе басы ашылмай қоймайды. Дүниеден бос қалған кезде, медет болар осы жауап еді. Мен ойландым. Жазған пікіріме неге жауап жоқ деген ой жегідей жеді. Әуелі оған @VKM кінәлі шығар дедім. Бірақ, оның не қатысы бар? Бәлкім, @patick құртқан шығар? Бірақ, ода қандай жауап болуы мүмкін? Содан, ойланып, жауапты өзім жазайын деп шештім. Себебі, әуелгі ақыл, ақырғы қайрат өзімнен болмақ.» "@Zilola-ның қара сөздері". Екінші сөз.
VKM
Қисық-философ)))
Zilola
жеңілдеуіңмен!
satibaldi
Ең сорлы өлеңдеріңді көрсет дегенде табыла қоятын жақсы болды.
VKM
satibaldi,кетчівар
patick
Бұттан кетті сразу )))))))))))
madlen
Magan da katty unaidy, birak associaciya jaman… Jaman emes, kaigyly ....:(((
qisyq
Кәне, бәріміз @madlen-ге қол шапалақтайық. @madlen, рахмет саған, сырыңмен бөліскеніңе.
madlen
aitsam, ondai kuanbaisyn, ne keregi bar :(
TERISKEI
Әрине, @VKM ханым кечріп қойың да, мына ән ваще жыныма тиеді, нақтың! Сезімді жеткізудің ең төменнен тыныс алған формасы!
VKM
@TERISKEI, кечіре алмаймын))))
AKY
Жетті мені қинама.
"Енді мені қинама" емес пе еді?
madlen
Ай да, күндер батады
Ай да, күн де батады.
VKM
@AKY,@madlen сорри, мен солай деп жүрм)
madlen
sen kewirim otinbei-ak koi, ozderi sol jerlerin bir turli aitady olar :)))

Ana joly men Rin'Gonyn olenin jazganda da bireu-mireu tuzuler ma eken dep oilagam… Tuk tusiniksiz Almatinskii qazaqwamen an aitsa, ne isteimiz endi :)
qisyq
Алматинский, анау, мынау, атын атап, түсін түстей кететіндері-ай осылардың… Сосын келіп алып бірлік туралы аса биік дәрежедегі сөздерді қозғайды.
TERISKEI
Ай да, күн де батады — ық-ық! Күннің батқанын естуім бар еді, айды батырғаны қызық екен :)))) «Жанарыма, жылына аласың ба?» — @VKM ханым, «жанарыма»-дан соң, үтір не қызмет атқарып тұр?

Келер қайта шын ұқтың ба? — сөзім жоқ!!!
VKM
@TERISKEI, сонда үтірді алып тастау керек пе?
Келер қайта шын ұқтың ба? — сөзім жоқ!!!
, түсіндірші- ал, не екенін
TERISKEI
@VKM ханым, иә, үтірді алып таста. «Жанарыма» деген қаратпа сөз емес шығар, иә? «Келер қайта шын ұқтың ба?» — түсінбеген соң, сөзім жоқтығын айтып жатырмын, не айтқысы келді екен? Әрине, сен тек мәтінін жаздың (жазығың жоқ), мәтін авторын айта салшы, сол кісінің жер-жебіріне жетейін :)))
VKM
Қайдан білемін? Сөздерін 2007 жылы өзім жазып алғанмын,қайта-қайта тыңдап.Үтірді: Жанарымааааааа деп ұзақ айтқасын қойған шығармын деп ойлаймын)) Ән ұнамады деп, сөзіне тиістің ғой тілін шығарып тұрған смайл
TERISKEI
таң атпай жатып мазаңды алғаныма кечроң! сені сөйлеткен қызық қой! :) Мазасы қашып, мәні майысқан сөздер мен тіркестерге жыным келеді!
madlen
oi, barin tusinip tursyn goi, ne aitkym kelgenin. Otirik emes koi, almatinskii dialekt wygady bul turysta :) men de sol dialektti qoldanuwylardyn biri bolyp baramyn :)))